Monthly Archives

November 2010

Ризашылық күнгі алғыс айту

By | Жаңалықтар

Кеше балалар үйлерінде жыл сайынғы Ризашылық күні болып өтті. Бұл күні тәрбиеленушілерге жыл бойы қайырымдылық көмегін ұсынатын барлық достар, мейірбан жандар балалармен мерекені бірге атап өту үшін өздері қамқорлыққа алған мекемелердің шаңырағының астына жиналады.

Балалар болса, өз тарапынан қамқоршыларына деген құрметтік көзқарасы мен шын көңілінен алғыс білідрумен қонақтарға арнап керемет концерттік нөмірлер әзірлейді: оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды ұсынады, түрлі тағамдармен сый көрсетеді.

Қорымыз Алматы қ. №1 балалар үйіне барып қайтқан болатын. рине, біз мұнда құр қол келмедік: өзімізбен бірге ішіне көптеген сыйлықтар салынған екі үлкен сөмкені ала келдік. Олардың ішінде – су жаңа спорттық киімдер, оны балалар өздеріне арнап Қорымыз салып берген спорт алаңшаларындағы сабақтарға арнап киетін болады.

Астаналық « нватакси» қызметінде көлік саны көбейтілді

By | Жаңалықтар

Бүгінде Қазақстан мүгедектер конфедерациясы (Астана қ.) Қорымыз биылғы жылдың шілде айының басында 4-уін сыйға тартқан 6 «инватакси» автокөлігін пайдаланумен жүріп-тұруы ерекше қиынға түсетін 2 500 астаналықтар мен астана қонақтарына тегін көліктік қызметтер ұсынуда.

Алайда, практика көрсетіп отырғандай, автокөліктің тіпті осыншама санының өзі диспетчерлік қызметке келіп түсіп жатқан тапсырыстарды түгелдей орындау үшін жеткіліксіз. сіресе бұл мәселе қалада көпшілік шаралар өткізіліп, соған орай бірден көп адамды тасымалдаудың қажеттігі туындаған кезде айрықша байқалады.

Жағдайдан шығуға «Сәби» қорының Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына қосымша сыйға берілген арнайы Volkswagen Crafter автобусы көмектесе алады. Біздің барлық «инватакси» машиналарымыз тәрізді ол мүгедектік арбаларға арналған гидравликалық көтергіштермен жабдықталған, алайда өзге автокөліктерге қарағанда іші анағұрлым кеңірек, оның 3 арба қоятын және 6 отыратын орны бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс

By | Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурсКонкурсты жариялау
2011 жылғы 01 қаңтар мен 01 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен поэтикалық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

Конкурсты ұйымдастырушылар
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» КЕҰ

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және жасына мән берілмейді.

Конкурсты өткізу мерзімдері
Конкурс 2011 жылғы 01 қаңтар мен 01 мамыр аралығында өткізіледі.
Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым, 2011 ж.

Конкурстың мақсаты
1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсету, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар
Негізгі жеңімпаз балалар өлеңдерінің жинағы басылымына 5 беттік тегін жарияланым басу құқығына ие болады, 2-ші орыннан 5-ші орынға дейін жеңімпаз атанған қатысушыларға балалар өлеңдерінің жинағына 2 бетке тегін жариялау құқығы беріледі.
Балалар өлеңдері жинағының редакциясы әр алуан авторлардың жіберген өлеңдерінің ішінен тегін жарияланатын өлеңдерді өз қалауы бойынша іріктейді. Бұған авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Конкурс шарттары
Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: балалар өлеңдері.
рбір өлең жеке қаралады, сондықтан бір қатысушының жіберген жұмыстарының санына қарай екі немесе одан көп жүлделі орындарға қатысуға құқы бар.
Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;
экстремистік сипаттағы;
нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;
порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;
балаларға жағымсыз кері әсер ететін;
ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;
дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;
өмірден түңілген сипаттағы.
Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі
Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:
конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді;
өзі туралы қысқаша өмірбанядық анықтама береді (300 белгіден аспау керек);
өзінің өлеңдерін орналастырады.
Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Конкурстың жұмыс органдары
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.
Конкурс редакциясының:
Конкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.
Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.
Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.
Конкурс ұйымдастырушыларының:
әрбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді;
өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Қатысушыға:
Конкурс редакциясы іріктеген өзінің ұсынған шығармаларымен кез келген нтернет пайдаланушыға ашық болып табылатын Конкурс сайттарына жарыққа шығуға;
жеңімпаз ретінде балалар өлеңдері жинағының басылымына өзінің таңдамалы жұмыстарын ақысыз ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Конкурс қорытындылары
Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

Конкурс сайттарында жариялау;
әділқазылардың конкурс жеңімпаздарын анықтауы;
балалар өлеңдерінің жинағын бастырып шығару, бұл ретте жекелеген томдар қажетті материал көлемінің жинақталуына қарай кезең-кезеңмен шығатын болады;
Конкурс қорытындыларын ақпараттық хабарлау және баспаларға қатысушылардың байланыс нөмірлерін беру.
Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға
Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ балалар өлеңдері жинағының көлемі мен таралымын көбейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс
Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz
Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@old.saby.kz, erbaev@old.saby.kz
Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38

Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды

By | Жаңалықтар

Психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы іске қосылды Балалар үйінің тәрбиеленушілері өзінің аз ғана өмірінде аса ауыр психикалық жарақат алып, жағымсыз тәжірибеге ие болады. Олардың дүниетанымы өте қатты бұрмаланған және тиісті әлеуметтік дағдылар қалыптаспаған. Олар өркениетті қоғамдағы өмір жайлы ешнәрсе білмейді, алайда өзінде ұзақ уақыт болған сол бір күрделі ортаның әдеттерімен жақсы таныс.

Балалар қалыпты өмір сүруді армандап, жақсы адам болғысы келеді және сол үшін көп нәрсе жасайды, алайда балалар үйінің не интернаттың қабырғасынан шыққаннан кейін көбінеки жаман ортаға қайтып оралады; олардың өз бетінше өмір сүруіне біршама ақшасы бар, бірақ олар ол ақшаны тиімді жұмсай алмайды.

Толықтай мемлекеттің асырауында өмір сүрген ұзақ жылдардан кейін кешегі балалар үйінің түлектері өз бетінше өмір сүруге дайын болмай шығады. Олар өз құқықтарын білмейді және қорғай алмайды, өз бетінше жауапты шешім қабылдап және алға қойылған мақсатына қол жеткізе алмайды.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры осы бір елеулі мәселе бойынша ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді.

Біз балалар үйінің түлектеріне арнап мамандармен: дәрігерлермен, педагогтармен, психологтармен кеңес беру шараларын ұйымдастырдық. Сонымен қатар, әңгімелесуге қызықты адамдарды, табысты кәсіпкерлерді, өз саласының білікті кәсіби шеберлерін шақыртып отырдық. Олар балалармен өмірлік тәжірибесімен және өз жетістіктерінің құпияларымен бөлісті. рине, аса маңызды шараға жасөспірімдерді ересек өмірге даялау барысында солармен тікелей айналысып отыратын балалар әлеуметтік мекемелерінің қызметкерлеріне арнап психологиялық оқыту семинарлары мен тренингілерді өткізу ісі айналды.

«Сәби» қоры әлеуметтік бейімдеу жөніндегі маңызды қызметін жалғастырумен балалар үйі мен интернаттардың түлектерін психологиялық түзету жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Жоғары білікті машықтанушы психолог 7 ай бойы Алматы қ. № 1, № 2 және Алматы облысының № 1 балалар үйінің ересек балаларымен теориялық және практикалық сабақтар өткізетін болады. Арнайы әзірленген бағдарлама жас тұлғаның өмірлік қалыптасуының түрлі аспектілерін қамтиды: өмірлік жағдайлардан мысал келтіреді және жасөспірімдерге солардан шығудың дұрыс жолдарын ұсынады.

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2010 жылдың қазан айындағы есеп беру

By | Жаңалықтар

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша 2010 жылдың қазан айындағы есеп беру Біздің «Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша серіктесіміз «Мейірбандық» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының ақпараты бойынша 2010 жылдың қазан айына қарсы көптеген адамдар мен ұйымдардың әрекетінің арқасында Республикамыздың барлық аймақтарындағы 262 балаға тек Қазақстаннан тыс жерлерде ғана емдеуге болатын аурулар бойынша операция жасауға көмек көрсетілген.

Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 1.466.830 АҚШ доллар құрады.

Естеріңізге саламыз, Сіздің акцияға қатысып өз телефоныңыздан қысқа 9099 нөміріне 1 санын жазумен хабарлама жіберу арқылы 280 теңге көлемінде жарна салуыңызға болады.

Жас талант «Әлем» бағдарламасы бойынша консерваторияда оқитын болады

By | Жаңалықтар
Өзі жайлы біз бұрында жазып жүрген « лем» бағдарламасының қатысушысы Жасұлан Сыдықов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал және дирижирлеу факультетінің вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Қазақ ұлттық консерваториясының өзге ұстаздарының алдында өнер көрсетіп, олар жас әншінің дауысына жақсы баға берді.
 
Жасұланның арманы орындалды – 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап Қостанай қаласынан келген вокалист Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының даярлық курсына қабылданды.



«Сәби» қайырымдылық қоры оның музыкалық жоғары оқу орнында оқуы мен соның жатақханасында тұру ақысын төлеу міндетін өзіне алды.

Русский

Қазақ тілі

English