Monthly Archives

October 2012

Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Сәбилер үйіне арналған ертегілер әлемі «Сәби» Қайырымдылық Қоры жас буынның келешегіне ат салысып, спорт жобасын бірнеше жыл бойы дамытып келуде, өйткені таза ауадағы жаттығулар мен ойындар балалардың денсаулықтарына оң нәтиже беріп, қуат пен жақсы көңід-күй сыйлайды. Сондықтан Қордың күшімен салынып жатқан жасөспірімдерге арналған ойын және спорт алаңшалары өз маңыздылығын ешқашан жоғалтпайды, жетімдер және әлеуметтік деңгейі төмен жанұялардың балалары тәрбиеленіп жатқан балалардың, олардың ішінде әсіресе тентек мінезділердің сарқылмайтын жігерін қолайлы қалыпқа келтіруге зол ықпалын тигізеді. 



Кезекті, жиырма алтыншы спорт нысаны болып (ал арнайы ойын КС Л жинағы кезектегі реттік саны оныншы болып) Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйіндегіжеткіншіктерге арналып салынды. Жабдықтар қазіргі уақытта айтылған мекемеге Қордың күшімен салынып жатқан жаңа ғимараттың ауласында орнатылды. Сәбилердің көз алдарында алуан-түрлі сатылар, алтыбақанар, сырғанақтар, үйшіктер, әткеншектерді көрген сәтте қуаныштарында шек болмайтынына нық сенеміз. Балалардың көңілінен шығу, ол оңайға шықпайтын жайт екені бәрімізге мәлім. Оларға жай ғана құмсалғыш пен орындықтар алып беру жеткілікті емес екендігі түсінген біз әр баланың ойынан шығу үшін әр түсті жабдықтарды алуға тырыстық.



Осындай шаттық сезімін бізге жомарт досымыз және нағыз жанашыр «КазРосГаз» ЖШСсыйлады. Бұл компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары сезінетін ұйымдар қатарында алғы саптарында тұрып жүр, жоғарыда айтылған ойын алаңшасын алуға демеу көрсетпей ғана қоймай, жаңа ғимараттың салынуына зор соманы бөлген болатын. КазРосГазға деген шынайы ризашылығымыз кішкентай жеткіншектердің көздерінде жанған қуанышымен сөзсіз жеткізіледі.

Кызылорда қаласында Монтесорри орталығы ашылатын болады

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
 

Кызылорда қаласында Монтесорри орталығы ашылатын боладыСоңғы жылдары елімізде бiлiм жүйесi көптеген өзгерiстерден өтті. Олардың бәрі бiржақты жақсы деп айту қиын-ақ және бұл жөнінде дау-дамай әлі күнге дейін тоқтамай жатыр. Батыста әлдақашан іске асырылған әдістемелер мен схемалар бiзге біртіндеп енгізіле бастады. Кейбiреулері біздің сана-сезімізге сәйкес келмей сіңбей қойды, ал басқа өзге түрлері жүйеде нық орнын тапты. Солардың ішінде қазіргі кезде кең қолданылып және жан-жақты әсерін тигізіп жүрген Мария Монтессоридің балаларды үйрету методикасы, италиялық ұстаз, ғалым және 20 ғасырдың бiрiншi жартысының ойшысының әдiстемесiн айтуға болады. 



Осы жүйе жекеше ықпал етуге негiзделген: бала үнемi өзiнің қалауы бойынша дидактикалық материалдарды және сабақтың ұзақтығын таңдап, ыңғайлы бағытта дами бастайды. Монтессори педагогикасы әрбiр жеке баланың қажеттiлігіне, қабiлеттiлiгіне және зеректiгiне шоғырланады. Басты шарт – қазiргi ортақ өлшемдер бойынша салыстырымға келістірмеу болып табылады. Оның орына, балалар еш мәжбүрсіз, сырт жақтан кiрiспесіз және сынсыз еркiн оқиды. Баланың тәуелсіз болуы өміріндегі жаттығулармен толықтырылады, демек күнделiктi тәжiрибе де тiкелей үлесін қосады. Монтессори-материалдары – бұл жай ойыншық емес, керісінше бұл нағыз «ересек адамның» кiшiрейтілген көлеміндегі заттар.  дiстеме бір жағынан қарапайым көрінетін бірақ өте маңызды әрекеттерге елiктеу арқылы дәріс береді, мысалға: киіну, жуыну, дастархан жаю, қол өнерімен шұғылдану,өнерге талпыну және т.б.

 
М.Монтессоридің жүйесі бойынша окудың қағидалары жетім балалардың жеке көзқарасын құрастыруға және тұрмыстық дағдыларға баулуына айтарлықтай септігін тигізеді. Өйткені мемлекеттік әлеуметтік мекемелерде ұжымдық тәрбиенің салдарынан тұлғаның даралығы жиі екінші орында қалып ескерілмей қалады.



“Сәби” Қайырымдылық Қоры басшылығының шешімі бойынша, өз есебінен тұрғызылып жатқан Қызылорда қаласының Сәбилер үйіне арналған жаңа ғимаратында, жергілікті Монтессори оқыту орталығы ұйымдастырылатын болады. Осы мақсатпен Омбы қаласында аса кең ассортиментте арнайы жабдықтар және материалдар сатып алынды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Ревда қаласының Аймақаралық Монтессори – ассоциациясымен ынтымақтастық орнатылды, олардың мамандары Сәбилер үйінің ұстаздары мен тәрбиешілеріне жыл бойы бірнеше рет Қызылордаға келіп тренингтер өткізіп, балалармен жеке жұмыс істеу үшін толық курсты үйретіп шығады.

Nomad s Way – Көшпендінің жолы.

By | «Әлем» бағдарламасы

Nomad s Way - Көшпендінің жолы.«Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады»[/i] деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен. 



Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді.  йтенмен де,«Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын  сел манғалиқызы Тасмағамбетова алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.



2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды. 



Nomad s Way – Көшпендінің жолы

2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді. 


«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.
 

Осындай мақсаттарды орындау бағытында екі кезеңнен тұратын Nomad s Way жобасы ойластырылды: байырғы қазақтың зергерлік бұйымдарын Кристис аукцион үйіндегі көрмеден және Нью-Йорк көпшілік кітапханасының ғимаратында өткізілген қайырымдылық аукционынан тұратын шара ұйымдастырылды. « лемнің кіндігі» аталған Нью-Йоркте осындай идеяларды іске асыру үлкен мүмкіндіктер болғаннан кейін, дәл осы қала таңдалды. 

Көшпенділердің зергерлік бұйымдарын  манғали Тасмағамбетов кезінде жинақтап, мемлекеттік мұражайға өткізкен болатын, қазіргі күнде олар өз орнын тауып, енді бұл экспонаттар алғашқы рет шет елде шығарылды. Бұл көрме америкалық жұртына нағыз жаңалық болды. Мыңдаған әуесқой және кәсіпқойлардан тұратын көрермендер Орталық Азияның мәдениетін өздері үшін таңғаларлықтай ашты. Батыстың үлгісінде біздің елімізде заңғар ғимараттар мен көне жазулар сақталмаған, бірақ та қолданбалы өнерде ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп жоғары жетістіктерге жетіп, бүгінгі күнде байырғы туындылар көздін жауын алады. Қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдардың ою-орнегі қиын технологиялармен ойылып, әдемі жасалып киімдерінің әшекелейтін. Зергерлердің жұмыстары жылдар бойы сақталып, көнелігінің арқасында ғана бағаланбай, әр символиканың түрлі мағынасын айқындап өзгеше туынды ретінде саналады. 
Антикварлық бұйымдардың шеберлігіне тәнті болған бүкіл әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері «Сәби» Қорына арнап қазақтың ұлттық әшейкелеріне ұқсатып ерекше бұйымдар жасады. Қазіргі замандағы әйгілі зергерлік өнердің нағыз шеберлері байырғы заманның нұсқаларын, археологиялық олжаларға, жартасқа салынған суреттердің мәтіні ұлы халықтың тарихи байлығын суреттеп, өздерінің танымал қолының шеберлігін қосты. 

Осы айтылған әшекейлер лот ретінде қайырымдылық аукционда сатылымға берілген болатын, бұл оқиғаны шет ел Бұқаралық ақпарат құралдары «таңғаларлық оқиға» және «Қазақстанның басқа көзбен ашылуы» деп әлемге жария салды. Нью-Йорк қаласындағы NYPL ғимаратының фасады еліміздің туының көк және сары түсімен жарықтандырылған болатын және жиналған жұрт бүкіл кеш бойы қазақтың оюларына шын көңілмен тамсанды. Шараның қонақтары болып белгілі бизнесмендер және саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі әртістер, жүргізушілер және зайырлы адамдар жиналды. Олардың ішінде Кит Рубинштейн и Майк Зои, горь Крутой и Николай Басков, Мишель Родригез, Сомерс Фаркас және тағы басқа танымал кісілер болды. Концерттік бағдарламада әйгілі Робин Тик, Крейг Дэвид және Рокель Кастро қатысты. Кешті жетекшісі ретінде күллі әлем танитын жұлдыз, Оскар сыйына үш рет номинацияланған атақты актриса Сигурни Уивер басқарып жүрді. Іс-шараны Бірғаным Айтимованың басшылығындағы Нью-Йорктағы БҰҰ-ның аясында Қазақстан Республикасының тұрақты өкімдігінің қоладуымен өтті. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шара еліміздің 20-жылдық мерейтойына орайластырған.

Аукционның қатысушылары өз тарапынан өте жоғары филантроптық белсендік көрсетті. Олар тек зергерлік әшекейлерге ғана қызығушылық көрсетпей, сонымен қатар атағы шет елге шыққан отандық шеберлердің туындаларын сатып алуға ат салысты. Бәссаудаға қосқан жұмыстар ең бастысы ежелгі көшпенді халықтың рухын көрсетіп, өздерінің күрделі техникасымен және әсемдігімен назар аудартты. Аукционның нәтижесінде шамамен 1 млн. АҚШ долларға жуық ақша жиналды. Барлық қаражат «Сәби» Қорының қайырымыдылық жобаларын іске асыруға жіберілді. Олардың ішінде « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы ерекше орын алғандықтан аукционның негізгі бенефициары ретінде осы жоба ескерілді. 

« лем» Бағдарламасы еліміздің алшақ аудандарында тұратын дарынды да қабілетті балаларды қолдап, олардың интеллектуалды және шығармашылық табыстарын дамыту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттарын жасау үшін бағытталған. Ол жастар мен балғындардың қай жерде болса да қол ұшын тигізіп дарынын ары қарай арттыруға көмек береді. 

Өйткені нағыз талант, өркениетті елден алшақ екенмін деп өзінің қабілетін көміп тастамау керек. Біздің бағдарламамыздың аясында әр жеткіншек еліміздің кез келген бұрышынан Қордың мекен-жайына немесе арнайы жасалған ғаламтор-ресурсына www.alemsaby.kz өз түйіндемесін жібере алады. р өтініш аса зейінмен қарастырылады. Үміткерлің мүмкіндіктерін мәдени, өнер, ғылым, техника, спорт және тағы басқа әр түрлі саладағы сарапшылармен сынайы. Жоғары деңгейдегі профессионалдардың пікірі болашағынан зор үміт күттіретін таланттарды таңдап кейіннен оларға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бірегей қабілеті барларға «Сәби» Қоры арнайы оқу орындарында гранттар бөледі, конкурстарға, сайыстарға, олимпиадаларға және көрмелерге қатысуға, сонымен қатар компаниялар мен кәсіпорындарда машықтану өткізуге мүмкіндік береді.

Nomad’s Way шарасын өткізгеннен кейін Қорға 500-ден астам өтінімдер келіп түсті. Күрделі іріктеу жұмысынан кейін 27 адам грантқа қол жеткізді. Жұмыс әлі жалғасуда, әлі талантты да батыл үіткерлер саны ұлғая түсуде. Олар өзінің жұлдызды сәтін күтуде, ал біл болсақ сол кезге жеткізуге бар септігімізді тигіземіз. Жас мемлекетіміздің болшағаны деген көзқарасымыз тек жақсылыққа жорып, нағыз азаматтарды тәрбиелеуге жан-жақты ат салысатын боламыз. 

Тарих

«Сәби» Қоры қайырымдылық аукциондарын өткізу практикасын 2008 жылдан бастады. Сол жылдың қазан айында Лондон қаласында әйгілі бәссауда өткізетінChristie’s үйінің қолдауымен қазақстандық шеберлердің туындыларының көрмесі мен аукционы өткен болатын. Бұл оқиға Қор үшін ғана маңызын тигізіп қана қоймай, бүкіл Қазақстанға да өз септігін тигізді, өйткені көрермендерді еліміздің салт-дәстүрлерімен таныстырдық. Шараның қонақтары лоттарға аса қызығушылық танытып 1 000 000 АҚШдоллар шамасында қаражат жиналды. 

Барлық қаражат мүгедектер арбасымен мінетін арнайы гидравликалық көтергіштермен жабдықталған көліктерді сатып алуға жұмсалып, Қазақстанның қалаларындағы мүгедектер қоғамдарының аясында ақысыз көліктік « нватакси» қызметін ұйымдастыру үшін сый ретінде тартылды. «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жоба қазіргі уақытқа дейін өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Бүгінгі күнде еліміздің 16 қалаларына 52 автокөлік тапсырылды, енді сол аймақтарда « нватакси» күнделікті жұмысын атқаруда.

2012 жылдың ақпанында Нью-Йоркте өткен қайырымдылық аукцион «Сәби»тарихында екінші рет өткізіліп отыр. Ол Қордың шет елмен жоспарлы да епті жұмыс істеу саясатын нығайта түсті. Шараның сәтті өткені біздің алда қойған мақсатымыздға нық сенімді арттырып ары қарай бағытымызды жалғастыруға түрткі болды. 

[i] . Тасмағамбетовтың «Орталы-Азия зергер шеберлерінің бұйымдары» 
атты кітабының ақапараттары қолданылды, DIDAR, Алматы, 1997[/i]

Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды

By | Терминалдар

Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды Жылдан жылға «Сәби» қорының қызмет саласы кеңейіп келеді, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында жасап шығарылған жобалар ауқымдырақ бола бастады. Бірақ жоспарларымыз зор болғанмен, оларды тек немқұрайлы емес адамдардың қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады. 

Біз, еңбегімізді жоғары бағалап, өзге ұйымдар арасынан «Сәби» қорын таңдаған және қаражаттарын аямай қол ұшын ұсынып сенім білдірген, барлық филантроптар, компаниялар мен жеке тұлғаларға шын жүректен ризалық білдіреміз! Айналадағы өмірдің ырғағына және күнделікті жұмыс кертартпалығына қарамастан, сіздердің жүректеріңіз мейірімділік пен қамқорлыққа толы, сіз шынымен мұқтаждарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлайсыз. 

Қазіргі дүниедегі уақыт тапшылығы – үлкен проблема. Кей жағдайда ол мезеттік қызметтер мен сервистердің ұсынылуымен толымдалады. Енді қайырымдылық салымы да, ұялы байланысқа жүзеге асырылатын төлем сияқты жеңіл және мезеттік болмақ. Кез келген сауда үйінде, дүкендерде, жанармай құю станцияларында және аялдама кешендерінде «QIWI» төлем терминалдарын таба аласыз, ондағы «Қайырымдылық» интерфейсі арқылы біздің сары тұмарды басып, «Сәби» қорының есепшотына қаражат енгізе аласыз.
 
Неге бізді таңдау керек? 



«С Б » Қайырымдылық қоры мөлдірлік пен ашықтық қағидаты бойынша әрекет етеді. 10 жылдан астам атқарған қызмет барысында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қатты науқас 231 000 бала және ересектерге, мүмкіндіктері шектеулі 40 000 адамға, 7 000 жетім балаларға қолдау көрсетілді. 

Сіз жылына 28 000 адам, күніне 80 адамға көмек көрсетесіз!



рбір теңгенің маңызы бар!

«Әлемдік» – «Социум» бағдарламасының кейіпкері (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы

« лемдік» - «Социум» бағдарламасының кейіпкері (видео)05 қазан күні 24KZ тәуліктік жаңалықтар арнасында «Апорт» телекомпаниясының шығармашылық тобының жобасы болып табылатын, «Социум» бағдарламасында, күнделікті бес минуттық форматта, күні бойы «Сәби» қоры туралы ролик трансляцияланған болатын. 



Кейіпкері болып біздің «әлемдік» – Медет Шаяхметов сөз сөйледі, сұхбатында Қор туралы, өзі туралы және « лем» атты бағдарламамыздың шеңберінде болашаққа бірлескен жоспарларымыз туралы әңгімеледі. 
 

Науқасты ойнап жеңу

By | Медициналық жоба

Науқасты ойнап жеңу «Сәби» Қайырымдылық Қоры 10 жылдан бері жұмысын атқара келе, ең басты және ең мерзімі ұзақ жобалардың бірі ретінде Медициналық бағытты негіздеп келген. 2002 жылдан бастауын алғаннан бері біздің елімізде көп өзгерістер болды. Медицина саласына бюджеттен бөлінетін қаржы өсті, денсаулық сақтау сферасының барлық тараптарын қамтитын мемлекеттік арнайы бағдарламалар іске асырылды. Бірақ та жеке капиталдың болу керектігін, соның ішінде қайырымдық шаралардан түскен қаржыны, ескермеу қателік. Кейбір шұғыл жағдайларда мемлекеттік тапсырыспен қажетті нәрселерге қол жету мүмкін болмай қалады, сондай кездерде қорлар тарапынан үлкен көмек болуы мүмкін, өйткені олардың жәрдемі арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.

Медициналық жобаның аясында «Сәби» өзге де мақсаттарды көздей тұра, емдеу-профилактикалық мекемелерде станционарлы түрде өткізген уақытта науқастардың, әсіресе кішкентай балалардың жағдайын көтеруге тырысады. Сәбилердің емханада ем алып немесе оңалту процедураларын алған кездерін жеңілдету үшін арнайы оларға ойын бөлмелерін жабдықтап жүр.

Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингтің аясында құрылған «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ның кішкене пациенттері бірнеше күн бұрын Қордың атынан үй ішінде орналастыратын ойын алаңшасын сыйға алды, енді олар күніге бірнеше уақыт алтыбақанда тербеліп, сырғанақ теуіп, сурет салып, шоттарды санап, «құрғақ бассейнде» шомылып, пластмасс кірпіштерден кәдімгі ғимараттар тұрғызып, және шағын үйшік ойнауға мүмкіндікке ие болды.

Ойынмен өткізген уақыт, бүлдіршіндерді науқастан көңілін аударып, оны жеңуге жаңа күш беретініне нық сенеміз.

БҰТ-ге алдын ала дайындық

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ-ге алдын ала дайындық Біріңғай ұлттық тестілеу. Бұл сөздермен оқушылардың өмірлерінде болатын ең бірінші, сонымен қатар ең маңызды емтиханды тапсыру бойынша бастауыш сыныптан бастап үрей қондырып дайындалуға жар салады. Өз балаларының әр-түрлі курстарда және ұстаздармен қосымша жан-жақты дәріс алуына ата-аналар алдына жан салмайды. Ондай мейірімді ата-анасы жоқ балалар ше? Олардың қамын кім ойлайды? леуметтік мекемеде жүрген тәрбиеленушіге тестілердің қыр-сырын түсіндіріп оны қалай өту керек екенін кім үйретеді?



«Сәби» Қайырымдылық Қоры өзінің Оқу жобасы бойынша Алматы қаласының БҰТ-ге мектеп бітірушілерін дайындайтын жетекші орталығымен міне қатарынан үшінші жыл бірге ынтымақтасып келе жатыр. Біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің түлектері Қордың есебінен қазан айынан бастап келесі жылдың мамырына дейін аптасына үш рет арнайы дайындық курстарын өтетін болады. 



Өткен кезеңдердің нәтижелері бізді қанағаттандырған болатын: бағдарламаны меңгерген оқушылар тестілеу кезінде жоғары баллдар алып, көбісі мемлекеттік грант бойынша ЖОО-на түсіп кетті. Осы жылы қосымша сабақтарға қатысушылардың саны ұлғайғаны бізді таңғалдырмады, тіптен үлкен қуанышқа бөледі.



БҰТ – әрине, емтихан тапсырушыларға үлкен эмоциялық күйзеліске кенелтеніні анық, бірақ жайымен жоспарлы дайындықты өткізгеннен кейін жауапты мезетте өзіне деген сенімділік күшейіп, келесі жылдары жақсы оқуға кепіл береді.



Біздің бұл ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысымыздың көрсеткішін келесі жылдың тек маусым айында білетін боламыз, сол кезде сегіз ай бойы енбектің шынайы бағасы балалардың алған баллдарымен сәйкестікке тіреледі. 

Русский

Қазақ тілі

English