Monthly Archives

July 2012

Балалар ақыны жас авторлар туралы өй бөліседі

By | «Әлем» бағдарламасы

Балалар ақыны жас авторлар туралы өй бөліседі« лем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасының іріктеу комиссиясының мүшесі және ақындар сайысының сарапшысы болып табылатын белгілі ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының хатшысы және Балалар әдебиеті Кеңесінің Төрағасы Сұлтан Қалиұлы «Сәби» Қорына сұхбат берді.

Сәз әлі күдіктепін отырсызба? Жазыңыздар!

By | «Әлем» бағдарламасы

Сәз әлі күдіктепін отырсызба? Жазыңыздар! Жуырда « лем» бағдарламасы өзінің туған күнін атап өтті – іске қосылған күннен бастап 2 жыл. Бір жағынан, бүкіл Hеспубликаны қамтып жатқан, ауқымды жоба үшін, басқа жағынан, аралық нәтижелер туралы айта беруге болады.



Өткен шақта «Сәби» қорының мекен-жайына елдің 35 тұрғылықты жерінен 300 өтінім келіп түсті. Біздің ұйымның қызметкерлері әрбір өтінішті мұқият зерделеп, алғашқы іріктеуді жүргізіп жатыр. Ал сосын конкурсқа қатысушылардың тағдыры – ғылым, мәдениет, өнер, спорт және т.б. әртүрлі салаларындағы сарапшылар – сөзсіз кәсіпшілерден тұратын белсенді комиссияның қолында болады. Біз таланттарды қажет емес және өте жақсы емес деп бөлмейміз – дарынды бала маманның берген бағасын алып, Қордың лайықты қолдауын табады. 


www.alemsaby.kz сайтына бірінші хат 2010 жылғы шілдеде Қостанайлық Жасұлан Сыдыковтан келіп түсті, ол «бірінші бала» бола отырып, әрине, ең күрделі пұрсаттылыққа ие болды. Біз оны өсіру үшін көп күш салдық, және жалған қарапайымдылықсыз, бірлескен нәтижелер туралы айтып бере аламыз. « лемдік» қазақстандық шоудың үйреніп жүрген жұлдызы болып, жастар арасында көп табынушысы пайда болды.
 
Мемлекеттік телеканалдарда трансляцияланған « лем» бағдарламасының ролигінде түскен Атырау облысынан Берік Тлепбергенов әлі өз қабілеті мен күшінен күдіктенетін балалар үшін үлгі болып, құрдастардың құрметіне бөленіп, қыздарды қоса алғанда, барлығының сүйіспеншілігіне ие болды.



Талант Батыржан Тазабековті кәсіпқойлар жоғары бағалап отыр. Жас дарынға қызықты шығармашылық болашақ болжай отырып, оған үлкен үміт артылуда. Қазірдің өзінде Батыржан концерттерге сәттілікпен қатысып, әртүрлі телебағдарламаларға, ән сайыстарына қатысуда. 



Елена Лушникова – болашақ дәрігер. Балалық шағынан өз өмірін медицинамен байланыстыруды армайндай отырып, ол жүрек бұйрығына құлақ салып, қазіргі таңда Астана қаласының Медициналық университетінде «әлемдік» грантта оқып жатыр. Елена өзін жақсы жағынан көрсетеді, үздік студенттердің бірі, өз оқу және белсенді өмірлік позициясында күн сайын жас мамандардың еліміздің келешегі болып табылатынын, болатының және болып қалатынын дәлелдеуде. 



ртүрлі уақытта біздің көмегімізге иеленген, басқа балалар, сондай-ақ жобаның таңдап алынған саясатының дұрыстығын көрсете отырып, өз нәтижелері мен жетіктіктерімен қуантып отыр. 



Осы жазғы күндерде, істің қызу кезінде абитуриенттер үшін, 2012-2013 оқу жылына «әлемдіктерді» іріктеп жатыр 10 грантты алатын адам анықталып қойды. Және бұл бастамасы ғана. Бағдарлама жұмыс істеп жатыр, дамып жатыр, оның әрекетінің таралу аймағы кеңейіп жатыр. Біз жаңа үміткерлерді күтіп отырмыз. Келіңіздер, жазыңыздар, өз талантыңыз туралы әлеммен бөлісіңіз, ал біз, сөзсіз, сізді қолдаймыз!

Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Еліміздің аймақтарында жаңа спорт нысандары жоспарлануда «Сәби» Қорының қалаптасқан дәстүрі бойынша жаз айларында «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы қарқынды іске асырыла бастайды. Осы жылы Семей, Теміртау, Қызылорда және Ақтөбе облысындағы Алға қалаларында орналасқан әлеуметтік балалалар мекелемерінде төрт нысанды салуға бел будық.

Қазақстанның батысындағы балалар ойын алаңшаларын тұрғызу туралы хабарды кейінге қалдыра тұра, біз бүгінгі күнде Семей және Теміртаудағы мамандандырылған коррекциялау мектептеріндегі спорт құрылыстарын монтаждау жұмыстары туралы айтып өтсек дейміз.

Металлургтер қаласындағы мектеп-интернатта 120-дан астам тәрбиеленушілер жатып оқиды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында болатын қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда қатысып жүрген жас атлеттер үнемі жүлделі орын алып өз жанкүйерлерін тәнті етуде. Спортшылардың потенциалдары жоғары бола тұра, арнайы жабдықталған спорт залдары немесе алаңдарының болмауының әсері олардың жан-жақты бар күшін салып жаттығуына шектеу қойып отыр.

Ал Семей қаласындағы мектеп-интернаттың спортзалың аты затына сай болмай отыр, 1969 жылы салынған ғимараттың жылдан жылға ескіруіне және керекті жөндеу жұмыстары жүргізілмегеніне байланысты, ол жерде санитарлы-гигиеналық ережелерге сай болмағанын ала тұра, қауіпсіздік талаптарына да жауап бермейді.

Біздің Қордың көп жылдар бойы тұрғылып келе жатқан спорт алаңдары, бүгінгі күнде өзіндік бір «фирмалық» тұрпат танытып, мини-футбол, баскетбол және волейбол ойнауға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы кейіннен дене шынықтыру сабақтарында таза ауада жаттығуға, әр түрлі сайыстар өткізуге, балалар мен жас өспірімдердің денсаулықтары қатайтып және әрі қарай спорттық жетістіктерге қол жеткізуге де жағдай туғызады.

Нысандарды пайдалануға өткізу мерзімі үстіміздегі жаңа оқу жылының басына жоспарланған.

Біздің жаңалықтардан көз алмаңыздар.

Уақытылы келген көмек

By | Арнаулы көмек

Ұзақ жылдар бойы «Сәби» Қоры Базолевтер жанұясының хал-жағдайымен сұрап біліп жүреді. Біз бірнеше жыл бұрын С. Бегалин атындағы қалалық кітапханада өткізілген салтанатты шарада жас баланы мүгедектерге арналған арбамен әкелген әжені көріп, жақынырақ келіп олармен таныстық.

Сол кезден кейін Никита өсті, бірақ ауыр церебральді сал ауруына шалдыққан бала аяғымен нық тура алмады, барлық салмақты өзіне тартқан әжесі бүгінгі күнде әбден қажып кетті. Екі адамнан тұратын бұл кішкентай ғана жанұя кедейліктін күйін кешіп жүргенмен, үйдің иесі ешкімге өз мұңын айтпай, бар күшін салып күнделікті күйбең-тірлігін жасап, қозғалу мүмкіндігі жоқ жас баланы бағып күтіп отыр. Сырттан еш көмек күтпей жүрген бұл адамдар өз рухтарын түсірмей, мардымсыз болса да өз зейнетақыларын қанағат тұтып жүр.

Осындай қиын жағдайда болған бұл жанұяның ауыр жағдайын сәл жеңілдету ойымен, біз әрқашанда оларға көмек жасауға дайын тұрамыз, көп уақыт сақтауға болатын, жармалар, қант, ұн, кеспе, май,чай және тағы басқа азық-түліктің қорын сатып алып қойдық. Сонымен қатар дәрі-дірмек және басқа да керекті заттарды алуға қажетті сома бөлінді. Осындай шаралар әжесімен немересіне біраз уақыт бойы өткір мұқтаждықды сезбеуге мүмкіндік береді.

Үлкен кісінің көзіне келген шынайы жасын білдіртпей сүрткенін байқағанда, біз үшін ол мың алғыс сөзден артық көрінді.

Шалғын аудандарға арналған арнайы көтергіштер

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Шалғын аудандарға арналған арнайы көтергіштерАрбадағы мүгедектерге сатымен көтеріліп-түсуге мүмкіндік беретін арнайы мобильді көтергіштердің Алматы қаласына кезекті партиясы жеткізілді. Бұл қондырғылар қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүгедектер арбасынан тұрмай баспалдақпен ары бері ыңғайлы да қауіпсіз жүруге ықпал етеді. 



Алдыңғы кезде біз 9 қалаға дөңгелекті және шынжырлы көтергіштерді жібергеннен кейін, олардың мұқтаж адамдарға зор көмегін тигізгенге көзіміз жетті. Енді жаңадан алған механизмдер « нватакси» қызметін көрсетіп жүрген мүгедектер қоғамдарына тағы да сый ретінде таратылатын болады.



Тез арада енді, Тараз, Екібастұз және Қызылорда қаласындағы қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар осы агрегаттарды іске қосып пайдалана алатын болады. Ал Астанамен Шымкент қалаларындағы қолданушылар арнайы автопарктарда көліктердің көбірек болғанына байланысты қосымша тағы бір-бір көтергішті иеленді. 



Жаңа көтергіштермен қамтамасыздандыру жолымен « нватакси» қызметін одан ары жетілдіру «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобасының тағы бір баспалдаққа көтерілгенін дәлелдейді.

Ең мықты экшн-сценаристің есімі белгілі болды

By | «Әлем» бағдарламасы

Ең мықты экшн-сценаристің есімі белгілі болды 1-3 шілде аралығында Астана күнінің қарсаңында өткен III ASTANA Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. Кино мерекесі өз алаңында көптеген әлемге әйгілі киноиндустрия майталмандарын, яғни актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін тағы да бір рет жинап алды.

Тимур Бекмамбетовтың жылдан жылға көптеген идеялар мен жоспарларды іске асыру арқылы Фестивальдің одан да қызықты да бірегей болады деген былтырғы берген серті орындалғандай болды. Қонақтардың ішінде: француз актері Венсан Кассель, әйгілі продюссерлер мен сценаристер Джим Лемли, Канг Дже Гю, Кевин Рейнольдс, белгілі ресейлік әртістер Владимир Меньшов, Елизавета Боярская, Галина Коньшина, Аркадий Укупник және «Z.Dance» тобы байқалды.

16 фильмнен тұратын кинобағдарламаның ішінде Тимур Бекмамбетовтың «Вампирлердің жауы: Президент Линкольн», Жюльен Леклерктің «Шабуыл», Марк Уэббтың «Жаңа Өрмекші-Адам» фильмдерінің тұсаукесерлері өтіп көптеген көрермендердің көңілінен шықты.

Кинофестиваль аясында өткен Сценарийлер сайысында «Сәби» Қайырылымдылық Қоры екінші рет ресми серіктестігі болды. 3 шілде күні салтанатты кеште жеңімпаздың есімі белгілі болды. Жеңіске жеткен бақытты адам болып Ұлыбританияның тұрғыны – Файзал Куреши танылды. Енді жас автор үшін Bazelevs кинокомпаниясымен бірігіп фильм тусіруге мүмкіндігі «қиялдар әлемінің» есігін аттағандай болды, және де оған қоса 10 000 доллардан тұратын қаржылай сыйлыққа ие болды.

Біз өз тарапымыздан Файзалға өзінің жобасын тезірек өмірге келтіріп, профессионалды киноның шыңдарынан көріне берсін демекпіз.

Ақындар сайысының нәтижесі

By | «Әлем» бағдарламасы

Ақындар сайысының нәтижесі Жас дарындарды қолдау « лем» Бағдарламасының аясында құрылған «Сәби» Қайырылымдылық Қорының ұйымдастырумен болған Екінші мемлекеттік тілде ақындар сайысының қорытындылары белгілі болды. Бақ таласқан барлық қатысушылар, үлкені-кішісі болсын, әр-түрлі жанрларда өздерінің Туған жеріне, Отанына, адамзатқа және жеке адамдарға деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Біз шығармашылық туындарға баға беру үшін, әдебиет жөнінде сарапшымыз – ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлын шақырдық.

Жасампаздардың жарысының қорынтыдысы бойынша бір жеңімпаз танылды, ол Атырау облысының тұрыны, 17 жасар Ақжарқын Мутиева болып шықты. Біздің сарапшымыздың пікірі бойынша, бұл жас жеткіншектің бойында «болашақ зор үміт күттіретін ақындық қасиеттерін табуға болады» деген сенім бар. Жеңіске жеткен қызымыз бас жүлдеге – ноутбукқа ие болды.

Сонымен қатар, «Сәби» Қорының Президенті сел Тасмағамбетованың ықыласымен ең жақсы конкурсанттардың туындарынан тұратын өлеңдер жинағы жарық көретін болды. Болашақта бұл кітаптардың бірнеше даналары жас авторлардың оқып жатқан немесе бітірген мектептерінің кітапханаларына жолданатын болады.

Жоғары айтылған жақсы хабарларды қорытындылай келе, біз үстіміздегі жылдың Сайысының ең үздік деп танылған, Ақжарқын Мутиеваның өлеңін назарларыңызға ұсынғымыз келіп тұр.

«ӨТКЕНІМНЕН БАСТАЛАДЫ БҮГІНІМ»

Айқара ашып, ақ парақтың беттерін
Мен де біраз шабытыма беттедім.
Арман болған азаттықтың, елдіктің
Қарсы аламыз жиырмасыншы көктемін.
Мақтанамыз ұрпағымыз қазақтың
Құшақ ашты алдымыздан азат күн.
Бостандықтың қымбат болған әр күні-
Сәуле шашқан самаласы ғажаптың.
Тәуелсізбін. Тәуелсізбін мен бүгін
Мақтан етем Отанымның кеңдігін.
Арғымақтың қос қанаты секілді
Айбыны асқақ елдігім мен теңдігім.
О, қазағым! Алты Алаштың текті елі
Нелер болып, не басыңнан өтпеді?!
Жиырма жыл ата-бабам аңсаған
Қазағымның арманы ғой жеткені
Көңіл-күйдің ой сезімін аралап,
Келем, міне, келер күнді бағалап
Қаймықпаған қайсар қазақ тарихын
Мақтанышпен өтейінші саралап.
Өр ұлдарын теңеп жарқыл жасынға
Аруларын бағалар шын асылға.
«ҚАЗАҚ» деген атау алған өр халқым
Сонау ерте ғасырлардың басында.
Куә болып, қолдап ата-бабалар
Басын қосып, ақыл қосқан ағалар
Іргетасын қалап КЕРЕЙ, Ж НІБЕК
Бой көтерді шаңырағын паналар.
Бірақ, бірақ елдік оңай келмеді.
Көзден бұлақ, көңілден мұң селдеді
Азаттыққа ұмтылған ұлт, күш берген-
Баһадүрлер, батыр болды сенгені
Қайран елім, қарсы тұрдың талайға
Ел боп қалу болашағы әр ойда.
Жеңіс! Жеңіс! Көтереміз ақ туын
Ұлт боламыз рухы биік қалайда!
Қолын жиып, сәйгүлігін баптаған.
Жорық жолда намыстан нәр татпаған.
Алты Алашқа есімдері жайылған
Батырларым «АҚТАБАННАН» сақтаған.
Қаймықпаған қара жаудан «қайыр» деп,
Елі үшін ерге қонған, уайым жеп.
Ізі өшпес, қайран асыл ерлер-ай
Ер Бөгенбай, Наурызбай мен Райымбек.
Сонда дағы даңқың түспей тұғырдан,
Көрсең дағы мұңды күндер жығылған
Зор ерлікпен «Бұлантыда» шайқасып,
Жоңғарлармен болды «Қалмаққырылған»
Қалай бұны, тебіренбей айтасың?!
Келер ұрпақ жеңіс дәмін байқасын.
Мүмкін емес санамыздан өшіру
Ерлік толы – «Аңырақай шайқасын»
Қарсы келіп, бір күдік пен бір үміт
Кетіп жаттың аңдаусызда сүрініп,
Жоңғарларға сан тойтарыс беруді
Ойластырдық Ресейменен бірігіп.
Қарсы келіп, қатал тағдыр қақпаны
Көкке атылып, енркіндіктің оттары.
Жойылмаған парағынан тарихтың
Кәрін шашқан, қаһарлы қыс ақпаны.
«Күрт азайды сұм сұрапыл соғыстар
Артта қалды күндер жауды жаныштар»,-
Деп ойлаған аңғал қазақ, Патшаның
Қайдан білсін қаһарын да бағыштар.
Алғаннан соң сеніміне кіргізіп,
Билік құрды, үкіметін жүргізіп
Бар байлыққа ие болу ойында
Кең өлеге бекіністер тұрғызып.
Өрши берді күн санап, сұм бүлігі
Арта түсті секемі мен күдігі
Қай тұста да қаймықпаған қазаққа
Уайым болды келер күн мен бүгіні.
Ежелгіден тән қазаққа «ер» деген
Талай ұлы жауға шапқан, ерлеген
Қос жанардың қарасындай сақтаған
Ата-жұртын жай қолына бермеген.
Оған куә – Алты Алаштың ұлдары
Отан үшін алғы шепте тұрғаны
Талай мәрте абақ көріп, аталды
Жазықсыздан «жалған жала құрбаны»
Арман болып, азат күннің татымы
Алшақтады алыс болып, жақыны
Бұл езгі мен өктемдікке шыдамай
Көтеріліс ашты Сырым Датұлы.
Сұм саясат жаныштады, азғырып
Қанап елді, озбырлығын оздырып,
Алауыздық, руаралық қайшылық
Ашып берді жолды жауға қоздырып.
Қалса дағы аз-ақ адым жетуге,
Азаттықтың туын желбіретуге,
Рұқсат алды сол күрестің арқасы-
Ақ Жайықтың оң жағына өтуге.
Көсемдердің кезі болмас жасқаған
Келген жауды басып, жаншып тастаған
Көтеріліс орын алды елеулі
Кенесары Қасымұлы бастаған.
Алға бастап небір дүлдүл, жорғасын
Күші мығым, бойы жалын, қорғасын
ділетсіз қанау, озбыр саясат
Қалдырмады бей-жай Бөкей Ордасын.
Көңіл толқып көтеріліп бағамыз
Ақыл-ойға кенде болып санамыз
Озбырлыққа шек қоюды көздеген
Ұлы сатай, ер Махамбет бабамыз
Қазақ халқы күш-қайратқа бай халық,
Тұр ғой сөзсіз тұлғасынан байқалып
Көңілдері Сарыарқаның төсіндей
Жүреді ылғи жадыраңқы, жай тауып.
Өр қазақтың намысы мол ұлдары
Кеңестің де әнін бірге жырлады.
Тізе қосты азаматтық соғыста
«Тар жол менен тайғақ кешу » жылдары
Қара түнек торлап ашық аспанды,
Күңіренді кең даламның асқары.
Іске асырмай «Барбаросса жоспарын»
Отан үшін ұлы майдан басталды.
Салыстырам көз жасы мен таң шығын,
Қос шынарым лия мен Мәншүгім
Бауыржан мен Рахымжанның ерлігі
Ұрпақтарға табыстайтын жан сырым.
Біріктіріп, күші мығым жастарды
Жұмылдырып тың игеру басталды
Байқоңырдан көкке ұшып зымыран
Бағындырды қол жетпейтін аспанды.
Ерке өзеннің сең боп жүзіп мұздары
Жаңғырығып, заңғар шыңның құздары
Қатқыл күймен өлкесіне қазақтың
Леп әкелді Желтоқсанның ызғары.
Жаны жайсаң, өр халықтан күй кетіп,
Озбырлыққа бойын әбден үйретіп.
Желтоқсанның ызғарында қыздардың
Шаштарынан тартып шықты сүйретіп.
Қорлап, қинап, қан қақсатып жастарды.
Іске асырып, әрекетін жоспарлы.
Жазықсыздан қуғындалып жас өрім,
Айыпталып, абақтыға тасталды.
Көрсең- дағы қанша қайғы, қанша мұң
Азаттыққа ауды ылғи аңсарың.
Саналатын қазынаның көзіндей
Еркіндікті, бостандықты аңсадың.
Алға басып, мемлекеттің ісі нық.
Дербес ел боп, жаттың үлгі ұсынып.
Дүр сілкінттің хабар жасап, тарихта
Атом деген бәлекетті ысырып.
Жақсылыққа бағаланып әр ізің.
Өткеніңді жаңғырту да парызың.
Тәуелсіздік белгісіндей орнаған
Қабылданды Мемлекеттік Рәмізің.
Рухы биік, құдіретті барысым
Төрткүл әлем кеңдігіңді танысын.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Жаралғандай қазағымның бағы үшін.
Ортаймасын арта берсін табысың,
Алға бассын жоспарланған әр ісің
Өз атыңнан төл теңгеңді шығардың,
Биік қойып, ұлттың ұлы намысын.
Бодандықта ұстағанмен отар ғып,
Ойымызды өрістетіп, от алдық
Ата-баба күресінің жемісі –
Міне, бүгін тәуелсіз ел атандық.
Құшағымыз кең төскейге жайылды.
Қайта туды ата-дәстүр байырғы.
Таңдай қағып, көпшілік ел сүйсінер
Мемлекетпіз тең құқықты, зайырлы.
Алашымның ақ үміті ақталып,
Шежірең бар қалар мәңгі жатталып.
Тіліміз бар, дініміз бар өзіндік
Келе жатқан құндылығы сақталып.
Нақыл сөзге байсың, бойға даритын
Дәстүріңді барша халық танитын.
Өзге елді жатсынбайтын, қазағым
Биіктей бер, ұмытылмасын тарихың!
Өзге елмен иықтьаспыз, озатпыз
Егеменді елміз бүгін. Азатпыз.
Ал бүгінде әлемге жар салатын
Көңілі кең, ақ жүректі қазақпыз.
Келген таңдар бір сілкініс әкеліп,
Ұрпақ алды парызымыз өтеліп.
Еңсемізді тік көтеріп келеміз
Тәуелсіздік туын биік көтеріп.
Осы жайлар шаттандырып, жүр мені
Қадам бастық, Алға дамып ілгері.
Тілерім сол адал, аппақ жүректен
Мемлекет бол ғұмыры ұзақ, іргелі!

Русский

Қазақ тілі

English