Category

Ұлылардың дана сөздері

Америка ұлтының көсбасшысы

By | Ұлылардың дана сөздері

Америка ұлтының көсбасшысы ЭМЕРСОН, РАЛФ УОЛДО (Emerson, Ralph Waldo) (1803–1882) – американдық жазушы және философ, қоғам қайраткері, АҚШ-тың ең көрнекті ойшылдардының бірі. 1821 жылы теологиялық білім алған Гарвардты бітірді. Брама (Brahma), Күндер (Days), Қарлы боран (The Snow-Storm) және Конкорд әнұраны (Concord Hymn) – сияқты кейбір поэмалары американың әдеби классиктің жанрына кірді.

Ф. Нице сияқты ұлы философқа ықпалын тигізе арқылы Германия оқырмандарының көңіліне ие болды.

Эмерсон Ресейде Лев Николаевич Толстойға және тағы басқа орыс жазушыларына күшті әсерін тигізді. Л.Н. Толстойдың күнделіктеріндегі, хаттарындағы және мақалаларындағы бірқатар пікірлері Эмерсонның философиясымен ұқсастығын көруге болады. Толстой американдық ойшылды «христиандық діни жазушы» деп жоғары бағалады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ральф Уолдо Эмерсон америка ұлтының рухани басшысы ретінде Бенжамен Франклин қайтыс болғаннан кейін орнын алды.

ЭМЕРСОН:
«Құшақ – ең қымбат сыйлық: көлемі жағынан бәріне лайықты және егер оны қайтарсаңыз ешкім қарсы болмас».

«Тартып тұрған жолмен жүрме, жол жоқ жерге барып ізіңді қалдыр».

Артымызда қалғанның бәрі және алдымызда тұрғаны – ішімізде тұрғанмен салыстырса ұсақ-түйек».

«Адам деген оқып жатқан кітаптарынан құралады».

«Өмірде өзіңізден басқа ешкім сізге жан тыныштық әкеле алмайды».

«Шынайы данышпан келген кезде жан-жағындағы надандар оған қарсы қастандық жасайды».

«Айтқан сөзің келбетіңе сай болу керек».

«Данагөй әрқашанда оған қарсы шыққан адамдарды түсінуге тырысады. Өйткені ол үшін өзінің кемшіліктері алдымен білу өте маңызды».

«Достастықтың жарығы – қол ұшын бергенде емес, адал күлкісінде емес, қуанышты ынтымақтастығында емес; ол – оған сенетін басқа адам бар екені және оған достық ретінде сенуші болатынын түсінген кезде адамға түскен рухани нұрға бөленуінде».

http://ru.wikipedia.org/wiki/Эмерсон,_Ральф_Уолдо
http://www.inpearls.ru/author/1272/2

Тони Гуэрраның «ауаға ілінген» кофесі

By | Ұлылардың дана сөздері

Тони Гуэрраның «ауаға ілінген» кофесі Тонино Гуэрра (1920 -2012) – итальяндық ақын, жазушы және сценарист. Ол жүзден аса фильмдердің сценарийлерінің авторы, олардың басым көпшілігі әлемдік кинематографтың алтын қорына енген, мысалы: « тальянша некелесу», «Блоу-ап», «Забрийлік Пойнт», «Амаркорд», «Кеме жүзеді», «Джинджер мен Фред» және тағы басқалары. Екі «Оскарға», үш «Алтын арыстан» сыйлығының иегері, Каннада өткен фестивальдің алты рет және Донателла сыңының екі рет үміткері болған. 



Жиырма жастағы бозбала кезінде ол неміс концлагеріне түсіп, өмір мен ажалдың ортасында жүріп, еш қиындыққа қарамастан өлең шығарып, барлығын жатқа білген, өйткені шығармалын жазуға не қаламы не қағазы да болмаған. Осындай шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі жылдар өте Гуэрраны кино әлеміне жеткізді. Өмірдегі өткен күйзелістер жарқын адамды қажытпады, керісінше ол ұзақ және бақытты ғұмыр кешіп, айналысына тек жақсылық таратқан.


Мәскеу қаласында соңғы кездесулерінің бірінде, радиода одан сұхбат алған кезде, кинодраматург осындай бір керемет әңгіме айтып берген болатын:
 
«Атақты режиссер Де Сикидің « тальянша некелесу» фильміне сценарий жазып жүрген кезімде, мен Неапольға келіп, онымен бірге бір кафеде кезіккенмін. Сыртынан қарасаң, вокзалдың төірегінде орналасқан жай ғана кафе , жаз кезі болғандықтан есіктері айқара ашылған. Ішке қарай екі адам кірді, отыра салысымен: «Бізге бес кофе беріңізші, екеуін әзір ішіп аламыз, ал үшуі ауаға ілініп тұра берсін», деп тапсырыс берді Осыны айтқан соң кассаға барып бес кофе үшін төлеп, екеуін ішіп алып, өз жолдарымен жөнеле берді. Түкке түсінбеген мен Де Сиккиден сұрадым: «Бұнысы несі? Ауаға кофені қалай ілмекші?» Ол: «Кішкене кідіре тұр. Кішкене дейін бәрін түсінесін» деді. Содан кейін тағы бірнеше адамдар кірді. Арасында болған қыздар екі кофе ішіп екеуіне төледі, ал үш адвокат жеті кофеге тапсырыс беріп, үшеуін ғана ішті, қалғанын «ауаға іліп» кетті. ңгіме үстінде түс ауа бастады. Есік сол қалпынша ашық, күннің шуағы кафенің бет жағына барынша төгілген, бір мезетте мен аулаға көз алмай қарап қалдым, осы кезде есікке қараңғы көлеңке жақындап келе жатқан сияқты болды, қарасам ескі-құсқы киінген кедей адам, біраз кідіріңкіреп есіктен басын ғана сұғып: «Ауаға ілінген кофелеріңіз бар ма?», деп сұрады…»[/i]



Осындай ғажап әдет Неапольдан келіпті, ол жер тек кофе ғана емес, жарлы адамдарға тамақ та қалдырып жатады. Осындай қайырымдылық істер, аз ғана шығын шығарса да күнделікті өмірдегі іс-әрекеттін ілтипатын ерекшелендіреді.

Хорхе Букайдың өсиет әңгімелері

By | Ұлылардың дана сөздері

Хорхе Букайдың өсиет әңгімелері Бүгін біз «Ұлылардың дана сөздері» айдарында біздің оқырмандарды қазіргі кездегі аргентиналық әдебиетінің жұлдызы, әйгілі психолог және психъотерапевт Хорхе Букаймен таныстырғымыз келіп отыр. Оның кітаптары әлем бойынша 18 тілге аударылды, ал жалпы таралым саны 2 миллион данадан асып түсті. 

Латиноамерикалық баспашылардың айтуы бойынша, күнделікті қоғамдық көлікте кемінде екі-үш адам доктор Букайдың кітабын аса ынтамен оқып отырғанын байқауға болады.

Сыншылар болса: [i]«Осындай данышпан, сонымен қатар оптимисті жазушы күрделі нәрселерді қарапайым тілмен жеткізудің хас шебері болып табылады. Оның кітаптарын оқып шыққан адам, психотерапевтке барып келгенмен тең»[/i] деп бағалады.

Хорхе Букайдың шығармаларының басты ерекшеліктері: қызықты сюжет, әзіл және даналық, өмірге деген құштарлық, өз-өзінді түсіністікке келтіріп махаббатқа жету болып табылады.
 
[i]Сақинаның нағыз бағасы[/i]



Хорхе Букайдың өсиет әңгімелеріКүндердің бір күнінде Данагөй адамға жас жігіт келіпті:
-Менің сізге келген себебім, мен өзімді сондай бейшара және түкке тұрғысыз сезініп, өмірге деген құштарлығымды жоғалттым. Жан-жағымдағылар мені бейбақ, босаң және нақұрыс ретінде ғана санайды. Өтінем, көмек беріңізші, не істеуім керек!
Данагөй бозбалаға көз қиын ғана салып қойып, асығыс жауап берді:
-Кешірім өтінемін, әзірге менің қолым бос емес болып отыр, сондықтан да көмектесуім екі талай. Маған қазір өте маңызды жұмысты істеу керек еді, – деп, сәл ойланып болғаннай кейін: – Бірақ егер де, сен маған ісімді атқаруға көмектессең, мен саған аса құштарлықпен сенің мәселеңді шешуге ат салысар едім, – деді.
-А?…әрине, Данагөй, – деп әрең дауысын шығарған жас бала, өзіне тағы да көңіл аудармағанын ұғынып іштей күйінді. 
-Келістік, – деді Данагөй. Сосын сол шынашағынан шағын сақинаны щешіп, – Мынаны ал да, атқа отырып базарға бар! Маған осы сақинаны тезірек сатып, мойнымдағы бір қарыздан жылдам құтылу керек. Өз тарапыңнан сен ол үшін көбірек ақша алуға тырыс, ең бастысы оған бір алтын ділдадан кем алушы болма! Шауып барып, тезірек қайт!
Бозбала сақинаны ала салып шауып жөнелді. Базарға келе салысымен саудагерлерге сақинаны ұсына бастады, басында олар қызыға оның тауарын қарастырған болатын. Алайда бағасын бір алтын ділда деген кезде, барлық ықыласы бірден жоғалып кететін. Біреулері оған бетіне ашық күліп, екіншілері тіптен көңіл аудармады, тек бір егде жастағы саудагер оған сыпайы түрде оған бір алтын ділдә тым қымбат екенін, сақина үшін қола ділдә, әрі кеткенде күміс ділдә екенін айтты. Қарт кісінің сөздерін естігенде жас жігіт өте уайымдатты, өйткені ол Данагөйдің алтын ділдәдан төмен түсірме деген талабын есінде сақтаған болатын. Бүкіл базарды аралап, жүз шақты адамға сақинаны ұсынған бала, ақыры сата алмай, атына мініп Данагөйге құр қол оралды. Ол өзінің сәтсіздігіне қатты түніліп Данагөйге келді. 
-Данагөй, мен Сіздің берген тапсырмаңызды орындай алмадым, – деп басын түсірді. – Ең көбі бұл сақина үшін мен екі күміс ділдә алғандай едім. Бірақ Сіздің талабыңыз бойынша мен алтын ділдәдан кем алмауым керек болған. Ал бұл сақина соншама ақша тұрмайды. 
-Балам, сен қазір ғана дұрыс нарсе айттың! – деп Данагөй басын көтерді. – Сақинаны сатар алдында оының шынайы бағасын біліп алу қажет еді ғой! Ал оны нағыз бағалайтын кім? рине, зергер! Тезірек зергер шауып барып, одан қанша тұратынын сұра. Қанша ақша ұсынса да, сен оған келіспей маған қайта кел.
Бозбала атына міне салысымен-ақ, тезірек зергерге жетті. Зергер үлкейткіш әйнекпен сақинаны қарап, сосын кішкене таразыға өлшеп, жігітке бет бұрды:
-Данагөйге айта бар, мен бұл сақинаға әзірге бере алатыным тек елу сегіз алтын ділдә. Бірақ та ол келіспей бара жатса, бірер уақыттан кейін одан жетпіске алуға даярмын.
-Жетпіс ділдә?! – деп, қуанышы қойнына сыймаған жігіт ақырып жіберді. Ол зергерге алғысын білдіріп, қайта жөнелді. 
-Енді мені тыңда, – деді данагөй алдымен жігіттің шаттанған әңгімесін тыңдап болып. - Сен осы сақинасын. Сондай асыл және ерекшесін! Сенің тұрарлық бағаңды тек нағыз сарапшы ғана біле алады. Енді неге сен базарда жүргендей, әркімнің айтқан сөзге құлақ елеп жүрсіз?
Осы сөздерден кейін Данагөй өз сақинасын сол шынашаққа қайта тақты.[/i]


[i]Өз-өзіңе лайықты бол[/i]



Хорхе Букайдың өсиет әңгімелеріБір күні патша өз бақшасына келсе, ағаштардың, бұталардың және гүлдердің өлейін деп жатқанын байқады. Мен Қарағай сияқты биік бола алматындықтан өлейін деп жатырмын деді Емен. Патша Қарағайдың күйінгенін көріп: ол Себет тал секілді жүзім бере алматынын ойлағанынан бүгіліп кетіпті. Ал Себет тал, Раушан гүл секілді гүлдене алмайтындықтан қурап бара жатыр екен. Раушан гүл, Емен сияқты күшті және қуатты болмайтындығынан жылап тұр.
Сол сәтте ол алдынан тамаша гүлденіп Фрезияны кезіктірді. Патша одан сұрады: 
-Сен солып және көңілсіз қалған бақшаның ортасында сен ғана өсіп өніп тұрсың? Бұл қалай болғаны?
Сол кезде сем гүл:
-Білмеймін. Мүмкін, сен мені отырғызған кезде, кейін өскен кезде Фрезияны күткен болар деп ойладым. Егер сен бақшаңда тағы бір Раушан гүл немесе Емен ағашын қаласаң, тағы да оларды отырғызар едің. Сол кезде мен өзіме: мен Фрезия қаншалықты әдемі болса, соншалықты тырысамын деп өзіме серт бердім.

Құдай бізді әр-қайсысымызды әр-түрлі етіп қылып жаратты, ешкімге ұқсатпай, ешкімге еліктіртпей. Сондықтан өз-өзіңе лайықты бол, қабілетіңе сай, қолыңнан келетін ісіңді жасап, одан ары жетілдір. Бұдан ғажап тағы не болуы мүмкін ?[/i]

Альберт Эйнштейннің 10 ақылды ой-пікірлері

By | Ұлылардың дана сөздері

Альберт Эйнштейннің 10 ақылды ой-пікірлері Бүгін біз қызықты тұлғаны еске алғымыз келеді, теориялық физиканың негізін қалаушысының бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Альберт Эйнштейн (1879-1955) . 

рине, көбісінің көз алдына, тілін шығарған фотосуреті келген шығар – Альберт атамыздың мысқыл сезімі орасан зор болған:

[i]Бір күні Энштейн Принстон дәлізімен келе жатып, ал қарсы алдынан – тәжірибесі жеткіліксіз, жас физик шықты.
Сол кезде ол Эйнштейнмен теңесе, оның иығынан дөрекілеу тарсылдатып, қолдай сұрады:
– Ал, қал-жағдайын қалай әріптес?
-  ріптес? – таң қала Эйнштейн қайтадан сұрады. – Қалайша,сонда сізде ревматизіммен ауырасызба? [/i] (http://www.albert-einstein.ru/facts/)




Барлығы ұлы ғалым Эйнштейнді біледі, бірақ оның көз жеткіссіз пацифист болғанын және өмір, адам және адамзат туралы көп ойланатын, философ болғанын, барлығы білмес. Ал енді, бірге оның он ақылды ой-пікірлеріне ойланып көрейік. Ондаған жылдардан ауысқан ой-пікірлері, қазіргі кезде маңызды да және талапқа сай болып келеді.
 
Ешқашан жаңылмаған адам – ешқашан, жаңадан бір зат жасап көрмеген.[/i]Осыған ұқсас тағы бір мақал бар: «Тек қана еріншек қателеспейді». Расында, егер бәрінен қауіпсіне берсең және де еш шара қолданбасаң, өз өміріңде ешқандай оңған өзгерістер болмайды.

рекет жасаңдар !

Білім деген – Мектепте үйреткеннің барлығын ұмытып, содан есіңде қалған заттар. [/i]Шыныменде мектепті бітіргеннен кейін кейбір заттар ұмытылып кетеді. Бірақ та үлкен қызықшылықпен оқылған заттар, ойыңда мәңгі сақталады. Ұнайтын пәндеріңе үлкен көңіл бөліңдер. 



Өз ой-сезімімде, суретші сияқты сурет сала аламын. Ой-сезім білімге қарағанда маңыздырақ. Білім шектеулі. Ой-сезім бүкіл әлемді қамтиды. [/i]

Адам, қиялының арқасында, қазіргі кезде адам баласы ғарышқа ұша алады, мұхитты жүзіп өте алады, жер шарының екінші шетінде тұрған достарымен тілдесе алады. Ойлана беріңдер, бәлкім біз он жылдардан кейін, уақыт ішінде сапар шеге алатын шығармыз!



Шығырмашылықтың құпиясы өз шабытының бастауын жасырын ұстауда. [/i]

ә, расында бүкіл әлемге, кітап авторының осындай тамаша кітапты қалай жазғанын немесе сондай ғажайып мүсүнді қалай жасау керегін жариялау кажеті жоқ. Жауһар құпия болып калу керек, сол кезде ғана ол тартымды болады.



Адамның құндылығы шығара алатын іс әрекетімен емес, өз берісмен анықталу тиіс. Құнды адам емес, табысты болуға тырысыңдар. [/i]

Махаббат, қуаныш және мүмкіншілікті сыйлай біліңдер, сол кезде сыйыңыз жүз есе арта қайтып келеді.



Өмір сүрудің екі амалы бар: Өмірде ғажап болмайды деп өмір сүруіңізге болады немесе осы әлемдегінің бәрі ғажап деп өмір сүріңіз. [/i]

Бірінші амалды таңдап, сіз өміріңізді қапа мен түңіліске толы қызықсыз өткізесіз, ал екінші жағдайда мүлдем басқаша өзгереді-әр күніңіз қуаныш пен табыс әкелетін бірегей сыйлық болып келеді.



Өз-өзімді ізденісте болғанда, және өз ойлау әдістерін іздеу кезінде, менің ой-сезімім, қиялдарым, абстрактілі ой-пікір қабілетіме қарағанда әлде қайда маңыздырақ екен деген шешімге келдім. [/i]

Қиялдауға қорықпаңыз! Оңды ойлау-табыс құпиясы болып саналады.



Отардың ішінде мінсіз мүше болу үшін, ең біріншіден жұмсақ мінезді болу керек. [/i]

рине қоғам ішінде өзіңді талаптарға сай үйлестіре, өмір сүре білу керек. Барлығына кесе-көлденең шығу дұрыс емес. Сонымен қатар, жекеше дені сау тұлғаны сақтау, маңызды болып келеді.



Ойынның ережелерін жаттап алу керек. Содан соң ойынды бәрінен де озық ойнау керек. [/i]

Жаңа ұжымға кірерде, өзіңізді алдыға шығармаңыз. Біріншіден назар аударып уйренуіңіз керек. Жалғыз амалыңыз, басқалардан жоғары тұру, ол үшін – оларға қарағанда көбірек білу керек екендігі және көбірек істеу керек екендігін, есте сақтау маңызды.



Тоқтамай сұрақ қою өте маңызды. Қызықшылық адамға жайдан-жай берілген жоқ. [/i]

Білімге деген құмарлық – табысты болашақтың белгісі. Жаңа ойды сіңдіре беріңіз.Сұрауға ұялмаңыз. Біліміңдегі кемістіктерімен қалғанша, одан да аса тәжірибелі адамды мазалаған дұрыс болып саналады.



Біз ұлы Альберт Эйнштейннің нақыл сөздерін дәл солай түсініп және баяндап бердік. Мүмкін біздің ойымыздан бөлек, сіздерде өзгеше ой-пікірлеріңіз туған шығар. Сол туралы[email=alem@old.saby.kz” style=”color: rgb(175, 151, 108); text-decoration: none; border: 0px; font-family: Tahoma, Arial, Helvetica, sans-serif; text-align: justify; word-spacing: 0px;]жазыңыз[/email], бәрімізге де қызықты. Өзіндік идеялар біздің сайтымыздың беттерінде жарияланады.

Абай сөзі

By | Ұлылардың дана сөздері

Абай сөзі Абай Құнанбаев (1845 – 1904 жж.) – ұлы қазақ ағартушысы, ақын, классик және композитор.

Қазақ әдеби тілінің құрылуына, Абай үлкен үлесін қосты және артынан өшпестей, көркемдік мұра қалдырған.

«Қара сөздерінде» философ, адам және адам баласы туралы, әлемнің күрделi қарама-қайшылығы туралы, ғылым мен білім туралы, халқымыздың тарихы және салт-дәстүр туралы ойланады.

Сол жұмысының кейбір үзінділерін жариялаймыз. Абай сөздері өткір және қазіргі заманға сай келеді
 
***



Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.



***



Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

уелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. рбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

рбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к…н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?



***



Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік – адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол – надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол – наданның наданы, ләкин өзі адам емес.

Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді.



***



Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: 

әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; 

екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; 

үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. 

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.



***



Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

– Білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

– Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас – өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

рбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

– Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!



***



1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

5. кесінің баласы – адамның дұшпаны. 

Адамның баласы – бауырың.

6. Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

8. Сократқа у ішкізген, оанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

9. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

11. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

12. Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

13. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

14. Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к…н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

15. Егер ісім өнсін десең, ретін тап

16. Биік мансап – биік жартас 

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, 

Екпіндеп ұшып қыран да шығады; 

Жікшіл ел жетпей мақтайды, 

Желөкпелер шын деп ойлайды.

17. Дүние – үлкен көл, 

Бай мен Пайғамбардың қайырымдылық жайында әңгімесі

By | Ұлылардың дана сөздері

Бай мен Пайғамбардың қайырымдылық жайында әңгімесі Джебран Халиль Джебран (1883-1931) – XX ғасырдың әйгілі ливандық және американдық философы, суретшісі, ақыны және жазушысы. Бишари қаласында дүниеге келген, 12 жасында анасымен және әпкелерімен АҚШ қоныс аударған.

Халил Джебранды атақты еткен 1923 жылы жарық көрген The Prophet (Пайғамбар) атты кітабы ақынның философиялық шыңын айқындады, 100-ден астам тілге аударылған.

Оқырмандардың назарына аталған шығарманың үзіндісін – бай мен Пайғамбардың қайырымдылық жайында әңгімесін ұсынбақпыз (орыс тілінде): 

 
Затем говорил богач: 
–               Раскажи нам о том, как следует ДАВАТЬ.
ответил он:
–               Вы даете, но ничтожно мало, когда даете от того, чем владеете.
 Лишь тогда, когда даете от себя, вы воистину даете.
     Ведь что такое ваше богатство, как не вещи которые бережете и охраняете вы в страхе, что вдруг они понадобятся вам завтра. 
     А завтра  – что принесет завтра чересчур благоразумному псу, безвозвратно зарывающему кости в песок, когда за паломниками вслед тащится он в святой город?
      что такое страх нужды, как не сама нужда?  
     Разве ужас перед жаждой, когда колодезь ваш полон воды, не есть жажда, которую ничем не утолить?
     Некоторые, владея многим, дают мало, но и это делают лишь для завоевания признательности. их тайное желание обесценивает их дары.
     А есть такие, которые имеют мало, а отдают все.
     Это те, кто верит в жизнь, в ее щедрость, и их ларец никогда не опустеет.
     Есть такие которые дают с болью и боль эта становится их распятием.
     Есть такие, которые дают, не испытывая ни боли, ни радости, и притом не задумываются о творимом ими добре.
     Они дают, как мирт в долине  дарит свое благоухание небесам.
     Сам Господь подает через руки их и улыбается земле их глазами.
     Хорошо давать, когда просят, но лучше не ждать просьб и давать по зову сердца.   
     Открытой душе радостнее даже искать нуждающегося, чем давать ему.
     Да и существует ли нечто, что можно сберечь для себя?
     Все, чем владеете вы придется отдать однажды. Посему – отдайте сейчас. Пусть время дарения будет вашим, а не ваших наследников.
     Вы часто говорите: «Я дал бы, но тому, кто заслуживает».
     Деревья сада вашего так не рассуждают, как и скот на пастбищах ваших.
     Они дают, чтобы жить, ибо сберечь для себя – значит, погибнуть.
     Воистину, кто достоин получить свои дни и ночи, тот достоин получить и все остальное. 
      кто избран был пить из океана жизни, заслуживает того, чтоб наполнить чашу свою и из вашего крошечного ручейка. 
Да и какая тягота больше той, что взваливает на себя принимающий подаяние. Храбрость  и мужество, не говоря уже о милосердии, нужны чтобы принять его.
     Да и кто вы такие, чтобы люди унижались перед вами, падая ниц, оголяя при этом свою гордость, обнажая перед вами свое достоиство и позволяя вам попирать его?
     Убедитесь прежде, достойны ли вы быть дающими, орудиями подаяния?
     Ведь в действительности, это жизнь дает жизни, в то время как, воображая себя дающими, вы – всего лишь свидетели.
вы, получатели, – а вы все получатели, – не обременяйтесь мыслью о размере благодарности, дабы не возложить ярмо на себя или того, кто дает.
     Не лучше ль с дающими вместе подняться на дарах его, как на крыльях? 
     Потому как слишком беспокоиться о долге своем – значит, сомневаться в великодушии тех, для кого щедрая земля – мать, а Бог – отец.    

Тереза ананың өсиеттері

By | Ұлылардың дана сөздері

Тереза ананың өсиеттері Сериямызды бүкіл өмірін адамға көмек көрсету және қызмет көрсетуге арнаған, қызметі ұлты мен дініне тәуелсіз кедей және ауыр сырқат балалар мен ересектерге арналған мектептер, жетімхана, ауруханаларды салуға бағытталған, католик монахинясы, Тереза ананың (1910-1997) өсиеттерін жариялаудан бастаймыз. Тереза ана – «Азап шегушіге көмек көрсеткені үшін» Дүниежүзілік Нобель сыйлығының иегері.

Тереза ананың 10 өсиеті

1. Адамдар жөнсіз, қисынсыз және өзімшіл болады – бәрібір кешіре көріңіз.
2. Егер сіз мейірімділік танытсаңыз, ал адамдар болса құпия жеке пиғылдан деп кінәласа – бәрібір мейірімді болыңыз.
3. Егер сіз табысқа жетсеңіз, сіздің көптеген жалған достарыңыз және нағыз жауларыңыз пайда болуы мүмкін – бәрібір табысқа жете беріңіз.
4. Егер сіз адал және ашық болсаңыз, адамдар сізді алдайтын болады – бәрібір адал және ашық болыңыз.
5. Жылдар бойы құрастырғаныңыз, бір сәтте құрып кетуі мүмкін – бәрібір құрастыруды жалғастырыңыз.
6. Егер сіз мұңсыз бақытқа бөленсеңіз, онда басқа адамдарда көре алмаушылық туындайды – бәрібір бақытты болыңыз.
7. Адамдар бүгін жасаған игі ісіңізді, ертең ұмытып кетеді – бәрібір игі іс жасауды жалғастырыңыз.
8. Сіз туралы кімнің не айтқаны маңызсыз – мұның барлығын күлкімен қабылдап, өз ісіңізді жалғастырыңыз.
9. Бірге ғибадат қылып, ынтымақта болыңыз.
10. Адамдармен барыңыздың ең жақсысымен бөлісіңіз, бұл оларға ешқашан жеткілікті болмайды – бәрібір ең жақсысымен бөлісуді жалғастырыңыз.

Жалпы ақпарат

By | Ұлылардың дана сөздері
Достар!

Осы жылдан бастап сайтымыздың беттерінде «Ұлылардың дана сөздері» және «Бағы жанғандар» атты екі жаңа айдар ашылады, онда қызықты адамдар туралы мақалалар, көрнекті тұлғалардың өмірбаяндарын, классик және замандастардың баға жетпес еңбектерінен үзінділер мен дәйексөздер жариялайтын боламыз. Порталға кірушілерге мәңгілік фразалар мен мәтіндердің тереңдігіне ой-толғап көру қызықты болар, ал айрықша адамдар өмірінің қалыптасуының бірегей тарихтары, жетістіктерге жетудің мәнерлі жолдарының сипаттамалары оқырмандарымызды да үлкен ерліктерге рухтандырады деп ойлаймыз.

Русский

Қазақ тілі

English