Monthly Archives

April 2011

Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль

By | Біздің марапаттарымыз

Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль Осы жылдың көктемінде бүкіл әлем 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль алапатын еске алып отыр. Біздің еліміздің өкілеттері апаттың салдарын жоюға аса ерлікпен қатысып, денсаулықтарынан, ал көптегендері өмірінен де айрылды.

Жыл сайын аман қалғандардың қатары сиреуіне қарамастан, Чернобыль ардагарлері тізе бүккен емес. Қиын азаптарды кешіп, оларды жеңе тұра, осы күнге дейін еліміздің болашағы мен ұрпақтары үшін аса қайсарлықпен еңбек етуде.

Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай, қайырылымдық саласында қызмет еткені үшін «Сәби» Қорының Президенті Тасмағамбетова сел манғалиқызына, Чернобыль және Жергілікті соғыстардың Ардагерлері Одағының атынан тапсырылған естелік медалі, бізді осындай нағыз ер азаматтарымыздың қошеметіне бөлеп отыр.

Біздің марапаттарымыз

Алматыда «инватакси» семинары өтті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Алматыда «инватакси» семинары өтті «Алатау» емдеу-сауықтыру кешенінде, «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты әлеуметтік жобасының аясында Алматы қаласының мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін көлік қызметін дамытуға бағытталған семинар өтті.

Семинар 18 сәуірде ашылды. Айтылған жобаны іске асырған, арбада отыратын мүгедектерді тасымалдайтын 41 арнайы жабдықталған автокөліктерді сатып алып, еліміздің 14 аймағына таратқан, «Сәби» Қайырымдылық қорының өкіліне сәлем сөзі берілді. Автокөліктерді пайдалану барысында диспетчерлік және есеп беру қызметін қалыптастыру үшін, Фонд атынан барлық жоба қатысушыларға компьютерлік техника жинақтары тарту етілді. Қазақстан қалаларының мүгедектер қоғамдық ұйымдары, өз тарапынан «Сәби» қорына шын жүректен алғысын білдіріп, «инватакси» қызметінің аймақтардағы жүргізілген жұмыстары мен дамуы туралы пікір алысты.

19 сәуір, семинардың жұмыс күні, «инватакси» қызметін жетілдіру бойынша арнайы бағдарламалар және ұсыныстар талқыланып, мүгедектерді тасымалдау жөнінде біртұтас ережелер мен техникалық сипаттамалар қарастырылды. Қатысушылардың барлығы диспетчерлік қызметін қолдануға арналған компьютерлік бағдарламалармен танысып, тиісті әдістемелік құралдарын алды.

«Сәби» Қайырылымдық қоры бұл жобаның арқасында арбада отыратын және басқа да қозғалу мүмкіндіктері шектеулі мүгедектер үшін, тең жағдайлар жасалатынына сенім білдіреді.

Аймақтарға жаңа «инватакси» партиясы жеткізілді

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Аймақтарға жаңа «инватакси» партиясы жеткізілді «Сәби» Қайырымдылық қорымен Германиядан сатып алынған, «инватакси» автокөліктері Алматыға кезекті партиямен жеткізілді. Өскемен және Қызылорда қалаларының мүгедектер қоғамдары, арнайы автокөліктердің жаңа иегерлері болды. Олар осы жылдан бастап қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды ақысыз тасымалдау қызметін жүзеге асыратын болады.

Өткен жылы Шымкент қаласына екі автокөлік сыйға тартылған болатын. Алайда бұл аймақта қоғамдық көлікпен жүруге мұршасы жоқ мүгедектер санының көптігіне байланысты, Қордың басшылығы осы жылы оларға тағы да екі автокөлік беруге шешім қабылдады.

Бүгінгі күнде Қазақстанның 14 аймағының мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының автопаркілерінде, «Сәби» Қайырымдылық қорымен сыйға тартылған, барлығы 41 «инватакси» автокөлік есепте тұр.

Көкшетау және Өскемен ” нватакси” қызметтерінің фотосуреттері

Қызылорда қ. ” нватакси” қызметінің фотосуреттері

«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді

By | Біздің марапаттарымыз

«Сәби» қоры айтулы награданы иеленді Еуропалық Бизнес Ассамблеясының ұйымдастыруымен наурыз айының басында Лондонда өткен «2011 Энергетикалық Саммиті» біздің Қор үшін айрықша оқиға болды. Саммит жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократ Сыйлығын табыстау рәсімінде «Сәби» қайырымдылық қорына Ханшайым ВикторияныңQueen Victoria Commemorative Medal») құрметті наградасы берілді, бұл – «Сәби» қорының асыл қазынасынан ерекше орын алған адалдық, адамгершілік құндылығы мен қажыр-қайрат үшін берілетін эксклюзивті ағылшын сыйлығы.

«Ханшайым Виктория атындағы награда біз үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік болды, өйткені халықаралық деңгейдегі тану ұйымның жұмысындағы жаңа кезеңнің басталуын атап көрсетеді», – деп марапаттау туралы түсінік береді Қор Президенті Тасмағамбетова А. .

Біз филантропия саласындағы қызметімізге жоғары баға бергені үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясына зор алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әлеуметтік әл-ауқат пен қазіргі заманғы қоғамды ізгіліктендіру идеяларын ынта-құлшыныспен алға жетелейтін боламыз.

Біздің марапаттарымыз

Сценарийлер байқауы 1 мамырға дейін ұзартылды

By | «Әлем» бағдарламасы

Біздің отандастырымыз үшін жақсы хабар! Тимур Бекмамбетовтің сценарийлер байқауында бауырластарымызға ерекше жеңілдіктер қарастырылды. Қазақстан атынан ұсынылған сұранымдар мерзімі 1 мамырға дейін, ал басқа мемлекеттер қатысушыларына үшін 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Ресми серіктесі «Сәби» Қоры болып табылатын, бұл байқаудың арқасында, біздің елімізде нағыз өнерпаз адамдардың аз емес екендігіне көз жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда, «Сәби» мамандарымен 200-ден астам сұраныстар қарастырылған! р хат назарсыз қалған емес.

Тағы да бір жақсы жаңалықпен қуантқалы отырмыз. Сценарий синопсистерін ағылшын тіліне аударуға мүмкіншілігі жоқ үміткерлеріміз үшін, ұйымдастырушылар атынан тегін аудармашылық қызмет көрсетіледі. Бұл жайды тек хатыңызда атап өтсеңіз болғаны.

Сценаристеріміз үшін ескерту! Сұраным жіберу алдында, сайттағы көрсетілген www.astanafestival.kz шарттарды мұқият оқып шығуыңыз қажет.

Сәттілік тілейміз!

Русский

Қазақ тілі

English