Monthly Archives

December 2014

Жаңа 2015 жыл құтты болсын!

By | Жаңалықтар
Жаңа 2015 жыл құтты болсын! Міне енді жаңа жылды қарсы алатын уақыт та келіп қалды. Мандарин жемістерінің исі, алтындай жылтырақтардың жарқырауы, жаңа жылдың карсаңындағы асығыстар, ұнамды әлектердің белгісі. Барлығымыз өз жақындарымызға жаңа жылды қуанышты әрі есте қалатындай еткіміз келеді.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры шын жүректен барша Қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды! Барлықтарыңа зор денсаулық, табыс, қуаныш тілей отырып өркендеуіңізге, және жаңа жылда аңсаған армандарың орындалуына тілектеспіз!

«Сәби» Қайырымдылық қоры, 2014 жыл

By | Жыл есеп берулер

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы болды.

Жоспарларды қайта құру және оларға түзету енгізу елдің жалпы жағдайындағы өзгерістер, әлеуметтік және экономикалық саланың жақсаруына байланысты туындады. Біздің еліміз өзгеруде, және біз уақыт көшімен бірге қадам жасауға, өз қызметімізде ыңғайлы және жедел жасауға тырысамыз. Мысалы, 2002 жылы балабақшалардың, интернаттардың және медициналық мекемелердің ең көкейкесті мәселелерін шешуге, киім, гигиеналық құралдар, дәрілер, тіпті азық-түлік те сатып алуға тура келді. Балалардың тұруы мен емделуіне барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін, «Сәби» қоры балабақшаларға жөндеу жүргізді, ауруханаларда ота жасау және реабилитация блоктарын жарақтады, дәрігерлерді оқытты.

Қазір медициналық, ағарту, әлеуметтік секторларын дамытуға мемлекет қыруар қаржы бөледі. Медициналық мекемелер ең озық жабдықпен жарақталған, дәрілік құралдарды жеткізуде іс жүзінде үзіліс жоқ. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер жақсы жағдайларда тұрып жатыр, жақсы киінген, тамақтары тоқ.

Енді бірінші орынға осыған дейін ұмытылыңқырап келген рухани байлық, білімділік, тәрбиелілік ұғымдары шығуда. Демек, еліміздегі қайырымдылық ұйымдарының қызметі де осы арнаға бағытталуы тиіс. Сондықтан «Сәби» қоры да осы жылы « лем»жас дарындарды қолдау бағдарламасы мен Білім беру жобасына баса назар аударып отыр. Бұл жобалар белгілі бір талаптар негізінде дарынды, жетім және қоғамның әлеуметтік осал топтары балаларының арнаулы орта және жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын алуына мүмкіндік береді.

Біздің қорымыздың қызметінде «Өркендеу» құрылыс жобасы бұрынғыша маңызды орынға ие болуда. Бірақ ол балабақшалар мен ауруханаларды жөндеу сияқты тар шеңберден өсіп, қазір фундаментальді мәселелерді де шеше алатын деңгейге жетті. Біздер жетім балаларға арналған мүлдем жаңа, жайлы, қолайлы, балалардың үйлесімді және салауатты дамуы үшін барлық жағдай жасалған үйлер саламыз. Мысалы, Қызылорда қаласында 60 орындық жаңа үй салынды, Астана қ. отбасылық типтегі 140 адамға арналған Балалар ауылы салынуда, ал Ақтөбе қ. қала билігімен арнаулы мектеп-интернат түлектеріне арналған жатақхана салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Жетім балалардың әлеуметтік мекемелерде өмір сүруі ерте ме кеш пе аяқталады да, олардың алдынан баспана іздеу сияқты үлкен мәселе шығады. Бұл мәселені өз беттерінше шешу олар үшін өте қиынға соғады. Осы кезде «Жасөспірімдер Жобасы» атты пилоттық жобамыз көмекке келеді. Бұл жоба ерекше жеңілдікті жеке пәтер құқығын алу үшін күресуге дайын мақсатшыл бозбала мен бойжеткендерге арналған. Жобаны іске асыруды қорымыз жалғастыруда.

«Сәбидің» Спорттық жоба бойынша жұмысы да тоқтаусыз жүруде. Өйткені спорттық дайындық бұлшық етке күш беріп қана қоймай, сонымен бірге мінезді қатайтып, тәртіп пен өзін-өзі дамытуға ұмтылысты қалыптастырады. Сәбилер үшін таза ауадағы ойын бұл қашанда көтеріңкі көңіл күй, ал бұл өзі кезегінде физикалық және психикалық даму кепілі және тұлғаның ерте қалыптасуының алғышарты. Қор еліміздің әлеуметтік мекемелерінде спорттық нысандар мен ойын кешендерін салуды жалғатыруда.

«Мүгедектерге–лайықты өмір» жобасы «Сәби» қоры о баста жасақтаған формасында өзінің логикалық соңына жетті.Өйткені біз алдымызға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындадық. Біз оны республикалық деңгейде іске асырып және дамыту үшін мемлекет өкілеттігіне бердік. леуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау қызметін көрсету Ережелерін жасақтап, іске қосты.

Төменде «Сәби» Қайырымдылық Қорының әр жоба шеңберінде 2014 жылғы атқарған қызметтерінің есебі келтірілген. Біздің ұйымымыздың жұмысымен танысқысы келген адамдар үшін біз бұл құжатты Жаңа Жыл қарсаңында дәстүр бойынша www.old.saby.kz сайтында орналастырамыз.

***

« лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы

Қазақстан жастарының « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасына деген қызығушылығы артып келеді. Бағдарлама жөнінде alemsaby.kz сайты беттерінен, мектеп баспасы басылымдарының тақырыптық жарнамаларынан, Қор қызметкерлерінің еліміздің алыс аудандарына мақсатты іс-сапарлары кезінде таратқан ақпараттық буклеттерінен, сондай-ақ «әлемдіктер» қатарына ілігіп үлгерген балалардан білген потенциалды грант иегерлерінен ұсыныстар барған сайын көптеп түсуде. Балалардың негізгі мақсаттары – білім беру гранттарына қол жеткізу. « лем»бағдарламасына іріктеу өте қиын, тек жақсылардың жақсысы ғана еліміздің және шет елдердің жоғары деңгейлі ЖОО оқуға мүмкіндік алады.
«Сәби» қорының « лем» бағдарламасы шеңберінде жариялаған мемлекеттік тілдегі Жыл сайынғы ақындық сайыстары да үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Ал осы шығармашылық дода қорытындысында іріктеліп алынған ең үздік шығармалар жинағы басылымы нағыз әдеби оқиғаға айналуда, өйткені кітап даналары республика бойынша жүздеген мектеп кітапханаларына таратылады.

2014 жылы –
– қаңтар-маусым–мемлекеттік тілдегі Төртінші ақындар мүшайрасы өтіп, қорытындысы бойынша жеңімпаз – Батыс Қазақстан облысынан Ғилымханов Марлен анықталды, бас жүлде – ноутбук;
– маусым – Аблайхан Ахажанов Лос-Анджелес қ. UCLA Калифорния Университетінің «Электроника» мамандығы бойынша халықаралық гранттың бақытты иегері атанды;
– тамыз–алдыңғы қатарлы математиктер тобына тегін оқуға іліну үшін конкурс жарияланып, 10 қатысушы іріктеліп алынды. Олар 5 жыл бойы тереңдетілген математика курстарында білім алатын болады;
– тамыз –Жас дарындарды қолдау бағдарламасының «Алем» alemsaby.kz сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды;
– қыркүйек – Панихин Артурдың Чехияның Острава қ. өтетін мәнерлеп сырғанау Жасөспірімдер арасында Гран-при жарыстарына қатысуы қаржыландырылды;
-2014-2015 оқу жылына Қазақстанның ЖОО-да білім алуға үш адам білім гранты иегері болды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 4 жылдан бері жұмыс жасайды, Қазақстанның 50 ден астам қалалары мен ауылдары қамтылды, 650 сұраныс қаралды, 37 грант бөлінді, оның ішінде 3 шет елдерге. Барлығы 99 адам Қордың қолдауына ие болды. Жоба бюджеті 38 000 000 тенгені құрады.

Жүзеге асырылғалы бері жоба бойынша қорытынды нәтижелермен осы жерде танысуға болады.

***

Білім беру жобасы

Білім беру жобасы – «Сәби» қорының ең алғашқы және негізгі жобаларының бірі. Ол барынша сыналған және жетім балалардың қажетіне қарай оңтайландырылған. «Сәби» қоры 12 жыл бойына қамқорлығына алған балалар үйлері мен интернаттар балалары тағдырының барлық даму сатыларына қатысып келеді. Оқу жылы бойына балалар үшін, кәсіпқой психологтарды қатыстыра отырып, тұлғаны түзету психологиялық тренингтері ұйымдастырылады, жылына екі рет кәсіптік бағдар бойынша компьютерлік тестілеу өткізіліп, кәсіп таңдаған тәрбиеленушілер жыл бойы ҰБТ-ға дайындық бойынша дайындалу сабақтарына барады, және оқу орнына түскен соң Қордан білім гранттарын алады. Бұдан басқа интернат мекемелері қызметкерлерінің ерекше балалармен жұмыс біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарлары жүргізіледі.

2014 жылы –
– ақпан, қазан – кәсіптік бағдар бойынша тестілеудің жыл сайынғы кезекті сатыларында қамқорлыққа алынған балалар әлеуметтік мекемелерінің 88 тәрбиеленушісі қатысты;
– қазан – Алматы мен облыстың қамқорлыққа алынған Балалар үйлерінің түлектері үшін 8- айлық ҰБТ-ға дайындалу курстары қайтадан жүргізілді;
– Білім беру жобасын жүзеге асыру кезеңінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 50-ден астам адам оқытылып және мамандық алды;
– қазіргі кезде «Сәби» қорының білім гранттары бойынша еліміздің балалар үйлері мен интернаттарының 18 адамы арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алуда.

Елеулі кезеңдер:
Жоба12 жыл жұмыс жасауда, Қазақстанның 5 аймағынан 10 балалар әлеуметтік мекемелері қамтылды, тәрбиеленушілердің жалпы саны– 1400 адам. Жоба бюджеті 42 000 000.

Жүзеге асырылғалы бері жоба бойынша қорытынды нәтижелермен осы жерде танысуға болады.

***

«Өркендеу» құрылыс жобасы

«Өркендеу» құрылыс жобасы шеңберінде 2002 жылдан бері «Сәби» қоры тұрғын–жайларды күрделі жөндеп, қайта құрылымдап және жарақтай отырып, еліміздегі балалар әлеуметтік мекемелерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында жұмыс жасап келеді.
Бұдан басқа 2010 жылдан бастап әлеуметтік мекемелер тәрбиеленушілерінің тұрмыстық жағдайларын үй жағдайына барынша жақындату мақсатында Қор, құрылыстың дизайн мен архитектурасынан бастап, жайларды толық жарақтандыру және аумақты абаттандыруға дейінгі барлық сатыларына қатыса отырып, заманауи жаңа ғимараттар мен құрылыстар салумен айналысады.

2014 жылы –
«Өркендеу» жобасы шеңберінде қаңтар айында, Астана қ. жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасылық типтегі Балалар ауылы құрылысы бойынша жобаның тұсауы кесілді. Бұл жоба бойынша жылы, отбасылық жағдайда 100- ден 140- қа дейін тәрбиеленуші тұратын болады; қазіргі кезде бөлінген жер телімінің шекаралары белгіленді, мемлекеттік инстанциялардан жер теліміне қажетті барлық құжаттары ресімделді, инженерлік-геодезиялық және геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді, тиісті қызмет жеткізушілерден барлық техническалық шарттар және сәулет-жобалау тапсырмасы алынды, Балалар ауылының эскиздік жобасы жасақталды және оны Астана қаласының Қалақұрылысы кеңесі бекітті;
– желтоқсан–Ақтөбе қ. әкімдігімен арнайы мектеп-интернат жетім балаларына арналған әлеуметтік жатақхана құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілді.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 11 жылдан бері жұмыс жасайды, Қазақстанның 3 аймағында 6 балалар әлеуметтік мекемелері қамтылды, 7 нысан салынып және жөнделді. Жоба бюджеті 282 000 000.

Жүзеге асырылғалы бері жоба бойынша қорытынды нәтижелермен осы жерде танысуға болады.

***

«Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» Жобасы

Қор жұмысында 2002 жылы бастау алған «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» Жобасы маңызды орын алады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін «Сәби» қоры Республикадағы балалар үйлері мен интернаттарында заманауи, техникалық жарақталған, жасөспірімдерге арналған спорттық кешендер, сәбилерге арналған функционалдық ойын алаңқайларын салуды, сондай-ақ, бұрыннан бар спорттық нысандарды жөндеу және қайта құрылымдау жоспарын жасақтаған болатын.

Қазіргі кезде:
– салынған спорт алаңдары– 16;
– жөнделген спорт залдары – 2;
– салынған балалар ойын алаңдары– 11;
– жарақталған тренажер залы – 1.

2014 жылы –
– шілде – Алматы қ. леуметтік мекемелер түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы “Жастар үйі” (Дом юношества) –тренажерлік залмен жарақталды.

Елеулі кезеңдер:
Жоба 12 жыл жұмыс жасап келеді. ҚР 10 қаласында 3 000 балаға арналған 20 әлеуметтік мекеменің 30 спорттық нысаны салынып, жарақталды. Жобаның бюджеті 175 500 000 тенге.

Жүзеге асырылғалы бері жоба бойынша қорытынды нәтижелермен осы жерде танысуға болады.

***

«Жасөспірімдер» Жобасы

«Жасөспірімдер» Жобасы 2011 жылдан жұмыс жасайды. Ол балалар үйінің тұлдыр жетім түлектерінің әлеуметке араласу процесіндегі ең қиын мәселесі – баспана проблемасын шешуге бағытталған.

зірше жоба «пилоттық» статусын жалғастыруда. МТБжҚО «Жастар уйі» 8 жасөспірімі мен қыздары «Сәби» Қорының олардың әрқайсысының есеп шотына бастапқы жарнаның50% көлемінде ақша аударуының арқасында, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша Алматыдан 1 бөлмелі жеке пәтер алу мүмкіндігіне ие болды.

Армандаған жеке пәтерінің кілтіне қол жеткізу үшін Жоба қатысушылары «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ өз салымдарын 3 жыл бойы жинайды.

2014 жылы –
– «Жасөспірімдер» жобасының үш қатысушысы сатып алушылар мен жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды.

Жоба бойынша бенефициарлардың жалпы саны –8 адам. Жоба бюджеті 26 500 000 тенге.

Жүзеге асырылғалы бері жоба бойынша қорытынды нәтижелермен осы жерде танысуға болады.

***

«Балаларға өмір сыйла» SMS – Акциясы

«Балаларға өмір сыйла» SMS – Акциясы – бұл «ДОМ» Қоры мен «Сәби» Қорының Қазақстанда емдеуге келмейтін аурулармен ауыратын балалардың шетел клиникаларында ота жасатуы мен емделуін қаржыландыруға қаржы жинау мақсатындағы бірлескен жобасы. Жоба 7 жылдан бері жұмыс жасайды.

Көмек көрсеткісі келген Beeline және Kcell компанияларының әрбір пайдаланушылары, өз телефоны шотынан 9099 нөміріне 1 саны жазылған қысқа хабарлама жазып, 280 тенге аудару арқылы көмек көрсете алады. Түскен барлық қаржы арнайы ашылған есеп шотта жинақталады, акция талаптары бойынша бұл ақшаны түсіріп алу мүмкін емес. Шот Қазақстан балаларын емдеу жөнінде келісім шарт жасалған емдеу мекемесіне ақшаны тікелей аударуға ғана мүмкіндік береді.

2014 жылдың аяғына «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша жинақталған және жасалған оталарға аударылған қаржы сомасы 9 000 000 АҚШ долларын құрады. Көптеген адамдар мен ұйымдардың күші арқасында біздің Республикамыздың түрлі қалалары мен облыстарынан 1000 нан астам бала көмек алды. Және ол біздің жас отандастарымыздың өмірлерін құтқара отырып, жалғасып жатыр.

***

Қаржы жинау

Біздің Қорымыздың қызметіне түрліше қатысып жүрген барша ағайындарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз Сіздің көмегіңіз бен қолдауыңызды өте жоғары бағалаймыз!

Қаржылық түсімдерге есеп беруге үлкен жауапкершілікпен дайынбыз, өйткені олар алдын ала бекітілген бюджет бойынша, тек қана мақсатты арналымдар бойынша әлеуметтік жобаларға жұмсалады ғой.

Қорға қайырымдылық жарнасын аудару үшін, кез келген «QIWI»төлем терминалына тоқтап, қаржы аударуға болады. Ол үшін интерфейсте «Басқа қызметтерді» таңдау керек, содан соң «Қайырымдылық» түймесін басып, «Сәби» Қорын таңдайсыз және өз көмегіңізді енгізесіз. Біз үшін әрбір теңге маңызды!

Көмектесудің басқа да әдістері туралы, сондай-ақ барлық оқиғаларды біздің қазақ және ағылшын тілдерінде де «сөйлейтін» www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz, www.alemproject.kz, сайттарымыздан білуге болады.

Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер

By | Отбасылық түрдегі балалар �

Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер «Астана қаласындағы балалар ауылы» жобасы бойынша жұмыс қызу үстінде.

Қалалық басшылығыпен құрылысқа берілген жер телімі анықталып, периметрі бойынша белгіленді.

Тиісті қызмет жеткізушілерден қажетті барлық техникалық шарттар алынды.

Нысанның нобайлық жобасы дайындалып, қазіргі таңда Астана қаласының қалақұрылысы кеңесімен келісілді. Жобада ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың және жетім балалардың жайлы өмір сүруіне арналған жеңіл және ыңғайлы шешімдер қабылданды.

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Еліміздің басты мемлекеттік мейрамдарының бірі жақындап келеді. Еліміздің әр түкпірінен және шетелден жылы құттықтау сөздер құлаққа шалынып жатады. Жасына қарамастан еліміздің жеткен табыстары аз емес және де басқа әлем елдерінің құрметіне ие болды.

Барлық отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміз көркейе берсін, елімізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын. Дос болайық және бірлік орнасын, өйткені «бірлік – еліміздің тамыры және арқауы» (Н. Назарбаев).

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Алем» – дарынды балаларды еліміздің солтүстігінде іздестірудеміз

By | «Әлем» бағдарламасы

«Алем» - дарынды балаларды еліміздің солтүстігінде іздестірудеміз Талантты балаларды іздестіру мақсатымен «Сәби» Қорының қызметкерлері жақында Петропавл қаласына барып қайтты. Іс-сапар дарынды « лем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасының аясында өткізілді.

Солтүстіктің жастарына және жергілікті мектептердің басшылығына біздің сапарымыз күтпеген сыйлықтай болды. Өйткені қайырымдылық қорлардың өкілдері оларға жиі келе бермейді. «Сәби» Қорының Білім беру бағдарламасының шарттары бойынша әр дарынды жоғарғы сынып оқушысы еліміздің және әлемнің ең беделді ЖОО-да оқу мүмкіндігі үлкен қызығушылық танытты. Даладағы аязға қарамастан, мектептердегі кездесулер жылу әрі жемісті болды.

рине әр түлек өз болашағына деген көзқарасы әртүрлі. Осы жерде « лем» Бағдарламасы өзінің кәсіби дамуына және мансапқа жету жолының бастамасы болу мүмкін.

Петропавл қаласында танысқан барлық балаларға оқуда табыс тілейміз және осы солтүстік аймағынан біреуі «әлемдіктеріміздің» қатарына көп кешікпей қосылатынана үміттенеміз.

Латиф Хамиди – қазақ вальсінің салушысы

By | Бағы жанғандар

Латиф Хамиди – қазақ вальсінің салушысы Хамиди Латиф Абдулхаевич (1906-1983) – композитор, педагог, народный артист Казахстана (1966), лауреат Государственной премии Казахстана (1978).

Разработчик таких жанров казахской музыки, как марш, вальс, массовая песня. нтеллектуал, интеллигент и острослов. Воспитатель плеяды высоких профессионалов в области композиции и инструментовки. Латифу Хамиди, казалось, по плечу было все. Он был мастером хоровых обработок народных казахских песен, опер и симфонических произведений, одним из авторов Государственного Гимна Казахской ССР, педагогом, дирижером и музыкально-общественным деятелем. Л. Хамиди был любимцем Алма-Атинской консерватории и Казахского драматического театра, непререкаемым авторитетом для студентов и молодых композиторов. Новинок от Хамиди ждали певцы и оркестры, режиссеры театра и кино нуждались в его композиторском чутье.
Латиф Хамиди родился 17 июля 1906 года в деревне Бували Казанской губернии, в семье бедняка. Его отец, молотобоец, скитался в поисках заработка по Кавказу, Туркестану, Донбассу. В 1913 году Латиф пошел в школу в городе Катта-Курган. Первый учитель музыки обучил его игре на мандолине. В музыкальной школе он учился в классах фортепиано и скрипки. Окончил Ташкентский институт просвещения, 1-й Московский музыкальный техникум, теоретико-композиторский факультет у профессора Б. Л. Яворского, Татарскую оперную студию при Московской консерватории.

Свои первые произведения пишет на стихи татарского поэта Мусы Джалиля. Сочиняет популярные песни и инструментальные произведения. Вместе с М. Джалилем пишет серию детских песен и хоров. Оформляет музыкальные спектакли Татарского рабочего театра в Москве.

В 1933 году Латиф Хамиди по приглашению руководства Казахского государственного театра драмы приехал в Алма-Ату и начал здесь свою творческую деятельность. В 1938 году по рекомендации Мухтара Ауэзова он руководит казахским оркестром народных инструментов. Обучает музыкантов оркестра нотной грамоте. В 1940 году Хамиди — руководитель и дирижер Казахской государственной капеллы. В этом же году он пишет «Казахский вальс» к радиопьесе С. Муканова «Два праздника». Это был первый вальс в национальной казахской музыке. Куляш Байсеитова так смело поддержала молодого композитора, так очаровательно исполнила эту свежую музыку, что вальс полюбился всему Казахстану! Яркий, задорный, гибкий, с тонкими изящными подголосками, он стал праотцом всех последующих вальсов. сегодня практически у любого казахстанца на слуху его искристая мелодия, которая звучит и на утренниках в детском саду, и в концертных залах.

В 1942 году Хамиди работает в Алма-Атинском музыкальном училище и создает патриотические песни. В 1943 году руководит казахским народным оркестром Радиокомитета. Ему присвоено звание заслуженного артиста КазССР. В 1944 году он заведует кафедрой народных инструментов Алма-Атинской государственной консерватории. Совместно с Ахметом Жубановым пишет монументальную оперу «Абай» о жизни и борьбе великого казахского просветителя, к столетнему юбилею со дня его рождения. Опера «Абай» — одно из лучших достижений оперного искусства Казахстана. Она удачно соединила в себе две тенденции: использование народных песен и кюев и композиторскую оригинальность. В 1945 году Хамиди пишет музыку к фильму «Песни Абая»; создает песню «Булбул» («Соловей»). Эта песня-романс, одно из популярнейших произведений композитора. Его первой исполнительницей стала Куляш Байсеитова. Трепещущий «Булбул» в исполнении Бибигуль Тулегеновой, услышанный единожды, не забывается никогда. В этом же году в соавторстве с Тулебаевым и Брусиловским написал музыку к гимну Казахской ССР. Латиф Хамиди награжден орденом Трудового Красного знамени, удостоен звания заслуженного деятеля искусств Казахской ССР.

В 1947 году Латиф Хамиди и Ахмет Жубанов пишут оперу «Тулеген Тохтаров» на либретто М. Ауэзова о герое Великой Отечественной войны. Композиторы оставались добрыми друзьями всю жизнь. Латиф Хамиди говорил, что этот период сотворчества остался для него счастливым временем. В 1950 году Хамиди пишет оперу «Джамбул» о великом казахском акыне.

В жанре инструментальной музыки Латиф Хамиди творил для фортепиано, ансамбля народных инструментов, струнного квартета, он возвел домбру в ранг виртуозных инструментов, создав удивительные произведения для нее. Хамиди писал музыку к видовым, документальным, научно-популярным, художественным фильмам и к драматическим спектаклям. дя своим путем первооткрывателя, он переносил на казахскую почву элементы русской и мировой культуры. Пути развития казахской музыки и Латифа Хамиди совпали.

Вокальный жанр — самая важная и обширная часть творчества Хамиди. менно через него композитор пришел к точному постижению духа и характера казахской музыки, стал родным на казахской земле. К 1933 году Александр Затаевич уже собрал и записал часть народных песен и кюев, Евгений Брусиловский пробует приложить европейские традиции к народной мелодике. Ахмет Жубанов изучает наследие композиторов прошлого Курмангазы, Даулеткирея, Сейтека. Хамиди подключился к этой работе. Одним из первых он точно записал лучшие образцы песен Абая, а также свыше 200 народных песен и инструментальных произведений, затем сделал свыше 100 обработок казахских, татарских, башкирских, узбекских, туркменских песен! Проявив новаторство в области хоровой музыки, Латиф Хамиди создал многоголосную гармонию, естественную и органичную для хоровых произведений на основе народных мелодий. Казахские массовые песни в сочинениях Латифа Хамиди явили сплав традиций казахских народных песен и советской массовой песни, настроение их было жизнеутверждающим.

Композитором написаны более 50 песен и романсов, музыка к драматическим спектаклям и кинофильмам. В истории музыкальной культуры Казахстана Латиф Хамиди остался и как собиратель-этнограф казахской народной музыки, и как автор учебных и музыковедческих изданий. Награжден тремя орденами Трудового Красного Знамени.

Умер в Алма-Ате 29 ноября 1983 года. менем Латифа Хамиди названа детская музыкальная школа №1 в городе Семей и одна из улиц в городе Алматы.

Русский

Қазақ тілі

English