Monthly Archives

September 2012

Теміртауда «Сәби» екінші рет

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Теміртауда «Сәби» екінші рет Күз – егін жинаудың мезгілі, ал «Сәби» Қайырымдылық Қорында спорт жобасы бойынша нәтижелерді қорытындылайтын уақыт болып табылады. 



Теміртау қаласы біздің Қордың бенефициарлары ретінде 2010 жылы «Сәбиден» 2 «инватакси» машиналарын сыйға алған болатын. Бүгінгі күнде № 2 Облыстық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты қуанышты жағдайды тойлап отыр: “Спорт-Денсаулық-Жетістік”жобасы бойынша 2012 жылдың үшінші, ал бүкіл уақыт бойы жиырма бесінші нысан болып тұрған копфункционалды спорт алаңшасы айтылған мекеменің аумағында толығымен салынып пайдалануға тапсырылды. 



Бұл мектепге біздің көңіліміздің ауғаны кездейсоқ емес. 45 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ұйым, мұғалімдердің және мемлекеттік белсене қатысуымен коррекциялаумен оқыту жүйесіне келтірілді, бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін балғындарға жан-жақты білім алып дамуына барлық жағдайлар қарастырылған. нтернатта спорттық-сауықтыру жұмыстары белсенді жүргізілуде, көптеген оқушылар әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, мақтанарлық жетістіктерге қол жеткізді. 
 
«Сәби» Қорының күшімен тұрғызылған комплекс, оқу орнының түлектеріне алуан спорт түрлерімен, баскетбол, волейбол және футболмен айналысуға сый ретінде тартылды. «Жасанды шөп» жабындысымен төсенген алаң салқын күз айларында да бұрыштарынан жарық түсіретін прожектерлері күн батқаннан кейін де шынығуға толық мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ол жерде күнде жаттығулар, жарыстар, қызықты ойындар, сайыстар өтіп жатыр және көтеріңкі көңіл-күйдің нағыз ордасына айналды.



леуметтік жауапкершілігін ұстанған кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды біздің жобаны қолдауға шақырамыз, еліміздің барлық шалғай аудандарында спорт алаңдары кеңінен өріс алсын демекпіз.



Фотосуреттер мында

Жас ақындардың өлеңдер топтамасы жарық көрді

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындардың өлеңдер топтамасы жарық көрді Шығармашылық жұмыстың нәтижелі болған кезінкезде сөзбен жеткізе алмайтын рахатқа бөлейді, әсіресе оны сезіп көруге болатындай болса тіптен ғажап.



Бүгін біздің көз алдымызда әлі баспахана бояуының иісі кетпеген, 2011 және 2012 жылдары «Сәби» Қорымен ұйымдастырған ақындар сайыстарының қорытындыларын іріктеу барысында, іріктелген ең үздік шығармалардан тұратын жаңа басылым жатыр.  дебиет жөнінде сарапшымыз – ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлының арнайы ескеріп өткен 13 авторлардың өлеңдері бұл кітапшаға енгізілді. 

 
Қордың жұмыскерлері топтаманы шығарарда үлкен көңіл бөліп, зор ықыласын салды. Сыртқы келбеттің тұжырымдамасы « лем» Бағдарламасының мәнін анықтай түсті: Көп ғасыр құламай өсіп тұрған мықты ағаш нәр беретін ылғалды қалың тамырынан бастап аспанға жететін ұштарына дейін таратып, жайқалып, жоғарылап келеді. Діңгек болса байырғы заманнан келе жатқан ұлы жасампаз тіршілік қуатын суреттеп отыр. «Сәби» Қорының логотипі ағаштың түбінде қойылып, өмірдегі тұрақтылықты және беріктікті мазмұндап отыр, ақ жапырақ ретінде бейнеленіп тұрған жас дарындардың пәктігін сақтай тұра оларға қолдау көрсетіп жүр. Кейбір жапырақтар өзгешеленіп әр түрлі бояуларға боянған, олар дегеніміз бірегей, ерекше және біртума балалар. Қаптаманың бір қалпы емес фоны айналадағы және өз ішкі дүниенің лемі ретінде бейнеленіп тұр. Жалпы айтқанда бұл айтып отырған сипаттаманың басты көрсеткіші ол Өткен, Осы және Келер шақтың тығыз байланысын ұсынып отыр. 



Барлық лауреаттарға, олар оқыған мектептерге, ауданның оқу бөлімдерінің барлығына мұғалімдер күнінің қарсаңына топтаманың бірнеше даналарын сыйға жіберілетін болады. Ал сайттың оқырмандарына біз оны электронды түрде мына жерден қарап шығуға ұсынбақпыз. 



Сайыстың барлық қатысушыларына сәттілік, шығармашылық табыс тілеу тұра, келесі жылы тағы да күтетін боламыз!

Арианнаның аяқтан тік тұруына асар шақырамыз

By | Арнаулы көмек

Бірнеше күн бұрын «Сәби» Қорының мекен-жайына кішкентай алматылыққа көмек көрсету туралы хабарлама түсті. Хатты зейінмен қарастырған сәтте, біз он жыл бұрын жас Царевтар жанұясында сүйкімді қыздің дүниеuе келгенін білдік, атына заты сай болғандай есімін Арианна деп қойыпты. Бүлдіршін денсаулығы жақсы, ақыл-ойы дамыған және өте белсенді болып өсті. Жаздың бір жарқын күнінде, табиғат аясында ойнап жүрген кезінде 4 жастағы Арианнаны кене шағып алады. Ата-анасы уақытылы емханаға апарғанымен, дәл сол сәтте энцефалит вирусы анықталмай қойған болатын. 



Содан бері Царевтардың өмірлік кезеңі сол қатерлі күнге дейінгі бақытты шақ пен кейінгі арпалыс жылдар болып екіге шағылды. Арасына бір жыл салып барып, дәрігерлер ақтық –энтеровирус этиологиясының салдарынан ми қабынуы (энецефалит) диагнозын қойды. Туған-туысқандардың басына түскен қиыншылық жентек қардай домалап, мерзім өткен сайын ауырлай түсті, бұндай қатер мезгілмен инфекцияны анықталмағанының салдарынан туылып отыр еді. Ал күнде қиналып жүрген кішкентай қыз, кейіннен өздігінен жүре де, сөйлей де алмай, көз жанарынан айырылып барады. 



Алты жыл бойы бұл дертке беріліспей күрескен жанұяның барлық қаражаты таусылып, мүліктері де сатылып бітті. Психологиялық сынақты көтере алмаған жұпқа айырылысуға тура келді. Жалғыз басты ана енді шығындарды өтеуіне шамасы келмей қажып кетті. 



Біздің Қор Арианның тағдырына немқұрайлықпен қарауға мұршасы болмады. Нысаналы жобалар бойынша жұмыс атқарып жүргенмен де, бізде атаулы көмек жасалмайтын болатын, бірақ та «Сәбидің» басшылығы қалпына келтіретін ем-домның бір кезеңіне жететін қаржыны бөлуге шешім қабылдады. 



Біз өз тарапымыздан қайратты анаға рухын түсірмей, барлық күш-жігерін жинап бұл қиыншылықты жеңуге тілек айтамыз. 



Егер де, оқырман арасында кішкентай Арианнаға көмек көрсеткісі келетіндер болса, төменде көрсетілген банктік шоттың нөмірін жазып отырмыз, немесе сайтта көрсетілген байланыс телефондары бойынша біздің жұмыскерлермен хабарласуыңызға болады. 



Теңге арқылы жіберетін болсаңыз:

Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна

Бенефициардың СТН: 600318744309

шот нөмірі: KZ786010002004093418 

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 

Б К HSBKKZKX

Банктің СТН: 600400055239

Банктің Б Н: 960941000145



Валютамен жіберетін болсаңыз (USD):

Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна

Бенефициардың СТН: 600318744309

Шот-нөмірі: КZ10722R000023340434

Банк аталуы: АО «KASPI BANK»

Б К CASPKZKA

Бетке ұстар «әлемдіктер»!

By | «Әлем» бағдарламасы

Балғын жастарына қарамай өз саласында мақтан тұтатындай жетістікке жеткен «әлемдіктермен» біз ары қарай таныстыруымызды жалғастырамыз.



Бетке ұстар «әлемдіктер»!Назарларыңызға өмірінің басында тұрған, бірақ болашағынан зор үміт күттіретін, әлі де әлемнің әр бұрышына әйгілі болатын режиссерді ұсынып отырмыз. Оның есімі – Медет Шаяхметов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті, сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі, «нағыз дарынның барлық жаққа қабілеті бар екен» деген мәтелді толығымен ақтап отыр, жүрген жерінде өзінің энергиясымен және жақсы көзқарастарымен жарақтандырады. Медет – алуан түрлі қалалық, республикалық және халықаралық вокалды сайыстардың дипломанттары болған, скейтбордпен және битбокспен айналысады, граффити мәнерінде көптеген дизайнерлік жұмыстардың авторы, моушн-графикасымен айналысып, видеоклиптер мен бейнероликтерді түсіріп азын аулақ ақша тауып жүр. Бірақ өзінің өмірін бұл бозбала «монтаж режиссурасы» мамандығымен байлады, бүгінгі күнде оқудың ақысын «Сәби» Қоры өтеуде, және сонымен қатар оның шет елде тәлім алуы туралы мәселе де қарастырылып жатыр. Бетке ұстар «әлемдіктер»!



Бетке ұстар «әлемдіктер»!« лем» Бағдарламасының жаңа қатысушысы, жас ақын Қарлыға Темірғали жайлы да тоқталып өтсек дейміз. Бұл бойжеткенді біз алғаш рет Атырау облысында, еліміздің алшақ аудандарында жас дарындарды іздеу бойынша іс-сапарында жұмыскерлеріміз танысқан, нақтырақ айтқан «тапқан» болатын. Осы кұнге дейін жас автордың шығармалары жергілікті газеттерде жарияланып және ұлттық радиоларда да лирикалық бағдарламаларында бірнеше өлеңдері оқылып та өткен. Бірақ та, Қарлығаға осы жеткен жетістігіне тоқталмай ары қарай өнерін дамытып, сапалы білім алып, бара келе ұстаздарының көмегімен шеберлігін ұлғайту керек. л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде оқу – творчестволық бой көтеріп және мамандық иесі болудың мүмкіндігінің шығынын біздің ұйым толық өтеп, студент қызды қолдап «әлемдіктер» қатарына қосты.



Бетке ұстар «әлемдіктер»!Үшінші болып Тимур Алдабергенов кезекте тұр. Ұлттық телеарнадан көрсетілген үлкен концертте Сәби» Қорының қоладуымен ән салған кезде оның әдеми лирикалық баритонына тал қалған адамдар арамызда баршылық. Үстіміздегі жылда ол «MEZZO» тобының ішінде болып, әйгілі «Х-фактор» телеарналық вокалды шоуда ақтық финалға дейін қол жеткізіп екінші орынды иеленді. Табиғи сүйкімі бар әншінің керемет даусы барлықтарымызды тәнті қылды. Классикалық музыкалық білімді бозбала Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында біздің демеушілік көмекпен алған болатын. Ал бірнеше күн бұрын, Тимур өзін кинода түсуге армандап жүргенін айтты. Бұл сөзіне біз құлақ түрдік: « лем» Бағдарламасының құрметті сарапшысы, белгілі кинорежиссер және продюссер Ақан Сатаев оны киносынамаға шақырды. Осылай армандар орындалатынына біздің күмәніміз жоқ!

Қазақстандық «Инватакси» паркінде – 52 автокөлік!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Қазақстандық « нватакси» паркінде – 52 автокөлік! Аңсаған нәрсенді күткен кезде уақыт тым созылып кетеді, ол бәрімізге де белгілі жайт. Ал ұзақ жылдар бойы үй қабырғасынан шықпаған арбадағы отыратын мүгедек адамға, далаға шығып, қала серуендеп, танылмай қалған көшелердің жаңа ғимараттарымен тамсанып, сарғайған болса да, әлі түспеген жапырақтарды өз қолымен теру деген мүмкіндігіне жету арман болып көрінеді. 



Жергілікті « нватакси» қызметінің дамуына «Сәби» Қайырымдылық Қорыменқойылған келісім мен машиналарды қолма қол алуға дейін мерзім тура жарты жыл уақытты алады. Бірақ та, бұл көліктерді сонау Германияға тапсырыс беріп, мүгедектер арбасына бейімді, ыңғайлы қылып жинау жұмыстары бірнеше айларды талап етеді. 


Алматы қалалық мүгедектер одағына арналған екі Volkswagen Caddy машиналарын сатып алынған кезінен бастап алты айда өтті. Олар кедендік ресімдеу кезегінен және МА қызметінен тексерістерінен өтіп, енді міне біздің Қормен 2008 жылы ұйымдастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қазақстандық арнайы автопаркін толықтырды. Қазіргі таңда отандық 16 қалада барлығы 52 «инватакси» саналып отыр. 
 
Осындай көптен күткен қуанышты хабар, бірнеше рет мұқтаж адамдарға қолдауын көрсеткен, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін анықтаған «КазРосГаз» ЖШС-нің көмегімен жасалып отыр. Демеушілікке арналған қаражатын «Сәби» Қорына сеніп тапсырып «КазРосГаз» компаниясы«Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобаға ат салысып, тағдардың жазғанына орай арбада отыратын қазақстандық азаматтардың қозғалу еркін сезінуге мүмкіндік берді. 

Рахмет, «КазРосГаз»!

Русский

Қазақ тілі

English