Monthly Archives

August 2010

Жаңа оқу жылының басталуымен!

By | «Білім беру» жобасы

Жаңа оқу жылының басталуымен!

Колледжді өзің таңдадың,
Емтиханын тапсырдың.
Түсуіңмен құттықтаймыз,
Таңдауыңды мақұлдаймыз!
Осы күнді ұмытпа –
Өміріңді өзгертер
Бұл алғашқы қадамың
Шеберліктің шыңына!

«Сәби» қайырымдылық қоры Білім беру жобасына қатысушы – Алматы, Өскемен және Қызылорда қалаларының балаларын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге оқуда жігерлік мен табыстар, сондай-ақ жақсы көңіл-күй тілейміз !

«Инватакси» пайдалану бойынша қатаң есептілік дамытудың қажетті шарты

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы Қазақстан облыстарын барған сайын кеңінен қамтуда. Бұл жобаның жұмысын «Сәби» қоры арнайы машиналарды сатып алумен ғана шектелмей, мақсатқа лайықты және тиянақты түрде жүргізуде, – біз оларды бұдан арғы уақыттағы пайдалануды « нватакси» аймақтық қызметтердің негізінде міндетті түрде бақылап отырамыз.

Кемінде жыоына екі рет автокөлік алушылар Қорға оларды пайдалану бойынша есеп беріп отырады. Қазіргі уақытта жартыжылдық есептіліктің кезекті мерзімі жақындап қалды. «Сәби» қорына машиналардың жүріс жолы туралы, техникалық күйі, тасымалдаулардың мақсаттық арналуы, жолаушылардың контингенті мен жастық құрамы туралы ақпарат келіп түсіп отырады.

Бұл деректер қозғалуы ерекше қиындықты тудыратын, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың бұдан арғы кезеңдерін жоспарлау кезінде қолданылады.

2010 – 2011 Білім беру жобасы бойынша ақпарат

By | «Білім беру» жобасы

Биылғы жылы колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға арнап грантқа ие болған, «Сәби» қорының Білім беру жобасының қатысушылары – 9-11 сынып оқушыларының оқуға түсу емтихандарын тапсыру кезеңі аяқталуда.

Қазіргі уақытта талапкерлер мен оқу мекемелерімен қажетті құжаттарды ресімдеу процесі жүруде.

Жаңадан оқуға түсушілерге мынаны хабарлаймыз, сондай-ақ Қордың қаражатының есебінен оқып жатқан студенттердің есіне саламыз: 2010-2011 оқу жылының бірінші жартыжылдығының төлемақы шотын қыркүйектің біріне дейін ұсыну қажет.

Мүгедек адамдарға арналған автобустық туристік бағытты іске қосу бойынша баспасөз-конференциясы болып өтті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Шілденің 11-інде қозғалуы ерекше қиындық тудыратын, сонымен қатар арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған қаланың көрікті жерлері бойынша демалыс күнінің алғашқы экскурсиялық маршруттары басталды, бұл адамдардың көпшілігі қала көшелеріне көп жылдан бері алғаш рет шығып, қазіргі мегаполистің тіршілік ырғағын толықтай сезіну мүмкіндігіне ие болды. Шараның ұйымдастырушылары ретінде ҚМЭБ студенттері мен оқытушылары шықты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу – Қорымыздың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының негізгі міндеті, бұл шара бойынша біз екі жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Ол мүгедектігі бар адамдарды реабилитациялау және социумға ықпалдастыру үшін арнайы әзірленген. Сол себептен, бізге ҚМЭБ-дың бастамашы тобы мүгедектерге арнап туристік бағытты ұйымдастыру идеясын ұсынумен келген кезде біз оны қуана-қуана қолдадық.

«Сәби» қоры шараны өткізу кезеңіне арнап жүргізушісі бар және қажетті мөлшердегі ЖЖМ құйылған екі «мүгедектер таксиі» автокөлігін бөлуге мүмкіндік тапты.

Қозғалу әдісі кемтар адамдарға қоғамның өміріне белсенді түрде ат салысып отыруға мүмкіндік береді. Және аса қуантарлық жайт, бұл мәселенің жастарды – еліміздің болашағын толғандырып отырғаны.

№7 қалалық аурухананың нейро-инсульттік бөліміне жасалған сыйлық

By | Медициналық жоба

№7 қалалық аурухананың нейро-инсульттік бөліміне жасалған сыйлық «Сәби» қорының тұрақты достары Алматы №7 қалалық аурухананың өзіміз қамқорлыққа алған № 2 НСО бөліміне өте қажетті сыйлық жасады, мұндағы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттер ұзақ уақыт емделуде жатады және, ауруына байланысты көбінеки қозғалу мүмкіндігінен айырылған.

Жіті нейро-қан тамырларының патологиясына шалдыққан науқастарды сәтті түрде емдеудің кепіліне ұзақ уақыт төсек тартып жату режимімен байланысты түрлі асқынулардың алдын-алу жататынын ескерумен бөлімшеге қажетті дененің ойылуына қарсы матрацтарды жасауға арналған арнайы поролондық материал берілді

«Сәби» қоры Қазақстанның үш қаласына мамандандырылған автокөліктің тағы алты бірлігін сыйға тартты

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Ақтөбе, Семей және Павлодар қалалары мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мүгедектік арбаларға арналған арнайы көтергіштермен және оларды автокөлік салонында бекітіп қоюға арналған құрылғылармен жабдықталған Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктерінің екі-екі данасына ие болды.

Осы қалаларда мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша « нватакси» қызметтері құрылады. Көлік қызметтерін одан әрі қаржыландыру ісін қалалық билік органдары өздеріне алады.

Аймақтардағы « нватакси» қызметінің шекараларын кеңейту – бұл Қорымыздың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жасап отырған жұмысындың кезекті қадамы.

Семейдегі “Мүгедектер таксиі” қызметінің фотосуреттері

Павлодардағы “Мүгедектер таксиі” қызметінің фотосуреттері

Ақтөбедегі “Мүгедектер таксиі” қызметінің фотосуреттері

Кеше Астанада «Инватакси» астаналық қызметінің ашылу салтанатына орай баспасөз-конференциясы болып өтті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Кеше Астанада « нватакси» астаналық қызметінің ашылу салтанатына орай баспасөз-конференциясы болып өтті Бұл шараның негізгі сарыны – Астана қаласы тұрғындарының жағдайы төмен топтарына нақты көмек көрсету. Бүгінде солтүстік астанамызда өздері үшін «мүгедектер таксиі» қызметі – өзінің қозғалыс еркіндігіне қатысты конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың жалғыз ғана мүмкіндігі болып отырған төрт жүзден астам адам бар.

«Сәби» қорынан мамандандырылған автокөлікке ие болған, өздерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау бағдарламалары жүзеге асырылып отырған өзге сегіз қаладағыдай, кеше Қазақстан мүгедектер конфедерациясына сыйға берілген төрт автокөлік те өздерінің жүріп-тұруы ерекше қиындық тудыратын адамдарды, ең алдымен арбамен қозғалатындарды тегін тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында пайдаланылатын болады.

Қор өзінің шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша «Мүгедектер таксиі» қызметтерін дамыту жұмысын жүргізіп отырған «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы тағы бір аса маңызды және елеулі қадам жасады.

Тақырып бойынша сілтемелер:

Қазақпарат
Диапазон.kz
“Кешкі Астана”
“Экспресс-К”

“Мүгедектер таксиі” тұсаукесерінің фотосуреттері

«Сәби» қоры Қазақстанның аймақтарына арнап «Инватакси» машиналарының кезекті партиясын сатып алып қойды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Сәби» қоры Қазақстанның аймақтарына арнап « нватакси» машиналарының кезекті партиясын сатып алып қойды Өзінің міндеттерінің бірі – Қазақстанның барлық аймақтарын кемтар адамдарды тасымалдауға арналған автокөлікпен қамтамасыз ету болып табылатын «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде ат салысып отырған демеушілердің қолдау көрсетуінің арқасында арнайы техниканың тағы 6 бірлігін сатып алумен аталмыш шараны одан әрі жалғастыруға мүмкіндік туды.

Бес айдан кейін, яғни Германиядағы автокөліктерді жасау, қайта жабдықтау және Алматыға жеткізу үшін қажет болатын уақыт өткеннен кейін, «әлеуметтік таксилер» Қазақстанның тағы үш қаласының мүгедектер қоғамдық ұйымдарына берілетін болады.

«Жанұя» МК жаңа оқу жылын жаңарған күйінде қарсы алады

By | Қордан сыйлықтар

Замануи стандарттарға сәйкес түрде жүргізілген тіпті ең сапалы күрделі жөндеудің өзі уақыт өте келе өзіне қайта көңіл бөлуді қажет етеді. Оның үстіне, егер бұл өзінде бір мезгілде шамамен 200 бала тұрып және оқытылып жатқан нысан болып отырса.

Мінеки сол сияқты Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешеніндегі бірнеше жыл бұрын салынған кішкентайларға арналған бала-бақша мен асханалық кешен де жаңалауды қажет етуде. Және тәрбиеленушілердің ұқыпты қарауы мен қызметкерлердің көңіл бөлуінің арқасында нысандардың жағдайы жалпы алғанда жақсы болғанымен, олардың сыртқы түрін жаңа оқу жылына қарсы жаңартып қою қажет.

Осы мақсатқа арнап «Сәби» қоры «Жанұя» МК-ның есепшотына мекемені ағымдағы жөндеуден өткізу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға арнап қажет етілетін соманы аударды.

Русский

Қазақ тілі

English