Monthly Archives

February 2015

«Өз ісіңді жаса» байқауы аяқталды

By | Жаңалықтар

«Өз ісіңді жаса» байқауы аяқталды «Өз ісіңді жаса» байқауының қатысушылары мен бақылаушылары аса күткен қорытындылар 27 ақпанда Достық қонақүйінің бизнес-холлында белгілі болды.

100 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені екі жоба өзара бөлісті: «Істен шыққан автокөлік шиналарын үгіту» және «KASSENGALY HANDMADE». Осындай щешімді байқаудың спонсорлары Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким тәжірибелі бизнесмен бол тура қабыладап «әр бизнес өз бастапқысында дұрыс қаржыландыруы керек, өйткені көп құйылған қаражат кейін ақталмай дағдарысқа әкеп соқтырады» деп түсіндірді. 50 000 доллардан берілген ақша дәл осы уақытта дамуға қажетті қаржы болып табылады. Тағы да жақсы жаңалықтардың қатарына, ұйымдастырушылар 20 000 долларлық гранттар 5 емес 7 қатысушыларға бұйырды:
1. «Өндірістік дизайнда дамыту жобасы»;
2. «CrossFit және Street WorkOut спорттық жабдықтарды ҚР аумағында өндір және үй қолданысына және оңалту орталықтарына арналған жаттығу құрылғыларын жасау»;
3. «LifeBag Экопакетте»;
4. «Нұр Академия» оқу орталығы ұсынған «Ротототехникамен шұғылдану сыныбы»;
5. «Zero to One Labs»;
6. «Donorblood»
7. «Kids lab».

Былтырғы сайыспен салыстырғанда, биылғы жылы сайыскерлердің саны екі еседен көп болды. Үш ай ішінде іріктеу комиссиясының мекен-жайына келіп түскен 463 бейне-өтінімдердің ішінде 323 сұрыпталды. Жартылай финалға 20 жоба кірді.

Өтінімдерді қарастырған сәтте өз бизнесінен тек қана пайданы ғана ойламаған, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық жағынан қолайлы ой-пікірлер туындаған авторларға аса көңіл бөлінді. Экологияны жақсартуға, білім және мәдениетті дамытуға, қазақстандық өнімді шығаруға және медицина мен технология саласында инновациялық идеялар аса қызығушылық танытты. Шорт-параққа дәл осындай өтінімдер кірді. Тағы да бір айтып кететін жағдай, стартаптан қарағанда, жұмысы алға басқан кәсіпорындарға басымдық болды және ұқсас өтініштер болған жағдайда бейнематериалдардың кезектілігіне де көңіл бөлінді.

Алайда ең соңғы шешім бизнес-жоспарларды талдау кезінде келді. Шындығына келетін болсақ, осы кезеңде қатысушылардың қаншалықты жауапты екеніне көзіміз жетті: бейнероликте өте әдемі қылып идеяны ұсынған үміткерлер, экономикалық тұрғыда өзін дәлелдей алмады, сондықтан да жүлдері орындарға мүмкіндігінен айрылды.

Қорытындылай келе, ең бастысы бизнес-идеялардың саны мен сапасына қарай көтерілгенін біздің айта кеткіміз келеді. «Өз ісіңді жаса» байқауының келешекте дамуына, келесі жылда да тағы да көптеген жаңа қызықты да тұрарлық өтінімдердің келіп түсуіне нық сеніміміз арттылуда.

Фотосуреттер мында

Джордж Бернард Шоудың ұлағатты сөздері

By | Ұлылардың дана сөздері

Джордж Бернард Шоудың ұлағатты сөздері Джордж Бернард Шоу – әдебиет саласындағы Нобель және «Оскар» сыйлығына ие болған жалғыз адам. Өз ғасырының көрнекті сыншысы және де ағылшын тілінде жазған Шекспирден кейінгі ең атақты драматург болып саналады.

Оның дәл және өткір дәйексөздері дүниеге деген көзқарастың тереңдігін көрсетеді:
1. Шындықты айту ол менің әзілдесу тәсілім. Бұл дүниеде одан күлкілі ештеме жоқ.
2. Егер сіздер өздерің жақсы көретін адамдарың үшін құрбану етумен бастасаңдар, сол құрбан еткен адамдарды жек көрумен бітіресіңдер.
3. Жақыныңа деген ең үлкен күнә жек көрушілік емес, адамгершіліксіздің ең биік шыңы – немқұрайдылық.
4. Қолынан іс келетін адам соны жасайды. Келмейтіндер өзгелерге үйретеді.
5. Қартаю іш пыстырарлық, бірақ ұзақ өмір сүрудің жалғыз тәсілі сол.
6. Тарихтан алар жалғыз сабақ, адамдар тарихтан еш сабақ алмайтындығында.
7. Адам — кірпіш сияқты: күйген сайын қатая береді..
8. Менің тігіншім ақылдық жасаған жалғыз адам. Ол мені әр келген сайын қайта өлшеді, ал басқалар болса ескі өлшеулерге сай келем деген оймен бұрынғы өлшеулерге сене берген.
9. Құстар сияқты ұшуды үйрендік, балық сияқты судың астында жүзуді үйрендік, бізге жетіспейтіні адам сияқты өмір сүру.

Кәсібитестілеу – 2015

By | «Білім беру» жобасы

Кәсібитестілеу – 2015 Ақпан айында Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнайы өткізілген екінші кәсіби бағдар тестілеуі аяқталды. Тестілеулер Санкт Петербург кәсіподағының Гуманитарлық университетінің Алматы қаласындағы бөлімшесінде өткізілді.
р қатысушы қолына тексерудің толықтай талдауымен есептемесін алды, соның нәтижесімен кәсібитестілеудің маманы әрқайсысымен жекеше әңгімелесіп мамандықты таңдау жөнінде керекті мінездемесін берді.
Жыл сайын «Сәби» Қорының өткізіп отыратын компьютерлік кәсіби тестілеуі жақсы нәтиже әкеліп отыр. Сол тестілеуден өткендердің шамасымен 70% ақылды бағдарламаның іріктелген мамандарына түсіп жатқанын өткен хабарламаларда айтып кеткенбіз.

Зейін Шашкин атындағы көше

By | Өңтүстік астананың көшелер

Зейін Шашкин атындағы көше Алматы қаласында кіші Алматы өзенінің сол саласы Есентайдан шығысқа қарай орналасқан, бастауын Тимирязев көшесінен бастайтын және Попов, Аль – Фараби сияқты 2 көшемен қиылысатын 1 километр шамасындағы кішкентай көше бар. Ол көшенің атауы қазақ совет жазушысы, драматургі, дәрігері, ғалымы Зейін Шашкинмен аталған.

Зейін Шашкин (1912 – 1966 гг.) басқада оның замандастары секілді көптеген қиыншылық көрген адам. Тірі кезінде оны «қазақ Чеховы» деп атаған: медициналық білім ала тұра және дәрігер ретінде практикасы бола тұра ол Мәскеудің тарих, философия және әдебиет институтын бітіріп өзінің «дәрігерлік» жолын әдебиетте Чеховтың, Вересаевтың, Булгаковтың, Конан Дойлдың іздерімен жалғастырды.
Қарағандының қалалық комсомолдар комитетінің хатшысы, Алма –Атамен Семейдің педагогикалық институттарының мұғалімі болды.

30-шы жылдары ең бірінші шығармалары жарық көрді. Ең танымалдары боп «Абай поэзиясының ерекшеліктері» (1934) атты әдебиеттану еңбегі болды және бірнеше жылдан кейін Е. смаиловпен бірлесіп ЖОО-на арналған « дебиеттің теориясының оқулығын» жазды. Содан кейін жазушының өмірінде қиын кезендер басталды, қуғындарда ұшыралды. «Халық жауы» деген таңбасы зиялы азаматтың ауыртпалығы дәл жас кездеріне келді. Ақталып шыққанға дейін шыдасада сол кездерінде денсаулығына зиян келтіріп алды. Соңында көптеген жұмыстарын бітірді, бірақ өмірден творчестволық күшінің кемелдегенген кезінде, 54 жасында өтті.

1956 жылдан бастап «Таң атты» атты әңгімесі жарық көргеннен кейін оның өмірінде көптеген өзгерістер болды. ңгімелері жинақтары бірінен соң бірі шықты: «Темірқазық», «Өмір тынысы», «Ақбота». Кейінірек Зейін Шашкин «Тоқаш Бокин», «Теміртау», «Доктор Дарханов » «Сенім» атты үлкен романдар жаза бастады. Сол романдарда өзінің қөзқарасы және бүкіл «дәрігерлік» философиясы мен өмірлік ұстанымы көрсетелді. Бұл шығармаларында ол тап күресі, халықтың жасампаз еңбегі, қазіргі заманғы қазақ әйелінің қоғамдағы орны, дәрігердің міндеті және жалпы зиялылардың қоғамға деген міндеті,тыңды бағындырушылардың еңбектегі ерлігі сияқты қиын әлеуметтік үдерісті көрсетеді.

Зейін Шашкин театр өнерінде мойындады. «Заман осылай басталады» және «Ақын жүрегі» атты пьесалары республикалық және областық сахналарында табысты өтті. Оның шығармасы бойынша «Мазасыз таң» атты көркем фильм түсірілді. Зейін Шашкиннің шығармалары СССР халықтарының бірнеше тілдеріне аударылды.

Атақты жазушының Қазақстанның жазушылар одағында жұмыс істеген кездерінде жастарға деген үлкен назар аударғаны туралы Мырзатай Жолдасбеков үлкен жылулықпен еске алады.

Елімізде көптеген өзгерістер болды, біріншіден – идеология, рухани байлығымыз алмасты, бірақта адамда ең бастысы – адамгершілік, мейірбандылық, белсенді жайғасым бұрынғыдай бар екендігін яғни дәрігер –жазушының сендіргені әлі сақталды.

QIWI қолданушыларынан қажетті сыйлықтар

By | Медициналық жоба

QIWI қолданушыларынан қажетті сыйлықтар Алматы қаласында орналасқан Балалар жұқпалы ауруларды емдеу емханасының басшыларынан келіп түскен балаларға арналған жиһаз алып беру туралы өтінішін «Сәби» Қоры аса құштарлықпен қабылдады. Балдырғандар тамақтанатын және сонымен қатар ой-өрісті дамыту ойындарымен айналысуға арналған түрлі-түсті үстелдер мен орындықтар арнайы тапсырыс бойынша дайындалды. Ауруханада бос орынның тапшылығына байланысты осылай екі іс қатарымен қолданатын болды.

Жиһаздан басқа, мекемеге тағы компьютерлі техника және сәбилерді өлшейтін таразы сыйға тартылды.

«Сәби» Қорына демеушілерден келіп түсетін қаржылар тек бекітілген жобаларға ғана бөлінетіндіктен, осындай бір жолдық шаралар көп жасалмайды. Ал аталған сыйлықтарды сатып алу үшін, QIWI төлем терминалдары арқылы сіздерден келіп түскен қаражаттары жұмсалды. Осылай, достар, аз-аздан жинап үлкен істі бірге атқардық.

Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

P.S.Осы шараның жалғасы ретінде біздің Қордың серіктестерінің бірі аталған мекемеге қатты қажет етілген жұмсақ төсектер сыйлады.

«Өз бизнесіңді жаса» байқауы. Алдын ала іріктелген тізім

By | Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді жаса» байқауының жүлделі орындарына үміткерлердің алдын ала іріктеп алынған тізімі белгіленді.

Тізім 20 өтінімнен тұрады:
1. Experimentarium — проект развития промдизайна http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/374
2. Производство в РК спорт оборудования CrossFit и Street WorkOut, тренажеров для дома и реабилитационных центров http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/170
3. Переработки шин в крошку http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/59
4. Экопакеты LifeBag http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/31
5. Актуальное решение утилизации медицинских отходов http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/99
6. Анимационный сериал “Балалар” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/274
7. Класс образовательной робототехники – Учебный центр Нур Академия http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/371
8. Самоучитель казахского языка “YerkemaY” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/136
9. KASSENGALY HANDMADE http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/73
10. EvitaComplex http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/64
11. Социальная гостиница («Сопровождаемое проживание») http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/192
12. Glucoways http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/196
13. DonorBlood http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/340
14. Школа футбола “АРМАН” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/364
15. DIY DRONES http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/224
16. Zero to One Labs http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/463
17. Almaty Biogas http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/428
18. «Производство утеплителя из овечьей шерсти «KIIZ» http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/279
19. CUDAbot: мобильный робот http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/367
20. Социально-Медицинский проект “Medwatch” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/188

«Әлемдік» Лос Анджелес қаласында (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы

« лемдік» Аблайхан Ахажанов – болашақ ғалым, ол Америкада жоғарғытехнологиялық алқабының қасында нанотехнологияны меңгеруде. Аблайхан өзі туралы және Калифорния Университетіндегі оқуы туралы айтуда.

Русский

Қазақ тілі

English