Monthly Archives

April 2014

1 мамыр құтты болсын Қазақстан!

By | Жаңалықтар

1 мамыр құтты болсын Қазақстан! Мемлекетіміздің ортақ шаңырағының астында бейбітішілік пен татулықта көпұлтты халық өмір сүріп жатыр. Халық достастығы – Қазақстанның басты жетістігі болып саналады және де бұл еліміздің табысты өркендеуінің кепілі.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, дәстүр бойынша мерекелік концерттер, көпшілік қыдырулар және әр дәстүрдің өкілдері жайылған мол дастарханның үстінде өздерінің салтымен және халық тағамдарының рецептісімен бөліседі.

Қымбатты отандастар, сіздерді 1 мамыр мерекелеріңізбен құттықтаймыз, әр үйде достастық, махаббат және түсінушілік болсын!

Балалар ауылының құрылысы. Кезеңдер

By | Отбасылық түрдегі балалар �

Жылдың басында «Сәби» Қоры Астана қаласында ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, жетімдерге арналған жанұялы типіндегі балалар ауылының салынуы жайлы ауқымды жобаны іске қосты.

Қазір біз Астана әкімінің коммисиясының шешімі бойынша құрылысқа арнайы бөлінген жер аумағына барлық керекті құжаттарды мемлекеттік инстанцияларда дайындаумен айналысудамыз.

Балалар ауылы жетімдер үйіне қарағанда ең жақсы баламалы таңдау болып келеді. Ол жерде шынайы отбасы құрылып, бақытты балалық шақта өскен жеткіншек ертеңгі күніне сеніммен қарай алады.

Достар, біз жобамызды енді бастадық, сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж болып отырмыз. Қосылыңыздар!

Cәби 12 жылдығын тойлауда!

By | Жаңалықтар

Cәби 12 жылдығын тойлауда! 12 жыл бойы «Сәби» Қоры қайырымдылық көмегін сәбилерге, жетім балаларға және қозғалысы шектеулі адамдарға көрсетуде.

Казіргі кезде Қазақстанда «Сәби» атын ең батыл және орасан зор жобаларды іске асырумен байланыстырады, соның ішінде: Қазақстанның 16 қалаларында тегін тасымалдау қызметін атқаратын 62 «инватакси» көліктері, еліміздің және әлемнің ең беделді ЖОО-да Қордың грантымен оқып жатқан дарынды студенттер, Қызылорда қаласында Сәби үйіне арналған жаңа ғимараты, еліміздің балаларға арналған әлеуметтік мекемелерінде 29 заманауи спорттық нысандары, 17 емдік мекемелеріне тапсырылған медициналық жабдықтар және солармен қатар біздің ұйыммен атқарылған көптеген басқа істер.

Осы жылы біз мүшел жасқа кіреміз – осылай қазақта барлық зодиак белгілерінің бір айналым жасағаннан кейін бірінші 12 жылдық кезеңнен келесі кезеңге аяқ басуын айтады. Осындай ауыспалы кезеңде өткен жылдардың қорытындысын жинақтап келешекке жаңа көзбен қадалған дұрыс.

Атқарған жұмысымызды мақтан тұтамыз және де бізде орасан зор жоспарларымыз бар – Қордың қызметінде келешекте үлкен өзгерістер күтіп тұр: жасалып жатқан жобаларды қайта құрылымдау және жаңаларын ашу. Астана қаласында ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 100-120 орынды отбасылық түріндегі балалар ауылының салынуы туралы жоба іске қосылды. Сондықтан біздің мүшел жасымыз бізден көп қаражат пен күш-қуатты керек етеді.

12 жыл бойы бізбен болған барлық достарымызға қамқорлығы үшін және қатысқаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің көмектеріңізге баға жетпес!

Габриэль Гарсия Маркестің соңғы хаты

By | Ұлылардың дана сөздері
Габриэль Гарсия Маркестің соңғы хаты Габриэ́ль Хосе́ де ла Конко́рдиа Гарси́а Ма́ркес – колумбияның проза – жазушысы, журналисті, баспагер және саяси қайраткері, Нейштад әдеби жүлдесінің және әдебиет жағынан Нобель сыйлығының лауреаты. 



Бала кезінде оны Габо деп атаған, колумбияның Аракатака қаласында 1927 жылдың, 6 наурызында дүниеге келді және ол Элихио Гарсия мен Луиза Сантьяго Маркес ?гуаран қарапайым фармацевтің он алты баласының ішінде үлкені болды.



Ол 1960 жылдары латын американың «әдеби феномені» басты тұлғаларының бірі болып саналды. Колумбия жазушысының «Жүз жылдық жалғыздық» атты романы жұмыстарының ішіндегі атақтысы болып келеді.



Лимфа бездерінің ісігіне шалдығып, ауыр халде жатқан ұлы жазушы оқырмандарына арналған соңғы хатында былай деп айтқан:



[i]Егер Құдай қас қағым сәтке менің жігерсіз адам екендігімді ұмытып, маған кішкене болса да өмір сыйласа, мүмкін мен айтар сөзімнің барлығын айтпаушы едім: оның орнына айтқан сөзім туралы көп ойланушы едім.[/i]

[i]Затты құндылығына қарай емес, керектіге қарай бағалаушы едім.[/i]

[i]Аз ұйықтап, көбірек армандағанда, жабық көзбен өткізген бір минут өмір – бұл өткізіп алған алпыс секунд жарық екендігін түсінуші едім.[/i]

[i]Қалғаны отырғанда мен жүруші едім, ұйықтап жатпай мен оянушы едім, сөйлеудің орына мен тыңдаушы едім. [/i]

[i]Шоколад балмұздағымен қандай ляззат алушы едім.[/i]

[i]Егер құдай маған аз да болсада өмір сыйлағанда, мен жай киініп, күннің шығысымен тек қана денемді ғана емес оған қоса ішкі дүниемді жалаңаштап тұрушы едім. [/i]

[i]Құдайым-ау кішкене ғана уақытым болғандағой, өшпенділігімді мұзға қадап күннің шығысын күтуші едім. Мен жұлдыздардың астында Ван Гог сияқты сурет салып, Бенедет-тидің өлеңдерін оқып армандап және Серраның өлеңдері менің айлы серенадам болушы еді. Раушан гүлдерінің тікенектерінің өткірлігін және олардың алқызыл жапырақтарының нәзіктігін сезіну үшін оларды көз жасымен шаюшы едім. [/i]

[i]Құдайым-ау кішкене ғана уақытым болғандағой… сүйікті жақындарыма оларды қаншалықты жақсы көретіндігімді айту үшін бір күн өткізіп алмаушы едім. ә[/i]рбір әйел мен ер кісіге оларды жақсы көретімдігімді сездіруші едім, махабатқа бөлене махабатпен өмір сүруші едім.

Қартайғанда махабат сезімі басылмай: керісінше махабат сезімі болмағандықтан қартайатынына көздерін жеткізіп, олардың қаншалықты қателескендерін дәлелдеуші едім! 

Балаға қанат беріп, оны ұшуға үйретуші едім. 

Қарт адамдарға өлімнің кәріліктен емес, ұмытшылдықтан келетінін үйретуші едім. 

Халайық, мен де көп нәсені сіздерден үйрендім.

Нағыз қуаныш оны төменде күтіп отқанын түсінбей, әр кімнің таудың шыңында тұрғызы келетінін білдім.

Жаңа туған сәби әкісінің саусағын кішкентай ғана жұдырығымен ұстағанда, мәңгілікке ұстайтынын түсіндім. 

Адам деген басқаға үстінен тек қана оны тұрғызу үшін қарауға құқысы бар екенін түсіндім. 

Сіздерден сондай көп нәрсені үйрендім, бірақ шыныда одан пайдасы көп емес дейді, өйткені сандығымды толтырып кетіп барамын.[/i]

«Жасөспірімдер» жобасының – алғашқы қонысы!

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасының - алғашқы қонысы! Керемет жаңалықпен бөлісуге дайынбыз – «Жасөспірімдер» атты сынамалы жобаның алғашқы қатысушысы қоныстойын тойлады. Наурыз айының соңында Алматының жетімдер үйлерінің бірінің бұрынғы тәрбиеленушісі жаңа салынған үйлердің екі бөлмелі пәтердің иесі болды.

Бұндай уақиға біздің Қорымыздың жобасының дайындаған шарттарының арқасында ықтимал болды, соның аясында балалар үйінің түлегімен, Сәби Қорының және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының арасында тұрғын үй құрылыс жинағының келесім шарттары жасалады. Қор қайырымдылық көмек ретінде банкіге 1 бөлмелі пәтердің 50 пайыз құнының бастапқы жарнасын аударады, сосын балалар 3 жыл ішінде қалған сомасын өздері жинайды. Олар өздеріне пәтерді алған соманың нәтижесіне байланысты таңдайды, ал соманың жетпеген бөлігін банкіден қарыз ретінде алады. Бірақ алған қарызының көлемі үлкен еместігінен, қарызды өтеу қиынға соқпайды.

Мұқият дайындалған жинақ жүйесінің арқасында жобаға қатысушылар өз бюджетін жоспарлауды үйреніп және шығындарын дұрыс үлеструді үйренді. Біздерге біраз табысты болып көрінді. Міне енді біздің «ұясын салуға» сондай ұмтылған «алғашқы қарлығашымыз» ақыры арманын жүзеге асырды.Оған мол бақыт, жаңа жеке өміріне көптеген табыс тілейміз!

Жаңа мекендегі Сәби үйінің тіршілік тынысы

By | Жаңалықтар

Жаңа  мекендегі  Сәби  үйінің  тіршілік  тынысы Бала – біздің болашағымыз. Сол болашақ
ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – барша адамзаттың міндеті болса,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген мейірімділік ерекше болуы
сөзсіз. Елбасы Н. . Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтардың
негізгі бөлімнің бірі баланы қорғау, оның ішінде ата-анасың қамқорлығынсыз
қалған балалар құқығын қорғау болып отыр.

90 жылдан астам тарихы бар Қызылорда қаласында орналасқан Сәби
үйі Байсеитова көшесіндегі 50 жыл бұрын салынған типтік емес ескі ғимараттан
2013 жылдың басында«Сәби»
жеке қайырымдылық қорының
демеушілігімен еңселі де, жарық заманауи үлгідегі жабдықталған,
отбасылық жылумен мейірлендірілген жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл салынған
ғимаратта бала тәрбиесі мен күтіміне, оның жан-жақты өсіп жетілуіне, дамуына,
емдік шаралардың сапалы жүргізілуіне барлық мүмкіндіктер толық қарастырылған.
Ойын алаңдары, физио – массаж, емдік жаттығулар, баланың толық өсіп жетілуіне қалыпты
орта жасау үшін қарастырылған Монтессори бөлмесі түрлі сенсорлық ойыншықтармен,
жиһаздармен, модульдермен және құрал – жабдықтармен қарастырылып, олар білікті
мамандармен қамтылған. Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың
маңыздылығы ерекше: баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасайды,
барлық сыртқы сезімді дамытады, жоғары интеллектуалдық көңіл күйді, сонымен
қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелейді,баланы «дұрыс» қоршаған
ортаға қалыптастырады.

Осындай мүмкіншіліктер «Қалалық сәби үйі» статусын «Облыстық
сәби үйіне» ауыстыруына үлкен ықпал етті. Осыған орай, Қызылорда облыс
әкімдігінің 2013 жылғы 06 тамызындағы № 221 қаулысына сәйкес, 01.09.2013 жылдан
бастап қалалық сәби үйінің атауы «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Барлық күту және тәрбие жұмыстары барынша үй жағдайындағыдай
өткізіледі. Тәрбиешілер барынша аналық мейірімін төгіп, балаларды ауыртпай
бағып – қағып, қолдан келгенше тәрбиелейді, сонымен бірге ауруды алдын – алу,
науқас балаларды сауықтыру, оңалту-түзету, диспансерлеу жұмыстары жүргізіледі.
Осындай көлемді жұмыстардың арқасында жалпы жұмыс көрсеткіштерінде мынадай
жетістіктер бар: балалар өлімі орын алған жоқ, жұқпалы және соматикалық аурулар
саны азайды, тиімді емделудің арқасында сәбилердің жүйке психикалық жетілуі
жақсарып, балалардың асырап алуға жарамдылығы артты.

Ізгілік пен қайырымдылық қадамы әрдайым құрметке лайық. Ал
жүрек жылуынан туған қайырымдылық шуағы сәбилерге арналып жатса, бұл құрметті
айырықша бағалауға тұрады. Елбасымыз «Алаштың анасына» балаған аймақта
орналасқан облыстық сәби үйі ұжымын ана мен баланы қорғау, оның ішінде
ата-анасының қамкорынсыз қалған балаларды қорғау және қолдау ел саясатының
маңызды құрамдас бөлігі болуы қатты толқытады және қуантады.

Русский

Қазақ тілі

English