Monthly Archives

April 2012

С праздником!

By | Жаңалықтар

С праздником! Уважаемые друзья!

От всей души поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!
Этот день стал для нашей многонациональной страны, ставшей колыбелью дружбы народов, днем олицетворения сплоченности и согласия людей, днем обновления и устремленности.

Большая сила братских уз
В том, что живём мы дружно вместе.
Пусть укрепляют наш союз
Культура, языки и песни!

Ваш Благотворительный Фонд «Саби»

Кідірмейтін қайырылымдылық

By | Терминалдар

Кідірмейтін қайырылымдылық Көптеген социологиялық зерттеулер азаматтық қоғамның дамуы тұрақты табысы бар адамдармен қатар, аз уақыт бұрын өзін қайырымгер ретінде көрмендердің, мұқтаж болғандарға материалды көмек көрсетуі күнделікті iс болып қалыптасқанынан байқалады. Бiреулер балаларға немесе жетімдерге көмектескісі келсе, басқалары жарымжандардың әр түрлi қиындықтарына жаны ашиды, ал үшіншілері болса панасыз жүрген жануарлардың кешкен өмiрін жеңiлдетсі келеді…

Алайда тұрақты бос уақыттың жоқтығынан қайырымдылық қорларының немесе жеке мұқтаж тұлғалардың есебiне ақшалай аударым жасау үшiн әр түрлi қажеттi ресмилік жүйелер iс жүзiнде бiзге мейiрбандықты жасауға мүмкiндiк бермей жатады.

Енді Қазақстанда қол жетімді әлеуметтік қызмет құрылғанына байланысты, еліміздің әр азаматы жетім балаларға, ауыр науқастыларға және мүгедектерге өз септігін тез және тиімді түрде көрсете алады.
500 немесе 200 теңгеден құралған қарапайым жәрдемақылар шынында қысылып жүрген жандарға нағыз көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қайырылымдылық төлемін жүзеге асыру үшін, «QIWI» төлем терминалының алдына тоқтап, интерфейс бетінде «Басқа қызметтерді» таңдап, сонан соң «Қайырылымдық» деген кнопканы басып, таңдаған қор шотына қайырымдылықпен сыйға тартылған ақшаңызды жіберсеңіз болады.

Алайда жәрдем үшін берілген ақшаны толығымен мұқтаж адамдарға жеткізіп беретін қай қорға сеніп, тапсыруға болады деген сұрақ туындайды?

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры (www.old.saby.kz) 10 жыл жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша 278 000 мұқтаж адамдарға көмек көрсетті, оның ішінде:
230 800 ауыр науқасты үлкендер мен балаларға;
40 000 қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға;
7 000 жетім балаларға.

Жылына – 27 800 адам, күніне – 76 адам сіздің қамқорлығыңызды әрдайым қабылдауда.

р тиын есепте!

Жас музыкантқа сыйлық

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас музыкантқа сыйлық Өткен жылдың күзінде, жас дарындарды қолдау шеңберіндегі « лем» бағдарламасының сапарларының бірі кезінде, «Сәби» Қорының қызметкері, Қызылорда облысының Қазалы ауданының йтеке би кентінде тұратын, 7 жасар Нұрзаттың отбасымен танысты.

Керемет вокалдық мен туа біткен артистік қабілеттері жас музыкантты бала кезінен ауданның атақты адамына айналдырды. Кентте оның қатысуынсыз бірде – бір мейрам өтпейді. Дарынын дамытуға зейнеткер атасы көмектеседі.

Баланың әнге және музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге деген зор ұмтылысын ескере отырып, «Сәби» қайырымдылық Қорының « лем» Бағдарламасының талдау комиссиясы оған Yamaha Клавинова санды пианиносын сыйлады. Ата-анасының айтуы бойынша, Нұрзат мұндайды тіпті армандай да алмаған, «Сәби» Қорының оған мұндай аспапты сыйлайтынын білгенде, тіпті мазасы кеткен.

Бірнеше күннен кейін, көптен күткен сыйлық жаңа иесіне жеткізіледі, ал біз Нұрзаттың музыка саласындағы келешектегі жетістіктері мен тағдырын бақылап отырамыз.

Білім беру жобасының жаңалықтары

By | «Білім беру» жобасы

Білім беру жобасының жаңалықтары Оқу жылының аяқталуына бір жарым ай қалды және мекетептердегі Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындық қызу жүріп жатыр. Алдағы аттестаттауға қамқорлықтағы балалар үйінің балалары да үлкен жауапкершілікпен қарап, қыркүйек айынан бастап, ҰБТ-ға дайындық курстарына қатысуда.

Өткен жылдағыдай, біз биылғы түлектерге де зор үміт артамыз. Тесттен сәтті өту оларға Алматының беделді ЖОО-на жол ашады, ал үнемделген сомаға, «Сәби» Қорының әдеттегідей 19 наурызда басталған, Білім беру жобасы – 2012, қатысушылар санын ұлғайтуына мүмкіндік береді.

Қамқорлықтағы балалар үйлерінің барлық жетекшілеріне «Сәби» Қорының білім гранттарын алу үшін, құжаттар қабылдау 19 сәуірде аяқталатынын және көрсетілген күннен кешігіп келген өтініштер қаралмайтынын ескертеміз.

Жас ақындарға жол ашық!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындарға жол ашық! «Сәби» Қайрылымдылық Қоры мемлекеттік тілде ұйымдастырылған Екінші ақындар сайысының аяқталуына 1 айдан кем уақыт қалғанын естеріңізге салады. Сіздер өздеріңіздің туындарыңызды 2012 жылғы 01 мамырға дейін alem@old.saby.kz электронды поштаға жібере аласыздар. Жас авторлардың шығармаларын баға беруге, бас сарапшы ретінде – ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды.

Бүгінгі күнде біз Қазақстанның батыс жағында тұратын қатысушыларымыз Қарлыға Темірғали мен Гүлсара Мараттың жіберген өлеңдерінің ішінде ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.

Достар, егер де сіздер «Сәби» Қоры ұсынған жас ақындардың байқауына қатысқыларыңыз келсе, бірінші кезек алдымен Сайыстың талаптарымен танысып, ары қарай өтінішті жіберсеңіз әбден болады.

Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіске жетіңіздер!

Қарлыға Темірғали
МЕНІҢ АНАМ

Биігінде бақыт көкпен таласқан,
Өзегінде өкініш жүр адасқан.
Оның жасы – жаңа жауған ақ жауын,
Оның мұңы – күңіренген көк аспан.

Оның жүзі – әсемдіктің әлемі,
Оның сөзі – мендік дерттің бар емі.
Оның ойы – Ай бетінде әжімдер,
Оның сыры – АНА-сезім әдемі.

Жадыраса жаһан жатты жаңарып,
Жанарында мол жылулық бары анық.
Сәуле болып білінеді сұлулық
Шаштарының арасынан таралып.

Нәркес көзі көркемдіктің киесі,
Мейірі бар, бар әлемді сүйетін.
Оның таза, дархан… мұңлы… жүрегі,
Дүниедегі жақсылықтың иесі.

Гүлсара Мараттың
МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ

Кеше ғана бөбек едің ақ сөмкесін асынған,
Зерделі едің, зеректі едің титтей ғана жасыңнан.
Алғашқы рет келгеніңде алтын ұя мектепке,
Ұстаз ан күлімсіріеп, сипаған қара шашыңнан.

Жасыл әлем жарқырады, сен мектепке келгенде,
Гүл шоқтарын қолыңа алып, ақ сөмкеңді ілгенде.
Саған қарап тау мен тас та, гүл мен көк те жымиды,
«Оқы!» деді кәрі ағаштар өздерінің тілінде.

Бір ұранмен алға бастың, алға бастың жас ұлан,
Ол ұраның «оқу» деген бір-ау ауыз сөз болған.
Сол ұранмен үміт арттың. Кемел келешегіңе,
Күттің бақыт, жеңіс, арман арайланған әр таңнан.

«Білімсіздің күні жоқ» деп арғы атамыз айтқандай,
Білім алу, оқу-тоқу күші ауыр батпандай.
Міне енді, өсіп өндің, қалықта аспан көгіне,
Зымырады қалай күндер шексіз ұзын арқандай.

Бүгін міне мектебіңмен қоштасасың, кетпексің,
Өміріңнің жаңартылған сатысына көшпексің.
Қия алмайсың достарыңды, білім алған мектепті,
Он бір жылғы ұстазыңа сен әлі де тентексің.

Өмірде көп асу бермес үлкен-үлкен өткелдер,
Шөлі де бар, бар және де, алуандаған көк белдер.
Қандай қиын, оттай ыстық шоқ туса да басыңа,
Бір айтарым: адамдықтан аттып әрі кетпеңдер.

Сендер, міне, өз жолыңа аттап аяқ тастадың.
Бетке алып, қанат қағып үлкен өмір аспаның.
Шаршамаңдар, жасқанбаңдар, биіктерге өрлеңдер.
Қалықтаңдар, озып шығып таудың биік асқарын.

Дайын менің сендерге айтар сүттей аппақ тілегім,
Лүпілдеп тұр сендерменен бірге соғып жүрегім.
Балапа ең бір кездері ұшып-қонып жүретін,
Енді, бүгін, мектебіңнен қанат қағып түледің.

Русский

Қазақ тілі

English