Category

«Әлем» бағдарламасы

“Әлем” Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастыруда

By | «Әлем» бағдарламасы

" лем" Бағдарламасы дарынды жастарды іздестіруін жалғастырудаЖас дарындарды қолдайтын ” лем” бағдарламасы жаңа таланттарды іздеуді жалғастырады. Жаңа маусымда алғашқы болып өзіне назар аудартқан жас талант Павлодар қаласының тумасы Омар Қуанышев.

Омар қазір К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатында оқиды. Алдағы уақытта ол оқуын П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында жалғастыруды армандайды.

Жас музыкантттың шеберлігіне баға беру танымал музыкант Еркебұлан Сапарбаевқа, сонымен қатар біздің тұрақты сарапшымыз Ренат Гайсинге ұсынылған болатын. Омар аспапты қолға алғаннан-ақ әділқазы алқаларын өзіне қаратып, танымал туындылардың жылдам және қиын бөліктерін жоғары деңгейде орындауының арқасында оң бағаға ие болды. Жас скрипкашының өнерін тамашалағаннан кейін қазақстандық танымал музыканттар бір шешімге келді – ол өз бойындағы таланты мен қабілетін ұштай беруі керек.

Осы үшін де “Сәби” қорының басшылығы Омарды ” лем” бағдарламасының қатысушылары қатарына қосып, оның П. .Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында білім алуына көмектесуге шешім қабылдады. Армандар міндетті түрде орындалуы керек!

Жас ақындардың құлақтарына алтын сырға!

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас ақындардың құлақтарына алтын сырға! «Сәби» Қорымен жарияланған Жетінші ақындар мүшайрасына қатысу үшін сауалнамаларды қазақ тілінде қабылдау жалғасуда.

Басты жүлде – ноутбук және дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының гранты бойынша Қазақстанның қоғамдық ЖОО-ның бірінде тегін оқуға мүмкіндік.

Өздеріңнің үздік өлеңдеріңді alem@old.saby.kz электронды мекенжайына жіберуге асығыңыздар

Толығырақ сілтеме арқылы

Израйльдегі студенттердің өмірі

By | «Әлем» бағдарламасы

 зрайльдегі студенттердің өмірі Жарты жыл бұрын «Сәби» Қоры Назарбаев зияткерлік мектебінің бес түлектеріне зрайльдің жоғарлы дейгейдегі компьютерлік мектебінде оқуға грант бөлді.оқуға аттанған сәттен біз олардың жетістіктерімен жеке өмірлерін бақылап оқу деңгейі жөніндегі жақсы хабарларды қуана алудамыз.

Бірақта басқа мемлекетке келген сәттен бастап балаларға бәрі оңайға тиген жоқ. Басында біздің оқу үлгісіне қарағанда ерекшелінетін оқуға әдеттену керек болды. Тілдік кедергісі қатты сезілді, өйткені көбісі зврит тілінде сөйлейді. Бұндай қиындықтардан жеңіл өту үшін жергілікті оқу орнының мұғалімдерімен кураторлары көмектесті. Сөйтіп қазақстандық және жергілікті студенттерді бірыңғай достастық командасына жинады.

Оқушылардың беімделуіне зрайльдегі Қазақстан Республикасының елшілігі үлкен көмек көрсетті. Балаларды бірнеше рет әртүрлі шараларға шақырды соның ішінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Жаңа жыл.

Оқу бағдарламасының қиындығына қарамастан балаларға оқу өте ұнайды. Олардың айқандарына жүгінсек барлық мұғалімдер шыдамды ал курстас балалар өте тату және бауырмал.

Жетінші ақындар сайысы

By | «Әлем» бағдарламасы

Жетінші ақындар сайысы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Жетінші балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Конкурсты өткізу мерзімдері

Конкурс 2017 жылдың 04 қаңтары мен 2016 жылдың 01 мамыр аралығында өткізіледі.

Конкурсқа ашық қатысу

Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.
Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2017 жыл.

Конкурстың мақсаты

1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау.
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну.
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар

Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурс шарттары

Конкурсқа әр түрлі жанрда қазақ тілінде жазылған, бұрын жарияланған, сол секілді ешқашан жарияланбаған саналы өлшемдегі поэтикалық шығармалар қатысады. Өлеңдердің тақырыптары: әр түрлі.
рбір қатысушы өз таңдауымен ең жақсы 3 өлеңге дейін жіберуге құқы бар.

Конкурсқа қатысушының материалдарына қойылатын этикалық талаптар

Мынадай материалдарды жариялауға жол берілмейді:

– лексикасы нормативтен тыс мазмұндағы;
– экстремистік сипаттағы;
– нақтылы бір адамдардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін;
– порнографиялық және сексуальдық сипаттағы;
– балаларға жағымсыз кері әсер ететін;
– ұлттық, нәсілдік немесе соған ұқсас өзге сипаттағы;
– дінге қарсы және экстремистік сипаттағы;
– өмірден түңілген сипаттағы.

Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапкершілік көтереді.

Қатысушының өтінімі

Конкурсқа қатысушы Ұйымдастырушылардың атына электронды пошта немесе арқылы хат жолдайды, хатпен бірге:

– конкурстық Өтінім тапсырады, осылайша Конкурс ұйымдастырушыларына өз шығармаларын Конкурс сайттарына және балалар өлеңдерінің жинағына қайтарымсыз жариялауға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді
– өлеңдер тіркелген файлдар
– қатысушының фотосы (ықылас бойынша)

Ұйымдастырушылар Конкурсқа қатысушының хатын алғаннан кейін, оның өтінімі мен жұмыстарын алдын ала қарап шығады, содан соң қатысушыға, егер оның жұмыстары Конкурсқа қабылданатын болған жағдайда, Конкурс Ұйымдастырушыларынан растау қағазы келеді.

Конкурстың жұмыс органдары

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың тікелей жүзеге асырылуын Ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Конкурстың редакциясы мен әділқазылар алқасы Ұйымдастырушылардың қалауымен жасақталады.

Конкурс редакциясының конкурсқа арналған өлеңдерге алдын ала іріктеу жүргізуге құқығы бар.

Конкурс редакциясы Конкурсқа жолданған өлеңдерді редакциялау құқығын өз мойнына алмайды.

Редакция Конкурсқа жолданған өлеңдердің мазмұнына жауап бермейді.

Конкурс ұйымдастырушыларының:

рбір автордың іріктелген шығармаларын Ұйымдастырушылардың сайтында жариялауға, бұл үшін авторлар Өтінімде өздерінің жазбаша келісімдерін береді.

Өздерінің жұмыс қызметінде Конкурстың материалдарын пайдалануға құқығы бар.

Конкурс қорытындылары мыналар болып табылады:

– конкурс жеңімпаздарын анықтауы;
– жүлдені – ноутбукты беру;
– конкурстың сайттарында шығару;
– конкурстың қорытындысын ақпаратты мәлімдеу.

Ұйымдастырушылар Конкурстың барлық кезеңдерінде үздік жұмыстарды қосымша ынталандыру құқығын өздеріне қалдырады.

Қайырымдылық жасаушыларға

Біз Конкурстың жүлделік қорын ұлғайту және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында кез келген заңды немесе жеке тұлғалардың көмегін қабыл аламыз.

Байланыс

Ұйымдастырушылардың ресми сайттары: www.old.saby.kz, www.alemsaby.kz
Өтінімдер тапсыруға және жұмыстарды жолдауға арналған электронды адрес: saby@old.saby.kz, alem@old.saby.kz
Барлық қажетті ақпаратты мына байланыс телефон арқылы алуға болады: (727) 311 29 38

Өтініштің үлгісін осы жерден жүктеуге болады: [attachment=10]

Жас математиктердің қызықты өмірі

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің қызықты өмірі 2016 – 2017 оқу жылы “Сәби” Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағылар үшін маңызды әрі нәтижелі өтуде. Олар « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы аясында талантты жас математиктер курсына қатынасып жүр. Бұл курстар қатысушылардың оқу үлгеріміне оң нәтижесін беруде. Оның дәлелі ретінде балалардың алгебра және геометрия пәндері бойынша алғашқы тоқсанды жақсы бағамен аяқтағанын айта аламыз.

Математикаға баулитын бұл курс балалардың қабілетін арттырып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Осы уақытқа дейін 5 адам айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Акежан және Даулет Алибаев есімді ағайындылар Алматы қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебіне оқуға түсіп, олимпиадалық құрамда алдыңғы орындарға ие болды. Курстың келесі оқушысы Даутали Аяжан да Назарбаев интеллектуалды мектебіне физика-математика бағыты бойынша оқуға түсті. Жас математик Темирлан Толепбек Алматы қаласындағы #134 физика-математика бағытындағы гимназияға оқуға түсіп, биылғы жылғы республикалық Жәутіков олимпиадасының финалына жолдама алды.
Курс оқушылары түрлі деңгейдегі сайыстарда да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мысалы, Максим Гура есімді оқушы РФМШ робототеxникадан өткен Республикалық олимпиадада олимпиада құрамасының құрамында 50 қатысушы команда арасынан 9 – орын иеленді. Олимпиадаға алғаш қатысып отырған Максимның командасы үшін бұл – үлкен жеңіс.

Сонымен қатар дайындық орталығы қамқорлығымыздағы балалар үшін ағылшын тілінен, физикадан, xимиядан тегін сабақтар жүргізеді, оқу барысында жеткен жетістіктерді дәріптеу мақсатында түрлі мәдени шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Оқушылар үшін нағыз нұсқаушы бола білген оқытушылардың мұндай жанкешті жұмысы сабаққа қатысудың 100 % – дық көрсеткішін көрсетуге және керемет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«Әлемдіктің» алғашқы рөлі

By | «Әлем» бағдарламасы

 « лемдіктің» алғашқы рөлі 17 қарашада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Сәби» Қорының « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының қатысушысы – Азамат Малышов сахнада алғашқы рет жеке рөл орындады.

нші Турандот операсының Мандарин партиясын тамаша орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Азамат үшін 2016 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жылы Қазақ ұлттық консерваториясын «вокал» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар студент бола тұрып өзінің вокалдық шеберлігін театрдың хорында арттырып, солистердің қатарларына қосылды.

Біз өз тарапымыздан «әлемдікке» армандаған рольдерін орындап, қойылымдары тек қана аншлагпен өтуіне тілектеспіз.

Табандылық жоқ жерде дарын да жоғалады

By | «Әлем» бағдарламасы

Табандылық жоқ жерде дарын да жоғалады Адамның дарыны мен жігері, әсіресе ол бала болса, әрқашанда ынталандырылуы керек. Бірақ кей-кездері кей жағдайлар сенің лайықты марапаттарға ие болуыңа ғана емес, тіпті өз қабілеттеріңді айналаңа паш етуге, ең біріншіден өзіңе, сонан соң сені қоршаған адамдарға сенің “өз сүйікті ісіңнің шебері” болуға лайықты екеніңді дәлелдеуге кедергі болып жататын тұстары кездеседі. Дәл осындай жағдай талай рет республикалық және xалықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған жас скрипкашы қыз Малика Бектұрованың өмірінде орын алды.

Малика – Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының 8-ші сынып оқушы. Жасының кіші болғанына қарамастан, ол оқу уақытымен қатар, демалыс уақыттарында да скрипкада ойнаудың күн сайынғы жеті сағаттық дайындығына қатысу арқылы балаға жат (немесе үлкендерге тән) табандылық пен ұмтылыс танытады. Ата-анасы қыздарының музыкалық дарынына қолдау көрсетіп, оның еңбегін жетекші-кәсіби музыка мамандары бағалайтындай деңгейге жетуі үшін барын салуда. Бірақ, өкінішке орай, олар биыл Маликаның Санкт-Петербургте өтетін Л.Ауэр атындағы скрипкашылардың Халықаралық байқауына баратын жол шығынын көтере алмады.

Жас қыз бұл мәселеде де табандылық танытып, байқауға қатысудың қосымша жолдарын іздей бастады. Ол ғаламтор бетінен біздің www.alemsaby.kz сайтымызды тауып алып, бұл жерден “Сәби” Қоры ұйымдастырған ” лем” дарынды жастарды қолдау бағдарламасына қатысуға өтінішін береді. Қор басшылығы оның түйіндемесімен танысқан соң, Ресейдің солтүстік астанасында өтетін байқауға барар жол шығынын көтеріп, жас дарынға қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.

Маликаның біздің артқан үмітімізді ақтап, Қазақстанды күллі әлемге абыроймен танытатынына сеніміміз мол!

«Әлем» қатысушысы «Оксфордте»

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» қатысушысы «Оксфордте» Дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының аясында «Сәби» Қайрымдылық Қоры жас ғалым Жағыпаров Александрге «Оксфордте» оқуға халықаралық грант бөліп отыр.

Александр Назарбаев Университетін беске бітіріп, жазға семестр кезінде АҚШ-тың Висконсин штатының Мэдисон қаласында Висконсин Универститетінде оқып шықты (ең жоғары үлгерім нәтижесі GPA 4.0 /4.0). Және осы жылы Оксфорд Университетінен «Біріктірілген иммунология» мамандығы бойынша магистрадурада оқуға шақырылды. Жас маманға бұл бағдарлама өзінің биология және иммунология саласындағы зерттемелік жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Қазіргі кезде «әлемдік» Ұлыбританияға виза алу үшін керекті құжаттарды даярлауда, оқу 2016 жылдың қазан айында басталады.

5 «әлемдік» зраилде оқиды

By | «Әлем» бағдарламасы

5 «әлемдік»  зраилде оқиды «Сәби» Қайырымдылық Қоры, Дарынды жастарды қолдайтын « лем» Бағдарламасының аясында Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің үздік 5 түлектеріне Эфи Арази атындағы компьютерлік мектебінде Халықаралық тәртіп орталығында Герцлиде (IDC Herzliya), г. Герцлия, зраиль, информатика саласының бакалавр дәрежесінде оқиды.

5 «әлемдік»  зраилде оқиды Бұл мектепке түсу қиын: балалар көп сатылы іріктеуден өтті. Соңында Мәдина Кашағанова, Аруай Бердіқұлова, Жандос Бұлатов, Диана Жексенбекова және Алексей Семенов қырқүйектің басында 3 жылдық оқуға кіріседі.

IDC Herzliya – бұл зрайлдің ең беделді оқу орындарының бірі өзінің бірегей методикасымен және ақпарат технологиясын жоғарғы халықаралық дәрежеде оқытуымен бөленеді және ақпарат технологиясы саласындағы жоғарғы қатарлы мамандарды даярлайды.

«Сәби» Қоры оқудың, оқу орнына дейін және қайтадан қайту әуе тасымалдау шығынын, сол қаладағы қала ішінде жол жүру, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыруын, визалық жинауын, студенттік кәсіподақ жарнасын «тамаша бестікке» бүкіл оқу кезеңіндеге шығындарын төлейтін болады.

«Әлем» түлектері -2016

By | «Әлем» бағдарламасы

« лем» түлектері -2016 Жас дарындарды қолдауға арналған «Алем» бағдарламасының оқу гранты бойынша осы жылы журналистте, музыкантта, инженерде,
техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандық иелері оқуын
тәмамдамақшы. Бірден « лемдік» 10 дарынды жас өмірдің жаңа баспалдағына өз ісінің маманы ретінде қанат қағып, университет қабырғасымен қоштаспақшы.

« лемдіктер»
қатарында жүрген кезде олар өздерінің керемет қабілеттерімен көрініп,
әр түрлі университет қабырғасындағы шараларға, халықаралық
фестивальдермен олимпиадаларға қатынасып, театрда өнер көрсетіп,
телевизиялық бағдарламаларда жұмыс жасай білді.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының атынан, біз түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіне қарай
өнбегі. Сондықтан барлықтарыңыз еңбек даласында өз орындарыңызды тауып,
еліміздің ертеңі үшін өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!

Русский

Қазақ тілі

English