Category

Ұлылардың дана сөздері

Эсте Лаудердің жетістігінің қарапайым құпиялары

By | Ұлылардың дана сөздері

Эсте Лаудердің  жетістігінің қарапайым құпиялары Эсте Лаудер (01. 07. 1908 – 24. 04. 2004) – американдық кәсіпкер, «Эсте Лаудер» Корпорациясының алғашқы негізін қалаушысы және директорлар кеңесінің төрағасы. Оның өмірдегі басты мақсаты әлемдегі әйлдер қауымын құлпыртып, қайталанбас тұлға ету. Және ол осы мақсатқа жету үшін жай ғана косметикалық бренд ғана емес, сұлулықтың империясын құрды.

Алайда, сұлулық әлеміндегі берік мақсатына қол жеткізумен қатар, ол сүйікті әйел және қамқор ана болудан еш жалыққан емес. Сол себепті оның табысқа қалай қол жеткізуге болатындығы жөнінде тура айтылған пікірлерді оқыған кезде , оның сөздерін қайта-қайта оқығың келеді.

1. Түйсігін тыңдап, тәуекелге бел буған жандар табысқа жетудің жолын өздері жасайды.
2. Егер бір нәрсе алғың келсе, шығынға ұшырауға тура келеді.
3. Сіз қателесуіңіз мүмкін. Бірақ… тек бір-ақ рет.
4. Мақсатқа қол жеткізу үшін ең тиімді әдісі – табыстың толқынына бағыттала білу. Бұл өмірде қажет.
5. Табысты анық бағдарлай біліңіз, содан соң ол шындыққа айналады.
6. лемдегі ең ұлы аңыз сол, тез арада таңғажайып табыс табудың формуласына жетуге уәде ету.

Айзек Азимовтың кітабынан дана сөздер

By | Ұлылардың дана сөздері

Айзек Азимовтың кітабынан дана сөздер Айзек Азимов (Isaac Asimov, туылған кездегі аты саáк Ю́дович Ози́мов; 1920 жылдың қаңтардың 2 күні, РСФСР, Смоленская облысының, Петровичи, Шумячский ауылында дүниеге келді — 1992 жылдың 6 сәуірінде, АҚШ, Нью-Йоркте қайтыс болды) —американ жазушысы-фантаст, ғылым популяризаторы, биохимик.

500 астам кітаптың авторы, көбінесе (ғылыми фантастика жанрдегі және фэнтези, детектив, әзіл жанры) көркем және ғылыми танымал (әр саладағы – астрономиядан мен гентикадан тарих пен әдебиеттануға дейін).

Айзек Азимовтың барлық кітаптарын оқып шыққан адам жоқ шығар, сондықтар назарларыңызға шығармаларының ішіндегі есте сақталатын дана сөздерді ұсынамыз:

…белгісіздік қағидасынан алыстап кете алмайсың. Сәтсіздік әрқашан болуы мүмкінда, нақтырақ айтқанда – қашып құтыла алмайсың.
______________
« Сіріңке алыңыз»

… өмір – бұл жоғалту тізбегі. Сен жастық шағыңнан, ата-анаңнан, сүйіктіңнен, достарыңнан, денсаулығыңнан, ләззат алудан, ең соңында өмірдің өзінен айрыласың. Сен мұны қабылдай алмауың мүмкін – бірақ бәрібірде бұлардың барлығынан айрыласың.
______________
«Немезида»

Қорқыныш болуы қажет, ол әрдайым қауіп-қатерден сақ жүруге, өміріңді сақтауға септігін тигізеді.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

Басқалар үшін жомарт болу оңай.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

Сені ренжіткен адамға деген өкпеңді, ол ашулы кезде емес, сабырға келіп қайталаған кезде білдіруіңе болады.
______________
«Фантастикалық саяхат II»

…қанағаттанбаушылық адамзатты өркениет пен мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасауға алып келді. Өмірде қанағаттану тозу мен тоқырауға ұшыратады.
______________
«Жаным, саған салқынба?»

… жылтыр алтын ақша керемет бал айын өткізуге ықпал етеді, бірақ өмір жөнінде салмақты ойлансаң, құр ақша жеткіліксіз.
______________
«Жаным, саған салқынба?»

Аурудан айығу, өмірде осы рахатты сезінуден артық бақыт жоқ шығар.
______________
«Соңғы жауап»

Януш Корчактың қарапайым ережелері

By | Ұлылардың дана сөздері

Януш Корчактың қарапайым ережелері Я́нуш Ко́рчак (поляк тілінде. Janusz Korczak; шын аты Эрш Хе́нрик Го́льдшмит (поляк тілінде Henryk Goldszmit); 22 шілде 1878, Варшава — 6 тамыз 1942, Треблинка).

Польша әлемге – дарынды педагог, жазушы және дәрігер Януш Корчакты сыйлады. Бұл адам өзінің педагогикалық қағидаларымен өмір сүрді және ол қағидаларды бұзбай өмірден кетті, бірақта тағдыр оған бірдей үш мүмкіндік берді.

Корчак елінің нацистік әскерімен басып алудын алдында «жетімдер үйлерінің» тәрбиленушілерін тастап кеткісі келмегендігінен Польшадан кетпеді. нтернатпен қоса 1940 жылы Варшавада геттоға аударылды. Сосын Корчактың дарындылығының табынушылары оған тұтқыннан қашуды ойластырмақшы болды, бірақта ол бұндай ұсынысқа қарсы болды. Поездың концлагерге аттанудың алдында құтылуға тағдыр оған үшінші мүмкінді берді. Поездың құрамы кетер кезде вагонга нацист офицері кірді. Корчактың қасына келіп сұрады:
– Януш Корчак мырза сіз боласызба? Кішкентай кезімде «Матиуш патшайымын» атты сіздің кітабыңызды оқығанды жақсы көрдім. Поезд сізсіз кете берсе болады.
– Балалардың жағдайы не болады?
– Оларды лагерге жібереді. Ал сіз боссыз. Вагон шықсаңыз болады.
– Жоқ мен өйтіп істей алмадым. Барлық адамдарды оңбаған санамаңыз.

Бірнеше күннен кейін педагог Треблинкте интернаттың балалрмен қоса қайтыс болады. Газ камерасына екі кішкентай тәрбиеленушілерді қолында ұстап кірді. Сәбилер шошып қалмасын деп Қорчак оларға ертегі оқып барды.

Корчактың тәрбиеге деген қөзқарасын білу үшін педагогикалық еңбектерін оқуға болады. Немесе оның қарапайым 10 қағидаларын қолдануға болады:

1. Бала сенің қалағандай өсіп, дамуы үшін, құр қиялмен қоректендірме. Оданда балаға өз бағытын таңдауға көмектес.

2. Берген тәлімім үшін, ол маған өмір бойы алғыс айтады деп күту мағынасыз. Оған сыйланған өмір үшін қандай алғыс болуы мүмкін? Бұл осы жолдың жалғасы ғана: ол басқа адамға өмір сыйлайды, ал келесісі болса үшіншісіне осы қабілетін дарыта алады. лемдік алғыс заңы осылай жүзеге асырылады.

3. Не ексең, соны орасың. Егер қартайған кезде өз тәрбиеңнің кемшін тұстарының жемісін көргің келмесе, қазірден бастап балаларға деген реніштеріңді жоя біл.

4. Баланың проблемасын салғырт қарама. Тәжірибесі көп ересектерге қарағанда, өмірлік тәжірибесі болмауына байланысты баланың күшін қалыптастыруға өмір оңайға соқпайды.

5. Баланы қандай жағдайда да ешқашан кемсітуші болма.

6. Есіңде ұста: Сенің өміріңде сенімен кездесетін ең маңызды адамдар – сенің балаларың. Бұндай кездесулерден бас тартпа. Себебі сен балаңның жүзінен қандай адамды кездестіретініңді білмейсің.

7. Егер сен балаңа кейбір нәрселерді бере алмайтындай болсаң, өз жан-дүниеңді азаптама. Есіңде болсын: егер сенде бардың бәрін беріп, қолыңнан келгенді істеген болсаң, онда сен барлығын жеткілікті түрде бере білдің.

8. Баланы сенің өміріңді ұрлаған басқыншы ретінде қабылдама. Нәресте –ол сіздің өміріңізді жандандырып, оны сақтауға көмектесетін бірегей тамыр іспетті. Бұл ермен әйер арасындағы, яғни ата-аналардың, еркін құқықтарының нәтиежесінде пайда болған махаббаттарының жемісі. Бала ол «менікі» немесе «біздікі» емес, сенің таңдауыңның нәтиежесі, ол – жаның.

9. Өзге балаларды жақсы көріп үйрен. Сенің балаларыңа өзгелер қандай қарым – қатынаста болғанын қаласаң, сенде оларға сондай қарым – қатынаста бол.

10. Сенің балаң әр түрлі болуы мүмкін: қарапайым, жолы болмағыш, есейген – қандай болсада жақсы көре біл. Сен онымен болған кезде әрдайым қуанудың жолын үйрен, себебі бұл мереке сенімен мәңгі болмайды ғой.

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері

By | Ұлылардың дана сөздері

«Кемеңгер ақсақал» Лао Цзыдің қанатты сөздері Лао-Цзы (Лаоцзы, Кәрі Сәби, Данагөй ақсақал) – біздің дәуірге дейін VI-V ғасырда өмір сүрген атақты ежелгіқытай философ-ойшылы. Классикалық даоцизмнің философиялық трактаты «Дао Дэ Цзин» («Жол мектебі мен табиғи күш атты кітап») соның еңбегі деп есептейді, бірақта бұл адамның тарихилығында замануи ғылымның өкілдері күдіктенуде.

Лао-цзы Конфуцидің замандасы және оның қарсы пікір білдірушілері болды, сонымен қатар одан да кем емес қытай мәдениетінің данагөйі. Алайда Лао-Цзыдің тарихилығы күмән тудырсада, даос мектептерінің ішіндегі оған деген құрметін асыра мадақтау мүмкін емес.

Дао ілімін үйренуші шәкірттердің арасында кең тараған Лао –Цзының нақыл сөздері:

Шындық туралы: «Білімді сөйлемейді, ал сөйлеуші білмейді».

Білім туралы: «Білім жоқ, сол үшінде мен ештеңені білмеймін».

Тартыншақтық туралы: «Бұл ізгілікке жетудің алғашқы баспалдақтары, және де адамгершілікке жетудің бастауы».

Өмір туралы: «Адам дүниеге келген сәтінен бастап өледі».

Күш-қайрат жөнінде: « лсіздер мықтыларды жеңе алады».

Өзімшілдік жөнінде: «Егер сіз өз жеңісіңізді біреулердің қолдауымен немесе талқылауымен өлшейтін болсаңыз, сіздің қорқынышыңыз мәңгілік болады».

Соғыс туралы: «Жауың жоқ болса, соғыста болмайды».

Жақсылық пен жамандық туралы: «Жақсының шыныменде жақсы екенін бәрі білген кезде, оған деген зұлымдық туындайды».

Сөзуарлық туралы: «Кім көп сөйлесе, сол алдынан шыққан келеңсіздіктерге төтеп бере алады».

Өмір жөнінде: «Ол өте қысқа, сол себепті уақытты жоғалтпау керек, керісінше одан ләззат алу қажет».

Ник Вуйчич: Орындарыңыздан қайтадан тұруға қуат табыңыз

By | Ұлылардың дана сөздері

Ник Вуйчич: Орындарыңыздан қайтадан тұруға қуат табыңыз Ник Вуйчич – қол-аяқсыз өмірге келсе де әлемдегі сан мыңдаған халықтың шабытын оятқан бірегей тұлға. Ол өзінің өмір сүруге деген шексіз махаббаты мен рухты күшінің арқасында көпшілікті сүйсіндіре білді. Дені сау біздер неге «бақыт» деген ұғымды құрайтын, күнделікті өмірдегі кішкене қуаныштарды елей бермейміз? Ол осы туралы ойлануға еріксіз мәжбүрлейді.

Ник Вуйчич ұзақ уақыттар бойы бақытты болуды үйренуге тырысты және бұл оның қолынан келді. Осы туралы «Шектеусіз өмір» атты кітабында өз құпиясымен бөлісті.

Оның батылдылыққа шақырып, ішкі сенімді оятатын бірнеше нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз:

Дос керек болса өзгеге де дос бола біліңіз. Үмітке мұқтаж болсаңыз, оны өзгелерге де сыйлай біліңіз.
Ешкім сізге есігін айқара ашпаса, бір уақытта бірнеше есікті қағып көріңіз.
Барлығы бір-бірінің бойынан жаман әдетті немесе мінді табуы мүмкін. Бірақ мен алтынның сынығын табуға кеңес берер едім.
рбір ісіңіз сізді шабыттандырып, жандандырып отыратындай болсын.
Кей жағдайда жауаптың бірден келмейтінін түсініңіз.
Өзіңізді бар болмысыңызбен қабылдауға дайын болмасаңыз, өзгелерді қабылдау тіпті қиын.
лемде мені жанамай өткен көптеген қиын мәселелер бар. Менің өмірім кейбір жандардың өмірінен мың есе жеңіл екеніне де сенімдімін.
Көмек сұрауға болатынын және оның керек екендігін тым ерте ұғындым. Жалғыз күресе алмайтын қиындықтар да бар.
Нені жасай алдың, нені жасай алмадың, кім боласың және кім бола алмайтындығыңмен махаббатың шаруасы жоқ. Шынай махаббат тек жүрегіңе ғана қарайды.
Қандай қиындыққа тап келсең де соның қуанышты тұсын табуға тырыс.
лемге деген көзқарасыңыз қашықтықтан басқаратын пульт сынды. Тамашалап отырған бағдарлама ұнамаса, пультті алып басқа арнаға ауыстырасыз. Өмір де сол секілді: істің нәтижесіне көңіліңіз толмаса, бастан өткерген қиыншылыққа қарамастан бағытыңызды өзгертіңіз.
Өзін жолы болмайтын адам ретінде көретіндер – қол қусырып отырғанда жетістікке қаншалықты жақын жүргендігін түсінбеген адамдар.
Жаның жаралы болса мінсіз сырт келбетіңінің еш мән-мағынасы жоқ.
Өмірдегі ең үлкен қуаныштың бірі – жеке өмірің мен тәжірибеңнен де маңыздырақ істің бір мүшесі атану.
Күйзелісті бастан өткерген жағдайда күш жинай алмайтыныңызды сезінсеңіз, сізге не болғанын, ал ішіңізде не болып жатқанын бөліп қарастырудың маңызды екенін ұмытпаңыз.
Өмір жақсы болуы мүмкін. Егер біз соны таңдай білсек қана.
Тағы бір күнің – тағы бір мүмкіндігің!

http://www.mirpozitiva.ru/topics/301_silnye_citaty_nika_vujchicha.html сайтынан алынған.

Лермонтовты еске алу

By | Ұлылардың дана сөздері

Лермонтовты еске алу Михаил Юрьевич Лермонтов (1814 – 1841) – ұлы, орыс ақыны, прозашы, драматург және керемет суретші. Орыс әдебиетін бұл аса дарынды адамсыз елестету қиын. Өмірден ерте кетсе де, керемет шығармаларын жазып қана қоймай өзінің азамат ұстанымын ашық жариялап артынан өшпес ізін қалдырып үлгерді.

Бір сәтке болса да тоқтап, ойлап және осы өмірде риза болуды осы адамның қанатты сөздерін еске ала үйренейік.

«Адам көбінесе өз өмірінің басқаларға қарағанда бақытты және қуанышты емес деп қайғырып отырады. Оған қоса басқаларға қарап жолы болғыштар мен сәті түскен адамдарға қызғана ах ұрады: «Неге менің өмірім сондай қиын!?» Бұндай түсінік дұрыс емес, өйкені адамның өміріндегі болып жатқан оқиға ішкі дүнесінің пайдасына сай. Өмірімізде не болып жатқан оқиғалар ең қиыны емес, керісінше бұл оқиғалар жақсылықтың ең жақсысы. Сондықтан ең біріншіден адам деген жан жағынан қарап Алланың оған деген игілігі қаншалықты мол екенін түсінуі керек. Рухани өмірдің негізі бұл – шүкіршілік ету, яғни жай Аллаға рахмет айту ғана емес, шыныменде берекелі өмір сүріп жатқаныңды ұғу. Егер адам Алланың беріп отырған жақсылығы жеткілісіз деп санаса, онда Алла тағала оны тәубесіне түсіріп, осы күнге жеткен даулетті ұғындырмай нұрын жаудырмайды».
М.Ю. Лермонтов

Томас Алва Эдисон – тереземнің жарығы

By | Ұлылардың дана сөздері

Томас Алва Эдисон – тереземнің жарығы Американың тарихында Томас Эдисоннан (1847-1931) асатын ойлап тапқыш болған емес. Жалпы санағанда ол 1000 аса АҚШта және 3000 жуық басқа елдерде патенттелген өнертабыстардың авторы. Бірақта бұндай жетістіктерге жету үшін ол өзінің шын көңілден айтылған сөздері бойынша, бірнеше мыңдаған сәтсіз ғылыми тәжірибелер жасады. Эдисон көзі тірі кезінде телеграфты, телефонды жетілдірді, микрофонды ойлап шығарды, фонографты ойлап тапты және ең бастысы өзінің қызу лампасымен Американы, содан кейін бүкіл әлемді жарықтандырды.

Ол бала кезінен бастап тәуелсіз болды. Ақша керек болған кезде, алып-сатумен айналысты – кәмпиттер, газеттер, жемістерді сатты. Сосын балаларды сатушы ретінде топқа шақырды, ал олар сатудан түскен түсіммен онымен бөлісті.

1878 жылы Томас Эдисон қызу лампасының өнеркәсіпке енгізумен айналыса бастады, соның арқасында үлкен атақтылыққа ей болды. Шамның өзі оның өнертабысы болған жоқ (бұл жерде басымдылық Александ Николаевич Ладыгин мен Павел Николаевич Яблочковқа ие болды), бірақ ол электротаратқыш системасы пен қызу шамының алғашқы рет бірлесе үнемді жұмыс істей алатын шамның түрін ойлап тапты. Эдисонның жарықтандырғышы сол кездегі газбен жұмыс істейтін жарықтандырғышымен бәсекелесе алатын еді. Электр қуаттын тәжірибелік қолданысын кеңейту үшін бұның маңыздылығы шамның ойлап табылғанынан кем болған жоқ. 1873 жылы мыңдаған тәжірибелерден кейін ол 40 сағат жанатын көмір сымды шамды ойлап шығарды. Ол тұрақты тоқ генераторын, электр беру сызығын және электр желісін құрастырды, сәл кешірек үшсымды жүйесін құрастырды.

1882 жылы Эдисон алғашқы орталықтандырылған электр станциясын Нью-Йорк қаласында ашты. Бұл деген Американың жарықтандыру өнеркәсібінің бастауы болды.

Томас Эдисонның пікірлері мен нақыл сөздері

Адамдардың көбісі ертең бай болып оянамын деп ойлайды. Жартылай олардың айтқаны рас. йтеуір бір күні шынымененде оянады.

Сенім деген ойлай алмайтындардың жұбаныш сылдырмағы.

Біздің ең үлкен қателігіміз болып, үміт үзіп қусырап отыру болып табылады. Табысқа қол жеткізу үшін тағы да бір рет тәуекелге салу керек.

Адамдардың көбісі титтей ойлануға ерініп, тоқтамай еңбек етуге дайын болады.

Көп адам табысқа бір қадам қалғанын сезбей морт кетіп, артқа шегініп жатады.

Прогресстің ең басты шарттары болып – мазасыздық пен қанағаттанбаушылық табылады.

Джордж Бернард Шоудың ұлағатты сөздері

By | Ұлылардың дана сөздері

Джордж Бернард Шоудың ұлағатты сөздері Джордж Бернард Шоу – әдебиет саласындағы Нобель және «Оскар» сыйлығына ие болған жалғыз адам. Өз ғасырының көрнекті сыншысы және де ағылшын тілінде жазған Шекспирден кейінгі ең атақты драматург болып саналады.

Оның дәл және өткір дәйексөздері дүниеге деген көзқарастың тереңдігін көрсетеді:
1. Шындықты айту ол менің әзілдесу тәсілім. Бұл дүниеде одан күлкілі ештеме жоқ.
2. Егер сіздер өздерің жақсы көретін адамдарың үшін құрбану етумен бастасаңдар, сол құрбан еткен адамдарды жек көрумен бітіресіңдер.
3. Жақыныңа деген ең үлкен күнә жек көрушілік емес, адамгершіліксіздің ең биік шыңы – немқұрайдылық.
4. Қолынан іс келетін адам соны жасайды. Келмейтіндер өзгелерге үйретеді.
5. Қартаю іш пыстырарлық, бірақ ұзақ өмір сүрудің жалғыз тәсілі сол.
6. Тарихтан алар жалғыз сабақ, адамдар тарихтан еш сабақ алмайтындығында.
7. Адам — кірпіш сияқты: күйген сайын қатая береді..
8. Менің тігіншім ақылдық жасаған жалғыз адам. Ол мені әр келген сайын қайта өлшеді, ал басқалар болса ескі өлшеулерге сай келем деген оймен бұрынғы өлшеулерге сене берген.
9. Құстар сияқты ұшуды үйрендік, балық сияқты судың астында жүзуді үйрендік, бізге жетіспейтіні адам сияқты өмір сүру.

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері

By | Ұлылардың дана сөздері

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері ХХ ғасырда тәрбиелеуден тек қана төрт педагог төңкеріс жасай алды деп есептелінеді.
Олар, американдық Джон Дьюи, неміс Георг Кершенштейнер, италиялық Мария Монтессори және кеңестік педагог Антон Макаренко.

Мария Монтессори ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған еске салу өсиеттерін қысқаша тұжырымдады. Олардың қарапайым болғанымен, әр біреуіне мұқият көңіл бөлсеңіз екі сөзбен айтылған көптомды дана сөздер. Осы тізімді жылына бер рет болсада оқып шығуға кеңес береміз, сол кезде баламен деген қарым-қатынас жаңа деңгейге шыға алады, ал бала болса едәуір дамып үйлесімді тұлға болып өседі.

1. Баланы қоршаған орта үйретеді.

2. Баланы көп сынай берсең – кінәләуді үйренеді.

3. Баланы мақтай берсең – бағалауды үйренеді.

4. Егер балаға жаулықты көрсетсең – ол төбелеске жақын болады.

5. Баламен адал болсаң – әділдікке үйренеді.

6. Егер баланы жиі мазақтаса – ол жасқаншақ болуды үйренеді.

7. Егер бала қауіпсіздік сенімімен өмір сүрсе – ол сенуді үйренеді.

8. Егер баланың абыройын төге берсе – ол өзін кінәлі боп санауды үйренеді.

9. Егер баланы жиі қоштаса – ол өзіне жылылықпен қарауды үйренеді.

10. Егер балаға жиі мейірімді болса – ол шыдамды болуды үйренеді.

11. Егер баланы жиі көтермелесе – ол өзіне сенімді болады.

12. Егер бала достастық ахуалында өмір сүріп біреуге керек екендігін сезінсе – ол осы өмірде махаббат сезімін табуды үйренеді.

13. Көзінше, өзі жоқта – бала туралы жаман айтпаңдар.

14. Нәтижесінде жаманға уақыт болмағандай назарыңызды баланың жақсы қасеттерін дамуына салыңыз.

15. Сізге сөйлеп тұрған балаға әрқашанда назар аударыңыз және жауап беріңіз.

16. Қателік жіберген және ол қателікті қазір болмаса сосын түзейтін баланы сыйлаңдар.

17. Ізденуде болып жатқан балаға көмек беруге және бәрін тапқан балаға елеусіз болуға дайын болыңыз.

18. Бұрын игерілмегенді игеруге көмектесіңіз. Осыны қоршаған ортаны қамқорлыққа, байсалдылыққа, жайшылық пен махаббатқа толтыра жасаңыз.

19. Баламен қатынасқан кезде өз бойыңыздағы ең жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге тырысыңыздар.

http://www.adme.ru/vdohnovenie-919705/19-zapovedej-marii-montessori-dlya-roditelej-682705/
http://www.perunica.ru/vospitanie/7754-19-zapovedey-marii-montessori-dlya-roditeley.html

Габриэль Гарсия Маркестің соңғы хаты

By | Ұлылардың дана сөздері
Габриэль Гарсия Маркестің соңғы хаты Габриэ́ль Хосе́ де ла Конко́рдиа Гарси́а Ма́ркес – колумбияның проза – жазушысы, журналисті, баспагер және саяси қайраткері, Нейштад әдеби жүлдесінің және әдебиет жағынан Нобель сыйлығының лауреаты. 



Бала кезінде оны Габо деп атаған, колумбияның Аракатака қаласында 1927 жылдың, 6 наурызында дүниеге келді және ол Элихио Гарсия мен Луиза Сантьяго Маркес ?гуаран қарапайым фармацевтің он алты баласының ішінде үлкені болды.



Ол 1960 жылдары латын американың «әдеби феномені» басты тұлғаларының бірі болып саналды. Колумбия жазушысының «Жүз жылдық жалғыздық» атты романы жұмыстарының ішіндегі атақтысы болып келеді.



Лимфа бездерінің ісігіне шалдығып, ауыр халде жатқан ұлы жазушы оқырмандарына арналған соңғы хатында былай деп айтқан:



[i]Егер Құдай қас қағым сәтке менің жігерсіз адам екендігімді ұмытып, маған кішкене болса да өмір сыйласа, мүмкін мен айтар сөзімнің барлығын айтпаушы едім: оның орнына айтқан сөзім туралы көп ойланушы едім.[/i]

[i]Затты құндылығына қарай емес, керектіге қарай бағалаушы едім.[/i]

[i]Аз ұйықтап, көбірек армандағанда, жабық көзбен өткізген бір минут өмір – бұл өткізіп алған алпыс секунд жарық екендігін түсінуші едім.[/i]

[i]Қалғаны отырғанда мен жүруші едім, ұйықтап жатпай мен оянушы едім, сөйлеудің орына мен тыңдаушы едім. [/i]

[i]Шоколад балмұздағымен қандай ляззат алушы едім.[/i]

[i]Егер құдай маған аз да болсада өмір сыйлағанда, мен жай киініп, күннің шығысымен тек қана денемді ғана емес оған қоса ішкі дүниемді жалаңаштап тұрушы едім. [/i]

[i]Құдайым-ау кішкене ғана уақытым болғандағой, өшпенділігімді мұзға қадап күннің шығысын күтуші едім. Мен жұлдыздардың астында Ван Гог сияқты сурет салып, Бенедет-тидің өлеңдерін оқып армандап және Серраның өлеңдері менің айлы серенадам болушы еді. Раушан гүлдерінің тікенектерінің өткірлігін және олардың алқызыл жапырақтарының нәзіктігін сезіну үшін оларды көз жасымен шаюшы едім. [/i]

[i]Құдайым-ау кішкене ғана уақытым болғандағой… сүйікті жақындарыма оларды қаншалықты жақсы көретіндігімді айту үшін бір күн өткізіп алмаушы едім. ә[/i]рбір әйел мен ер кісіге оларды жақсы көретімдігімді сездіруші едім, махабатқа бөлене махабатпен өмір сүруші едім.

Қартайғанда махабат сезімі басылмай: керісінше махабат сезімі болмағандықтан қартайатынына көздерін жеткізіп, олардың қаншалықты қателескендерін дәлелдеуші едім! 

Балаға қанат беріп, оны ұшуға үйретуші едім. 

Қарт адамдарға өлімнің кәріліктен емес, ұмытшылдықтан келетінін үйретуші едім. 

Халайық, мен де көп нәсені сіздерден үйрендім.

Нағыз қуаныш оны төменде күтіп отқанын түсінбей, әр кімнің таудың шыңында тұрғызы келетінін білдім.

Жаңа туған сәби әкісінің саусағын кішкентай ғана жұдырығымен ұстағанда, мәңгілікке ұстайтынын түсіндім. 

Адам деген басқаға үстінен тек қана оны тұрғызу үшін қарауға құқысы бар екенін түсіндім. 

Сіздерден сондай көп нәрсені үйрендім, бірақ шыныда одан пайдасы көп емес дейді, өйткені сандығымды толтырып кетіп барамын.[/i]

Русский

Қазақ тілі

English