Monthly Archives

January 2015

«Cкаломобиль» жобасы Павлодар қаласында жұмыс істейді

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Жақында «Сәби» Қорының қызметкері Павлодар қаласына барып қайтты. Сол жерде «мүгедектерге лайықты өмір» жобасының аясында 2011 жылы «Сәбиден» сыйлық ретінде 2 «инватакси» көлігін мен арнайы сатылы көтергіш алған Қордың бенефициары болып саналатын жергілікті мүгедектер қоғамының басшысымен кездесті.

Қоғамның төрайымы Георгий Четвериков мырза берілген сыйлықтардың арқасында 2012 жылы қалада жаңадан арбалы мүгедектерге арналған тегін тасымалдау қызметі іске қосылған туралы айтты. Енді қозғалысы шектеулі адамдарды «инватакси» әлеуметтік қызметі тегін тасымалдап қана қоймай, сондай – ақ баспалдақ аралығын жеңу үшін жүргізушілері көмектеседі. Сөйтіп Павлодар қаласының қозғалысы шектеулі тобындағы халықтың бірігуіне және қалыптасуына барлық жағдайлар жасалыңды.

Жазылым – 2015

By | «Білім беру» жобасы

Жазылым - 2015 «Сәби» Қорына хабарласқан балалар әлеуметтік мекемелеріне арнайы ең танымалы және ең көп оқылатын балалар баспасы «Балдырған» журналы мен «Ұлан» газетіне жылдық жазылым ұзартылды. Оған қоса жазылымның саны екі есе ұлғайтылды.

Сөйтіп 2015 жылы қамқорлыққа алынған мекемелердің тәрбиеленушілері қайтадан сүйікті баспаларымен кездеседі. Қазіргі компьютер мен информатика заманына қарамастан балалардың баспаналарды оқуды таңдайтындығы бізді қуантады және де жасап отырған қайырымдылық шарамыздың дұрыстылығын растайды.

Тағы бір қала « леммен» «бағындырылды»

By | «Әлем» бағдарламасы

Тағы бір қала « леммен» «бағындырылды» Мейрамдық фейрверктер атқылап бітіп, жаңа жылдық қысқы демалыстар да тамамданды. Бірінші оқу күнінде «Сәби» Қорының қызметкерлері Павлодар қаласының мектептеріне аттанды. Іс-сапардың басты мақсаты болып – дарынды жастарды қолдайтын « лем» Бағдарламасы жайында ақпарат тарату болып табылады.

Оқушылармен мен мұғалімдерге жобаның барлық шаттары айтылды. Бұндай қайырымдылық шара оларға естілмеген жаңалық. Сондықтан кейбіреулерінде үлкен қызығушылық, ал кейбіреулерінде күдікшілдік түғызды. Қазақтанның қорларының ішінде білім беру гранттарын ұсынатыны саусақпен санарлық, ал еліміз бойынша дарынды жастар іздестірумен тек қана «Сәбидің» қызметкерлері ғана айналысады.

Дегенмен, Павлодар облысы дарынды жастарға бай аймақ, Қазақстанның әйгілі адамдардың көбісі осы қасиетте жерде кіндік қаны тамып, өсіп-жетілген. « лем» Бағдарламасына осы жердің алғыр және зиялы жастарынан түйіндемелер көп келетіне үміттеміз.

Сәбилерге арналған жаңа жылдық тосын сый

By | Қайырымдылық шаралары

Сәбилерге арналған жаңа жылдық тосын сый Анда – санда, әсіресе мейрам күндерінде балалардың көңіл күйін көтеру үшін бір жолғы көмек көрсеткісі келетін қайырымгер адамдар Қорымызға келіп тұрады. Жаңа жылдың қарсаңында бізге Қазақстандағы кореялық косметикасының дүкендер торабы – THEFACESHOP компаниясы бенефициарларды табу өтінішімен хабарласты.
Біздің тәжірибемізді ескере отырып, керекті бенефициарды табу қиынға соқпады. Біз оларға әлеуметтік осал жанұялардан шыққан 300 жуық кішкентай науқастар емделіп жатқан Алматы облысының “Шымбұлақ” балаларға арналған өкпе ауруына қарсы санаториясына хабарласуға кеңес бердік.

Жаңа жылдық ретінде табыс етілген дамытпалы ойыншықтар балаларға өте ұнады. Бүлдіршіндердің қуанышты күлкісін көруден асқан бақыт жоқ!

Мұқтаж балалардың тағыдырына жаны ашығандарға шын жүректен алғысымызды айтамыз.

Өз ісіңді асыруға әлі уақыт бар

By | Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді жаса» байқауына өтінімдерді қабылдау жақындап келеді. Жартылай финалистердің тізімін шығаруға 2 аптадай уақыт қалды.

Байқау жайында және болашақ жоспарларымыз туралы «Сәби» Қорының Вице–президенті Ермашева Оксана ханым баяндайды.

Сұхбатты мында оқуға болады.

«Әлем» Бағдарламасы туралы ТВсюжет

By | «Әлем» бағдарламасы

«Білім және мәдениет» арнасында «Қайырлы таң» – ақпараттық-танымдық, сазды бағдарламасының дарынды жастарға қолдау көрсететін « лем» Бағдарламасы туралы сюжеті