Monthly Archives

January 2016

Пәтер мәселесінің шешімі

By | Жасөспірімдер жобасы

Пәтер мәселесінің шешімі Балалар үйлерінің түлектерінің өмірін қиындататын пәтер мәселесі «Сәби» Қайырымдылық Қордың Жасөспірімдер жобасының аясында оңай шешілуде.

рине пәтерге мұқтаж болып отырған барлықтарына көмек көрсетіп жатырмыз деп мақтана алмаймыз. Біздің Қор жетім балалардың оларға қатысты емес себептермен мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сай келмеген балаларға көмек көрсетеді.

«Жасөспірімдер» жобасы – уақытша қолданылып және ол да ізденушілерге қатаң шарттар қойып отыр. Бірақта пәтер алуға жанынан безгендерге мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда «Сәби» мен Қазақстанның «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің» және Алматы балалар үйлерінің түлектерінің арасында орнатылған әрекеттердің арқасында жобаның 9 қатысушыларының 8-і көптен күткен шаршы метрлеріне ие болды.

«Өз бизнесіңді жаса» – әлі уақыт бар!

By | Жаңалықтар
«Өз бизнесіңді жаса» - әлі уақыт бар! Көңіл бөліңіздер!

Психологиялық күш бере отырып өз ісіңіздің дамуына қаржылай көмек беріп өміріңізді күрт өзгертетін жыл сайын өткізіліп отыратын «Өз бизнесіңді жаса» атты байқау қаңтардың 31 күні аяқталатынын естеріңізге саламыз.

Уақыт аз болса да әлі бар!

Еш қиындығы жоқ: өз бизнес жоспарыңызды туралы екі минутты видео түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырып бізге өтініштеріңізді жіберіңіз (толығырақ мына жерден білуге болады).

Жаңа, маңызды, келешегі бар ойларыңызды күтудеміз!

Жаңа жыл жаңа ойыншықтармен

By | Медициналық жоба

Жаңа жыл жаңа ойыншықтарменЖаңа жылда қарсаңында міндетті түрде таңғажайып нәрселер болып тұрады.

Алматы облысының Іле ауданының Өтеген Батыр ауылының Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жүрген балаларға нағыз жаңа жылдық таңқаларлық кездейсоқ болып керемет ойыншықтармен жабдықталған үш ойын бөлмесі болды!
Ауруларды қабылдау бөлмесі, соматика бөлімшесі, неврология бөлімшесі сәбидің күлкісі мен қуанышына толы болды. Сырқатпен күресу кезінде ең керегі осы емеспе!

Осындай жаңа жылдық сыйлықты біздің Қайырымдылық Қоры «Медициналық жобасының» аясында берді. Үш бөлме ойын үйшіктерімен, сырғанайтын төбешіктермен, тербелмелермен, көліктермен, мыңдаған шарлары бар құрғақ бассейндермен, жұмсақ тек пішінділермен, шарлармен және тағы басқалармен жабдықталған. Балалардың ойын кезіндегі қауіпсіздігіне арнаулы жұмсақ резеңкелі төсеніш еденге төселенеді.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын балалар, және тез жазылып кетулеріңізге тілектесбіз!

Алтыншы ақындар мүшайрасы

By | «Әлем» бағдарламасы

Алтыншы ақындар мүшайрасы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Алтыншы балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Конкурсты өткізу мерзімдері

Конкурс 2016 жылдың 05 қаңтары мен 2016 жылдың 01 мамыр аралығында өткізіледі.

Конкурсқа ашық қатысу

Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.

Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2016 жыл.

Конкурстың мақсаты

1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.

2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.

3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.

4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.

5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар

Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурс шарттары

Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.

рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.

Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар

Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

– лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;

– экстремистік сипаттағы;

– нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;

– порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;

– балаларға жағымсыз кері әсер ететін;

– ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;

– дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;

– өмірден түңілген сипаттағы.

Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі

Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:

– конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді

– өлеңдер тіркелген файлдар

– қатысушының фотосы (ықылас бойынша)

Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Конкурстың жұмыс органдары

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.

Конкурс редакциясының:

конкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.

Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.

Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.

Конкурс ұйымдастырушыларының:

рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

– конкурс жеңімпаздарын анықтауы;

– жүлдені – ноутбукты беру;

– конкурстың сайттарында шығару;

– конкурстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу.

Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға

Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс

Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz

Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@old.saby.kz, alem@old.saby.kz

Барлық қажетті ақпаратты мына байланыс телефон арқылы алуға болады: (727) 311 29 38

Өтініштің үлгісін осы жерден жүктеуге болады: [attachment=9]

Русский

Қазақ тілі

English