Monthly Archives

June 2015

«Әлем» Бағдарламасы – 2015 жылдың түлектері

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» Бағдарламасы – 2015 жылдың түлектері

«Сәби» Қоры « лем» дарынды жастарды қолдау көрсету Бағдарламасын жақында жүзеге асырған сияқты, уақыт деген зымырап өтіп жатыр, осы жылы жобаның өз ісін атқарып келе жатқанына 5 жыл толады.

« лем Бағдарламасы қазақстандық дарынды жастарына қолдау көрсетуді өзіне мақсат етіп қойды. Ерекше назар еліміздің ауылдық жерлеріндегі дарынды жастарға аударылады. Қордың көрсететін көмегі әртүрлі: дарынды сынау мен тыңдауды ұйымдастырудан байқаулармен олимпиадаларда қатысуын қаржыландырумен олардың әр түрлі мамандықтарда білім гранттарын төлеуге дейін.
« лем» Бағдарламасының еліміздің қамтыған жері қаншалықты кең және де « лемдіктердің» шығармашылық және кәсіби қызығушылықтары қаншалықты әр – түрлі екенін осы жылдың кейбір түлектердің мысалында айтып кетеміз.

« лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектері Актөбе облысы Ойыл селосының дарыны Асанова Шамшырақ қатысушылардың қатарындағы ең біріншілердің бірі болып 2011 жылы «Сәби» Қоры арқасында Актобе қаласының Ахмет Жубанов атындағы музыкалық колледжінің «Домбыра» мамандығы бойынша грант иегері атанды. Жақында жас домбырашы арнаулы – орта білім дипломын алды. Ендігі арманы алматының консерваториясына түсу.

« лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектері Тілепбергенов Берік металлург болуды армандады, туған жері Атырау облысы Махамбет ауданы. Ол 2011 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде оқу үшін мемлекеттік гранты арқылы түсті. Ал «Сәби» Қоры оған оқуын бітіргенше дейін ай сайын 20 000 теңгенің шамасында шәкіртақысын төлеуді шешті. Берік көп күткен дипломын қолына алды, енді ол жұмыс орнын қарастыруда.

« лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектері Алматы облысы Ескелді ауданының дарыны ділбекова Назерке, үлкен сыныптарда оқыған кезінен бастап өзінің болашақ мамандығын таңдады. Болашақта филолог боламын деп шешті. Назеркенің Жетісу мемлекеттік университетінде Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша ақылы бөлімінде оқып жүрді. Сол кезде жеке өміріндегі болған қайғылы оқиға енді болмағанда аңсаған арманына жету жолын кесуден сәл қалды. Осы сәтте « лем» Бағдарламасының білім Гранты оған «құтқару дөңгелегі» болды десек артық болмас. Соның нәтижесінде – білікті маманның жаңа дипломы.

Барлық түлектерге табыс пен үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Өз бақытын « лем» Бағдарламасында сынауды жаңа қатысушыларды шақырамыз.

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады«Сәби» Қайырымдылық Қоры батыста өзінің белсенді жұмысын жүргізуде. Жақында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақхананың құрылыс жобасы басталды.

Ал енді шілде – тамыз айларына актобенің арнайы түзету № 7 мектебінің тәрбиленушілеріне балалар ойын алаңы салу жоспарлануда. Бұл нысан Қордың Спорт жобасының аясында салынады және нысанның тарихында 31-ші болады.

Төбешік, әртүрлі әткеншектер, бірнеше өрмелеулер мен өткелдер, әртүрлі белтемірлермен жабдықталған гимнастикалық кешені бар, сондай ақ арқандармен, көтерулуге арналған арнайы жарлары бар нағыз ойын қалашығымен демалатын бақша отырғыштармен дивандары балаларға қуаныш пен шаттықтан бөлек таза ауада ойнап денсаулығын жақсартатын мүмкіншілік.

Жұмақан Кудерин атындағы көше

By | Өңтүстік астананың көшелер

Жұмақан Кудерин атындағы көше Жұмақан Кудерин атымен аталған көше туралы бірнеше рет естідік, бірақта сол көшенің нақты қай жерде орналасқанын және Райымбек көшесінен Рыскулов даңғылына дейін Розыбакиев көшесінің жалғасы болып кететінін және ұзындығы 1,5 километр болатынын білетіндер шамалы.

Кудерин Жұмақан Маусымбайұлы (1891 (әлде 1893) – 1938) – ағартушы, ғалым – энциклопедияшы, географ, этнограф, биолог.

Ортааягөздің Жетісу болысында, бай жанұяда дүниеге келді. Кудериннің тегі ертеден келе жатқан және Жетісуде құметті болды. Кудери (күдері) деген Жумақанның атасының жері, қазақша аударғанда жұмсақ тері деген мағынаны білдіреді.

Бұл тектің жігіттері бірнеше ұрпақ бойы сауатты болды, билермен яғни төрешілермен тегінің одағында сайланды. Жұмақан өзінің үлкен туыстарының жолық қуған жоқ. Жұттың кесірінен жанұясы қайыршылық күйге түсті сөйтіп он жасында жалдамалы жұмысшы болуға мәжбүр болды. Кейінірек Сергиополь қаласының мұсылман мектебінде, «Ғалия» медресесінің үлгісінде салынған «Мамания» мектебінде, Көксу ауыл шаруашылығы мектебінде оқыды.

1918 жылдан РКБ(б) мүшесі болды, түрлі жер қатынастары органдарында жұмыс істеді. 1920 жылы Төтенше комитеттің «Черкасск қорғанысы» деп аталатын, Жетісудің Колчак әскерлеріне қарсылық көрсеткен ауыл тұрғындарына қатысты негізсіз жүргізген қудалау шараларына наразы болғандығы есепке алынып партия қатарынан шығады.

1924-1930 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінде (САГУ) оқыды, бір мезгілде курстарда, ликбездерде дәріс оқыды; Түркістан аумағының табиғи ресурстарын зерттеу жөніндегі үш ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты.

«Қытайдағы қазақтарды қайтару жөніндегі комиссияның» жұмысына араласты, оның қатысуымен 6000 отбасы Отанына оралды. 1928 жылы ҚазАКСР-дің жер қатынастары комиссары лауазымында болды. Ж. Кудерин 44 жыл жасаған өміріне дейін 44 кітап жазды. « ліппе» кітабының авторы болып келеді (1919), жаратылыстану пәндерінен бірнеше кітаптар жазған (соның ішінде «Ботаника» қазақ тілінде араб әріптерімен), қазақтар жайлы этнографиялық еңбектері жарық көрді («Қытайдағы босқындар өмірі», «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар») және биологиялық зерттеулер («Кендір», «Қой мен оның жүні», «Қант қызылшасы», «Орта Азиядағы жыландар түрі»)

Ж.Күдерин ғалым биолог ретінде де көп іс тындырды. 1930 жылы ол бір модалық қарасораны ойлап тапты. Ол кезде оны тал жіп және май алу үшін өндіретін. Бірақ Күдерин өз жаңалығының нәтижелерін пайдалануға үлгермеді. Өйткені, ғалым тұтқынға алынып, қолжазбалары тәркіленуі себепті, аталмыш еңбектің кейбір бөліктері жартылай ғана жарық көрді.

Жұмахан Күдерин 1930 жылдың 1 қыркүйегінде Ташкент жанындағы агростанцияда, «ұлтшыл» деген айыппен ұсталды. Ғалым онда Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен соң тәжірибе жұмыстарымен шұғылданып жүрген болатын. Осыдан жарты жыл бұрын, 1930 жылдың ақпанында әкесі мен әулеттің барлық ер-азаматтары да тұтқындалған еді (кешірек оның ағалары қамаудан қашып Синьцзянға кетуге мәжбүр болды).
«Буржуазияшыл ұлтшылдардың» іс-әрекеттеріндегі қылмыс дәлелденбеді де, іс Москваға жіберілді. Онда да олардың кінәсіне қатысты нақтылы дәлелдер табылмады. Содан келіп барлығын үйлеріне босату туралы ұсыныс болды. Дегенмен Қазақстандағы ОГПУ өкілі бұған қарсы шығып, олар ОГПУ-дың бет-беделіне нұқсан келтіреді деген сылтаумен барлығын Ресейге айдауға жіберуді ұсынды. Сөйтіп, ғалым ОГПУ жанындағы Үштіктің 1932 жылдың 20 сәуіріндегі қаулысымен 5 жылға сотталды. Айдау орны Орталық Қаражер облысы (Воронеж және Льгов) болып белгіленді. 1932 жылы Жұмахан Күдерин Льгов қаласына 5 жылға әкімшілік айдауға жіберілді, кейіннен сырқатына байланысты, дәрігерлердің бақылауымен, Воронеж қаласындағы ауруханаға ауыстырылады. Диагноз анықталмайды, бірақ айдау мерзімі бір жылға қысқартылады. 1934 жылы айдау мерзімі бітеді. Жұмахан жаза мерзімінде агроном болып еңбек етеді.

1935 жылы отбасымен Алматы қаласына қайтып оралып, Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына аға ғылыми қызметкер болып қызметке тұрады. 1936 жылы Ж.Күдерин соттылығы бар тұлға ретінде жұмыстан босатылады. Сол жылдары Кудерин орыс ақынымен, прозашы, әдебиетші және журналист Ю Домбровскимен танысып дос болды, сонымен қатар келесі қамауға дейін орыс-латын-қазақ сөздігімен белсенді жұмыс істеді.

Ж.Күдерин екінші рет 1937 жылдың 21 мамырында ұсталып, түрмеге отырғызылды. Оны антикеңестік, ұлтшыл, аумақтық көтерілісшілер және диверсиялық-шпиондық ұйымның жетекшісі ретінде тұтқындайды. Күдеринге қатысты дербес іс қозғалады. Ол РСФСР ҚК 58-2, 7, 8, 11 баптары бойынша айыпталды. Тергеуді Алматы облыстық НКВД-нің жедел уәкілетті тергеушісі В.Я. Якупов жүргізді. Оның тұтқындар арасында «өлім періштесі» деген жасырын аты болған, себебі ол жүргізетін істердің барлығы өлім жазасына келіп тірелетін. Жұмахан Күдерин 1938 жылдың 7 наурызында сотталды. КСРО Жоғарғы Сотының көшпелі сессиясының қаулысымен ең жоғары жазаға кесілді. Сол күні атылды.

Жұмақан Кудерин қайтыс болғаннан кейін 1958 және 1990 жылдары ісінде қылмыстық белгісі жоқ деп екі рет тұтқындалған үшін ақталды.

Жұмақан Кудерин атындағы көше Кудериннің қызы Лариса (1938 жылы туылған), Москва қаласында, Подсосенское көшесінің ескі үйдің астында қуғынға ұшыраған ғалымдарға арнап «Балалар – ата-аналарына» атты мұражай ашты. Кішігірім көрмеде ғалымдарға қатысты фотолар, құжаттар, кітаптармен суреттер қойылған.

http://semeylib.kz/?page_id=2880&lang=ru сайтынан материалдың аудармасы.

Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Бесінші ақындар мүшайрасының қорытындысы Жыл сайын мелекеттік тілде өткізіліп отыратын ақындар мүшайрасының қортындысын «Сәби» Қоры бесінші рет жариялайды!

Бұл жылы ақындық қабілетін Қазақстанның бірнеше аумағының жас дарындар сынап көргісі келді. Өтінімдердің көбісі Қызылорда, Атырау, Астана және Шымкент қалаларынан. Қатысушылардың жасы 11-ден 17-ге дейін болды. Жас ақындарымыз өздерінің өлеңдерінде туған елі туралы және табиғат пен махаббатқа деген сезімін көрсетті.

Сонымен 2015 жылғы Бесінші ақындар мүшайрасының басты жүлдесінің иегері болып Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан селосының № 24 орта мектебінің оқушысы 12 жасар – Жаулыбай Нурбек атанды.

Шын жүректен құттықтай отырып, жеңімпазға басты жүлде ретінде ноутбук сыйға тартамыз! Нурбекке табыс тілейміз және де өзінің шығармашылық қабілетін одан ары жетілдіре берсін дегіміз келеді.

Жаулыбай Нурбек

Қазағыма Ұлы Абай бұйырған күн!

Желсіз түнде жарық ай жарқ еткенде
Сәулесі су бетінде дір етті ме?
Қалың ағаш жапырағы сыбдырласып;
Қуанды ма сәби үні шыр еткенде?
Кең далам қызғалдақтап жайнады ма?
Жаңбыр жауып жердің бетін шайғанында
Бір бұлбұл қазағыма бұйырды деп
Дала құсы қуаныштан сайрады ма?
Ұлы дала дауылдатып ән салды ма?
Азандаттып атын атап қарсы алды ма?
Үш қайтара « браһим» деп жарысқандай
Жаңғырып биік таулар жар салды ма?
Табиғат көп күткеннен күрсінді ме?
Ұлы ақынның келгенін түсінді ме?
Жер ана бар тектінің жиынтығын
Абай етіп қазағыма ұсынды ма ?
Ақын ба Абайымды жырламаған,
Бесігінен жырларын тыңдамаған
Қазағыммен Абайым- ұғым егіз!
Абайменен мақтанамын-тыңда ғалам!
Бар әлемге танытқан қазағымды,
Қалпына қойып берді нағыз жырды!
Татьянаны қазақша сөйлеткенде
Сөйлетейік өзге тілде абызымды!
Абай жырын әлемге таныттық па?
Қазаққа тектілікті дарыттық па?
Абайды оқымаған қазақ емес!
Абай шырақ жол сілтеген тек жарыққа!

«Алғыр» математиктер курсы. Бірінші жылдың қорытындысы

By | «Әлем» бағдарламасы

«Алғыр» математиктер курсы. Бірінші жылдың қорытындысы «Сәби» Қорының « лем» Бағдарламасының аясында Алматының 10 оқушыларына «Алғыр» математиктер курсының алғашқы оқу жылы аяқталды.

Күрделі іріктеудің арқасында таңдап алынған балалар 5 жыл бойы оқитын болады. Алғашқы оқу жылынан бастап біздің балаларымыз математиканың көрсеткіштерін ұлғайтты. Сегіз бала мектепте математикадан «5», а қалған екеуі төрт алды.

Балалардың ішінде, осы жылы алтыншы класты бітірген бір оқушының дарындылығын ерекше атап өткіміз келеді. Біз оны «вундеркинд» деп атадық. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі лібаев кежан группада ең кіші болса да 8 сыныптың есептерін оп-оңай шығарады. Бұл бала Назарбаев Зияткерлік мектебінде тестілеуді сәтті өтіп оқушылар қорының тізімінің алдынғы беттерінде тұр. Тікелей НЗМ-не түсу үшін орыс тілімен ағылшын тілінен керекті балдары төменірек болып қалды.

Оқытып жатқан орталықтың мұғалімдері «Сәби» Қорының қамқорлығындағы барлық балаларға риза болып отыр. Өйткені олар бұндай маңызды процеске үлкен жауапкершілікпен жақындады оған қоса көп еңбек етті және сабақтарынанда қалған жоқ. 8 ай ішінде балалар өздерінің сүйікті пәнін одан ары меңгеру үшін берік іргетасын қалады.

P.S. Қуана тіпті таң қаларла айтқымыз келгені, біздің жас математиктеріміз жазғы демалыстар кездерінде курстағы оқуларын үзбей жалғастыруға шешім қабылдады. Бұңдай да болады екен.

«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл

By | «Білім беру» жобасы

«Сәбимен» бірге гранттың жолы жеңіл Алақай-алақай! Біздің Қордың күшімен ұйымдастырылған ҰБТ-ға арнайы дайындықтар курсы емтихандармен аяқталды! Біз олармен тестілердің қорытындыларын аса құштарлықпен күткен болатынбыз, енді міне балалардың барлығы дерлік шектік ұпайдан өтті. Ең бастысы жетімдер үйінің және интернаттың түлектерінің 8 ай бойы дайындықтары зая кетпеді. Кейбір балалардың таңдаған ЖОО-ның мемлекеттік грантына ілінуіне де мүмкіндік туылып отыр.

Осының бәрі «Білім беру» жобасының аясында «Сәби» Қорымен бірнеше жыл бірлесіп жұмыс атқарып отырған оқу орталығын ұстаздарының тәжірибесіның және арнайы күрделендірілген бағдарламаның арқасында мүмкін болды.

рине бір жыл шамасындағы уақытта балаларға да қиын болды. Мектептегі оқумен бірге қосымша сабақтар кәдімгідей салмақ түсіріп, бос уақытты да қалдырмады. Алайда, «оқу қиын болса да, жемісі тәтті» демекші – басынан аяғына дейін оқыған оқушылардың 86 пайызы ҰБТ-ні жақсы нәтижемен бітірді!

Әлеуметтік жатақхананың құрылысы. Кезеңдер

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

 леуметтік жатақхананың құрылысы. Кезеңдер «Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақханасын жоба бойынша салу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда тиісті мекемелерде келісімде жатқан Нобай жобасы дайын.

Жобаның құрылысына сәйкес жалпы ауданы 2,7 га болатын телімінде екі 2-қабатты 2-кіреберісті таунхаус және екі 2-қабатты 3-кіреберісті 80 орынды бірнеше бөлікке бөлінген таунхаус тұрғызылады. Бірінші қабаттар арбалы-мүгедектерге арналған. Сонымен қатар бірінші қабаттың әр бөлігінде 2 түсті тамбур, дәліз және баспалдақ торы бар және жалпы ауданы 41 шаршы метр болатын 4 бір бөлмелі пәтерлер бар. Барлық пәтерлерде кіреберіс, жуынатын бөлме, тұрғын бөлме, ас-үй және лоджия бар. 2-ші қабатта да 4 бір бөлмелі пәтерлер орналасқан.

кімшілік ғимараты әлеуметтік жатақхананың басқаруына және қызмет көрсетуіне, сол жерде тұрып жатқандарға оқу-өндіріс жүрісін ұйымдастыруға сонымен қатар олардың бос уақытын өткізуге арналған. Сол мақсатпен ғимараттың ішінде бастыққа қабылдау бөлмесі бар кабинет, бухгалтерия, кеңселер және көмекші жайлар қарастырылған. Оқу – өндірістік аудандарға шаштараз, фото-көшірме жасайтын цех, аяқ киім жөндеу және тігін цехі бар, сол цехтердің аясында мекеменің тәрбиеленушілері әртүрлі кәсіптерді үйренеді, жұмыс тәжірибесінен өтеді және еңбек қызметімен айналысады. Сөйтіп өздеріне бастапқы қаржылай ауқаттылығын және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді. кімшілік ғимараттың қоғамдық бөлігінде вестибюлімен мәжіліс залы және киім шешетін орынмен жабдықталған спорттық – оңалту залы орналасқан. Техникалық бөлімі мәжіліс залының артында болады. Жылумен қамтамасыз ету үшін аумақта дербес газ жылу бөлмесі қарастырылған.

Мекеменің аумағында әртүрлі спорт ойындарына арналған көпфункционалды спорт алаңы салынады, таза ауада жаттығу алаңы болады, 30 көлікке арналған көлік тұрағы мен техникалық ғимарат блогі салынады.

Сонымен қатар жоба бойынша құрылыстың аумағын аббаттандыру қарастырылған: өрттен сақтану ережелері бар асфальтталған жол, жаяужол, тас төселген бақша жолы ғимарат пен үйлердің арасымен қыдырып жүретін жол салынады. Оған қоса гүлбақша мен гүлалаң болады, кішкентай архитектуралы пішіндер қойылады, жас көшеттер отырғызылады.

Аумақтық жалпы ауданы – 4,03 Га, қолданылатын ауданы 2,70 Га. Құрылыстың жалпы ауданы 4300 шаршы метр. Нысандардың барлығы заманауи ҚР нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

Фотосуреттер мында.

Русский

Қазақ тілі

English