Monthly Archives

November 2011

Атырау, бізді дарындарыңмен қолда!

By | «Әлем» бағдарламасы

Атырау, бізді дарындарыңмен қолда! Жас дарындарды қолдау жөніндегі « лем» бағдарламасы Қазақстанның кең байтақ аумағында дарынды жастарды іздеуін жалғастырады. Енді батыс аймағының кезегі келді.

Осы жауапты миссияны орындау үшін «Сәби» Қайырымдылық қоры қызметкерінің Атырау облысына шығармашылық сапары ұйымдастырылды.

« лем» бағдарламасымен таныстыру Атырау облысының жеті оқу орнында өтті. Сапардың бірінші күнінде Махамбет ауылының 2 мектебінің оқушылары және ұстаздарымен сұхбат жүргізілді.

Келесі және үшінші күн жағрафиялық тұрғыдан кең болды. Бейбарыс, Сарытоғай, Сарайшық және Атоғай елді-мекендерінің балалары біздің өкілімізбен кездесуді тағатсыздана күтті және Бағдарламаға қатысу ниетінде белсенділік танытты.

Іссапардың негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды табу, біздің ойымызша мақсат орындалды: бірнеше ықтимал «әлемдік» бізді өте қызықтырды, « лем» бағдарламасының сарапшылары олардың қабілетін растап, оны қажетті бағытқа сала алады деп үміттенеміз.

Осындай сапарлардың қалыптасқан дәстүрі бойынша біздің өкіліміз жолшыбай «Мүгедектерге – беделді өмір» жобасы бойынша «Сәби» қорының қамқорлығына алынған ұйым – «Мүгедек лемі» ҚҰ-ға барды. Мүгедектер қоғамының төрағасымен брифингке Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері де қатысты.

« нватакси» қызметінің жұмысын үш жақты талқылау кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік такси қызметін көрсету жағдайын жақсарту мәселелері айтылды. Оның ішінде алдағы жылы қызметті қалалық бюджет тарапынан қаржыландыруды көбейту қажеттілігі туралы мәселе қозғалды.

Фотосуреттер

«Жасөспірімдер» жобасының жаңалықтары

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасының жаңалықтары Жетімдер үйінің түлектерінің өмірлерін жақсартуға бағытталған «Жасөспірімдер» жобасының басталғанына 5 ай өтті.

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және бенефициарлармен өзара жинақтау келісіммен қойылған шарт бойынша, жобаның алты қатысушыларының есеп-шотына Алматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтердің орташа құнының 50 % көлеміндегі төлем ақыны біз жібердік.

Жобаның мақсатын, яғни әр қатысушылардың өзінің бөлек тұрғын үйге ие болуын көздеген біздің жұмыскерлеріміз қатысушылардың ай сайынғы төлемдерін үнемі қадағалап жүретін болады, себебі Қордың тағы бір міндеті – қаржылық салымдардың уақытылы және толықтылығы болып табылады.

Кейіннен салымшылар пәтер алар кезде осы көрсеткіштерге сүйеніп Банктен керекті сомаға несие алуына болады.

Біз өз тарапымыздан бозбалалар мен бойжеткендердің өз салымдарын ұқыпты орындап, және кей кезде төлем ақыларын асырып та жіберген кездері болғанын айтқымыз келіп отыр, бұл көрсеткіш олардың «Жасөспірімдер» жобасының талаптарын жауапкершілікпен және ілтипатпен орындап отырғанның белгісі.

Киножұлдыздар дарынды жастар мен қайырымдылық туралы (бейнекөрініс)

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» қорының « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасы туралы, дарынды жастарға көмек көрсету қажеттігі жайлы, қайырымдылық принциптері туралы жеке интервьюде ресейлік кино және шоу-бизнес жұлдыздары Гоша Куценко, Евгений Стычкин және Дмитрий Нагиев сұрақтарға жауап беруде.

Шахмат спортына жол ашық!

By | «Әлем» бағдарламасы

Шахмат спортына жол ашық! 10 қарашада Алматы-Тауэрс ғимаратында “SABY-CHESS” балалар шахмат клубы жұмысын бастады, оның ашылуына басты себебі болған – ол біздің Қордың қолдау көрсетуі (толық ақпаратты қараңыз).

10 мен 13 қарашаның аралығында клубтың өзінде Алматы қаласының Шахматшылар Одағымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында тәжірибелік турнирі өтті. Енді міне оның нәтижесі туралы бөлісікіміз келіп отыр.

Даналардың сайысында 40-ден астам Алматы қаласының оқушылары қатысты. Ойын реттелмелі швейцариялық жүйе бойынша 7 айналымнан тұрды. Қиын тартыста ұпай сандардың қорытындыларымен 2-ші дәрежеге Алматы қаласының 3 баласы қол жеткізді, ал 4-ші дәреже оңтүстік астананың 5 спортшысына бұйырды.

Сонымен қатар бас төреші, спорт шебері және шахмат ұстазы Ким С.Н. қатысушылардың ішіндегі болашағынан зор үміт күттіретін бірнеше жастардың көзге түскені туралы айтып өтті.

Біз өз тарапымыздан балаларға үлкен табыстарға жетуіне шын жүректен тілек білдіріп, сонымен қоса осындай азаматтармен Қазақстан шахмат спортының болағашағына жарқын сенеміз!

«Әлемдіктер», біз сіздерді күтеміз!

By | «Әлем» бағдарламасы

Достар!
Қазіргі кезде «Сәби» Қайырылымдылық Қоры, әлі құпияда ұстап отырған, үлкен акцияны өткізу бойынша қарқынды дайындық басында. Оның басты мақсаты – « лем» дарынды жастарды қолдау көрсету бағдарламасын ары қарай дамыту бойынша қаржы жинастыру болып табылады. Дәл осы сәтте, біз күрделі даярлық жұмыстарының үстінде болып отырмыз, кейіннен қандай нәтижеге жеткеніміз туралы міндетті түрде айтып өтеміз.

Өздеріңіз байқағандай, біздің Қордың осы саладағы қызметіміз кеңінен жан-жақты болып отыр, өйткені біз тек қана материалдық көмекпен ғана шектелмей, еліміздің жастарын өмірге қалыптастыру және дарынын дамыту бойынша қолдау көрсететін «мәнді қайырылымдылық» принципін ұстанып отырмыз.

Сондықтан, біз балғын дарындарға айтатын үндеуіміз: «Таланттарыңыз ескерілмей қалмасын, өздеріңіз туралы біздің « лем» арқылы бүкіл әлемге жар салыңыздар!»

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының « лем» Бағдарламасы туралы толық ақпаратты сіздер біздің сәнді де жарқын www.alemsaby.kz сайтымызда оқып білуіңізге болады.

Хабарласыңыздар, біз сіздерді күтеміз!

Кәсіптік бейімделу – болашаққа көз тігу

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіптік бейімделу – болашаққа көз тігу «Сәби» Қайрылымдылық Қорының Оқу бағдарламасының бір бағыты – кәсiптiк бейімделу болып табылады, оның түпкі мақсаты – әлеуметтік мекемелердің түлектеріне болшақтағы мамандықты таңдап алу жөнінде көмек көрсету. Бұл өте жауапты қадам жастардың алдыңғы өміріне үлкен ықпал береді.

Кәсіптік бейімделудің тестілеу жұмыстары біздің күшімізбен жыл сайын екі кезеңмен, яғни қазан және ақпан айларында өтеді. Биылғы бірінші кезеңнің өткеніне бірнеше күн өтті. Осы кезде біздің қамқорлығымыздағы балалар үйінің 55 түлегі қатысты. Ресейлік мамандардың құрастырған «Профориентатор» компьютерлік бағдарламасы 9-шы және 11-шы сыныптағы оқушыларға болашақ мамандықты таңдау бойынша анықтау жүргізеді.

Компьютерлік тестілеудің қорытындыларына сүйеніп екі қадамды дара сарапталу жүргізіледі, алдымен орталықтың жұмыскерлерімен, содан кейін балалар үйлерінің психологтарымен. Ең бастысы балалардың туа біткен бейімдерін дамыту жөнінде мәселе қарастырылады. Сонымен қатар бағдарламамен ұсынылған мамандықтар бойынша қосымша сабақтардың еселеп оқу маңыздылығы жайлы талқылау жүргізіледі. Кәсіптік тестілеумен анықталған мамандық бойынша балалар кейіннен пән білімін жетілдіріп ЖОО-ы мен колледждерге түсуге мүмкіндігін арттырады.

Болашақтағы өз кәсібін дұрыс таңдау – ол өз қабілеттеріңді орындап және жұмыстан толығымен қайтарым алуға мүмкіндік береді.

Русский

Қазақ тілі

English