Category

«Әлем» бағдарламасы

Қазақ спортының тағы бір үміткері

By | «Әлем» бағдарламасы

Сочи қаласында өткен Қысқы олимпиада ойындарында Денис Теннің таңқалдырарлық жеңісінен кейін отандастарымыздың мәнерлеп сырғанауға деген көңілі арта түсті. Осы дарынды жігіттің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында мыңдаған қазақстандықтар өздерінің конькиден алғашқы қадамын жасады.

Осындай қуанышты сәттер жиі- жиі қайталанып тұрса жақсы болар еді. Сондықтан қыркүйектің 3 – 6 дейін Чехияның Острова қаласында юниорлар арасында өтетін Гран При жарысына Панихин Артурдың қатысуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Конькишілер Одағы қаржылай көмек беру өтінішіне біз ойланбастан жауап бердік.

«Сәби Қайырымдылық Қоры» тебуші мен жеке жаттықтырушының ұшақпен ұшып қайтуы, көлікпен жүру шығыны, тұрушылығы және тамағы жағынан барлық шығындарын өтеді. Енді біздің спортшы 68 елдің ішінде «Ерлер ішіндегі конькиден жеке сырғанау» номинациасында Қазақстанды таныстырады.

Артур мәнерлеп сырғанаумен 10 жыл бойы айналысып келеді және жақсы нәтижелер көрсетуде. Нәтижелері ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылдың жасөспірімдер арасындар арасындағы біріншілігінің алтыны және 2013 жылдағы күміс жүлдесі.

Біз Артурдың, халықаралық жарыста өзін тамаша көрсетіп, үмітімізді ақтап 10 бал алатына сенімдіміз!

«Әлем» бағдарламасының жаңа сайтын қарсы алыңыздар!

By | «Әлем» бағдарламасы

Достар!

Қорымыздың 12 жылдыға орай жас дарынды қолдау « лем бағдарламасының www.alemsaby.kz сайтының жаңартылған нұсқасын іске қостық. Екі ай бойы талантты дизайнерлер, бағдарламашылар, контент менеджерлер тобы жұмыс жұмыс істеді.

Топтың аянбай істеген жұмысының арқасында, замануи, қазіргі жастарға сай, жылдам әрі жеңіл бағытталатын жетілдірілген навигациялық системасы бар, бірегей интербетімен және жағымды түстерімен ерекшелінетін сайт жасалынды.

Жаңа порталда Бағдарламаға қатысу үшін сұранымды жіберу, фотоесептемелерді, бейнероликтерді көру, жаңалықтарды оқу жеңілдеді. « лемдіктер» туралы олардың күнделіктерін оқып толығырақ біліп және осымен әлеуметтік торында бөлісуге болады.

Біздің ғаламтор бетіміздің барлық сапалы өзгерістерін бағалап, «Сәби» Қорының грантының иегерлерінің саны әлдеқайда көп болатынына үміттеміз.

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің құлақтарына алтын сырға!«Сәби» Қайырымдылық қоры жас дарындары қолдау « лем» Бағдарламасының аясында алғыр математиктерді тегін оқыту тобына қабылдау жариялайды. Орта мектептің 7 және 8 сынып оқушылары шақырылады. Сабақ 5 оқу жылы бойы аптасына 2 рет жүргізіледі. 



Қатысушыларды іріктеу байқау негізінде жүргізіледі. Математика саласындағы жетістіктеріңізді (үлгерім тізімдемесі, мақтау қағазы, сертификаттар және т.б) баяндап өтінімдеріңізді saby@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.



Қатысушының өтініші

1. Аты – жөніңізді толық жазыңыз

2. Қай мектепте оқисыз?

3. Тұрып жатқан мекен-жайыңызды көрсетіңіз

4. Соңғы жылдағы бағаларыңызды көрсетіңіз (үлгерім тізімдемесінің сканерден өткізген көшірмесін тіркеу керек)

5. Математика саласындағы жетістіктеріңізді көрсетіңіз (мақтау қағаздар мен сертификаттарды тіркеу керек)

6. «Сәби» Қоры жайлы қай жерден білдіңіз ?

7. Сізге математика не үшін қажет?

Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанады

By | «Әлем» бағдарламасы

Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанадыЕкі ай бұрын бізге дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының грантына үміткерлердің бірі Ахажанов Аблайханнан бір қызықты түйіндеме келді. Дүниені жақсартуға ұмтылған және де алдына қойған мақсатына қайтсе де жетуге тырысатын менмендігі жоғары, дарынды жас жігіт. 



Аблайхан өзінің білім жолын физико-математикалық мектебінен бастады. Мектепті беске бітіріп Алматының Энергетикалық институтының «Радиотехника, электроника и телекоммуникации» мамандығына түсті. Қатарлас Мәскеудің Энергетикалық институтында екінші жоғарғы білім алды. Оған қоса физика мен математикадан көптеген қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.



Аблайхан өз болашағын нанотехнология саласындағы ғылыми жұмыстарға арнауды шешті. Бастаушы инженерге Алматыда жарайтын зертхананы табуға және «графен»атты наноматериалды зерттеу үшін экспертименттік зерттеулер жүргізуге рұқсат алуға сәті түсті. Өзінің сүйікті ісімен жоғарғы деңгейде айналысу үшін жас жігіт оқуын Лос-Анджелес қаласындағы UCLA Калифорния Университетінде жалғастыруға армандауда. 



«Мен электронды құрылғылар нарығындағы инновациялық өнімдерді жасағым келеді. Менің ойымша қандай да болмасын әр инновацианың дамуына басты үш элемент керек: технология, өндіріс және нарық. Технология дегеніміз – инновациада негізделген ғылыми немесе инженерлік ой. Өндірістің өзі технологияны нақты өнімге айналдыратын процесстер мен құралдардардан тұрады. Ал нарық өнімнің соңғы пайдаланушыға жеткізілуіне және технология-өндіріс-нарық кезеңінің үздіксіздігін қамтамасыз етіне жауапты дейді – Аблайхан».[/i]



Жас жігіт ұзақ уақыт бойы басқа қорлар мен компанияларда қолдау іздегеннен кейін «Сәби» Қорына Калифорния Университетінде Магистратурада оқуын қаржыландырып беру өтінішімен бізге келді. Бізде бірнеше кезеңді іріктеуден өтіп, ақырында ол аңсаған грантын алды. Осындай жігерлі хабарды жаңа «әлемдік» үлкен қуанышпен және күлімсіреген сыпайы түрімен қабылдады. Расында осындай болу керек шығар мақсаткерлік, бірегейлік дарындылық пен қарапайым зиялылықты бірлестіретін жас ғалымның бейнесі.

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысыДостар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».

Мүшәйраның қорытындысы бойынша қатысушылардың арасында ең лайықты боп Батыс-Қазақстан облысынан Ғилымханов Мәрленге бірінші орын бұйырды. Оған бас жүлде – ноутбук сыйланды. Бірақ та конкурсанттардың сөзі бойынша одан да зор жүлде боп – « лем» Бағдарламасының білім беру гранттары үшін күресу мүмкіндігі болып табылады. Жеңімпазпен бірге, екінші және үшінші орынға ие болған лауреаттарға, Арқалық қаласынанҚымбат Мырзатаеваға және Атырау облысынан Рахымжан Орынбасаровқа да біздің Қор сондай мүмкіндік берді.

Назарларыңызға таңдаулы конкурстық шығармаларды ұсынамыз.

1 орын – Ғилымханов Мәрлен




Арыс ұл




Аңыз аты – Қазақ та,
Нағыз аты – Махамбет.
Ф. Оңғарсынова




Өткеріп жеткен ғасыр мұңдарын,
Азаттық таңы – асылдың зары.
…Нар ұлын аңсап жатқандай бүгін,
Тау-тау боп қызыл-жасыл құм Нарын.

Қайғының қара назына көнем,
Қысын да өмірдің жазын да көрем.
Қазақ даласын шер қылып жатыр,
Қаройда қанмен жазылған өлең.

Аршындап алға бастаған ерін,
Жоқтап бір зарлап жас төгеді елім.
Тас белгі орнатып қастерлеп жүрміз,
“Ерліктің туы – Тастөбе” жерін.

Тәуелсіз бұл күн бойлаған үдеп,
Батырдың сан түн ойлаған күні ед.
…Жарқ етіп жанып кетті ғой сөніп,
Намыспен бірге оянған жүрек.

Сезімнің дәмін татып бойда жоқ,
Тыңдаймын күйді батып ойға көп…
Өлеңі жүрек төрінде жүрген,
Айтады екен- ау ақын өлді деп?!

Ерліктің жанса арай- шамдары,
Ұлтымның тоқтар қалайша әні?!
Жауһар жырлардың құдыреті ғой,
Жігерге ораған талай сананы.

Көк пенен жерді таң қылып тұрған,
Еркіндік – елге мәңгілік думан.
Ақындық деген, батырлық деген,
Махамбет дер ем – жаңғырып туған!..




2 орын – Мырзатаева Қымбат




Жылдардан жылдар шіркін барады асып…




Жылдардан жылдар шіркін барады асып,
Жаңалық ескілікпен араласып.
Бір жарым ғасыр уақыт дөңгелегі ,
Жан ата жатыр біздің араны ашып.
Жыр жазып ,дәстүр тауып, өнер іздеп,
Жемісін ұлы Абайдың тереміз деп.
Жұп –жұмыр, іші алтын ,сырты күміс
Келемін ізіңізбен өлең іздеп.
Сыр сандық көп үңілсем ашылардай,
Көңілім сізді оқып басылардай.
Қара сөз қара маржан деп білемін,
Оқимын сөздеріңді басымды алмай.
Қол созып ақ арманға, алыстарға,
Шираймын бойда қуат намыс барда.
Бұл күнде бірді жеңу оңай емес,
Таңданам мыңмен жалғыз алысқанға.
Табыну данышпанға қалған ғұрып,
Келесің ақылыңмен тамсандырып.
«Қаламқас», « Желсіз түнде…», «Сегіз аяқ»,
Бір жүрсің ұрпағыңмен ән салдырып .
Өзіңдей кейде қалам қолға аламын,
Қырандай қанат қағып қомданамын.
Қымбат боп өз әлімше өлең арнап,
Тоқжан боп қайран баба толғанамын.




3 место – Орынбасаров Рахымжан




Анаға сыр!




Анашым-ау, несіне қамығасың?
Өкпелетсем сәбилік бағыма сын.
Өсіргенің үшін де бас иемін
Құлдық болып жалынып арыма шын!

Анашым-ау, жасыма, мұңаймағың,
Сен мұңайсаң жүрегім, жылайды арым.
Ұл-қызыңның алдағы өмір жолын,
Уайымдаған секілді сыңайландың!

Анашым-ау,жүргенде жаным жүдеп,
Қаймықтың ба ұл-қызым “жаңылды” деп.
Өзге жерге бір түнеп келгеніңде
Ұялдым да, айтпадым “сағындым” деп!

Анашым-ау, аңсаймын сағатына,
Тұрақтандың ұлылар санатына.
Аналардың жұп-жұмсақ жүректері
Ұқсайды екен аққудың қанатына.

Анашым-ау,ескендей жақұтты леп,
Ана-құшақ өзіне шақыртты кеп.
Ұрпақтарың ұлықтап ұлы есімді
Жыр арнады денсаулық,бақыт тілеп!

Welcome Home, Kanat!

By | «Әлем» бағдарламасы

Welcome Home, Kanat!Уақыт зымырап өтіп барады! Сәби Қорының дарынды жастарды қолдау « лем» бағдарламасы бойыншахалықаралық грантының иегері Бейсекеев Қанаттыкеше ғана жіберген сияқты едік, содан әлемнің жартысын өтіп Нью-Йорк киноакадемиясының бір жылдық «Фотосурет» курсын оқуына кірісіп, бүгін ұшақтың баспалдағын аттап отанына аман есен оралды.



Қарқынды оқу курстың аясында, төрт мезгілдің ішінде біздің «әлемдік» баламыз документалдық, классикалық, көркемдік және коммерциялық стильдегі кез келгеніне ғана емес, тіпті оданда зор жобаларға қатысып әлемнің ең профессионалды студияларында фотоға түсіру техникасын меңгеріп алды. 



Сонымен қатар Қанат әйгілі журналдардың жеке тапсырыстарын алып жұмыспен оқуды қатарластырды, лукбуктарды түсірді, сосын АҚШта тұрып жатқан қазақстандықтар туралы репортаждар топтамасын жасады. Соңғысы Америкаға бақыт жолында көшіп кеткен бұрынғы отандастарымыз туралы көптеген қызықты нәрселер білген интернет пайдаланушылардың арасында белсенді пікірлер айтылды.



Қанаттың сөзінен, ол өзінің шығармашылығына айтарлықтай байыпты көзбен қарай бастады, әр қадамын толық ойластырып, әр фотосуретке жанын салып жұмыс істеуді үйренді. Бірақ оқу процессі бұл жерде тоқталған жоқ, керісінше алдында күтіп тұрған жұмыстары көп, жаңа жобалар, жеке бастың шексіз дамуы. 



Сәби Қоры сенді, « лем» Бағдарламасы алға бастырды, Академия үйретті. Ал енді Қанат болашағың сенің қолыңда. 



Сіздер Бейсекеев Қанаттың портфолиосымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Таныстырған, табыстырған бізді «Әлем»

By | «Әлем» бағдарламасы

Алматы…
Қазақ Ұлттық
университеті…
ҚазҰУ қалашығы…
Студенттік өмір…

Мұның бәрі алтын ұя
мектебінен жаңа өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектердің асқақ арманы еді.
Жүрегі лүп-лүп соғып, көңілі алабұртқан бойжеткен мен бозбаланың арманы…

ә, армандар
орындалады екен. Аппақ тілек пен адал ниет – болашақтың кілтін өзі-ақ
табыстайды екен. Біз де бір кезде қай арнаға ілесіп, қай бағыттан жол табам деп
жүрген, тұлымы желбіреген түлектер едік. Бүгінде арманнан ақиқатқа айналған
Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріміз. Біздің ертегі қиялымызды ертеңгі
күнге ұластырып берген, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қыз-жігіттердің
басын біріктірген«Сәби» қайырымдылық қорының « лем» бағдарламасы.Болашағымызға
үлкен сеніммен қарап, қалаған мамандығымызға қол жеткізген қамқоршыларымызға
алғысымыз зор. Осыдан екі жыл бұрын бір-бірімізді танымаған, көрмеген ұл-қыздар
– бұл күнде ажырамас достарға айналдық.

Ақындар мүшәйрасына қатысыңдар!

By | «Әлем» бағдарламасы

Ақындар мүшәйрасына қатысыңдар! Жыл сайын ақпанның 21-де әлем халықаралық ана тіл күнін тойлайды. Елімізде жас сөз зергерлерінің есіне балалар ақындық мүшәйрасы жалғасуда екенін және оның биыл «Сәби» Қорымен төртінші рет өткізіліп отырғанын сала кететін тамаша себеп деп шештік.

Бұл шығармашылық мүшәйрасы интеллектуалды ынтаның дамуына, қиялдануға, қазақстан жастырының дұрыс сауатты тілінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасады.

Байқаудың өткізілген уақыты ішінде жас ақындардың 2 өлеңдер жинағы жарық көрді, 6 лауреат еліміздің ең беделі ЖООда «Журналистика» «Қазақ филологиясы» мамандығында білім беру грантына ие болды, 3 жүлде ретінде ноутбукке ие болды.

Қатысу үшін alemsaby.kz сайтында түйіндемені толтырып және «Сәби» Қорының арқасында өз күшіне сеніп үлкен жетістіктерге жеткендердің жолына түсуге әлі уақыт бар.

Нью-Йорктен «әлемдіктен» келген бейнесәлем! (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы
Соңғы екі жылдар ішінде Қанат Бейсекеевтің есімі қазіргі заман жастарының естуінде. Оның интернет-басылымдарына түсірілген қызықтырғыш репортаждары фотожурналистиканы бағалай алатындардың арасында әйгілілікке ие болды. 



Қанат Нью-Йорк киноакадемиясында «Сәби» Қорының « лем» Жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында алған халықаралық Гранты бойынша «Фотография» мамандығында оқиды.

Өзінің видеоүндеуінде жас фотограф өзі туралы және өзінің Америкадағы студенттік өмірі туралы айтады. 
 

Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Төртінші балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді



Конкурсты өткізу мерзімдері

Конкурс 2014 жылғы 08 қаңтар мен 2014 жылғы 01 мамыр аралығында өткізіледі. 



Конкурсқа ашық қатысу

Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.



Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2014 жыл.



Конкурстың мақсаты

1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.

2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.

3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау. 

4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну. 

5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.



Марапаттар 

Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.



Конкурс шарттары

Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.

рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.



Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар
Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

– лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;

– экстремистік сипаттағы;

– нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін; 

– порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;

– балаларға жағымсыз кері әсер ететін;

– ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;

– дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;

– өмірден түңілген сипаттағы.



Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.



Қатысушының өтінімі

Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:

– конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді

– өлеңдер тіркелген файлдар

– қатысушының фотосы (ықылас бойынша)



Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.



Конкурстың жұмыс органдары

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.



Конкурс редакциясының:

онкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.

Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды. 

Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді. 



Конкурс ұйымдастырушыларының:

рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.



Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

– конкурс жеңімпаздарын анықтауы;

– жүлдені – ноутбукты беру;

– конкурстың сайттарында шығару;

– конкурстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу. 

Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.



Қайырымдылық жасаушыларға

Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.



Байланыс 

Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz

Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: alem@old.saby.kz

Барлық қажетті ақпаратты мына телефон алуға болады: (727) 311 29 38



Өтініштің үлгісін осы жерден жүктеуге болады otiniw.doc [25 Kb] (cкачиваний: 8)

Русский

Қазақ тілі

English