Monthly Archives

May 2015

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Халықаралық балаларды қорғау күнін кішкентай балалар өз Туылған күнін немесе Жаңа жылды қарсы алғандай аса құштарлықпен күтеді. Бұл күні балаларға ата-аталар, жергілікті басқарма және жеке демеушілер таза ауаға, саябақтардағы және алаңдардағы салтанатты шараларға, әр-түрлі ойын-сауықтарға серуендеттіріп, тәтті тағамдар мен сыйлықтар береді. Осындай керемет балалық шақтың естеліктері әр бүлдіршіннің есінде қалуы керек.

Біздің атымызға затымыз сай «Сәби» Қорымыз болашақ ұрпақты барынша жақсы тәрбие беріп, денсаусылығына оң ықпал жасауға барынша ат салысуда.

Біз барлық балаларға тек қана жақсылық тілеп қана қоймай, денсаулықтары мықты болйын, сабақтарын беске оқып, сүйікті ісімен шұғылданып болашақта нағыз кәсіпқой атанып, отанының бетке ұстар азаматтарына айналуына шын жүректен үміттенеміз.

Қош бол мектебім, алда – ҰБТ

By | «Білім беру» жобасы

Қош бол мектебім, алда – ҰБТ Көптен күткен соңғы қоңырау еліміздің әрбір бұрышынан сыңғырлап, енді кешегі оқушыларға күрделі сынақ – бірыңғай ұлттық тестілеу алда күтіп тұр. Бес пәннен құралған 125 сұрақ оларға енді ересек өмірдің есігін ашпақ.

Алматы қаласының жетімдер үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған БҰТ-ге 8 айлық дайындық курстары мәресіне жетті. Аталған дайындық курста жыл сайын Алматы қаласындағы оқу орталығының негізінде «Сәби» Қайырымдылық Қорының қаржыландыруымен ұйымдастырылды.

Өз тарапымыздан біз қамқорымыздағы балалардың тестілерді жақсы тапсырып, қалаған оқу орындарына түсуіне барынша ат салыстық. Енді
Емтихандардың кезеңін аса қызығушылықпен күтіп, нәтижелер үш мәнді сандар болатынан қатты үміттенеміз.

QIWI терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы

By | Қайырымдылық шаралары

QIWI  терминалдары мен «Сәби» Қоры – жақсылық эстафетасы Қазақстандағы төлем жүйелерінің жетекші орын алатын QIWI жүйесі өз сайтында мынадай қызықты хабарлама жазды: 2014 жылы «QIWI ақша қалташасы» және «QIWI Терминалдары» арқылы қазақстандықтар қайырымдылық ұйымдарға 78 000 рет төлем жасап, 203 миллион тенгеден астам қаражатты қайырлы іске жаратты. Аталған сандар 2013 жылдың көрсеткіштерінен үш еседен асты.

Төлем терминалдарының бетінде ұсынылған қайырымдылық ұйымдардың ішінде біздің «Сәби» Қоры да бар. Аса қуана айтқымыз келетіні «Сәби» Қорының арнайы шоты үлкен төлемдермен болмасада, QIWI қолданушылардың аса қымбат төлемдермен толтырылып отырады.

Өкінішке орай, төлемдер кімнен келетінін біз білмейміз, өйткені келген түскен қаражат мәліметі аз, сондықтан да әрбір төлеушіге алғысымызды жекеше білдіруге мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ та біздің сайтымыздың беттерінде сіздердің ақжүректік, қайырымдылығыңыз үшін және өмірдің қиыншылықтарын көріп отырғандарға көмек көрсетуден бас тартпағандарға рахметімізді айтудан шаршамаймыз.

Сіздің әр теңгелеріңіз біреудің көмек өтінішін қанағаттандыру үшін біртіндеп жиналатын шотта өз уақытын күтіп отыр. Бұл жолы бізге көмек сұрап 800-ден астам балалар сана-неврологиялық ауруларына шалдыққан балалар емделіп жатқан Алматы қалалық балаларды оңалту орталығы келді. Олар керекті кеңсе тауарларын сатып алуға өтініш білдірді, сөйтіп кішкентай емделушілерге оқу-сауықтыру процесі ұйымдастырылды.

Үлкен жұмыс кішкентайдан басталады. Сіздердің жиналған сомаларыңыз арқасында балалардың сурет салуға, жазуға, әр-түрлі мүсіндерді, ойыншықтарды жасауға арналған бір жылдық (!) кеңсе тауарлар қорын қамтамасыз еттік.

Ал оңалту орталығының балалары болса сіздердің мейірбандылығыңызға паш етіп алғыс ретінде мынандай сыйлық дайындады.

гі істің эстафетасын қабыл алыңдар, QIWI терминалдарының алдына бір сәт тоқтап «Қайырымдылық» деген батырманы тауып «Сәби» Қорын таңдаңыз, біз сіздердің үміттерңізді әрқашан ақтаймыз, өйткені біздің жобалардың тиімділігі уақытпен дәлелденген.

Жас ақындардың құлақтарына!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындардың құлақтарына! «Сәби» Қорымен жарияланған Бесінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.

Басты жүлде – ноутбук және дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының гранты бойынша Қазақстанның қоғамдық ЖОО-ның бірінде тегін оқуға мүмкіндік.

Өздеріңнің үздік өлеңдеріңді alem@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуге асығыңыздар

Толығырақ сілтеме арқылы

Ұлы жеңіске 70 жыл!

By | Жаңалықтар

Ұлы жеңіске 70 жыл! 1945 жылы 9 мамыр, Ұлы Отан соғысының жеңіс күні бізден бірте- бірте алыстап бара жатыр және сол алапат соғысынан өткен ардагерлеріміздің саны жыл сайын азайып барады. Бірақта батырларымыз мәңгі жүректерімізде сақталады.

Мәңгілік алауына гүл қою, аталарымыздың батырлық ерліктерін еске түсіру және де балаларымызға сол туралы айту – еліміздің және тарихымыздың алдындағы борышымыз.

Құрметті отандастар, барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, аспандарыңыз әрқашанда ашық болсын!

SMS көмекке асығуда

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

SMS көмекке асығуда «Балаларға өмір сыйла» атты SMS – жобасы сенімді және уақытпен тексерілген 8 жыл бойы қазақстанның балаларын шетелге емдеуге қаражат жинау көзі болып саналады. 2015 жылдың 16 сәуіріне осы жобаның аясында ҚР барлық өңірлерінен 1097 балаға көмек көрсетілді, 1569 операция төленді (кейбіреулеріне опреация бірнеше рет жасалынды), ал жиналған қаржының жалпы сомасы 9 589 769 АҚШ долларын құрады.

Мобильді қайырымдылыққа өз үлестеріңізді қосуға барлықтарыңызды шақырамыз! Бұның еш қиындығы жоқ әрі тиімді: ACTIV, KCELL и BEELINE абонентері 1 санын 9099 қысқа нөміріне жіберсе болды, сол кезде сіздің ұялы телефоныңыздан 280 тенге арнайы шотқа аударылады. Ал сот шоттағы қаражат емдеу мекемесінің шотына ары қарай аударылады.

Русский

Қазақ тілі

English