Category

«Әлем» бағдарламасы

Жас ақындарға жол ашық!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындарға жол ашық! «Сәби» Қайрылымдылық Қоры мемлекеттік тілде ұйымдастырылған Екінші ақындар сайысының аяқталуына 1 айдан кем уақыт қалғанын естеріңізге салады. Сіздер өздеріңіздің туындарыңызды 2012 жылғы 01 мамырға дейін alem@old.saby.kz электронды поштаға жібере аласыздар. Жас авторлардың шығармаларын баға беруге, бас сарапшы ретінде – ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды.

Бүгінгі күнде біз Қазақстанның батыс жағында тұратын қатысушыларымыз Қарлыға Темірғали мен Гүлсара Мараттың жіберген өлеңдерінің ішінде ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.

Достар, егер де сіздер «Сәби» Қоры ұсынған жас ақындардың байқауына қатысқыларыңыз келсе, бірінші кезек алдымен Сайыстың талаптарымен танысып, ары қарай өтінішті жіберсеңіз әбден болады.

Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіске жетіңіздер!

Қарлыға Темірғали
МЕНІҢ АНАМ

Биігінде бақыт көкпен таласқан,
Өзегінде өкініш жүр адасқан.
Оның жасы – жаңа жауған ақ жауын,
Оның мұңы – күңіренген көк аспан.

Оның жүзі – әсемдіктің әлемі,
Оның сөзі – мендік дерттің бар емі.
Оның ойы – Ай бетінде әжімдер,
Оның сыры – АНА-сезім әдемі.

Жадыраса жаһан жатты жаңарып,
Жанарында мол жылулық бары анық.
Сәуле болып білінеді сұлулық
Шаштарының арасынан таралып.

Нәркес көзі көркемдіктің киесі,
Мейірі бар, бар әлемді сүйетін.
Оның таза, дархан… мұңлы… жүрегі,
Дүниедегі жақсылықтың иесі.

Гүлсара Мараттың
МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ

Кеше ғана бөбек едің ақ сөмкесін асынған,
Зерделі едің, зеректі едің титтей ғана жасыңнан.
Алғашқы рет келгеніңде алтын ұя мектепке,
Ұстаз ан күлімсіріеп, сипаған қара шашыңнан.

Жасыл әлем жарқырады, сен мектепке келгенде,
Гүл шоқтарын қолыңа алып, ақ сөмкеңді ілгенде.
Саған қарап тау мен тас та, гүл мен көк те жымиды,
«Оқы!» деді кәрі ағаштар өздерінің тілінде.

Бір ұранмен алға бастың, алға бастың жас ұлан,
Ол ұраның «оқу» деген бір-ау ауыз сөз болған.
Сол ұранмен үміт арттың. Кемел келешегіңе,
Күттің бақыт, жеңіс, арман арайланған әр таңнан.

«Білімсіздің күні жоқ» деп арғы атамыз айтқандай,
Білім алу, оқу-тоқу күші ауыр батпандай.
Міне енді, өсіп өндің, қалықта аспан көгіне,
Зымырады қалай күндер шексіз ұзын арқандай.

Бүгін міне мектебіңмен қоштасасың, кетпексің,
Өміріңнің жаңартылған сатысына көшпексің.
Қия алмайсың достарыңды, білім алған мектепті,
Он бір жылғы ұстазыңа сен әлі де тентексің.

Өмірде көп асу бермес үлкен-үлкен өткелдер,
Шөлі де бар, бар және де, алуандаған көк белдер.
Қандай қиын, оттай ыстық шоқ туса да басыңа,
Бір айтарым: адамдықтан аттып әрі кетпеңдер.

Сендер, міне, өз жолыңа аттап аяқ тастадың.
Бетке алып, қанат қағып үлкен өмір аспаның.
Шаршамаңдар, жасқанбаңдар, биіктерге өрлеңдер.
Қалықтаңдар, озып шығып таудың биік асқарын.

Дайын менің сендерге айтар сүттей аппақ тілегім,
Лүпілдеп тұр сендерменен бірге соғып жүрегім.
Балапа ең бір кездері ұшып-қонып жүретін,
Енді, бүгін, мектебіңнен қанат қағып түледің.

Мақсаткерлердің болашағы өз қолында

By | «Әлем» бағдарламасы

Мақсаткерлердің болашағы өз қолында Кәсіпқой спорттың мансабын игеру – қандай да бір спортпен шұғылданып жүрген әр жасөспірімінің аңсаған арманы болып табылады. Орасан зор еңбек пен өзін өзі қатал тәрбиелеудің арқасында жеткен медальдардың жарқылы, жанкүйерлердің шаттыққа толы көздері және материалды табысқа жету – кәсіби спортшының өмірінің бір кескіні ретінде көзімізге елестете аламыз.

Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады.

Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр.

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры шынай көңілмен спортпен шұғылданып және сонымен қатар оны өмірінің кәсібіне айналдырғысы келген балаларға өзінің дара жас дарындарды қолдау « лем» Бағдарламасын ұсынып отыр. Біздің Бағдарламаның қазылар алқасы қатарында тұратын беделді спортшылардың назарына іліккіңіз келсе, біріншіден сауалнаманы толтырып жіберуіңіз керек. Келешекте мол үміт күттіретін жас дарындар міндетті түрде біздің қолдауға ие болады. Болашақ чемпиондар, біз сіздерді асыға күтеміз!

Назар салыңыздар, экшн келе жатыр!

By | «Әлем» бағдарламасы

Назар салыңыздар, экшн келе жатыр! Үсітіміздегі жылда «Сәби» Қайрылымдылық Қоры Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған “ASTANA” халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінде екінші рет қатарынан серіктестігін танытып отыр.
Сценарийлер сайысынан басқа өткен жылдан басты айырмашылығы болып, қосымша қысқа метражды кино байқауы назарға ұсынылды, осы сайыстарда біздің отандастарымызбен бірге бүкіл әлемнің қатысушыларына ат салысуға болады.

Барлық сұранымдар Фестивальдің сайты арқылы жіберілу тиіс, әр сценарий әлемдік киноның майталмандарынан тұратын әділ қазылардың талқысына тиеді, ал ең үздік қысқа метражды фильмдер интеренетпен дауыс беру арқылы анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, сайысқа кәсіпқойлармен бірге әуесқойлар да қатысуға болады, ең бастысы әр қайсыларыңыздың жеңіске деген талпынысыңыз биік болу керк. Өткен жылдың 150 сценаристердің ішінде суырылып шығып жеңімпаз болып алматылық экономист Бахтиер Кадыров танылды, ол үшін бұндай дәрежедегі шығармашылық жұмыс бірінші рет болды. Егер де Сіз осындай қарапайым жас жігіттің бас айналдырарлық табысына қол жеткізгіңіз келсе Сайыстың шарттарымен мұқият танысып, осы сілтеме бойынша тіркеліп және сұранысыңызды жіберуіңізге болады.

Сценарийлер сайысының сұранымдарын тіркеу мерзімі 2012 жылдың 01 мамырына дейін, ал қысқа метражды кинолардың мерзімі 2012 жылдың 15 мамырына дейін шектеледі.
Ең басты шарт – жұмыстар мен сұранымдар тек қана ағылшын тілінде ғана қабылданады.

«Сәби» Қазақстанды «ашады»

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қорының Президенті сел Тасмағанбетованың идеялық дем берушілігімен, ұйымдастырушылығымен және демеушілік көрсетуімен, 2012 жылдың 13 мен 17 ақпаны арасында Нью-Йоркте «Nomad’s Way» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Іс-шараны ең жоғары деңгейде дайындап және өткізу үшін тұтас командаға тоғыз ай бойына тізе бүкпей жұмыс істеу қажет болды. Сіңірілген еңбек елеусіз қалмады – шетелдік БАҚ өкілдері «Nomad’s Way» іс-шарасын «орасан зор оқиға» және «Қазақстанды ашу» деп атады.



Аталмыш іс-шара біздің Республикамыздың мерейтойлық датасы – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылып, күллі әлемге Қазақстанның бай тарихи мұрасы мен өзіндік мәдениетін ұсынуды мақсат етіп қойды. Іс-шара өз ауқымына ежелгі қазақ шеберлері – зергерлердің қолданбалы өнерінің көрмесі мен қайырымдылық аукционын біріктірді.



Қазақстанның мәдениетімен таныстығы аз американың әлеуметі үшін қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан лайықты орынды иеленген манғали Тасмагамбетовтың бірегей жеке жиынының экспонаттары нағыз жаңалық болды. Қазақ халқының бабалар өнері көп ғасырлық тарихқа ие және жоғары деңгейге қол жеткізгені белгілі. Ерекше орынды негізгі түрде, әйелдер киімінің бұйымдарын жасауға арналған және өзінің шығармашылық шабыты мен көп деңгейлі технологиясымен көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар иеленеді. Шебердің әрбір жұмысы өзінің тарихи құндылығымен ғана емес, сонымен бірге бірегейлікті паш ететін бейнешілікке толы тереңдігімен таңдай қақтырады: жасаудың әрбір деталы, әрбір штрихы өзіне белгілі бір мағынаны біріктіреді. 



Осы бір сирек кездесетін туындылармен рухтанған Еуропа мен Американың әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері, «Сәби» Қоры үшін арнайы түрде, қазақ халқының ең тамаша ұлттық дәстүрлері желісімен дүниеге келген бірегей әшекейлік туындыларды жасады. Бүгінгі күнгі әшекейлік өнердің майталман шеберлері, өздерінің жұмыстарында көне үлгілердің, археологиялық олжалардың, жартасқа салынған көне суреттердің сарынын пайдалана отырып, зергерлік бұйымдарда ғаламат ұлттың тарихи бай мұрасы мен қазіргі заманғы суретшілердің жеке түрде танылатын қолтаңбасын, ақыл жетпейтін шеберлікпен астастыра отырып, теңдесі жоқ бұйымдарды жасады. 



Бұл әшекейлер қазіргі уақытта «Сәби» қорының қызметінде елеулі орынды иеленген және қазақстанның түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан жас дарындар мен болашағынан көп үміт күттіретін балалардың зерделілік және шығармашылық дамуы, өмірде қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі таныту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттар жасау мақсатына бағытталған « лем» атты жас дарындарды қолдау бойынша Бағдарламасы бенефициар болған, қайырымдылық аукционында лоттар сапасында ұсынылды. 



Бұлтарыссыз зор жетістік болған бұл іс-шара, біздің Қорымыздың таңдалған қызметінің бағыты дұрыс екендігін тағы да бір рет қуаттады.

Қосымша стипендия – жаңа мүмкіндік

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының қатысушылары жайлы біз бүкіл әлемге жария салуымыз әдетке айналғандай болды. Жақында ғана бізде бір жаңалық пайда болды, ол Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттын Техникалық Университеттің 1-курс студенті Тілепбергенов Беріктің «әлемдіктердің» қатарында пайда болуы туралы болып шықты.



Бұл бозбала үшін өзінің оқыған мектебіндегі оқутышулар құрамы өтініш берген еді. Бұл мектепті Атырау облысында іс-сапар кезінде біздің жұмыскеріміз көрген болатын. Берікті ұстаздары оның мақсаткерлігін, сауаттылығын және отаншылдығын айта келе мақтады. Көптеген бәйгелердің және олимпиадалардың жеңімпазы, өз күшімен Алматы қаласындағы ЖОО-ның болашақта маңызы зор техникалық мамандығы бойынша оқуға түсті. Жас бозбаланың жақсы жағынан сипаттайтын тағы бір жайт, оған ұстаздарының қаржылай көмек ретінде, үлкен қалада бой көтеруіне себеп болсын деп азын-аулақ ақша жинап жіберуін айтсаңызшы. Өкінішке орай туған анасы денсаулығын нашар болғанынан өз баласын көмекті көрсете алмай отыр.



Біраз ақылдасқаннан кейін, Қор бұл жас балаға оқу барысында көмек ретінде грант-стипендия бөліп «әлемдіктер» қатарына қосты. Енді қаржылық қиындық артта қалып, Берікке еліміздің ең үлкен қаласында жаңа мүмкіндіктер туылып отыр, оған енді оқуын жақсылап оқып, ары қарай дамуы керек, ал Қор өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеді. 

«Әлемдіктердің» қатары толтырылды

By | «Әлем» бағдарламасы

Осыдан бірнеше күндер бұрын, «әлемдіктердің» тобына жаңа қатысушы қосылды. Ол дүние жүзіне әйгілі «Жұлдыздар фабрикасы» тележобаның қазақстандық көрсетілімнің көрермендерінің жүрегін жаулап алған жас әнші Батыржан Тазабеков болды.

Өзінің бірегей даусынан басқа, бұл бозбала өзге де жақсы қасиеттерге ие, оның жауапкершілігі мен қайраттылығы, өмірдегі көптеген қиындықтарды жеңіп шығуға жол берді. Көпшілік алдында ол дарындылығы мен әртістігімен сүйкімді болды.

Жанұясындағы қиын жағдайын көре тұра, Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында ары қарай оқуын жалғастыруға мұршасы болмаған Батыржан, анасы мен інілерін көтеру үшін тәлім алып жүрген жерінен кетуге бел буған еді.

Қазір енді бұл мәселе артта қалды. «Сәби» Қайырылымдылық Қоры жас әншінің айқын талантын байқап, сонымен қатар « лем» Бағдарламасының сарапшыларының ұсынысын ескеріп оған сүйіп оқитын мамандығы бойынша оқу грантын бөлді.

Біз өз тарапымыздан жас «жұлдызға» оқу мен шығармашылық барысында сәттілік тілейміз!

«Әлемдіктердің» Астанадағы концертте өнер көрсетуі

By | «Әлем» бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай «Астана-Арена» астаналық стадионда болып өткен және еліміздің басты телеарнада көрсеткен Гала-концертте бідің екі дарындарымыз, « лем» Бағдарламасының қатысушылары болып табылатын Сыдықов Жасулан мен Алдыбергенов Тимурдың қатысқаны жайлы біз алдында жаңалықтарда хабарлап өткен болатынбыз, енді міне, аса қуанышпен сіздердің назарларыңызға олардың орындаған әнінің бейненұсқасын ұсынып отырмыз

Екінші балалар өлеңінен ақындар сайысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Екінші балалар өлеңінен ақындар сайысы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі – Сайыс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Сайысты өткізу мерзімдері
Сайыс 2012 жылғы 01 қаңтар мен 2012 жылғы 01 мамыр аралығында өткізіледі.

Сайысқа ашық қатысу
Сайысқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.

Қорытынды шығару және Сайыстың басты қорытындыларын Сайыс сайттарында жариялау – 01 маусым 2011 жыл.

Сайыстың мақсаты
1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар
Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Сайыс шарттары
Сайысқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.
рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.

Сайысқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:
– лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;
– экстремистік сипаттағы;
– нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;
– порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;
– балаларға жағымсыз кері әсер ететін;
– ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;
– дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;
– өмірден түңілген сипаттағы.

Сайысқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі
Сайысқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:
– сайыстық Өтінім тапсырады, осылайша Сайыс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Сайыс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді (тіркелген)
– өлеңдер тіркелген файлдар
– қатысушының фотосы (ықылас бойынша)

Ұйымдастырушылар Сайысқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Сайысқа қабылданатын болған жағдайда, Сайыс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Сайыстың жұмыс органдары
Сайысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.
Сайыстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.

Сайыс редакциясының:
Сайысқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.
Сайыс редакциясы Сайысқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.
Редакция Сайысқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.

Сайыс ұйымдастырушыларының:
рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.
Өздерінің жұмыс қызметінде Сайыстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Сайыс қорытындылары мыналар болып табылады:
– сайыс жеңімпаздарын анықтауы;
– жүлдені – ноутбукты беру;
– сайыстың сайттарында шығару;
– сайыстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу.
Ұйымдастырушылар Сайыстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға
Біз Сайыстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс
Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz
Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@old.saby.kz, alem@old.saby.kz
Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38

АҚЫНДАР САЙЫСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1. Аты, тегі, әкесінің аты

2. Туған жылы, айы және күні

3. Сізбен хабарласқанға болатын контактылы телефон нөмірі

4. Өзіңіз үнемі пайдаланатын электронды мекенжайыңызды (e-mail) көрсетіңіз

5. Сіз қай қалада немесе елді мекенінде тұрасыз?

6. Қандай оқу мекемелерінде оқыдыңыз не оқып жатырсыз ?

7. Қандай байқауларға, жарыстар мен шараларға қатыстыңыз?

8. Қандай марапаттар және қандай жетістіктеріңіз үшін алдыңыз?

9. Өзіңіз жайлы 10 сөйлем мөлшерінде қосымша мәліметтерді хабарлаңыз (биография, әуес және құмарлық істеріңіз )

10. Сайыс жайлы қайдан білдіңіз?

11. Сайыстың ережелері мен шарттарымен таныстым. «Сәби» Қайырылымдылық Қорының сайттарында өзімнің жіберген жұмыстарымды төлемақысыз жариялауға келісім беремін.

Армандар орындалуы тиіс!

By | «Әлем» бағдарламасы

Армандар орындалуы тиіс!«Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, « лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.



Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды. 



Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады. Олардың ішінде, біздің екі дарынымыз қатысқан трионың орындаған жан түршігерлік «Арман» атты әнімен сүйемелдеген жарықтық 3D графика арқылы ғарыш кемесін «ұшырған» көрсетілім ең көз тартарлық болды. 



ннің аталуы «әлемдіктердің» жан дүниесінің күйін сипаттап отырғандай болды, өйткені барлық телеарнада трансляцияланған көрсетілімде өнер көрсету олардың аңсаған арманы болған еді. 



Бұл концерт аса ірі деңгейімен, сонымен қатар трионың бірінші даусын қазақстандық атақты опералық әнші, халықаралық сайыстардың лауреаты атанған, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушысы – Медет Чотабаев орындағандығымен және керемет әннің әуенін дарынды музыкант, композитор және аранжировщик, « лем» Бағдарламасының сарапшысы – Ренат Гайсин осындай ерекше оқиғаға арнайылап жазғандығымен Тимур мен Жасұланның естерінде мәңгілікке қалатын болады.



Біз өз тарапымыздан отандастарымызды тағы бір рет Тәуелсіздік Күнімен құттықтап, ардақты тілкетеріңіз қабыл болып Алланың нұры жаусын деген тілек білдіргіміз келеді!



Армандар орындалуы тиіс!Армандар орындалуы тиіс!












«Әлемдік» атануға лайықты балалардың видеобейнелері

By | «Әлем» бағдарламасы

Алдынғы уақыттарда біз еліміздің әр-түрлі аймақтарында болған «Сәби» Қорының жұмыскерлерінің ” лем” дарынды жастарды қолдау бағдарламасы бойынша творчестволық іс-сапарлары жөнінде жаңалықтармен бөліскен болатынбыз. Ал енді сіздерге жобаға қатысуға үміткер болып отырған балалардың көрсеткен өнерлерін түсіріп алған видеоматериалдармен бөліскіміз келіп отыр.

Қызылорда облысының Айтеке би кентінде тұратын жас әнші Ақкенже әр түрлі облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарды жаулап отыр, ол енді өз өмірін тек қана музыкамен байланыстырсам дейді. Ақкенже қазақтың халық әнін орындады.

Атырау облысының Бейбарыс ауылының 10 сынып оқушысы Алпамыс Мұхтар Шаханов атамыздың өлеңін оқыды. Ол көпшілік алдында оқу мәнерімен барлығымызды таңдандырып ду қол шапалаққа ие болды. Алпамыс болашақтағы өзінің жоспарларымен бөлісті – жас бозбала кейіннен озін филолог ретінде көздеп отыр, тыңдаушылардың арасында бұл мақсатынының орындалатынана ешкімнің күмәні болған жоқ.

Ал біз болсақ өз тарапымыздан жаңа «әлемдіктерді» күтіп жүрміз. Бізге сауалнамаларыңызді жіберіңіздер!

Русский

Қазақ тілі

English