Monthly Archives

September 2011

Келешегінен үміт күттірер

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» бағдарламасының қатысушылары – жас дарынды вокалистер Тимур Алдабергенов пен Жасұлан Сыдықов «Сәби» қорының қолдауының арқасында оқу жылы басталғаннан бері ағылшын тілі курстарына барып жүр. 



Қор сарапшыларының пікірінше қазіргі шоу-бизнесте бұл тілді ерік меңгеру жақсы музыкалық білімнің болуы сияқты зор қажеттілік болып табылады. Біз зор үміт артып отырған « лемдіктер» бірнеше ай бойы тіл үйрету орталығында оқитын болады. 



Тимур мен Жасұлан Құрмаңғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясында Қорымыз ұсынған гранттар бойынша оқып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық және оқу қызметінде жан-жақты қолдау көріп отыр.

Білімге бағыт алу

By | «Білім беру» жобасы

Білімге бағыт алу Алдымыздағы өткен жылда «Сәби» Қоры және оқу орталықпен бірлесіп, қамқорлығымыздағы балалар үйлерінің түлектерін Бірегей Ұлттық Тестілеуге дайындау мақсатымен жұмыс істеді. Енді бұл жұмыс бүгінгі күнде жалғасын табуда. Бұл репетиторлық курстарды өткен бітірушілердің көпшілігіне ЖОО-на мемлекеттік оқу гранттары бойынша оқуға түсуге мүмкіндік берді. Бұндай жақсы нәтиже барлығымызды қуатып отыр – мұғалімдерді, бізді және оқушыларды да.

Біздің Қордың басшылығы, бұндай нәтижелі тәжірибені бағалап, репетиторлармен бірлескен жұмысты ары қарай жалғастыруға бел буды. Үлкен жолдастарының жетістіктеріне тәнті болған келесі жылда оқу бітіретін Алматы және облыстағы балалар үйлерінің оқушылары осы курстарға бара бастады.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес, оқушылар 5 пән, оның ішінде төрт негізгі (тарих, математика, қазақ тілі және орыс тілі) және таңдап алынатын бейінді бір пән бойынша білім алатын болады.

Оқу жобасының жаңалықтары

By | «Білім беру» жобасы

Оқу жобасының жаңалықтары Жаңа оқу жылының басталуынан еліміздің кәсіби орта және жоғары оқу орындарының босағасын мыңдаған кешегі мектеп бітірушілер аттады. Осы жылы Оқу жобасы бойынша, «Сәби» Қорының гранттарын иеленген Қазақстанның түпкір-түпкірінің балалар үйі мен интернаттардың 34 тәрбиеленушілері оқуларын бастады, оның ішінде 8 бірінші курст студеттері.

Қордың бұндай қаржылық қолдауын балалар жақсы оқу оқып, белсенді қоғамдық әрекет танытып және сонымен қоса қандай мамандық таңдауының арқасында ала алады.

Өкінішке орай, қазіргі күнде мұғалім немесе логист деген сияқты мамандықтардың беделі әділетсіз төмендетіп жіберілген. Бірақ 10 жыл бойғы оқу саласындағы Қордың жұмыс тәжірибесі, осындай мамандықтар бойынша жұмыс тауып, үлкен болмаса да, бірақ тұрақты табыс әкелетінін көрсетті. Егер балалар ары қарай оқуын жалғастыруға ықылас білдірсе, біз оларды тағы қолдап, әлеуметтік мәртебесін көтеруге себеп қыламыз.

“Балаларға өмір сыйла” акциясының 2011 жылғы 15 қыркүйекке қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

"Балаларға өмір сыйла" акциясының 2011 жылғы 15 қыркүйекке қатысты есеп беру «Сәби» Қоры және Ерікті Мейірімділік Қоғамымен бірге құрылған «Балаларға өмір сыйла» атты мерзімсіз акциясы жалғасын табуда.

2011 жылғы 15 қыркүйектің күніне жиналған қаражатқа еліміздің брлық аймақтарынан келген 327 балаларға жәрдем көрсетілді. Жасалған операциялардың жалпы сомасы 1.968.299 АҚШ долларын құрады. Акцияның ең негізгі принципі болып – толық ашықтық болып саналғандықтан, сіздер қаражаттардың қалай жұмсалғаны туралы detdom.kz сайтында танысуға болады.

Құрметті достар! Сіздердің әрқайсыларыңыз қазақстандық сәбилерді өлім аузынан құтқаруға көмек көрсете аласыздар. Ұялы телефондарыңыздан 9099 нөміріне Activ және Kcell абоненттері үшін «1» деген санын, ал Beeline абоненттеріне «бос» хабарламаны жіберу арқылы сіз Акцияның арнайы шотына тікелей ақша аудара аласыз. Бір SMS-хабарламаның бағасы бұрынғыдай – 280 теңге.

Кірістер соңғы тиынға дейін Акцияның арнайы «Балаларға өмір сыйла» атты шотында жиналып, шет ел клиникаларында балалардың тек қана емделуіне ғана жұмсалады.

Біз өз тарапымыздан ақшалай қаражатты жіберген барлықтарыңызға және хабарлама таратып жүрген Бұқаралық Ақпарат Құралдарына шексіз алғысымызды білдіріп отырмыз.

Бір ғана жанасудан өмір жарқындай түседі!

By | Жаңалықтар

Қымбатты достар!



Осыдан екі ай бұрын біз өз тарапымыздан Qiwi төлем терминалдары арқылы мұқтаж адамдарға қайырылымдылық көмекті жасайтын жүйесін іске қосқан туралы хабарлаған болатынбыз. р күн сайын«Сабидің» есеп-шотына қаражаттар түсіп жатқанына орай, біз көп адамдардың сенімін атқарып отырғанымыз туралы қуанышты хабармен бөліскіміз келіп отыр. Төлемдердің көлемі үлкен болмаса да, біз әр тиынды жоғары бағалап, өз орнын табатынына кәміл сенеміз. Жылдың аяғында біз міндетті түрде, сіздердің алдыңызда есеп беруімізге уәде береміз. 



Өкінішке орай, электрондық жүйе кімнің көмек көрсеткенін білуге мұрша бермегендіктен, біз кімге алғыс айтуымызды да білмейміз. Сондықтан өз сайтымыздың беттерінде әрқайсыларыңызға адал ниеттеріңіз, ықыластарыңыз және қайырылымдығыңыз үшін«РАХМЕТ» деп айтқымыз келіп тұр. Осындай атаусыз қалған филантропия – адамзаттың ең жоғары дамуының көрсеткіші.



Qiwi терминалдарын сыртқы бейнесінде сарғылт түсті Киви құсы бренды орналасқан интерфейстен тез тануға болады. Оларды еліміздің барлық аумақтарында: сауда орталықтарында, дүкендерде, кинотеатрларда, жанармай станцияларында, тоқтайтын кешендерде және тағы басқа қоғамдық орындарында табуға болады. 

Жәрдемшілеріміз, біз сіздерді күтеміз! Бір ғана жанасудан өмір жарқындай түседі!



Ізгі ниетпен, сіздердің «Сәбилеріңіз».

“Әлемдікке” арналған ноутбук

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қорының « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасына Қазақстанның әрбір түпір-түпкірінен келген сұраныстардың ішінде, поэзиямен шындап шұғылданатын балалардың өлеңдері көп кездеседі. Отандық танымал ақын Сұлтан Қалиұлының олардың бірнешеуінің шығармашылық ниеттерін жоғары бағалаған болатын, ол жайлы біз сайт беттерінде алдынғы жаңалықтарда жазған болатынбыз. 



Семей қаласында тұратын он алты жасар жас ақын Солтанов Бекнурдың өлеңдері жергілікті газет пен журналдарда басылып жүр, ол өзінің дарындығының және белсенді өмірлік көзқарасының нәтижесінде, « лем» Бағдарламасының « дебиет-поэзия»номинациясы бойынша Грант иегерлер қатарына қосылды.

Туған тілін жетік меңгеретін, мәнерлеп оқитын жас ақын ретінде, ол көптеген сайыстарда әр-түрлі тақырыппен қатысып, үнемі жүлдегерлер арасында көрініп жүр.



«Сәби» Қайырылымдылық Қоры жас ақынды жаңа ноутбукпен марапаттады, енді ол оның жұмысын ынталандырып, әрі қарай оқу және шығармашылықта жаңа табыстарға жеткізуіне демеу болатынына сенімдіміз.

Русский

Қазақ тілі

English