Monthly Archives

March 2011

«Әлемдікке» арналған синтезатор

By | «Әлем» бағдарламасы

2010 жылдан бері « лем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасының қатысушысы болып табылатын және Қорымыздың есебінен Құрманғазы ат. Консерваторияда оқитын Жасұлан Сыдықов «Сәби» қорынан сабақтан бос уақытында өз бетінше вокалмен айналысу үшін сыйлық ретінде кәсіби музыкалық жабдықтар жиынтығын алды.

Енді Жасұланға өзге көптеген студенттер сияқты ертеңгісін аспапқа кезекке тұрудың қажет жоқ – оның оқып жүрген уақыт бойы өзінің шығармашылық дарынын дамытуға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі болады.

«Сәби» қорының тек біржолғы қаржылық төлемдермен ғана шектеліп қалмай «әлемдіктерге» кешенді жан-жақты көмек көрсетіп отыратыны айтуға тұрарлық жағдай.

Бекмамбетовтың сценарийлер байқауы басталды

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қайырымдылық Қоры Тимур Бекмамбетовтың бұрында біз өзі жайлы сайтымыздың беттерінде жазып кеткен Сценарийлер байқауына серіктестік ету туралы ұсынысын құлшыныспен қабылдады, себебі бұл Байқаудың міндеттері лем Бағдарламасының міндеттерімен үндеседі. Қордың аталмыш жобадаға жұмысы ақпаратты жинақтау мен сұрыптауға, үміткерлермен коммуникативтік байланысты қамтамасыз етуге, ұйымдастыру міндеттеріне негізделмек.

24 наурызда Алматы қаласында Байқаудың басталуына арналған баспасөз-конференциясы болып өтті. Оның жыл сайын шілде айында Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Astana «көңілсіз емес кино» Фестивалімен орайластырылғаны туралы айтылып кеткен болатын. Біздің отандастарымызбен бірге жеңіс үшін АҚШ, Англия, Франция, спания, Корея мен Ресей сценаристері күресе алады. Жіберілген жұмыстарға өзінің құрамына әлемдік деңгейдегі ең үздік актерлер, режиссерлер мен продюсерлер енгізілген кәсіпқой әділ-қазылар баға береді.

Байқауға қатысуға үлкен кинода бағын сынап көргісі келетіндердің барлығын шақырамыз. Ол үшін бірқатар шарттармен танысып және www.astanafestival.kz не www.alemsaby.kz сайтына өтініміңізді тастасаңыз болды.

Біз осы жобаның серпінді жобаға айналып және «Базелевс» компаниясының біздің кішігірім қатысуымызбен ашқан жаңа жұлдызы әлемдік кинематографтың көкжиегіне жарқырап шығады деген сенімдеміз.

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2011 жылдың 1 наурызына қатысты есеп беру

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2011 жылдың 1 наурызына қатысты есеп беру Достар, естеріңізге сала кетейік, Қорымыз ҮЙ қорымен бірлесе отырып өзінің арқасында 303 баланың өмірі құтқарылған «Балаларға өмір сыйла» SMS-акциясын одан әрі жалғастыруда ! Марттың басына қатысты жиналған қаражаттың сомасы 1 754 876 АҚШ долларын құрады.

Осындай қайырымды іске қатысуға ниет білдірушілердің барлығына хабарлаймыз: Activ және Kcell абоненттері үшін қысқа 9099 нөміріне «1» саны бар хабарламаны және Beeline абоненттері үшін тура осы нөмірге «бос» хабарламаны жіберу арқылы сіз Акцияның арнайы шотына тікелей ақша аудара аласыз. Бір SMS-хабарламаның бағасы бұрынғыдай – 280 теңге.

Ат салысқаныңыз үшін рахмет!

Кәсіби тестілеудің екінші кезеңі өтті

By | «Білім беру» жобасы

Кәсіби тестілеудің екінші кезеңі өтті Жыл сайын екі кезеңмен өткізіліп отыратын балалар үйлерінің түлектерін кәсіби бағдар бойынша компьютерлік тестілеу шаралары биылғы оқу жылы аяқталды.

Ломоносов ат. ММУ-мен арнайы әзірленген «Кәсіби бағдар беру» компьютерлік бағдарламасын қолданумен өткен жылдың күзінде қамқорлыққа алынған балалар үйлерінің 9-11 сынып оқушыларына арнап өткізілген тестілеудің бірінші кезеңі балалардың мамандықты таңдау мәселесін шешу жолында бастапқы нүктеге айналды. Түлектердің қабілеті мен бейімділіктерін анықтаумен қатар бағдарлама оқушылардың жалпы білімдік пәндер бойынша біліміндегі олқылықтарды жоюға арналған ұсыныстарды әзірлеп берді.

Бірнеше айдан кейін өткізілген екінші кезеңді ұйымдастыру шаралары жасөспірімдердің өз-өзімен өз бетінше жұмыс жүргізу нәтижелерін тексеруге бағытталған болатын. Қорытындысы жаман болмады – тестілеуден өткен балалардың басым бөлігінің таңдаған мамандықтары қайтадан алдыңғысына сәйкес болып шықты, ал балалардың көпшілігінің осы уақыт ішінде өз білім деңгейін едәуір көтеруге мүмкіндігі туды.

Русский

Қазақ тілі

English