Monthly Archives

January 2012

«Әлемдіктердің» қатары толтырылды

By | «Әлем» бағдарламасы

Осыдан бірнеше күндер бұрын, «әлемдіктердің» тобына жаңа қатысушы қосылды. Ол дүние жүзіне әйгілі «Жұлдыздар фабрикасы» тележобаның қазақстандық көрсетілімнің көрермендерінің жүрегін жаулап алған жас әнші Батыржан Тазабеков болды.

Өзінің бірегей даусынан басқа, бұл бозбала өзге де жақсы қасиеттерге ие, оның жауапкершілігі мен қайраттылығы, өмірдегі көптеген қиындықтарды жеңіп шығуға жол берді. Көпшілік алдында ол дарындылығы мен әртістігімен сүйкімді болды.

Жанұясындағы қиын жағдайын көре тұра, Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында ары қарай оқуын жалғастыруға мұршасы болмаған Батыржан, анасы мен інілерін көтеру үшін тәлім алып жүрген жерінен кетуге бел буған еді.

Қазір енді бұл мәселе артта қалды. «Сәби» Қайырылымдылық Қоры жас әншінің айқын талантын байқап, сонымен қатар « лем» Бағдарламасының сарапшыларының ұсынысын ескеріп оған сүйіп оқитын мамандығы бойынша оқу грантын бөлді.

Біз өз тарапымыздан жас «жұлдызға» оқу мен шығармашылық барысында сәттілік тілейміз!

«Әлемдіктердің» Астанадағы концертте өнер көрсетуі

By | «Әлем» бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай «Астана-Арена» астаналық стадионда болып өткен және еліміздің басты телеарнада көрсеткен Гала-концертте бідің екі дарындарымыз, « лем» Бағдарламасының қатысушылары болып табылатын Сыдықов Жасулан мен Алдыбергенов Тимурдың қатысқаны жайлы біз алдында жаңалықтарда хабарлап өткен болатынбыз, енді міне, аса қуанышпен сіздердің назарларыңызға олардың орындаған әнінің бейненұсқасын ұсынып отырмыз

Жаңа Жыл қарсаңында қол ұшын беру

By | Медициналық жоба

Жаңа Жыл қарсаңында қол ұшын беру Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында «Сәби» Қайрылымдылық Қорының басшысына өтініш келіп түсті. Бұйымтай болған мәселе – ол 2010 және 2011 жылғы туылған екі бүлдіршіннің өмірін сақтау үшін ресейлік дәрігерлер-нейрохирургтарды көмегі жайлы болды.

Ресейде емделуге квоталары болып, питерлік дәрігерлер балаларды күтіп отырғанымен, бірақ Санкт-Петербургқа кішкентай емделушілерді жаңажылдық мерекелердің қарсаңында жіберу оңайлықпен келмеді: тік авиарейс болмай, ал ұшақты ауыстырып ұшуға сәбилердің аса ауыр хәлін ескере отырып, олардың бірнеше ұшып-қонғанға шыдай алмайтындықтан докторлар үзілді-кесілді рұқсат етпеді.

Бірнеше сағаттың ішінде, өте күрделі және қиын бұл мәселе, Қордың Президенті сел манғалиқызы Тасмағамбетованың жеке қатысуымен шешілді – арнайы чартерлік рейс жалданып және қажетті ресми құжаттар реттелді. Тіршілікті қамтамасыз ететін аппараттарға қосылған балаларды реаномобильдермен ұшақтың басқышына тура жеткізіп, педиатр-реаниматологтар бригадасының сүйемелдеуімен еш тоқтаусыз Санкт-Петербургқа ұшып барды.

Біз өз тарапымыздан Санкт-Петербургтың арнайы нейрохирургиялық клиникасында ем алып жатқан бүлдіршіндердің жағдайы туралы жаңалықтарды толғана күттік, бүгінгі күнде олардың жағдайы ауыр болса да тұрақталғаны туралы хабар берді.

Кішкентай ғана қазақстандықтардың тезірек емделіп, ата-аналарына күш-жігер тілеп, олардың Отандарына қайтуын асыға күтеміз.

«КазРосГаз»-ға рахмет!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«КазРосГаз»-ға рахмет! «Сәби» Қайырымдылық Қоры қолдауға мұтаж жандарға жәрдем беретін әрбір филантропты бағалап құрметтейді.

Бүгін біз табиғи Қазақстанның табиғи газы бен соның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы маркетингі, соларды өңдеу, тасымалдау мен сату саласында жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей «КазРосГаз» газ компаниясы жайлы әңгімелегіміз келеді.

«КазРосГаз» компаниясы алматылық « нватакси» автопаркін кеңейту мақсатында арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға арналған екі арнайы автокөлікті сатып алуға қаражат бөлумен «Сәби» Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасына қолдау көрсетті, бұл ерекше қиындықпен қозғалатын адамдардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту жолындағы кезекті елеулі қадам болды.

«КазРосГаз» ЖШС коммерциялық емес жобаларға белсенді ат салысып отырады. Бұл жағдайда оның қайырымдылық және демеушілік қызметінің басты бағыттары – аз қамтылған отбасылары мен балалар үйлеріндегі балаларға, ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету. Компания сонымен қатар түрлі спорт федерацияларын, командалар мен жекелеген спортшыларға қолдау жасап отырады. Рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым пен білімді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Ал «КазРосГаз» ЖШС-ның қазақстандық және ресейлік қайырымдылық қорларымен әріптестік жасауы өзекті әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешіп отыруға мүмкіндік береді.

Біз «КазРосГаз» ЖШС компаниясына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Русский

Қазақ тілі

English