Monthly Archives

June 2014

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасына үш жыл Үш жыл бұрын біздің Қайырымдылық Қор сайттың беттерінде «Сәби», «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Жасөспірімдер» атты пилотты жобаның тұңғыш қатысушысының арасында үш жақты келісім шарттың жасалғанын жариялады.

Қазіргі уақытта біз нәтижелерге ризамыз: төртеуі өз үйінің иесі болып атанды, соның үшеуі Алаты қаласының жаңа ауданында салынып жатқан үйден «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» пулы бойынша пәтер алды. Таяуда үй қолданысқа беріледі және жаңа үйге көшу сериясы өзін көп күттірмейді.

Қатысушылардың бірі салынып болған үйден пәтер сатып алып өз қуанышымен бөлісу үшін бізді қонаққа шақырды. Біз шақыруын сүйсіне қабылдап және шаршы метрлерін көп күткен қуанышты иегерді көріп қайттық. Жас әйел үй иесі өз бұрышына жайлылық пен қонысты сезімін тудыра қалай көркейткені бірден көзге түсті.

Көп ұзамай басқада жобаның қатысушылары жеке шаңырағын аңсап күткен арман жолының мәресін басады.

Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанады

By | «Әлем» бағдарламасы

Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанадыЕкі ай бұрын бізге дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының грантына үміткерлердің бірі Ахажанов Аблайханнан бір қызықты түйіндеме келді. Дүниені жақсартуға ұмтылған және де алдына қойған мақсатына қайтсе де жетуге тырысатын менмендігі жоғары, дарынды жас жігіт. 



Аблайхан өзінің білім жолын физико-математикалық мектебінен бастады. Мектепті беске бітіріп Алматының Энергетикалық институтының «Радиотехника, электроника и телекоммуникации» мамандығына түсті. Қатарлас Мәскеудің Энергетикалық институтында екінші жоғарғы білім алды. Оған қоса физика мен математикадан көптеген қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.



Аблайхан өз болашағын нанотехнология саласындағы ғылыми жұмыстарға арнауды шешті. Бастаушы инженерге Алматыда жарайтын зертхананы табуға және «графен»атты наноматериалды зерттеу үшін экспертименттік зерттеулер жүргізуге рұқсат алуға сәті түсті. Өзінің сүйікті ісімен жоғарғы деңгейде айналысу үшін жас жігіт оқуын Лос-Анджелес қаласындағы UCLA Калифорния Университетінде жалғастыруға армандауда. 



«Мен электронды құрылғылар нарығындағы инновациялық өнімдерді жасағым келеді. Менің ойымша қандай да болмасын әр инновацианың дамуына басты үш элемент керек: технология, өндіріс және нарық. Технология дегеніміз – инновациада негізделген ғылыми немесе инженерлік ой. Өндірістің өзі технологияны нақты өнімге айналдыратын процесстер мен құралдардардан тұрады. Ал нарық өнімнің соңғы пайдаланушыға жеткізілуіне және технология-өндіріс-нарық кезеңінің үздіксіздігін қамтамасыз етіне жауапты дейді – Аблайхан».[/i]



Жас жігіт ұзақ уақыт бойы басқа қорлар мен компанияларда қолдау іздегеннен кейін «Сәби» Қорына Калифорния Университетінде Магистратурада оқуын қаржыландырып беру өтінішімен бізге келді. Бізде бірнеше кезеңді іріктеуден өтіп, ақырында ол аңсаған грантын алды. Осындай жігерлі хабарды жаңа «әлемдік» үлкен қуанышпен және күлімсіреген сыпайы түрімен қабылдады. Расында осындай болу керек шығар мақсаткерлік, бірегейлік дарындылық пен қарапайым зиялылықты бірлестіретін жас ғалымның бейнесі.

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысыДостар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».

Мүшәйраның қорытындысы бойынша қатысушылардың арасында ең лайықты боп Батыс-Қазақстан облысынан Ғилымханов Мәрленге бірінші орын бұйырды. Оған бас жүлде – ноутбук сыйланды. Бірақ та конкурсанттардың сөзі бойынша одан да зор жүлде боп – « лем» Бағдарламасының білім беру гранттары үшін күресу мүмкіндігі болып табылады. Жеңімпазпен бірге, екінші және үшінші орынға ие болған лауреаттарға, Арқалық қаласынанҚымбат Мырзатаеваға және Атырау облысынан Рахымжан Орынбасаровқа да біздің Қор сондай мүмкіндік берді.

Назарларыңызға таңдаулы конкурстық шығармаларды ұсынамыз.

1 орын – Ғилымханов Мәрлен




Арыс ұл




Аңыз аты – Қазақ та,
Нағыз аты – Махамбет.
Ф. Оңғарсынова




Өткеріп жеткен ғасыр мұңдарын,
Азаттық таңы – асылдың зары.
…Нар ұлын аңсап жатқандай бүгін,
Тау-тау боп қызыл-жасыл құм Нарын.

Қайғының қара назына көнем,
Қысын да өмірдің жазын да көрем.
Қазақ даласын шер қылып жатыр,
Қаройда қанмен жазылған өлең.

Аршындап алға бастаған ерін,
Жоқтап бір зарлап жас төгеді елім.
Тас белгі орнатып қастерлеп жүрміз,
“Ерліктің туы – Тастөбе” жерін.

Тәуелсіз бұл күн бойлаған үдеп,
Батырдың сан түн ойлаған күні ед.
…Жарқ етіп жанып кетті ғой сөніп,
Намыспен бірге оянған жүрек.

Сезімнің дәмін татып бойда жоқ,
Тыңдаймын күйді батып ойға көп…
Өлеңі жүрек төрінде жүрген,
Айтады екен- ау ақын өлді деп?!

Ерліктің жанса арай- шамдары,
Ұлтымның тоқтар қалайша әні?!
Жауһар жырлардың құдыреті ғой,
Жігерге ораған талай сананы.

Көк пенен жерді таң қылып тұрған,
Еркіндік – елге мәңгілік думан.
Ақындық деген, батырлық деген,
Махамбет дер ем – жаңғырып туған!..




2 орын – Мырзатаева Қымбат




Жылдардан жылдар шіркін барады асып…




Жылдардан жылдар шіркін барады асып,
Жаңалық ескілікпен араласып.
Бір жарым ғасыр уақыт дөңгелегі ,
Жан ата жатыр біздің араны ашып.
Жыр жазып ,дәстүр тауып, өнер іздеп,
Жемісін ұлы Абайдың тереміз деп.
Жұп –жұмыр, іші алтын ,сырты күміс
Келемін ізіңізбен өлең іздеп.
Сыр сандық көп үңілсем ашылардай,
Көңілім сізді оқып басылардай.
Қара сөз қара маржан деп білемін,
Оқимын сөздеріңді басымды алмай.
Қол созып ақ арманға, алыстарға,
Шираймын бойда қуат намыс барда.
Бұл күнде бірді жеңу оңай емес,
Таңданам мыңмен жалғыз алысқанға.
Табыну данышпанға қалған ғұрып,
Келесің ақылыңмен тамсандырып.
«Қаламқас», « Желсіз түнде…», «Сегіз аяқ»,
Бір жүрсің ұрпағыңмен ән салдырып .
Өзіңдей кейде қалам қолға аламын,
Қырандай қанат қағып қомданамын.
Қымбат боп өз әлімше өлең арнап,
Тоқжан боп қайран баба толғанамын.




3 место – Орынбасаров Рахымжан




Анаға сыр!




Анашым-ау, несіне қамығасың?
Өкпелетсем сәбилік бағыма сын.
Өсіргенің үшін де бас иемін
Құлдық болып жалынып арыма шын!

Анашым-ау, жасыма, мұңаймағың,
Сен мұңайсаң жүрегім, жылайды арым.
Ұл-қызыңның алдағы өмір жолын,
Уайымдаған секілді сыңайландың!

Анашым-ау,жүргенде жаным жүдеп,
Қаймықтың ба ұл-қызым “жаңылды” деп.
Өзге жерге бір түнеп келгеніңде
Ұялдым да, айтпадым “сағындым” деп!

Анашым-ау, аңсаймын сағатына,
Тұрақтандың ұлылар санатына.
Аналардың жұп-жұмсақ жүректері
Ұқсайды екен аққудың қанатына.

Анашым-ау,ескендей жақұтты леп,
Ана-құшақ өзіне шақыртты кеп.
Ұрпақтарың ұлықтап ұлы есімді
Жыр арнады денсаулық,бақыт тілеп!

C. Луганский атындағы көше

By | Өңтүстік астананың көшелер

C. Луганский атындағы көше Сергей Данилович Луганскийдің атымен Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.



Сергей Данилович Луганский (1918—1977) 



270-ші жойғыш авиация полкісінің эскадриль командирі (203-ші жойғыш авиация дивизиясы, 1-ші шабуылшы авиация корпусы, 5-ші әуе армиясы, Дала майданы), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры.[/i]



Сергей Луганский 1918 жылы 1 қазанда Верный қаласында диқандар семьясында өмірге келді.



1936 жылы толымсыз орта мектепті бітіріп, бақшы болып жұмыс істей бастады. Сол жылы Қызыл Армиясына шақырылып, комсомолдық жолдама бойынша Орынбордың әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1938 жылы ол Псковтың 14-ші авиациалық тобында қызмет етті.



1939-1940 жылдары кіші лейтенант Луганский, кеңестік – финдік соғысына қатысып, жауынгерлік тапсырмамен 59 рет аспанға көтеріліп 1 жаудың ұшағын атып түсірді, сол үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапаттандырылды.



Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңдерінде Сергей Луганский жаудың әскеріне шабуыл жасау үшін ЛаГГ-3 атты ұшақта ұшты, сол кезде Батай мен Дондағы Ростовтың жаңында 4 ұшақты атып түсірді, сол үшін ол Қызыл Жалау орденімен марапаттандырылды және де Белгородтың қасында 4 ұшақты атып түсіргені үшін тағы бір Қызыл Жалау орденін алды. 



1942 жылы 14 қыркүйекте Луганский капитаны ЛаГГ-3 пен сегіздік тура шабуылын жаудың күші асып түсетітіне қарамай 13-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы үшін Волга өзенінен өткелді қорғай қарсы бастады. Ол МЕ-109-шы тобының бастаушысымен жақындасуға шықты. Неміс соқтығыстан құтылғысы келді, бірақ Луганский бұраманың соқтығысымен «мессершмиттің» стабилизаторын жұлып жіберді, сосын жаудың ұшағы тепе-теңдігін жоғалтып жерге қарай кетті. Содан соң Луганский капитаны Харьковтің маңында Курск доғасында ЯК-1Б ұшағына ауысты.



Кейбір дерекнамаларда Луганскийдің шайқастарының бірінде тұтқынға түсірілген Отто Фённекольд атты неміс шебер ұшқышы атып түсірілді. Бірақ бұл дерек шындыққа лайықты емес, өйткені Фённекольд американдық жойғыштарымен ұрысы кезінде 1944 жылы қаза тапты.



1943 жылдың 2 қыркүйегінде, 221 рет аспанға көтерілгені үшін, жекеше 18 рет және 1 рет топта жаудың ұшақтарын атып түсіргені үшін Луганский Сергей Даниловичкапитанына Ленин орденімен және (№ 1493) «Алтын Жұлдыз» медалімен бірге Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.



Шайқастарының бірінде Луганский атақты ұшқыш Талғат Бегелдиновтың л-2 ұшағына жаудың жойғыш ұшақтарымен жасалған шабуылына тойтарыс берді.



1943 жылдың 27 қыркүйегінде Мишурин Рог селосының (Кировоградская облысы) жанында дала майданының әскерлерімен Днепрден жедел өту кезінде эскадрильяны бастаған Сергей Луганский кеңес штурмовиктерін тасалады.Оның эскадрильясы өзеннің өткелінде Ме-109 тасалындағы Ju-88 және He-111 тобын кездестіріп шайқасқа түсті. «Юнкерлердің» шабуылына тойтарыс берілді, әйткенмен өткелге қарай «хейнкелдер» шықты. Луганский жау қолбасшысына ұшағының шабуыл жасады және ұшақтың қалағымен оның биіктік меңгерігін жұлып әкетті, анау болса тепе теңдігін жоғалтып жерге құлады. Луганский бұзылған ұшағымен өзінің аэродромына аман-есен қонды.



1944 жылы ол авиаполкінің командирі болып тағайындалды. 1944 жылдың 1 шілдесінде Луганский майорі екінші (№ 1981) «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Румынияда, Одердің үстімен Алма-Аты комсомолдарының «сыйлақ-ұшағында» ұшып өтті. Шайқас жолын Берлинде аяқтады. Соғыстың соңына қарай жауынгерлік тапсырмамен 390 рет аспанға көтерілді, жаудың ұшағын жеке 37 рет және 6 рет топта атып түсірді. 



1949 жылы сергей Луганский әскери-әуе академиясында оқуды бітірді, содан кейін АШҚ әскерлерінде командалық лауазымында қызмет етті. 1964 жылы авиацияның генерал-майор лауазымында запасқа жіберілді. «Ауедегі айқас», «Аспан әрдайым ашық болсын» атты кітаптар жазды.



1977 жылы 16 қаңтарда өмірден өтті. Алматыда жерленді.



Марапаттары:
• Кеңес Одағы Батырының екі «Алтын Жұлдыз» медалі 
• Леннинің екі ордені 
• Екі Қызыл жалау ордені
• Александр Невскидің ордені
• Екі Қызыл Жұлдыз ордені
• Медальдар, соның ішінде «Ерліктері үшін»

Русский

Қазақ тілі

English