Monthly Archives

May 2011

Бекмамбетов байқауы жартылай финалға жетіп қалды

By | «Әлем» бағдарламасы

Бекмамбетов байқауы жартылай финалға жетіп қалды 24 наурызда басталған, Тимур Бекбамбетовтің сценарийлер байқауына сұранымдарды қабылдау күндері артта қалды. 1 мамырдан бастап Байқаудың штаб қызметкерлері жартылай финалистерді анықтау жұмысын белсенді атқаруда.

Осы жылы Қазақстан атынан конкурсанттар саны, басқа ел қатысушыларынан әлдеқайда асып отыр, мүмкін бұл Сайыс ұйымдастырушыларының «біздің үміткерлерімізге» арнайы жағдайларды ойластыру арқасында болар. Қазақстан қатысушыларың ақпаратын жинақтау мен сұрыптау, коммуникативтік байланысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру міндеттерін орындаған, «Сәби» қорының қызметкерлері, сұраным қабылау кезеңінде 620 хат ішінде, 130 синопсистерді әрі қарай қарастыруға іріктеп шығарды. Енді үміткерлерімізді халықаралық жюри бағалайтын болады, оның құрамында әйгілі киноиндустрия продюссерлері мен режиссерлер болады.

Жартылай финалистерді іріктеу корытындылары, сондай-ақ қазақстандық сценаристері үшін қосымша жеңілдіктері жайлы 25 мамыр күні, Астана қаласында өтетін баспасөз конференциясында анықталады.

Психолог маманымен берілген қорытынды сұхбаты (видео)

By | «Білім беру» жобасы

Алдынғы жаңалықта айтып өткен психологиялық түзету және әлеуметтік бейімделу бағдарламасы бойынша, болашақ өмір алдында тұрған, қамқорлығымыздағы балалар үйлерінің бітірушілерімен бірнеше ай бойы жұмыс жүргізген, кәсіби психолог А. А. Шевченко қорытынды сұхбатын берді.

Кезекті «инватакси» партиясы сатып алынды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Кезекті «инватакси» партиясы сатып алынды «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын жүзеге асыру жұмыстары, еліміздің аймақтарында жалғасын табуда. Арнайы көліктер кезекті партиямен сатып алынды, енді бес айдан кейін Алматыға бірегей техника жеткізіліп, Қазақстанның үш қаласының мүгедектер қоғамдарына сыйға тартылатын болады.

Алдағы өткізген, сәтті тәжірибемізге сүйеніп, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдайтын тиімді түрі болып танылған, Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктерін біз әр қалаға екі бірліктен қалыптасырып отырмыз.

Қоғамның жағымды пікірлері және аймақтардағы әкімшіліктердің жоғарғы баға, «Сәби» қорының екі жыл бойы атқарған қызметінің – жемісі.

Психологиялық түзету бағдарламасы өз мәресіне жетті

By | «Білім беру» жобасы

Өткен жылдың қараша айында «Сәби» Қорымен іске асырылған, балалар үйлерінің бітірушілеріне арналған психологиялық түзету және әлеуметтік бейімделу бағдарламасы аяқталды. Қамқорлығымыздағы үш балалар үйлерінде, алты ай бойы теоретикалық және тәжірибелік жаттығулары жүргізіліп, жақсы нәтижеге жетіп отырмыз. Балалар аса ынталық пен талпыныс көрсетіп, үй шаруашылығын жүргізу, тұрғын-жай орындарын іздестіру, сәтті қарым-қатынастану, кәсіптік бейімделу, жұмысқа тұру және тағы да басқа өз бетімен өмір сүруге қажетті машықтану жаттығуларын толық көлемде игерді.

Мемлекет қамқорлығында болған балалар, есейген кездегі болашақ өміріне аса мән бермейтіні көпшілігімізге мәлім. Психологиялық түзету бағдарламасында қызмет атқарған, кәсіби психолог: «… бітірушілердің көпшілігі, әсіресе балалар үйінде 3-4 жылдан аса болған балалар, күнделікті тіршілік өмірге немқұрайлықпен қарайды. Өзіне өзі қызмет етуге қарапайым икемі де болмай жатады. Ал кейбір жағдайларда әлеуметтік жарым-жартылай мүгедектік болып жатыр», — деп атап өтті.

Психологиялық жаттығулар балаларға жан-дүниесін ашып, сырттай өздерін сынақтан өткізіп, өз мүмкіншіліктеріне баға беріп, болашақ өмірін ойластырып және өздігінен шешім қабылдап үйренуге өз септігін тигізді, бұл біздің бағдарламамыздың басты идеясы болған еді.

Психолог маманының берген сұхбатын біздің сайтымыздың беттерінде жуық арада оқыңыз.

Ноутбук – бүкіл әлеммен байланыс

By | «Әлем» бағдарламасы

Ноутбук – бүкіл әлеммен байланыс «Сәби» Қайырылымдық қорының дарынды жастарды қолдауға бағытталған « лем» бағдарламасына Семей қаласынан 14 жасар, ауыр науқасты, 2-ші топтың мүгедегі, бірақ өте екпінді және қайсарлы нуар атты бала хабарласты.

нуар сурет салу мен мүсін жасаумен әуестенеді, ал сүйікті пәндері – математика мен физика болып табылады. Жасаған жұмыстарының нәтижелері өте жақсы. Өкінішке орай, ауыр сырқатының салдарынан, жас бала үйінде отырып білім алуына мәжбүр болды. Алайда ол, бүкіл әлеммен қатынасып, жаңа достар тауып, олармен өз өнерімен бөліскісі келеді.

« лем» бағдарламасы бойынша, жас талапкердің кандидатурасы сарапшылармен қарастылырылып, Қор атынан Грантты иелене алмай қалды. Дегенмен, балаға мейірімі үстем болған, Қор басшылығы өз тарапынан оның ынтасын көтермелеп, интернет арқылы әлемдегі миллиондаған қолданушылармен хабарласып тұруына мүмкіндік беретін Apple ноутбугын сыйға тартты.

Русский

Қазақ тілі

English