Category

Жаңалықтар

1 мамыр құтты болсын Қазақстан!

By | Жаңалықтар

1 мамыр құтты болсын Қазақстан! Мемлекетіміздің ортақ шаңырағының астында бейбітішілік пен татулықта көпұлтты халық өмір сүріп жатыр. Халық достастығы – Қазақстанның басты жетістігі болып саналады және де бұл еліміздің табысты өркендеуінің кепілі.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, дәстүр бойынша мерекелік концерттер, көпшілік қыдырулар және әр дәстүрдің өкілдері жайылған мол дастарханның үстінде өздерінің салтымен және халық тағамдарының рецептісімен бөліседі.

Қымбатты отандастар, сіздерді 1 мамыр мерекелеріңізбен құттықтаймыз, әр үйде достастық, махаббат және түсінушілік болсын!

Cәби 12 жылдығын тойлауда!

By | Жаңалықтар

Cәби 12 жылдығын тойлауда! 12 жыл бойы «Сәби» Қоры қайырымдылық көмегін сәбилерге, жетім балаларға және қозғалысы шектеулі адамдарға көрсетуде.

Казіргі кезде Қазақстанда «Сәби» атын ең батыл және орасан зор жобаларды іске асырумен байланыстырады, соның ішінде: Қазақстанның 16 қалаларында тегін тасымалдау қызметін атқаратын 62 «инватакси» көліктері, еліміздің және әлемнің ең беделді ЖОО-да Қордың грантымен оқып жатқан дарынды студенттер, Қызылорда қаласында Сәби үйіне арналған жаңа ғимараты, еліміздің балаларға арналған әлеуметтік мекемелерінде 29 заманауи спорттық нысандары, 17 емдік мекемелеріне тапсырылған медициналық жабдықтар және солармен қатар біздің ұйыммен атқарылған көптеген басқа істер.

Осы жылы біз мүшел жасқа кіреміз – осылай қазақта барлық зодиак белгілерінің бір айналым жасағаннан кейін бірінші 12 жылдық кезеңнен келесі кезеңге аяқ басуын айтады. Осындай ауыспалы кезеңде өткен жылдардың қорытындысын жинақтап келешекке жаңа көзбен қадалған дұрыс.

Атқарған жұмысымызды мақтан тұтамыз және де бізде орасан зор жоспарларымыз бар – Қордың қызметінде келешекте үлкен өзгерістер күтіп тұр: жасалып жатқан жобаларды қайта құрылымдау және жаңаларын ашу. Астана қаласында ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 100-120 орынды отбасылық түріндегі балалар ауылының салынуы туралы жоба іске қосылды. Сондықтан біздің мүшел жасымыз бізден көп қаражат пен күш-қуатты керек етеді.

12 жыл бойы бізбен болған барлық достарымызға қамқорлығы үшін және қатысқаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің көмектеріңізге баға жетпес!

Жаңа мекендегі Сәби үйінің тіршілік тынысы

By | Жаңалықтар

Жаңа  мекендегі  Сәби  үйінің  тіршілік  тынысы Бала – біздің болашағымыз. Сол болашақ
ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру – барша адамзаттың міндеті болса,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген мейірімділік ерекше болуы
сөзсіз. Елбасы Н. . Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауындағы басымдықтардың
негізгі бөлімнің бірі баланы қорғау, оның ішінде ата-анасың қамқорлығынсыз
қалған балалар құқығын қорғау болып отыр.

90 жылдан астам тарихы бар Қызылорда қаласында орналасқан Сәби
үйі Байсеитова көшесіндегі 50 жыл бұрын салынған типтік емес ескі ғимараттан
2013 жылдың басында«Сәби»
жеке қайырымдылық қорының
демеушілігімен еңселі де, жарық заманауи үлгідегі жабдықталған,
отбасылық жылумен мейірлендірілген жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Бұл салынған
ғимаратта бала тәрбиесі мен күтіміне, оның жан-жақты өсіп жетілуіне, дамуына,
емдік шаралардың сапалы жүргізілуіне барлық мүмкіндіктер толық қарастырылған.
Ойын алаңдары, физио – массаж, емдік жаттығулар, баланың толық өсіп жетілуіне қалыпты
орта жасау үшін қарастырылған Монтессори бөлмесі түрлі сенсорлық ойыншықтармен,
жиһаздармен, модульдермен және құрал – жабдықтармен қарастырылып, олар білікті
мамандармен қамтылған. Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың
маңыздылығы ерекше: баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасайды,
барлық сыртқы сезімді дамытады, жоғары интеллектуалдық көңіл күйді, сонымен
қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелейді,баланы «дұрыс» қоршаған
ортаға қалыптастырады.

Осындай мүмкіншіліктер «Қалалық сәби үйі» статусын «Облыстық
сәби үйіне» ауыстыруына үлкен ықпал етті. Осыған орай, Қызылорда облыс
әкімдігінің 2013 жылғы 06 тамызындағы № 221 қаулысына сәйкес, 01.09.2013 жылдан
бастап қалалық сәби үйінің атауы «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Барлық күту және тәрбие жұмыстары барынша үй жағдайындағыдай
өткізіледі. Тәрбиешілер барынша аналық мейірімін төгіп, балаларды ауыртпай
бағып – қағып, қолдан келгенше тәрбиелейді, сонымен бірге ауруды алдын – алу,
науқас балаларды сауықтыру, оңалту-түзету, диспансерлеу жұмыстары жүргізіледі.
Осындай көлемді жұмыстардың арқасында жалпы жұмыс көрсеткіштерінде мынадай
жетістіктер бар: балалар өлімі орын алған жоқ, жұқпалы және соматикалық аурулар
саны азайды, тиімді емделудің арқасында сәбилердің жүйке психикалық жетілуі
жақсарып, балалардың асырап алуға жарамдылығы артты.

Ізгілік пен қайырымдылық қадамы әрдайым құрметке лайық. Ал
жүрек жылуынан туған қайырымдылық шуағы сәбилерге арналып жатса, бұл құрметті
айырықша бағалауға тұрады. Елбасымыз «Алаштың анасына» балаған аймақта
орналасқан облыстық сәби үйі ұжымын ана мен баланы қорғау, оның ішінде
ата-анасының қамкорынсыз қалған балаларды қорғау және қолдау ел саясатының
маңызды құрамдас бөлігі болуы қатты толқытады және қуантады.

Наурыз мейрамы құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Күннің жылы сәулесі мен құстардың сайрауы ұзақ қыстан кейін табиғаттың жандануы туралы хабар әкелгендей. Күн мен түннің теңесуін көптеген халықтар Наурыз мейрамын тойлайды. Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекістан, ран, Ауғаныстан секілді Ұлы Жібек жолының бойындағы мемлекеттері жаңа жылдың бастауын осы күнмен байланыстырады.



Барлықтарыңызды Наурыз мерекесімен құттықтап, тамаша көңіл күй, бақыт пен саулық тілегіміз келеді! Дастархандарыңыз басында ең жақын туған – туыстарыңыздың жиналып отыруына тілектеспіз. Аспандарыңыз ашық болсын, денсаулықтарыңыз зор болсын, табыстарыңыз мол болсын ![/i]



рқашанда, сіздің «Сәби» Қорыңыз

8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Қымбатты ханымдар!

Сіздерді махаббат, керемет көңіл күй сыйлайтын көктемнің тамаша Халықаралық 8 наурыз әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

Осындай тамаша күн сіздерге қуанышты күлкі, өзара жылы түсінушілік, туған-туысқандардың шын ниетті қарқорлығын сыйласын.

Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, бақыт және аман-саулық тілейміз!

Сіздердің «Сәби» Қорыңыз

Алматының көшелері кімдердің атымен аталған

By | Жаңалықтар

Алматының көшелері кімдердің атымен аталған Шынымененде оңтүстік астанамыздың қонақтары түгіл алматылықтардың көбісі өздерінің жұмысбастылығынан және өмірдің ырғағынан күнделікті жүріп жүрген көшелеріміздің атаулары туралы сирек ойланады.

Адамдар тар көшелердің, үлкен көшелердің, даңғылдардың және алаңдардың атауы кімнің құрметіне аталғанына мүлдем назар аудармай жаяу немесе көлікпен жұмыстарына асыға немесе жай қыдырып жүреді. Ал олар келешек ұрпақтың есінде қалуға ие болған көрнекті тұлғалар болып келеді.

«Өңтүстік астананың көшелері» атты айдарын бастаудың алдында Алматы мен бүкіл Қазақстанның тарихында өздерінің айрықша өмірімен із қалдырған тұлғалар туралы сайтымыздың оқырмандарына еске салып айтқымыз келеді.

Жаңа 2014-ші жылмен!

By | Жаңалықтар

Жаңа 2014-ші жылмен!

Құрметті Достар!

С Новым Годом поздравляем!
Счастья всей душой желаем!
Чтоб прожить вам этот год
Без печалей и забот!

Келе жатқан 2014 жылмен сіздерді Шын жүректен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, амандық, бастамаңызға сәттілік және істеріңізге табыс тілейміз.

Туған – туысқандарыңызға қуаныш, жылылық, жайлылық және молшылық болсын.

Жылқы жылы сіздерге оңды болсын және тауқыметттен аулақ сақтасын.

рқашанда сіздің Сәби Қорыңыз[/i]

Тәуелсіздік күнімен!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен! Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні – жыл сайын желтоқсан айының 16 күні тойланатын мемлекеттік мереке.

Бұрыннан бері ата-бабаларымыз еліміздің бостандығы үшін, төңірегінің бүтіндігі үшін шайқасып келген. Көпұлттық Қазақстанның заманауи ауызбірлігі, халқының отанына деген құштарлығы, осындай аз уақыт ішінде көптеген қиыншылықтардан өтіп және де үлкен табыстарға жетуге көмектесті.

Қымбатты отандастар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, мейірімділік тілейміз және туған жеріміздің аспаны әрқашанда ашық болсын дегіміз келеді.

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

Конституция Күнімен, қадірлі қазақстандықтар!

By | Жаңалықтар

Конституция Күнімен, қадірлі қазақстандықтар!1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумдаТәуелсіз Қазақстанның Конституциясының жаңа редакциясы қабылданды. Бұндай ерекше мәні бар оқиға біздің еліміздің дамуына жол бастаған кезең болып табылды. Сол кезден бастап осы күн қазақстандықтардың арасында салтаннатты түрде тойлантын кеңінен таралған сүйікті мемлекеттік мейрам болды. 



«Сәби» Қайырымдылық Қорының ұжымы барлық отандастарын шын жүректенКонституция Күнімен құттықтауда!

Баршамыздың күшімен көп жетістіктерге жетсек те, әлі де Қазақстанның болашағы зор, ешқашан да бір орында тұрмайық.

р үйге – денсаулық, бақыт, тұрақтылық және бейбітшілік тілейміз![/i]

Махатма Ганди. Даналық пен философия

By | Жаңалықтар

Махатма Ганди. Даналық пен философия Махатма Ганди (1869-1948) — Үндістан Ұлттық-азаттық қозғалысының идеологы әрі жетекшілерінің бірі. Оның Сатьяграха зорлыққа қарсы философиясы ұлтық және халықаралық бейбітшіл өзгерістер жақтаушыларына ықпалын тигізді. Ол зорлықтың қандай түрі болмасын қабылдамады. 30 жылдан аса өз философиясын тапжылмай уағыздады, соңында бүкіл әлемге зорлыққа қарсы саясатының тиімді екенін дәлелдеп, 1947 жылы Гандидің жігерінің арқасында Үндістан бейбітшіл жолымен Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды. 

Жаңа оянған елде діни топтастарының арасында елді аузына қарату хұқығына күшті күрес бұрқ етті.

1947 жыл Гандиге қатты түңілумен өтті. Зорлықтың мәнсіз екенің дәлелдеуін тоқтатпады, бірақта оны ешкім естігісі келмеді. 1948 жылдың қаңтарында ұлтаралық итіс-тартысты тоқтату жан-киғыш әрекеті Махатма Гандиді аштықты жариялауға мәжбүр етті. Ол өз шешімін былай деп түсіндірді: «Өлім маған керемет құтылыс болады. Үндістанның өзін өзі құртып жатқанын көрген бишара куәгері болғанша өлгенім артық».
 

Оның аты Үндістанда әулилердің аттары секілді сый құметіне бөленеді. Ұлттың рухани жетекшісі, Махатма Гандидің өмірі зорлыққа қарсы, елін түршіктіретін діни тартыстарға қарсы күресумен өтті, бірақ өмірінің соңғы жылдарында тартыстардың құрбаны болды. Махатма Ұлы жанды білдіреді. Бұл лауазым Гандидің болмысын бұдан жақсы болмас ашады. Ол қандай каста немесе дін тұтымы болмасын үнділердің үлкен сеніміне ие болды, одан көмек пен кеңес сұрауға мындаған адам келді және де сұраған көмегін алды.

[i][/i]

[i]Альберт Эйнштейн:
«Гандидің ойшыл адамдарға тигізген ағлақтық ықпалы біздің заманда артығымен болуы мүмкін дөрекілі күштен әлдеқайда күшті болып келеді. Тағдырымыздың болашақ ұрпағымызға дұрыс жолды көрсетіп, бізге сондай жарқын замандасымызды сыйлағанына ризашылығымызды білдіреміз. Мүмкін болашақ ұрпағымыз осындай қарапайым адамның күнәхар жерімізді басып жүргеніне сенбейтін шығар».[/i](http://www.gandhi.ru/)





Махатма Ганди

«Басында олар сізді елемейді. Сосын сізді күлкі қылады. Сосын сізбен соғысады. Соңында сіз жеңіске жетесіз».

«Қайратсыздар ешқашан кешірмейді. Кешірім қайрат адамның белгісі». 

«Бақыт деген сенің ойың, сенің сөзің және де сенің іс әрекетің бәрі үйлесімді болуы».

«Толық сеніммен айтылған «Жоқ» тек қана біреуге ұнау үшін немесе одна әрі кетсе жағымсыздықтан құтылу үшін айтылған « ә» деген сөзінен жақсы». 

«Намысқа келсек бұл жерде көбінесе заңның күші жоқ».

«Адам өз ойының өнімі: не ойласа сол болып шығады».

«Егер әлемнің өзгергенін қаласаң сол өзгеріс боп өзің бол».

«Мұраттың құндылығы соған жақындай бергенде оның алыстауында. Мұратыңа жеткенде, алға қарай дамуың бәсеңдеп кейін қарай қозғаласың».

«Жалғандықты қаншалықты таратса да, ол ақиқатқа айналмайды, ал ақиқатты ешкім көрмесе де, ол жалған болып шықпайды». 

«Бір тәжірибе мың ағуадан қымбат»[/i]

Русский

Қазақ тілі

English