Monthly Archives

August 2011

Балалы үй – базар!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Балалы үй - базар! Алматы қаласындағы «Үміт Үйі» мемлекеттік мекемесі – бірегей әлеуметтік орын болып саналады. Осы жерге тұрмысы нашар жанұялардың 0 мен 7 жас аралығындағы балалары орналастырылады, көшпілігін қаржы тапшылығынан, денсаулықтың салдарынан, жасқа және тағы да басқа себептермен баға алмай жалғыз басты аналары акеледі. Осындай аналарға тағы да ойлануға, жұмыс тауып аяғына тік тұруына мүмкіндік беру үшін, сәбилерді уақытша мемлекеттің қамтамасызына қабылдайды, одан кейін олар туғандарымен қайта қосылу үшін тәрбиеленеді. Ұйымның басты мақсаты – жанұяны сақтап қалу, тағын анасына дені сау және жетілген баланы қайтарып, тастанды балалардың санын азайту болып отыр.

«Үміт Үйі» мемлекеттік мекемесі жабық ұйым болғандықтан, жұмыскерлердің мейірімі мен қамқорлығына қарамастан тәрбиеленушілердің көп нәрселерге қолы жетпейді: тек қана өз қабырғаларындағы ойын-сауық және спорт құрылыстарымен ғана айналысуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттімен қамтамасыз ету керек екені анық. 9 жас топқа бөлінгендердің біреуінде әлі күнге шейін балалардың таза ауада шынығуға арналған өз ойын алаңы болмаған.

Бұл мәселені жан-жақты талқылап, «Сәби» Қайырылымдылық Қоры осы топқа алаңды салу жөнінде шешім қабылдады. Көмекке біздің жомарт демеушіміз «АлматыГаз нжиниринг» ЖШС келді, Білім күніне орай балаларға «Ксил» ойын кешенін сыйға тартып, сонымен қатар, барлық тәрбиеленушілерге мекеме ауласындағы спорт алаңын толық жабдықтады.

Дендерін сау болсын, кішкене ғана достарымыз!

Фотосуреттер

Конституция Күнімен!

By | Жаңалықтар

Конституция Күнімен! Достар!
Қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау Күніне орай біз ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Бұл – еліміздің демократиялық заң шығарудың іргесін қалаушы, азаматтарға құқық негіздері мен бостандықдың кепілдігі болатын, жас мемлекетіміздің егемендігін бекіткен негізгі заңның құрылған мерекесі.

Баршалыққа сәттілік пен гүлдену тілейміз!

Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!

«Жасөспірімдер» Жобасы. Алғашқы қадамдар

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» Жобасы. Алғашқы қадамдар Алдында біз хабарлап өткендей, 2011 жылы «Сәби» Қорымен мемлекеттік әлеуметтік мекемелерінің түлектерінің арасындағы екпінді және болашағы зор жастарды қолдау үшін «Жасөспірімдер» жобасы бастау алған болатын. Жобаның басты мақсаты – жетімдер ішіндегі алдын ала сұрыптап алынған қатысушыларға жеке меншік баспанаға қол жеткізуге көмек көрсету болып табылады. Үстіміздегі жылда Алматы қаласының «Жастар Үйі» мемлекеттік мекеменің тәрбиеленушілері – үш бозбала мен үш бойжеткеннің жолы болды.

Шілде мен тамыз айларында «Сәби» Қоры мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы барлық балалармен тұрғын үй жинақтау бойынша үш жақты келісімшарттар жасады. Қажетті құжаттарды дайындап, алтауына жеке шоттар ашып, біздің Қор қайырылымдылық көмек ретінде олар үшін әр келісімшартқа 50 % көлемінде бастапқы жарнасын төледі. Бұл шартты орындағаннан кейін және жоба қатысушыларының ай сайынғы салымдарының арқасында, үш жылдан кейін олар жиналған қаражатты қолданып, төменгі пайыз ставкалармен қарыз ресімдеп, өз өміріндегі бірінші жеке меншік пәтерлеріне қоныстануға мүмкіндік беретін болады.

“Әлем” Бағдарламасына – 1 жыл!

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры шағын ғана мерейтой атап отыр – « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының басталғанына 1 жыл толды, енді міне біз алғашқы нәтижелерімізді қорытындылайық деп отырмыз:



Бір жылда біздің комиссиямен 20-дан астам қала мен ауылдарда тұратын үміткерлерден келіп түскен 160-тан көп сұранымдар қарастырылды. 8 елді мекендерге Бағдарламамен таныстыру мақсатында Қор қызметкерлеріне іс-сапардар ұйымдастырылды.



Вокал саласындағы кәсіпқой мамандармен 8 балалардың шығармашылық тыңдауы өткізіліп, нәтижесінде бірегей дауыстары бар екі жас әншілер сұрыпталды, Қостанай қаласынан Жасұлан Сыдықов пен Алматы облысынан Алдыбергенов Тимур, Қазақ Ұлттық Косерваторияда оқуға құқық беретін грант иегерлері атанды.



Тағы да екі қатысушымыз, Ақтөбе облысынан Асанова Шамшырақ пен Петропавл қаласынан Лушникова Елена, « лем» оқу гранттарын алып, беделді оқу орындарға түсті: Елена медициналық университетіне, ал Шамшырақ музыкалық колледжге.



1 жылға толған мерейтойымызды атап өту үшін, Петропавл қаласынан келген ең жас «әлемдік» – Роман Кузнецовтың жеке көрмесін ұйымдастрылды. Оның жұмыстары Алматы қаласындағы Көркем Көрме Дирекциясында көрермендер назарына ұсынылды. 



Сонымен қатар, біз «әлемдіктер» қатарына қосылуға ат салысқан, бірақ қандай да бір себеппен ілінбеген, қарқынды және жігерлі балаларды да өз тарапымыздан қолдаймыз. Мысалға, Семей қаласында тұратын бастаушы мүсінші Хаметов Ануар және жас ақынСолтанов Бекнур, ынталарын одан ары дамыту үшін сый ретінде «Сәби» Қорынан әрқайсысы ноутбук алды.



Тимур Бекмамбетовпен өзара ынтымақтастықпен жүзеге асырылған жоба –Сценарийлер байқауы, Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу және сұрыптау бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл сайыста жеңімпаз болып біздің отандасымыз Бахтиор Кадыров айқындалды.



«Сәби» Қорының медеуі болған балаларымыздың әрқайсысы үмітімізді ақтап, өз салаларында нағыз маман болуына сенімдіміз.



Ақ жол, тұңғыштарымыз – «әлемдіктер»!

Баспалдақтар енді бөгет болмайды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Баспалдақтар енді бөгет болмайды Үш жыл бойы «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобасын іске асырып отыр. Оның аясында үлкен жұмыс атқарылды – Қазақстанның 16 қаласына бағасы 2 200 000 АҚШ доллары тұратын 50 дана арнайы автокөліктері сатып алынды. Қозғалу мүмкіндіктері шектеулі арбадағы адамдарға, қазіргі күнде үйлерінен шығып, жеке жұмыстарын шешіп, қоғамдық өмірге қосылу мүмкіндіктері арттырылды.

Бірақ біз қол жеткізген табыстарымызбен тоқталмаймыз. Автокөліктердің қолданушыларының басым көпшілігі – көп қабатты үйлер тұрғындары болғандықтан, қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға күтімді жетілдіру үшін, әрбір « нватакси» қызметіне мүгедектердің арбаларын баспалдақпен көтеріп/түсіретін арнайы шынжырлы құрылғымен қайта құрамдау жобаланып отыр. Осы шақта жарымжандарды туысқандары немесе жеке көмекшілері қолына алып ары бері көтеріп/түсіруге мәжбүр болып жүр. Бұның бәрі өте ауыр түсіп отырғаны және қауіпсіз емес екені бәрімізге мәлім.

Осы мәселені шешу мақсатымен, біздің Қор жоғарыда айтып өтілген әрбір жинытығы 10 000 АҚШ долларын құрайтын механизмдерді сатып алуға қаражатты жинау процессін бастады, кейіннен олар біздің жобамен жұмыс істейтін қозғалу мүмкіндіктері шектеулі қоғамдарға тегін ұсынылатын болады.

Таң ғажайып – қасында!

By | «Әлем» бағдарламасы

Таң ғажайып - қасында! Мiне, Көркем Көрме Дирекциясының қолдауымен «Сәби» Қайырылымдылық Қорымен ұйымдастырылған, Петропавл қаласынан келген балғын суретшi – Кузнецов Романның, бiрiншi дербес көрмесi өз мәресіне жетіп те қалды.

Экспозицияның нәтижелері көңіл толтырарлықтай болды: 9 жастағы баланың бірегейлі және ерекше жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарын, мамандар мен сыншыларды тәнті етіп, көптеген келушілердің назарын алды. «Біз бұл суреттер жас баланын қолымен салғанын білмегенде, аңғара алмайтындай едік – соншалық күшті энергетика мен терең ойға батыратын көріністер. Таң ғажайып!», – деп қонақтардың бiрi өз ойымен бөлісті.

Біз, өз қатарымыздан ең жас «әлемдігіміздің» мерейіне үстем болып, оған шығармашылық жетiстiктер және болашақ табыстар тілеп, келесі сөздерді айтқымыз келіп отыр: «Рома, осындай туындарыңды әрі қарай жасап, жарқын да дарынды болып қала бер, өйткені бәрі де өз қолыңда!».

Роман Кузнецовтың жұмыстарының Көрмесі

Сілтемелер:
” звестия Казахстан”
Казинформ
нформагентство “Синьхуа”
Газета “Экспресс-К”

Қамқорлы болу – әркімнің қолында!

By | Жаңалықтар

Қамқорлы болу – әркімнің қолында! Көпшілігіміз ауыр науқасты адамдар, жетім балалар жайлы теледидардан немесе газет беттерінен көрген кезде, шын көңілімізбен көмек көрсетуге дайын боламыз. Бірақ күнделікті өмірдегі уақыт тығыздығына орай, банк немесе редакцияға барып, мұқтаж адамдарға қайырылымдылық көмегін көрсетуге қол тигізбей жатады. Осылай біздің ізгі ниеттеріміз іске асырылмай қалады.

Енді Қазақстанда қол жетімді әлеуметтік қызмет құрылғанына байланысты, еліміздің әр азаматы жетім балаларға, ауыр науқастыларға және мүгедектерге өз септігін тез және тиімді түрде көрсете алады.
Қайырылымдылық төлемін жүзеге асыру үшін, «QIWI» төлем терминалының алдына тоқтап, интерфейс бетінде «Басқа қызметтерді» таңдап, сонан соң «Қайырылымдық» деген кнопканы басып, таңдаған қор шотына қайырымдылықпен сыйға тартылған ақшаңызды жіберсеңіз болады.
Алайда жәрдем үшін берілген ақшаны толығымен мұқтаж адамдарға жеткізіп беретін қай қорға сеніп, тапсыруға болады деген сұрақ туындайды?

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры (www.old.saby.kz) 9 жыл жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша 250 000 мұқтаж адамдарға көмек көрсетті, оның ішінде:
210 000 ауыр науқасты үлкендер мен балаларға;
35 000 қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға;
5 000 жетім балаларға.
Жылына – 28 000 адам, күніне – 76 адам сіздің қамқорлығыңызды әрдайым қабылдауда.

р тиын есепте!

Кино жұлдыздар Сценарийлер сайысы туралы ой бөліседі (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы

Тимур Бекмамбетов бастаған Ресей және отандық кино жұлдыздар тобы Екінші халықаралық «Astana» экшн-фильмдер кинофестивалі туралы өздерінің әсерлерімен бөлісіп, оның аясында ұйымдастырылған дарынды жастар мен болашақ кино өнер шеберлерін табуға негізделген Сценарийлер байқауының маңыздылығын бағалады.

Жастар Үйіне арналған футбол алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Жастар Үйіне арналған футбол алаңы Балалар үйлерінің түлектері кәмелеттік жасқа толған бетімен, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемесінің тәрбиленушілері болып орналастырылады. Ол жерде балалар 23 жасқа дейін жатақхананың принципімен тұрады: өздері азық-түлік сатып алып, тамақ жасап және коммуналды қызметтерін төлейді. Шыны керек, мемлекеттік қамқорлығында өскен бозбалалар мен бойжеткендерге өз бетімен тұрмыс құру талай қиындықтарға әкеп соқтырды, оның ішіне: жұмыс іздеу керек, тамақтануға, оқуға және киімге ақша табу деген сияқтылар. Мекеме жұмыскерлерінің қаншалықты көмек көрсеткеніне қарамастан, жастарға әлеуметтік қоғамға қосылу процессі ауыртпалықтар туғызып, күнделікті өмірдің физикалық қарама-қарсылыққа төзуі оңай емес болып, әсіресе жаңа реалияларға психологиялық бейімделуі қиын болып отыр.

Осындай кезде көмекке спорт келеді. Тек қана ол жастарға сүйеніш болып, болашаққа көзқарасын өзгертіп, екі аяғымен тік тұруға демеу береді. Жастар волейболмен, баскетболмен, күреспен айналысады, бірақ ең сүйікті ойыны – футбол болып табылады, сондықтан болар ер балалардан ғана емес, қыздардан тұратын командаларын құрылып, әр түрлі қалалық жарыстарда қатысып жүр.

Бірақ олар бір мәселеге тіреліп қалды – футбол алаңының жоқтығынан, спортсмендеріміз ашық алаңда ойнап, шаң жұтып жүгіруге тура келді. р-түрлі балалар үйлеріне көмек көрсетіп жүретін демеушілер, ер жеткен жетімдердің проблемаларын елемегендей болып, ешқандай қолдау көрсетпейді.

Бұл жайды жан-жақты ескере отырып, «Сәби» Қоры өзінің «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасын іске асыратын бағдарламасына Жастар Үйін қосты, сонымен қатар бұл мекемеге алдынғы жылдар бірнеше рет басқа да көмек көрсетілген болатын. Енді міне, 800 шаршы метрлік, жарақаттанудан сақтайтын арнайы «жасанды шөппен» төселген және контурлы прожекторлармен жарықтандырылған мини-футбол ойнайтын алаң салуға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргілізіп жатыр, жастардың көптен күткен сыйлығы 1-ші қыркүйекке дайын болуға жобаланып отыр.

Фоторесурстер

Сілтемелер:
” звестия Казахстан”

Русский

Қазақ тілі

English