Monthly Archives

March 2012

Мақсаткерлердің болашағы өз қолында

By | «Әлем» бағдарламасы

Мақсаткерлердің болашағы өз қолында Кәсіпқой спорттың мансабын игеру – қандай да бір спортпен шұғылданып жүрген әр жасөспірімінің аңсаған арманы болып табылады. Орасан зор еңбек пен өзін өзі қатал тәрбиелеудің арқасында жеткен медальдардың жарқылы, жанкүйерлердің шаттыққа толы көздері және материалды табысқа жету – кәсіби спортшының өмірінің бір кескіні ретінде көзімізге елестете аламыз.

Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады.

Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр.

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры шынай көңілмен спортпен шұғылданып және сонымен қатар оны өмірінің кәсібіне айналдырғысы келген балаларға өзінің дара жас дарындарды қолдау « лем» Бағдарламасын ұсынып отыр. Біздің Бағдарламаның қазылар алқасы қатарында тұратын беделді спортшылардың назарына іліккіңіз келсе, біріншіден сауалнаманы толтырып жіберуіңіз керек. Келешекте мол үміт күттіретін жас дарындар міндетті түрде біздің қолдауға ие болады. Болашақ чемпиондар, біз сіздерді асыға күтеміз!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Наурыз мейрамы құтты болсын!  Қымбатты достар!
«Сәби» Қайырылымдылық Қорының шын жүректен табиғаттың оянуын, жаңаруын және гүлденуін бейнелейтін, жарқын Наурыз мейрамымен құттықтайды. Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Көктемнің күн мен түннің теңесуі біздің жан тәнімізді жаман ойлар мен қимылдан босатып, ниетімізді жақсартады. Өйткені бұл мейрам кешірілімділік пен мейірімділікке, үміт пен сенімділікке, жақсылық пен түсінушілікке жетелейді. Осы күнде әрқайсымыз өткен жылды қорытындылап болашақтағы жоспарларымызды тек қана жақсылыққа жоримыз.

р жанұяда өзара достық, сый мен түсінушілік молайсын. р адамға бұл мереке бақыт, өркендеу және қуаныш тілейміз! Шын жүректен Сіздерге денсаулық, амандық және табыс тілейміз!

Көптен күткен машиналар келіп жетті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Көптен күткен машиналар келіп жетті «Сәби» қайырымдылық қоры жақсы жаңалықпен қуандыруға асығады – алматының мүгедектер қоғамына арналған «Volkswagen» маркасындағы арнайыландырылған автомобилдер: «Эльдани» Қорына арналған «Transporter» микроавтобусы, Алматы қалалық мүгедектер қоғамына (АҚМҚ) арналған «Caddy» екі жеңіл автомашинасы және Мүгедек балалардың ата-аналар ассоциациясына (МБАС) «Crafter» автобусы келіп жетті.

«Эльдани» мен МБАС арналған машиналар ауадай қажет болатын. Бұл ұйымдар жанында, психикалық және дене дамуының қиыншылығы бар балалар мен жастарға көмектесетін оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бұл жерде балалармен қалпына келтіретін психологиялық және бейімдендіру іс-шаралары өткізіледі және бұрынырақта олардың көпшілігіне бұл жерге қоғамдық көлікпен жетуге тура келетін. Ал ендігі жерде оларды мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арналған арнайы автокөлік тасып жеткізіп, үйді-үйлеріне жеткізіп салатын болды.

АҚМҚ екі автокөлік « нватакси» паркін толтыру үшін пайдаланылады. Келесі кезекте біздің Қорымызбен сатып алынған және 5 айдың ішінде жеткізілетін тағы да екі «Caddy» машинасы тұр. Осылайша мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мүмкіндігі елеулі түрде өсетін болады.

«Сәби» қоры ерекше адамдардың өмірін сәл де болса жеңілдетуге қадам жасаған және «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын дамытуға үлес қосқан барлық филантроптарға шын көңілден алғыс айтады.

Фотосуреттер

Назар салыңыздар, экшн келе жатыр!

By | «Әлем» бағдарламасы

Назар салыңыздар, экшн келе жатыр! Үсітіміздегі жылда «Сәби» Қайрылымдылық Қоры Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған “ASTANA” халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінде екінші рет қатарынан серіктестігін танытып отыр.
Сценарийлер сайысынан басқа өткен жылдан басты айырмашылығы болып, қосымша қысқа метражды кино байқауы назарға ұсынылды, осы сайыстарда біздің отандастарымызбен бірге бүкіл әлемнің қатысушыларына ат салысуға болады.

Барлық сұранымдар Фестивальдің сайты арқылы жіберілу тиіс, әр сценарий әлемдік киноның майталмандарынан тұратын әділ қазылардың талқысына тиеді, ал ең үздік қысқа метражды фильмдер интеренетпен дауыс беру арқылы анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, сайысқа кәсіпқойлармен бірге әуесқойлар да қатысуға болады, ең бастысы әр қайсыларыңыздың жеңіске деген талпынысыңыз биік болу керк. Өткен жылдың 150 сценаристердің ішінде суырылып шығып жеңімпаз болып алматылық экономист Бахтиер Кадыров танылды, ол үшін бұндай дәрежедегі шығармашылық жұмыс бірінші рет болды. Егер де Сіз осындай қарапайым жас жігіттің бас айналдырарлық табысына қол жеткізгіңіз келсе Сайыстың шарттарымен мұқият танысып, осы сілтеме бойынша тіркеліп және сұранысыңызды жіберуіңізге болады.

Сценарийлер сайысының сұранымдарын тіркеу мерзімі 2012 жылдың 01 мамырына дейін, ал қысқа метражды кинолардың мерзімі 2012 жылдың 15 мамырына дейін шектеледі.
Ең басты шарт – жұмыстар мен сұранымдар тек қана ағылшын тілінде ғана қабылданады.

8 Наурыз мерекелеріңізбен!

By | Жаңалықтар

8 Наурыз мерекелеріңізбен!

Среди весенних первых дней
8 Марта всех дороже.
На всей земле, для всех людей
Весна и женщины похожи.
Успехов вам, здоровья вам
счастья пожелаем,
с первым праздником весны
Сердечно поздравляем!

Кәсіптік тестілеу – мамандық алуға бастайтын бірінші қадам

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіптік тестілеу – мамандық алуға бастайтын бірінші қадам Осы таяуда ғана Алматы қаласындағы №1 және №2 Балалар үйі мен Алматы облысындағы балалар үйіндегі «Сәби» Қорымен қамқорлыққа алынған тәрбиеленуші – 9 және 11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағыт бойынша тестілеудің екінші (ақпан) кезеңі аяқталды. Бұл іс-шараға 57 адам қатысты.

Кәсіпті дұрыс таңдау – дербес өмір сүруге дайындалып жүрген жеткіншектің негізгі міндеті болып табылады. йтсе де, бүгінгі күні, бұл таңдауды жасау оңай шаруа емес екен. Өздері ұсынып отырған мамандықтар – әлеуметтік игілікке қол жеткізудің кепілі деп сендіруге тырысатын колледждер мен ЖОО-да өтетін көптеген «ашық есіктер күнінен» басқа, шұғылалы жарық, әдемі кеңседе компьютермен жұмыс істеу, жетістіктің белгісі, соған сәйкес жеткілікті өмір сүру санаты деп иландыратын ТВ-дағы жалықтыратын жарнамалар да, жастарда жаңсақ пікір пайда болуына жеткілікті «үлес» қосып жатыр. Қызметтің осындай түрлеріне таңдау жасаған болашақ мектеп бітірушілерде, бәрінен бұрын, көкейлеріндегі арманы заңгер, менеджер, экономист пен қаржыгер болумен астасып жатады.

Бірақ, Қор қызметкерлерінің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, балғын жеткіншектер көп жағдайда, біріншіден, кәсіптік нарық жоғарыдағы қажет етпейтін мамандармен аузы-мұрнынан шыға толып кеткенін, ал екіншіден, жұмыс берушілер, балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерін, олардың материалдық және заңдық жауапкершілігі жеткіліксіз екендігінен қауіптеніп, жоғарыдағыдай «жайлы» жұмыстарға ықылассыз алатынын түсіне бермейді.

«Кәсіптік бағдар» бағдарламасы бойынша тестілеу, ұлдар мен қыздарға бәрінен бұрын, белгілі бір мамандықтар аясында жұмыстарды орындау үшін бірінші кезекте мінезінің ерекшелігі, қажырлылығы, бейімділігіне сәйкес, қажетті талабы мен сапасы бар білімді таңдауына көмектеседі. Бұл психологтардың пікірі бойынша, болашақ кәсіпте жетістікке жетудің негізгі кепілі болып саналады.

Бес жыл бойына балаларға өмір сыйлап келеміз

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Бес жыл бойына балаларға өмір сыйлап келеміз Осыдан дәл бес жыл бұрын, 2007 жылдың ақпан айында, «ҮЙ» Қоры мен «Сәби» Қайырымдылық Қорымен бірге іске қосылған «Балаларға өмір сыйла» Акциясы бастау алған болатын.

Бүгінгі күні, бес жылдық шепті басып өтіп және оның нәтижесін шығара отырып, біздер бұл Акцияны ұйымдастыру қазақстан қоғамын дамытуда заңды қадам болғанын атап өте аламыз. Шетелде шұғыл түрде жедел емделуге мұқтаж балалардың орасан зор саны және бұл үшін әсіресе кардиохирургия мен онкология саласында бөлінетін мемлекеттік квотаның жеткіліксіз саны, сол сәтте бастаушы механизм болды. Сол кезде ұсынылған SMS-хабарламаның көмегімен қайырымдылық көмек көрсету тәсілі, балалардың өмірін құтқарып қалуға, іс жүзінде әрбір қазақстандықтың атсалысуына мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде, арнайы есептік шотқа аударылған сома 2 миллион доллардан асатын қаржыны құрады. Қазақстанның барлық өңірлерінен 345 бала емделу көмегіне қол жеткізе алды.

Қазіргі уақытта «Балаларға өмір сыйла» Акциясында қаражат жинауға арналған басқа тәсілдер – online-төлем есебі, банктік ақша аударымдары, қайырымдылыққа арналған садақа жәшіктері пайда болды, бірақ ең қарапайым және қол жетімді ақша аудару түрі SMS-хабарлама болып келеді. ACTIV, KCELL және BEELINE абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын немесе өз тілегін және 280 теңге мөлшерінде соманы жөнелте алады. Бұл қаражат телефонның есеп шотынан бейтаныс, бірақ өз туғанындай сәбидің пайдасына ұсталып қалады.

Біздер өзіміздің балаларымызға көмек қолын созған барлық азаматтарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Русский

Қазақ тілі

English