Monthly Archives

May 2010

Балаларды қорғау күніне қарсы «Сәби» қоры Қарақастек Балалар үйіне жаңа медициналық жабдықты сыйға тартуда

By | Медициналық жоба

Балаларды қорғау күніне қарсы «Сәби» қоры Қарақастек Балалар үйіне жаңа медициналық жабдықты сыйға тартуда «Сәби» қорымен былтыр қамқорлыққа алынған Қарақастек балалар үйі қайта назарымызда. Демеуші – «Отан» Зейнетақы Жинақтау Қорының қатысуының арқасында балалар мекемесіне арнап медицна жабдығын сатып алу мүмкіндігі туындады.

Сонау кеңес заманынан бері келе жатқан ескі аппараттар моральдік тұрғыдан ескіріп қана қоймай, қолдануға жарамсыз күйге келген.

Аударылған ақшалай қаражаттарға біз аса қажетті заттың барлығын сатып алдық: электротерапияға арналған аппарат, тасымалданатын ингалятор, емдеуге арналған сынап-кварцтік сәулелендіргіш, қабырға-төбелік бактерицидтіке сәулелендіргіштер, нәрестені орау үстелдері. Сыйлық керемет мереке – Балаларды қорғау күніне қарсы орайластырылған.

2010 жылы «Сәби» қорының білім беру гранттарын алуға үміткерлерді іріктеу қорытындылары жасалды

By | «Білім беру» жобасы

Биылғы жылы «Сәби» қорының Білім беру гранттарының бақытты иеленушілеріне Алматы қаласы мен облысының 9-11 сынып түлектері ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның өзге аймақтарының балалары айналды.

Күрделі жұмыс жүргізумен біз ең лайықты деген үміткерлерді таңдадық. Барлығы ескеріліп отырды: үлгерімі, мінез-құлқы, мектеп пен Балалар үйінің қоғамдық өміріне қатысуы және өзге де көптеген жағдайлар.

Гранттардың биылғы жылы санының аз болуына орай өте қиынға түскен іріктеудің қорытындылары мынадай:
– Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 Қызылорда мектеп-интернаты 3 орынға ие болды;
– Өскемен қ. «Үміт» балалар үйі – 2;
– Алматы қ. №1 балалар үйі – 1;
– Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешені – 2;
– Нүсіпбаев ат. Алматы облыстық қазақ мектеп-интернаты – 5;
– Алматы қ. Жасөспірімдер үйі – 1.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың оқуға түсу емтихандарынан сәтті өтуіне тілектеспіз!

Русский

Қазақ тілі

English