Category

Жаңалықтар

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! 1 маусым, жаз мезгілінің бірінші күні, – 1950 жылдан тойланып келе жаткан, халықаралық мереке, барлық қыздар мен ұлдарға бұл – ерекше Балаларды Қорғау күні.

Осындай күнде, бір бала да ықылассыз қалмайды. Оларға мерекелік шаралар, ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылады, қала сыртында сейілдер өткізіледі және саябаққа серуендейді.

«Сәби» Қайырымдылық Қорына бұл мереке ерекше болып келеді, өйткені біздің ұйымымыздың қызметі, балалардың өмірін жақсарту үшін, жеңілдету үшін, оңды және қызықты қылуға бағытталған.

Шын жүректен балаларды осындай тамаша, жаздың жылы және қуанышты мерекесімен құттықтаймыз, зор денсаулық тілейміз, беттеріңнен күлкі мен қуаныш кетпесін!
Сіздің «Сәби» Қорыңыз

Жеңіс күнімен!

By | Жаңалықтар

Жеңіс күнімен! Ұлы Жеңіс Күні! Қасиетті Мерекені ерекше ықыласпен және жылылықпен қарсы алғанымызға 68 жыл болды. Отан үшін және болашақ ұрпағымыздың өмірі үшін батыл соғысқан, аталарымыздың жауынгерлік батырлығы, ұрпағымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Мәңгілік алауына келе жатқан халық, бетіндегі қайғы мен қуаныш көз жасымен, өмірден өткен азаматтарды еске алу үшін, гүл шоқтарын қояды.

Қадірлі Ардагерлер, сіздерге, аса құрметімізді білдіре отырып тағзым етеміз. Ер есімі ел есінде…

Баршаңызды Жеңіс күнімен Құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен тыныштық тілейміз!

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

1 Мамырмен Құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

1 Мамырмен Құттықтаймыз! Бірінші Май әртүрлі атауымен: Еңбек күні, Көктем және Еңбек күні, Еңбекшілердің Ынтымақтастығы күні ретінде – 120 жыл бойы, 140 аса мемлекетте тойланады. 1996 жылдан бастап біздің мемлекетімізде 1 МАМЫР – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі. Көп ұлтты, татулы және бірлікті Қазақстанға бұл мереке ерекше мағына береді және үлкен халық махабатына иеленеді.

Мамырдың шуақты бірінші күндерінде, табиғат құстардың сайрауын, гүлдің хош иісін, тілмен жеткізе алмайтын көктем көңіл күйін сыйлай, қайтадан тірілгендей., Ұлттан тыс Қазақстандықтардың жүректерінде патриоттық сезімді, Отанына деген жан қиярлығын және шын сүйгіш махабатын оятып, Республикамыздың әр өңірінде салтанатты шаралар, концерттер, фестивальды байқаулар өткізілуде.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры барша Қазақстандықтарды 1 Мамырмен құттықтайды !
Барлықтарыңа зор денсаулық, отбасыларыңа бақыт, табыс, амандық және де орта шаңырағымызда әрқашанда бейбітшілік пен татулық болсын.

Наурыз мейрамымен, Құрметті Қазақстандықтар!

By | Жаңалықтар

Наурыз мейрамымен, Құрметті Қазақстандықтар!

Ақыры ұзақ күткен көктем келді! Күн сайын, табиғат қысқы ұйқыдан, біртіндеп көзін аша бастады. Осы ғажайып мезгілде, ауа да біртүрлі, ерекше шуылдайды, күн жарқырап, керемет көктем көңіл күйін бізге сыйлай отырып, жасылға боялған табиғат көрінісі көзді қуантады.

Ұлтқа қарамай, Казахстанда Наурыз мейрамын бәрі тойлайды. Осындай күнде бір-бірін құттықтап, қонаққа барып, ұлттық тағамдармен және міндетті түрде Наурыз көжемен дастархан жайады. Мемлекетіміздің барлық қалаларында мерекелiк шаралар мен халық серуендері өткізіледі.

«Сәби Қайырымдылық Қоры» қазақстан халқын, осы көктем мейрамымен құттықтайды! Зор денсаулық, мол дастархан, отбасыларыңа бақыт және сіздерге әрқашан сәттілік ілесіп жүрсін!

8 наурызбен Құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

8 наурызбен Құттықтаймыз!

Осындай көктемнің тамаша күнінде барлық ер-азаматтар өздерінің ардақты аналарын, сүйікті жарларын, аяулы қарындастарын, мәпелеп өсірген қыздарын, таңдау жасаған қалындықтарын және күнделікті өмірдегі құрбыларын жарқын мейраммен құттықтайды.

Бұрында 8 наурыз, әйелдердің құқығымен күресу мерекесі ретінде бүкіл әлемде тойланды,және де басын қалаған немiс революционерi Клара Цеткин болып табылады.

Біздің заманымызда 8 наурыз – бұл тамаша әйелдер мерекесі, сұлулық мерекесі, жуастық пен махаббат мерекесі., Осындай маңызды оқиғаға алдын – ала дайындалып, әр жігіт өз сүйіктісін өздігінше қуантқысы келеді. Бірақ барлығымыздың басын қосатыны адам баласының әдемі жартысына деген махаббатымыз, алғысымыз және құрметіміз.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры біздің барлық окырмандарымызды Халықаралық 8 наурыз әйелдер мерекесімен құттықтайды!

Шын жүректен барлықтарыңызға зор денсаулық, табыс, жеке адам ретінде өсуге, қолайлы әйел бақытын тілейміз!

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Жаңа 2013 Жыл құтты болсын! Достар! Жаңа жылмен құттықтаймыз!

гі істер жақсылық жасайтын және оны алатын адамдарға қуаныш әкелетіні байқалған. Ендеше, жаңа жылда бір-бірімізге бұдан да көп игі істер тілейік. Өткен жылдың қуанышты сәттері сізбен бірге болсын, ал жаман сәттер артта қалсын. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыз жаңа жыл түнінде жаныңызда болсын, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізерсің деп бекер айтылмаған. 
Шын ниетпен сүйіспеншілік, бақыт, амандық пен ең бастысы, денсаулық тілейміз! 

Сіздің «Сәби» қорыңыз

 

“Сәби” Қорының президентінің алғы сөзі

By | Жаңалықтар

"Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі Асель Тасмагамбетова
«Сәби» қорының президенті

[i]Осы жылы біздің Қорға 10 жыл толды. Маңызды шек пен қорытындыларды өткізу уақыты. Есептің бірнеше бетіне барлық жасалған жұмысты жүйелей отырып, әсірелемей-ақ, біздің елімізде әлеуметтік маңыздылыққа ие, «Сәбидің» идеядан үлкен жобалармен салмақты ұйымға айналып, қаншалықты өскенін түсінесің. 

Өкінішке орай, қайта құру жылдарында «Қайырымдылық» сөзінің өзі өзінің беделін түсіріп, қазір жым-жылас және лепіріп естіліп тұр. Бірінші тоқсанда қызметімізді талдай отырып, оның – игілік жасау деген тікелей мәнінен аулақ кетіп алмағанымызды қанағаттанарлықпен байқаймыз. 

«Сәби» қорының лейтуәждемесі, немесе, егер осылай айтуға келетін болса, девизі, бір данагөй адамның қайырымдылықтың шуыл мен қол шапалақтауға шыдамайтыны туралы пәкірі болып табылады, әйтпесе барлық іс пен рухани ұмтылыс құнсызданып, бар мағынасынан айырылады. Мұнымен біздің жұмысымыздың жарияланбайтыны және анонсталмайтыны түсіндіріледі. 

[/i]

[i]Мен жақын адамға көрсетілетін көмекті адамның күші жетпейтін сапалардың қатарына жайғастыруға немесе жатқызуға болмайтынына нық иланамын. Бұл, шынында, өркенді қоғамда норма болуы тиіс.[/i]
 

[i]Сондай-ақ адал әрекеттердің жұмсалған соманың мөлшерімен бағаланбайды деп есептеймін. Бір адамның тағдырына адал жүректен және жан-сезіммен қатысу өте маңызды және қымбатырақ болатыны даусыз. 

Ерте ме, кеш пе, елімізде қайырымдылық қозғалыстары мен жебеушілік мәдениеті сапалы жаңа деңгейге шығатынына үтім артқым келеді. 

«Сәби» қоры, өз тарапынан, екінші он жылдыққа өте отырып, көмек қажет ететін адамдардың игілігі үшін өз жұмысын жалғастырады. 

Барлық достарымызға, қайырымды адамдарға, осы жылдарда қасымызда болған және қолдау көрсетуінсіз жасаған істеріміз мүмкін бола алмаған,, әрбір бей-жай қалмаған адамға шын жүректен алғыс білдіремін!

[/i]

[i] рқашанда сіздің,
Асель Тасмагамбетова[/i]





10 жылда атқарған жұмыстардың нәтижелерімен таныс болғыңыз келсе осы жерден біле аласыз: chn-pb-10-cn.pdf [2.84 Mb] (cкачиваний: 8)[/i]

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық.

Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығын әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Ауызбіршілігімізді сақтап, халқымыздың ырысын және гүлденіп өсуін, сыйласуы мен түсінісуін, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.

Барша қазақстандықтарға тілейтініміз зор-денсаулық, сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан қуаныштар сыйлай берсін!

Конституция Күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Конституция Күнімен құттықтаймыз! Қымбатты Қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау Күніне орай біз ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Бұл – еліміздің демократиялық заң шығарудың іргесін қалаушы, азаматтарға құқық негіздері мен бостандықдың кепілдігі болатын, жас мемлекетіміздің егемендігін бекіткен негізгі заңның құрылған мерекесі.

Баршалыққа сәттілік пен гүлдену тілейміз!

Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!

Бізге 10 жыл!

By | Жаңалықтар

Тасмагамбетова А. .
«Сәби» қайырымдылық қорының президенті

рбір қазіргі заманғы мемлекеттің өз қайырымдылық тарихы бар.

Мысалға, Англияда ол 400 жылға жуық бұрын басталған және терең тамырлары мен қалыптасқан дәстүрлер бар. АҚШ-да филантропия мәдениеті ғасырдан астам бұрын қалыптасты. Және бұл кездейсоқ емес. Шынында олардың қызметіне қатысатын қайырымдылық қорлар мен адамдар – қоғамның рухани құрылымының бөлігі. Көмекті қажет ететін адамдардың азабын жеңілдете отырып, оларға материалдық жағынан көмектесе отырып, олар физикалық зардаптарды жеңілдетіп қана қоймай, қорқыныш және ыза, жек көрушілік және енжарлық сияқты эмоцияларды бұғаттайды. Атап айтқанда олар, ақырғы кезекте, моральдік негіздерді дамыта отырып, тұйық шеңбер құра отырып, оны жүйелі құлдилауға әкеледі, екіншісінің соңында – бақытсыз және ғаріп адамдардың тағы көп санын құрады. Қорыта келгенде, кез-келген қайырымдылық ұйымның қызметінің негізіне қаланған жақынға деген сүйіспеншілік пен рақымдылық сияқты адами құндылықтың нақты нәтижесі болып, бейнелі іске асырылады.

Қазақстанда, тәуелсіздік алғаннан кейін, ежесінен бастауға тура келді. Көбі нөлден бастап қалыптасты, соның ішінде қайырымдылықтың ұлттық дәстүрлерінің негізі қалана бастады. Бізде мәрелік алаң ретінде рақымшылдық, бірге мазасыздану және аяушылық сияқты қайырымдылықтың әмбебап қағидалары ғана болды. Сондықтан нақты механизмдерді білмей, және жүрек бұйрығымен ғана кенет біліп қалумен көп нәрсені жасадық.

Мен қазір Қазақстанда қайырымдылықтың өз таризи тамырлары бар екенін атап өтуге қуаныштымын. Осы жоспарда жүйелі қайырымдылық қызметтің басталуына негіз салған бірінші ұйымдардың бірі «Сәби» қоры болып табылады. Оның құрылғанына дәл 10 жыл болды.

Осы уақыт ішінде, пікірлестер тобының ішінен «Сәби» қайырымдылық қоры ең әртүрлі қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін елеулі ресурстарды шоғырлауға қабілетті үлкен құрылымға айналды. Қазіргі таңда олар Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асырылады.

Біздің Қорымызда басты бағыттар жоқ, біз қолдауды қажет ететін барлық санатпен жұмыс істеуге тырысамыз. Қайырымдылық көмек «күштіден әлсізге» немесе «байдан кедейге» сияқты қағидамен көрсетілмейді. Ол қазіргі таңда әсіресе көмек қажет болатын адамға көрсету мүмкіндігіне сүйенеді.

Бірақ біздің Қорымызтың басты қағидасы – бұл жеделдік. Біз көмектік дер кезінде келу керек екенін анық түсінеміз. Өйткені көзіміз жетер жерде жүрген адамдар көңілінің жайсыздығына бейім, осындай адамдар кез-келген мезетте өзіне және айналадағы адамдарға сенімінен, социумда қалыпты өмір сүруге үмітінен айырылып қала алады.

«Сәби» қайырымдылық қоры жұмысының нәтижесі 250 мың мұқтаж адамдарды қолдау болып табылды. Олардың арасында қатты ауыратын балалар мен ересектер, 35 мың мүмкіндігі шектелген адам, 5 мың жетім бала бар.

Біз өткенімізді қадірлеп, келешегіміз туралы ойлаймыз. Бізде жоспарлар зор. Біз бізге ұсыныстармен келетіндерді күтуге үйренбегенбіз, міндетіміз – мұқтаж адамдарға көмектесуге қабілетті идеяларды генерациялау. Қордың алдында жаңа жобалар тұр. Оларды іске асыру бенефециарларымызға өмірді жақсартудың жаңа мүмкіндіктерінің сапасын қамтамасыз етеді.

Баға жетпес қолдау, сенім мен ынтымақтастық үшін достарымызға, филантроптарға, демеушілерге, серіктестерге, ірі компаниялар мен кішігірім фирмаларға, ұйымдар мен жеке тұлғаларға шын жүректен алғыс білдіргім келеді!

Зор құрметпен және ізгі тілекпен,
Асель Тасмагамбетова

Русский

Қазақ тілі

English