Monthly Archives

October 2010

нсульттан кейінгі науқастарды қалпына келтіру жөніндегі оқу сыныбы пайдалануға берілді

By | Жаңалықтар

№ 7 қалалық клиникалық ауруханада өзінің атқаратын қызметі жайлы өзіміз алдында сөз еткен инсульттан кейінгі науқастарды қалпына келтіру жөніндегі оқыту сыныбының тұсаукесері болып өтті сілтеме

Бұл оқиға жұртшылықтың үлкен назарына ие болды. Нысанды жабдықтау жұмыстары жүріп жатқан кезде-ақ өзінің негізінде сынып ашылған НСО-2 инсульттік бөлімшеге Алматы қ. денсаулық сақтау департаментінің бастығы Еркін Дүрімбетов келіп оның маңыздылығына жоғары баға беріп кеткен болатын.

лемдік тәжірибеде инсультқа шалдыққан адамдарға, сондай-ақ науқастарды ауруханадан кейін қалпына келтірудің басты ауыртпалығы өздеріне түсетін солардың жақындары мен туыстарына арналған арнайы оқыту бағдарламалары мен бейнесабақтар бұрыннан әзірленіп және қолданылуда. Енді біздің отандастарымыз да осындай қаһарлы аурудың алдын-алу және онымен күресу жөнінде барлық қажетті ақпаратты алып отыра алатын болады.

Фотосуреттер

«Әлем» бағдарламасы Қостанай қаласының жас талантына қолдау көрсетеді

By | Жаңалықтар

2010 жылдың қыркүйек айында «Сәби» қайырымдылық қорының (Welfare Fund “Saby”) дарынды балаларды, жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді іздестіруге және жас таланттардың дамуына ықпал етуге бағытталған “ лем” бағдарламасы жұмыс істей бастады.

Қордың қолдауына ие болуға алғаш үміткер – Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық нститутының он тоғыз жастағы студенті Жасұлан Сыдықов аса дарынды болып шықты: ол ән айтып, музыка жазады әрі көркемдеумен айналысады. Өзі жайлы ақпаратты www.alemsaby.kz сайтына жолдаған Жасұлан “ лем” бағдарламасының іріктеу комиссиясының – тіркелген қатысушыларға баға беретін білікті әрі беделді сарапшылардың назарына іліккен болатын.

Біз баланы Алматыға шақыртып белгілі қазақстандық сазгер Ренат Гайсинге көрсеттік, ол жас әншінің вокалдық дарынының бар екенін айтып және «ертеңгі күні біз үлкен сахналардан нағыз кәсіби шеберлердің өнеріне тәнті болу үшін бүгінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу қажет» деп атап кетті.

Жасұланның көптен бері аңсап келе жатқан арманы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқу ендігі уақытта жүзеге аспақ – оқу орнында алдын-ала іріктеуден сәтті түрде өткен жағдайда “Сәби” қайырымдылық қоры оның білім алу грантын қаржыландыруға дайын. Болашақ сахна жұлдызына қажырлық пен шыдамдылық тілей отырып бірнеше жылдан кейін біз оны Қазақстанның сахнасынан ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі беделді өнер сахналарынан көретін болармыз деген үмітімізді білдіргіміз келеді.

Ольгаға Мәскеуде көмек көрсетіледі

By | Жаңалықтар

Ольгаға Мәскеуде көмек көрсетіледі Өмірдің тауқыметін көріп отырған, сол не өзге түрдегі ауруларға шалдыққан адамдарға көмек көрсету, әдетте, өзінің әзірленіп және бекітілген жобалары бойынша жұмыс істейтін «Сәби» қорының негізгі қызмет түріне жатпайды. Дегенмен кейде біз өздерін сырт айналып кетуге, өзіне Қазақстанда ешкім көмектесе алмайтын адамға қолдау көрсетуден бас тартып қалуға болмайтын жағдайларға кез болып отырамыз.

«Миастенияның генералданған формасы» диагнозы қойылғаннан кейін 22 жастағы алматылық бойжеткеннің кезінде қуанышқа толы және алаңсыз өмірі азапқа айналды.

Бұл өте сирек кездесетін ауруларға жатады және біздің елімізде әзірше емделмейді, алайда бұл ауру түрі біздің жақын көршілерімізде – Сеченов атындағы Ресейлік нститутта емделетіндіктен, «Сәби» қорының басшылығы айрықша ретінде Л.Ольгаға Мәскеу қ. медициналық мекемесіндегі соның операциясы мен реабилитациялау шараларын қаржыландыру түрінде қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдады.

Русский

Қазақ тілі

English