Monthly Archives

August 2012

«Әлем» Бағдарламасы екінші мүмкіндікті береді

By | «Әлем» бағдарламасы
« лем» Бағдарламасы екінші мүмкіндікті береді 
Жаздың ыстық күндерінде ең кең таралған БҰТ – аббревиатурасы мектеп бітірушілердің санасында әр-түрлі эмоция тудырады. Біреулер үшін ол білім әлеміне есік ашса, ал тест тапсырған кезде жолы болмай қалғандарға өкініш әкеледі. Мүмкін олардың даярлғы нашар болған шығар, бәлкім қобалжудан ба немесе психологиялық жүктемені көтере алмағандықтан ба бұл емтихан көп түлектер үлкен қиындық туғызды. 



Бірде-екілі жетіспеген баллға бола Мемлекеттік грантқа қол жетізе алмаған 11 жыл қажырлы еңбек пен үлгерімнің зая кеткені өте өкінішті-ақ. Осындай жағдайларда келешегінен үміт күттіретін жастары, әсіресе әке-шешесінің табысы жеткіліксіз ауылдың қара домалақтарына екінші мүмкіндік беру өте қажет. 



«Сәби» Қорының « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы мектеп қабырғасында үздік көрсеткіштерді танытқан, бірақ тест тапсырған кезде кідіріп қалған балаларға «сиқырлы таяқтың» сермеуіндей көмек көрсетеді. Біздің Қор қабілетті бозбалалар мен бойжеткендердің қалаған оқу орындарында ақысын төлеп, армандарын өмірге келтіреді. Жас буынның сапалы білім алуы бүгінгі күнде Қазақстанның болашағы үшін маңызы орасан зор. 
Бағдарламаның айқындылығы ат салысқандардың қажетті мамандықты иеленуге мүмкіндік береді, ең бастысы олардың іріктеу сайысынан өтіп өз-өзіне деген сеніміділігі болу керек!

Конституция Күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Конституция Күнімен құттықтаймыз! Қымбатты Қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау Күніне орай біз ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Бұл – еліміздің демократиялық заң шығарудың іргесін қалаушы, азаматтарға құқық негіздері мен бостандықдың кепілдігі болатын, жас мемлекетіміздің егемендігін бекіткен негізгі заңның құрылған мерекесі.

Баршалыққа сәттілік пен гүлдену тілейміз!

Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!

Алға, Алға! немесе жаңа мүмкіндіктер

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Алға, Алға! немесе жаңа мүмкіндіктер «Сәби» Қайырымдылық Қорының қызметі Алматы қаласының шекарасынан асып бүкіл Қазақстанның аумағына таралды. «Сәбидің» бенефиациарлар арасында жеке тұлғалар мен әр түрлі ұйымдар да табылады. Олардың ішінде – Алға қаласында орналасқан Ақтөбе облыстық сауықтыру орталығы да бар. Бұл мекемеде оқуға қиындық туғызып жүрген, психикалық түрде дамымай қалған, психоневрологиялық, церебральды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тәрбиеленеді.

Ашылғанына бар жоғы үш жыл болған орталықта шамамен төрт жүз жас жеткіншектер өз денсаулықтарын түзеп, коррекциялау курсынан өткен кейін барлықтарының физикалық және ой-қабілетінің, сонымен қатар әлеуметтік дағдылану формасы да позитивті түрде ілгерілегені ескере кеткеніміз де жөн.

Кішкентай пациенттердің таза ауада көбірек дене шынықтырып және дем алуын ұйымдастыру мақсатымен, Қор емделу мекемесінің аумағында, қолданушылардың ерекше мұқтаждығын ескере отырып, арнайы әткеншектер, алтыбақандар, тербелмелер, столдар және орындықтар, үлкен ойнау комплексі мен құм ауласымен жарақталған ойын алаңшасын жабдықтауға шешім шығарды.

Қазіргі заманның талаптарына сай бұл жабдық Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында орнатылған болатын. Алғадағы алаңша жаз-күз маусымында жоспарланған төрт нысанның екіншісі болып тапсырылды. Оның қолданылуы ұйымның жұмыскерлеріне жаңа комплексті реабилитациялық емдеу шараларын енгізуге және ең бастысы жазылып кеткендердің саны ұлғая түсетініне мүмкіндік береді.

Фотосуреттер мында

Болашаққа сеніммен

By | Жасөспірімдер жобасы

Болашаққа сеніммен Балалар үйінің түлектері. Біз олар жайында қаншалықты аз білеміз. Қоғамдық мекемені бітіре салысымен олардың өмірі оңай соқпайтынын көзге елестету қиын. Жанында тәрбиешісінің қамқорынсыз, не туған-туысқандарының қолдауынсыз, ешқандай өмірлік тәжірибе көріп өспегененнен кейін қаншама бөгелістер мен қиыншылқтарға тап болады. Жалғыз басты адамға білім алып жұмысқа тұру және адам қатарынан көріну қаншама күш-қуатты қажет ететіні мәлім. Ал өзінің жеке пәтеріне қол жеткізу деген, қол жетпейтін армандай болып көрінеді. Бүгінгі күнде балалардың үй-жайлы болып кетуі бірде-екілі ғана.

Бір жыл бұрын «Сәби» Қоры жетім қалған жастарға жеңілдікпен үй алуға көмек көрсететін «Жасөспірімдер» жобасын іске асырған болатын. Бұл жобаның бекітілген ережесіне сай Қор әр қатысушының атынан Тұрғын-Үй Жинақтау Банкінің есеп-шотына 50 пайыз құрайтын бастапқы тұрғын үйге жинақтайтын бірінші жарнасын құяды, ары қарай кейіннен пәтер алуға керекті соманы олар өз бетінше жинай береді.

Бұндай бірегей мүмкіндікпен 23 жасқа болған, жоғарғы білімі және тұрақты жұмысы бар алматылық балалар үйінің түлектері ие бола алады. Бірақ та іріктеу кезеңі өте күрделі. Былтыр бақытты адамдар саны алтау болса, биыл Қордың кеңесі тек екі үміткердің кандидатурасын құптады.

Енді, жинақтау мерзімі – үш жылдан кейін біздің қатысушылар өздерінің өміріндегі ең бірінші қоныстойын өткізетін болады.

Толағайлармен алға!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Толағайлармен алға!Үстіміздегі жылдың тамыз айының жылы күндерінде біздің елдің спорт жетістіктері бойынша үлкен қуанышқа кенелген сәттермен тура келді. Бұл бақытқа кенелтіп отырған 2012 жылғы Олимпиада ойындарындаҚазақстанды күллі әлемді тәнті етіп жүрген спортшыларымыздың арқасында болып отыр.  р күн сайын көрсеткен өнерлеріне және әлем рекордтарын жаңартып алтыннан алқа таққан біздің атлеттерге біз аса ризашылығымызды танытып жүрміз. 



«Сәби» Қайырымдылық Қоры, қоғамның әлеуметтік жағдайын күннен күнге дұрыстау мақсатымен өз алдына қойып, жас буындардың мәдениетін және әлеуетін дамыту үшін, басқалардан бұрын жастардың сау тұрмыс өмірге және физикалық белсенділік жолына түсіруді бастапқы рольге қойды. 



Сондықтан біз үшін ең ауқымды шаралардың ішінде отандық спорттың лайықты өкілдерін тәрбиелейтін «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасын ерекше атап өткіміз келеді. «Сәби» Қорының күшімен салынған нысандарында бүгінгі күнде болашақ чемпиондар шынығып жатқанына біз өз тарапымыздан кәміл сенеміз.
 
Семей қаласындағы бірнеше күн бұрын қолдануға берілген көп функционалды, яғни футбол, волейбол және баскетбол ойнауға арналған біздің кезекті алаңымыз, 23-ші болып тұрақтанып қазақстандық олимпиадалық қозғалысына қосқан өзіндік үлесі болып табылады. 

Сөз өнерінің жас шеберінен поэзиялық «рахмет»

By | «Әлем» бағдарламасы

Біздің Қорымыздың және ұйымның Президенті  сел Тасмағамбетованың жеке атына арналған осындай жүрекке жағымды жылы алғыс сөздер сөздерді біз 2012 жылы мемлекттік тілде жарияланған Ақындар сайысының жеңімпазы Ақжарқын Мүтиеваданалдық. 



Бұндай ыстық лебізбен және шынайы айтылған өлең жолдары біздің көңілімізді жұмсартып жіберді!


Осындай ризашылықты сезіну, біз үшін «Сәби» Қорының атқарып жүрген жұмысының басты көрсеткіші деп санаймыз.
 
Сөз өнерінің жас шеберінен поэзиялық «рахмет»     Сөз өнерінің жас шеберінен поэзиялық «рахмет»     Сөз өнерінің жас шеберінен поэзиялық «рахмет»

«КазРосГаздан» келген көмек

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

«КазРосГаздан» келген көмек«Сәби» Қорының «Өркендеу» атты жобасының аясындаҚызылорда қаласында жоспарланып отырған жаңа Сәбилер үйінің құрылысы қаражатты көп қажет ететін өте күрделі қадам. рине, біз өзіміздің бар күшімізді салып отырған бұндай ауқымды жұмысты атқару әркімге де қиынға түсетіні анық. Ғимаратты тұрғызу үшін біздің Қор қаржылай қайырымдылық жиыны туралы баршылықтан қолдау сұрады, және де оған көп қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар белсенді қатысқаны қуанышқа кенелтті. 



Қолдаушылардың ішінде ерекше атап өтетін – Қазақстан-Ресей бәрлескен кәсіпорыны «КазРосГаз» ЖШС-не шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл серіктестік өзінің даму кезеңдерінің басты мақсаты қылып филантроп ретінде әлеуметтік саясатты ұстанып, біздің Қордың басқа да жобаларамызға бірнеше рет қолдау көрсеткен болатын. Мысалы үшін, алматылық «инватакси» автотұрағы бірнеше машиналарға «КазРосГаз» компаниясының демеуімен толықтырылғаны туралы біз айтыпөткен болатынбыз. 



Бұл ынтымақтастықтың ендігі бір түбегейлі қадамы болып – қызылордалық жетім балалардың жаңа үйінің салынуына берілетін демеу болып табылады. Қомақты соманы құрайтын келесі транш «Сәби» Қорының есеп-шотына жіберілді. Бұл келген қаржы қабырғаларды тұрғызуға, шатырды жабуға, инженерлі жүйе мен қондырғыларды орнатуға, коммуникацияларға қосуға, майлау жұмыстары мен ауланы көріктендіруге кететін шығындарды толығымен өтейтін болады.



Ал, біз өз кезегімізде, бөлінген қаржыны нысаналы пайдалану жөнінде есепті толығымен және уақытылы беруге серт береміз. 



Шын көңiлiмiзбен «КазРосГаз» ЖШС-нің басшылығы мен барлық қызметкерлерін осы әлеуметтік жобада белсенді ат салысқаны үшін шын жүректен тағы бір рет алғыс білдіргіміз келеді.

Русский

Қазақ тілі

English