Monthly Archives

July 2011

“Әлемдіктер” Астана мерекесінде

By | «Әлем» бағдарламасы

Үстіміздегі жылдың Астана күні таң қаларлықтай мерекелі іс-шараларға толы болды. Бұл жылы Астаналық кімдік барлығын мінсіз және қызықты етіп ұйымдастырылды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары көркем шығармаларды, мәдени-көпшілік шараларды, жәрмеңкелерді тамашалап, Ел Ордамыздың туған күніне орай жасалған қызықты бағдарламалары үшін жергілікті кімдікке шын ризашылығын білдірді. 



Астанамызды құттықтау үшін музыка әлемінің жарық жұлдыздары да келді, олардың ішінде: Лара Фабиан, опера әншісі Сара Брайтман, атақты композитор горь Крутой, Arash, Jay Sean және тағы басқа әйгілі музыканттар.

Мерекелік күндерде, басты рөлін сомдаған Сергей Безруковтың жаңа туындысы – «Пушкин» атты киноспектаклі астаналықтардың назарына ұсынылды. Қойылым актердің әкесі Виталий Безруковтың «Өмір де, қайғы да, махаббат та» пъесасы негізінде ұсынылған. 

Сонымен қатар ұмытылмастай болып ұйымдастырылған 5-сағаттық атақты халықаралық және отандық әртістердің қатысумен болған гала-концерті болды.



Айтылған орасан зор көрсетілімді тамашалауға мүмкіндік алған біздің « лем» Бағдарламамыздың тұңғышы Жасулан Сыдыков пен жаңа қатысушы Тимур Алдыбергенов, «Саби» Қайырылымдық Қорының атынан ұсынылған бұл сыйлығына әбден риза болды. 

Жасулан мен Тимурдың сөздеріне сенсек, қуаныштары қойындарына сыймай бақытқа кенеліп эмоцияға толтырып отыр. Жас әншілер «Сәби» Қорына шын жүректен алғысын айтып, бұл алған тәлім болашақта өздерінің дарынын арттыруға бірыңғай үлесін қосатынын білдірді.

«Astana» экшн-фестивалінің қорытындылары

By | «Әлем» бағдарламасы

лемге әйгілі Арманд Ассанте, Майкл Мэдсен, Стивен Сигал, Мишель Родригез және тағы басқа атақты жұлдыздар қызыл кілемінде жарқыраған, салюттері дүркіреген және бәрімізді таң қалдырған II Халықаралық “Astana” экшн-фильмдер фестивалi өз мәресіне жетіп те қалды. 



Өткен жылы басталған Фестиваль, Ел Ордамыздың туған күніне орай, Астана тұрғындары мен қонақтарына өзіндік бір керемет сыйлық болды. Бұл үлкен әсер қалдыратын динамикалық және қызықты кино мерекесі.



Мерекелік күндерде АҚШ, Европа, Азия және ТМД елдерінің режиссерларымен түсірілген 20 толық метражды фильмдер көрсетілді.

Сонымен қатар халықаралық кинематографистермен бірге конференциялар, жиналыстар және мастер-класстар өткізілді.

Кинофорумдықтар назарына еліміздің атақты Асанали шімов, Венера Нигматуллина, мір Қарақұлов сынды кино мэтрлары және қоғамдық ұйымдардың өкілдіктерінің қатысуымен болған қазақстандық жобалар да ұсынылды.



Фестиваль аясында құрылған сценаристер байқауының ресми серіктесі болып табылатын«Сәби» Қайырылымдылық Қоры, аталмыш жобада ақпаратты жинақтау мен сұрыптауға, үміткерлермен коммуникативтік байланысты қамтамасыз етуге, ұйымдастыру міндеттері негізделетін жұмыс атқарып, еліміздің түпкір-түпкірінде тұратын талатты балалар мен жастардың ынтасын көтермелеу үшін құрылған өзінің авторлық «Алем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасын ұсынды. 



Бұл шараның соңында сценаристер байқауының жеңімпазын салтанатты түрде жарияланды. Осы жылы Қазақстаннын атынан Бахтиёр Кадыров өзінің «Бір күннен кейін» сценарлық жұмысымен жеңіп шықты, енді ол 10 000 АҚШ долларын иеленіп қана қоймай «Базелевс» компаниясымен бірігіп көркем фильм тусіруге мүмкіндік алды.

Біз кино әлемінде жанған жаңа жұлдыздардың бізді әрі қарай шығармашылық өнерімен қуанта беретіне үміттенеміз.

Русский

Қазақ тілі

English