Monthly Archives

February 2014

Ақындар мүшәйрасына қатысыңдар!

By | «Әлем» бағдарламасы

Ақындар мүшәйрасына қатысыңдар! Жыл сайын ақпанның 21-де әлем халықаралық ана тіл күнін тойлайды. Елімізде жас сөз зергерлерінің есіне балалар ақындық мүшәйрасы жалғасуда екенін және оның биыл «Сәби» Қорымен төртінші рет өткізіліп отырғанын сала кететін тамаша себеп деп шештік.

Бұл шығармашылық мүшәйрасы интеллектуалды ынтаның дамуына, қиялдануға, қазақстан жастырының дұрыс сауатты тілінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасады.

Байқаудың өткізілген уақыты ішінде жас ақындардың 2 өлеңдер жинағы жарық көрді, 6 лауреат еліміздің ең беделі ЖООда «Журналистика» «Қазақ филологиясы» мамандығында білім беру грантына ие болды, 3 жүлде ретінде ноутбукке ие болды.

Қатысу үшін alemsaby.kz сайтында түйіндемені толтырып және «Сәби» Қорының арқасында өз күшіне сеніп үлкен жетістіктерге жеткендердің жолына түсуге әлі уақыт бар.

Профтестілеу, 2 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Профтестілеу, 2 кезең «Сәби» Қайырымдылық Қорымен жылына екі рет Алматы қаласы мен облысының балалар үйлерінің бітіруші сыныптарына арнап өткізілетін кәсіптік бағыттау бойынша тестілеудің 2 кезеңі басталды.

Жоғарғы сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау сұрағы маңызды болып келеді. «Менің таңдаған маманым …» деп айту жеткіліксіз. Өзіңнің ұнатқан мамандығына деген бейімділігі мен қабілеттілігінің қаншалықты екенін анықтау маңызды. Осындай күрделі үдерісті түсіну үшін М.В. Ломоносов атындағы МҰУмен шығарылған арнайы компьютерлік бағдарламаны қолдана кәсіби бағыттау бойынша тестілеуді ұйымдастырумен, қаржыландырумен балаларға бірнеше жыл бойы көмектесіп келе жатқан «Сәби» Қоры.

Өз-өзін нақтырақ түсінгісі келетін әр кезеңге кемінде 70 адам жиналады. Ақпан айының баспалдағы – мектеп бітірудің алдында соңғысы болып келеді, дәл соның өзі түлектерді таңдаған болашақ мамандығына қатысты ақырғы шешіміне әкеледі.

Америка ұлтының көсбасшысы

By | Ұлылардың дана сөздері

Америка ұлтының көсбасшысы ЭМЕРСОН, РАЛФ УОЛДО (Emerson, Ralph Waldo) (1803–1882) – американдық жазушы және философ, қоғам қайраткері, АҚШ-тың ең көрнекті ойшылдардының бірі. 1821 жылы теологиялық білім алған Гарвардты бітірді. Брама (Brahma), Күндер (Days), Қарлы боран (The Snow-Storm) және Конкорд әнұраны (Concord Hymn) – сияқты кейбір поэмалары американың әдеби классиктің жанрына кірді.

Ф. Нице сияқты ұлы философқа ықпалын тигізе арқылы Германия оқырмандарының көңіліне ие болды.

Эмерсон Ресейде Лев Николаевич Толстойға және тағы басқа орыс жазушыларына күшті әсерін тигізді. Л.Н. Толстойдың күнделіктеріндегі, хаттарындағы және мақалаларындағы бірқатар пікірлері Эмерсонның философиясымен ұқсастығын көруге болады. Толстой американдық ойшылды «христиандық діни жазушы» деп жоғары бағалады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ральф Уолдо Эмерсон америка ұлтының рухани басшысы ретінде Бенжамен Франклин қайтыс болғаннан кейін орнын алды.

ЭМЕРСОН:
«Құшақ – ең қымбат сыйлық: көлемі жағынан бәріне лайықты және егер оны қайтарсаңыз ешкім қарсы болмас».

«Тартып тұрған жолмен жүрме, жол жоқ жерге барып ізіңді қалдыр».

Артымызда қалғанның бәрі және алдымызда тұрғаны – ішімізде тұрғанмен салыстырса ұсақ-түйек».

«Адам деген оқып жатқан кітаптарынан құралады».

«Өмірде өзіңізден басқа ешкім сізге жан тыныштық әкеле алмайды».

«Шынайы данышпан келген кезде жан-жағындағы надандар оған қарсы қастандық жасайды».

«Айтқан сөзің келбетіңе сай болу керек».

«Данагөй әрқашанда оған қарсы шыққан адамдарды түсінуге тырысады. Өйткені ол үшін өзінің кемшіліктері алдымен білу өте маңызды».

«Достастықтың жарығы – қол ұшын бергенде емес, адал күлкісінде емес, қуанышты ынтымақтастығында емес; ол – оған сенетін басқа адам бар екені және оған достық ретінде сенуші болатынын түсінген кезде адамға түскен рухани нұрға бөленуінде».

http://ru.wikipedia.org/wiki/Эмерсон,_Ральф_Уолдо
http://www.inpearls.ru/author/1272/2

Нью-Йорктен «әлемдіктен» келген бейнесәлем! (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы
Соңғы екі жылдар ішінде Қанат Бейсекеевтің есімі қазіргі заман жастарының естуінде. Оның интернет-басылымдарына түсірілген қызықтырғыш репортаждары фотожурналистиканы бағалай алатындардың арасында әйгілілікке ие болды. 



Қанат Нью-Йорк киноакадемиясында «Сәби» Қорының « лем» Жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында алған халықаралық Гранты бойынша «Фотография» мамандығында оқиды.

Өзінің видеоүндеуінде жас фотограф өзі туралы және өзінің Америкадағы студенттік өмірі туралы айтады. 
 

“Жасөспірімдер” жобасымен өз үйіңе алғашқы қадамыңды жаса

By | Жасөспірімдер жобасы

"Жасөспірімдер" жобасымен өз үйіңе алғашқы қадамыңды жаса 2012 жылы Қазақстанда «Қол жетімді тұрғын үй -2020» атты ауқымды мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы жарық көрді. Оны іске қосу үшін оператордың бірі болып “Сәби” Қорының Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектеріне басын 2011 жылы бастаған «Жасөспірімдер» жобасы бойынша серіктесі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» болып табылады.

Тұрғын үй бағдарламасы жобаның жастарларына керемет мүмкіндік болып шықты, өйткені Банктің салушысы бола тұра және өз шоттарында “Сәби” Қоры оларға бастапқы жарна ретінде аударған бір бөлмелі пәтердің 50% құны Алматы қаласының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді тарату пулына қатысуға құқығы бар.

Оның алдында жазып кеткендей екі жасөспірім осындай мүмкіндікті пайдаланды және жақында қолайлы бағамен жаңа кең пәтерлердің иелері болады. Ал жуырда алдын-ала банктің іріктеуінен өтіп жұлдыздары жанғандардың қатарында болып оларға тағы екі жасөспірім қосылды және де келесі жылы қоныс тойын тойлайды.

“Сәби” Қорының барлық қызметкерлеріне осы пилотты жобаның алғашқы нәтижелерін көру қуанышты, өйткені өз үйінің бар болуы жетім балалардың көп күткен көкейтесті арманы болып табылады.

Русский

Қазақ тілі

English