Monthly Archives

December 2011

Сәбилер үйінің құрылысы бойынша жаңалықтар

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

Сәбилер үйінің құрылысы бойынша жаңалықтар «Сәби» Қойырылымдылық Қорының тапсырысымен Қызылорда қаласында жаңа жоба бойынша сәбилер үйі салынып жатыр. Қазіргі күнде біздің мамандарымыз құрылыс нысанына қажетті және сыртқы коммуникациялық жүйелерді қосу үшін әр түрлі мемлекеттік инстанцияларда көптеген жобалау-сметалық құжаттарды келісуден және сараптаудан өткізу шараларын қолдануда.

Жобаны іске асыруға жиналған қаржы шотта бөлек шоғырланып кейіннен құрылыс жұмыстарына, ішкі жабдықтармен қамтамасыздануына және сыртқы инфракструктурасын дамытуға үлестіріледі.

Біз әлеуметтік мекеменің кішкентай тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуге ат салысқан азаматтарға шын жүректен алғысымызды айтқымыз келіп отыр. Қауіпсіз, жайлы және қажеттінің бәрімен толық жабдықталған жаңа сәбилер үйіне қоныстануына мүмкіндік алған 60 жетім балаларға көмек көрсетіп отырған ірі қазақстандық және шетел компаниялар, сонымен қатар жеке тұлғалар ізгі ниеттердің ең жақсыларына лайықты болып отыр.

Құрылысты ары қарай іске асыруға қол тигізу үшін біздің сайтқа хабарласуыңызға болады.

«Әлемдік» атануға лайықты балалардың видеобейнелері

By | «Әлем» бағдарламасы

Алдынғы уақыттарда біз еліміздің әр-түрлі аймақтарында болған «Сәби» Қорының жұмыскерлерінің ” лем” дарынды жастарды қолдау бағдарламасы бойынша творчестволық іс-сапарлары жөнінде жаңалықтармен бөліскен болатынбыз. Ал енді сіздерге жобаға қатысуға үміткер болып отырған балалардың көрсеткен өнерлерін түсіріп алған видеоматериалдармен бөліскіміз келіп отыр.

Қызылорда облысының Айтеке би кентінде тұратын жас әнші Ақкенже әр түрлі облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарды жаулап отыр, ол енді өз өмірін тек қана музыкамен байланыстырсам дейді. Ақкенже қазақтың халық әнін орындады.

Атырау облысының Бейбарыс ауылының 10 сынып оқушысы Алпамыс Мұхтар Шаханов атамыздың өлеңін оқыды. Ол көпшілік алдында оқу мәнерімен барлығымызды таңдандырып ду қол шапалаққа ие болды. Алпамыс болашақтағы өзінің жоспарларымен бөлісті – жас бозбала кейіннен озін филолог ретінде көздеп отыр, тыңдаушылардың арасында бұл мақсатынының орындалатынана ешкімнің күмәні болған жоқ.

Ал біз болсақ өз тарапымыздан жаңа «әлемдіктерді» күтіп жүрміз. Бізге сауалнамаларыңызді жіберіңіздер!

Русский

Қазақ тілі

English