Category

Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

Қымбатты ана – әжелер, қыздар мен қарындастар, бикештер мен әйелдер!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры сіздерді шын жүректен 8 Март мерекесімен құттықтайды!

Тілектерді айта отырып сіздерге осы көктем өлең сөздерін арнаймыз:

Бәйшешек гүлі сіздерге нәзіктік сыйласын!
Көктем нұры жылу әкелсін!
Наурыз лебі үміт сыйлап,
Махаббат пен жақсылықты қоса әкелсін!

«Өз ісіңді жаса» байқауы аяқталды

By | Жаңалықтар

«Өз ісіңді жаса» байқауы аяқталды «Өз ісіңді жаса» байқауының қатысушылары мен бақылаушылары аса күткен қорытындылар 27 ақпанда Достық қонақүйінің бизнес-холлында белгілі болды.

100 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені екі жоба өзара бөлісті: «Істен шыққан автокөлік шиналарын үгіту» және «KASSENGALY HANDMADE». Осындай щешімді байқаудың спонсорлары Кеңес Рақышев пен Вячеслав Ким тәжірибелі бизнесмен бол тура қабыладап «әр бизнес өз бастапқысында дұрыс қаржыландыруы керек, өйткені көп құйылған қаражат кейін ақталмай дағдарысқа әкеп соқтырады» деп түсіндірді. 50 000 доллардан берілген ақша дәл осы уақытта дамуға қажетті қаржы болып табылады. Тағы да жақсы жаңалықтардың қатарына, ұйымдастырушылар 20 000 долларлық гранттар 5 емес 7 қатысушыларға бұйырды:
1. «Өндірістік дизайнда дамыту жобасы»;
2. «CrossFit және Street WorkOut спорттық жабдықтарды ҚР аумағында өндір және үй қолданысына және оңалту орталықтарына арналған жаттығу құрылғыларын жасау»;
3. «LifeBag Экопакетте»;
4. «Нұр Академия» оқу орталығы ұсынған «Ротототехникамен шұғылдану сыныбы»;
5. «Zero to One Labs»;
6. «Donorblood»
7. «Kids lab».

Былтырғы сайыспен салыстырғанда, биылғы жылы сайыскерлердің саны екі еседен көп болды. Үш ай ішінде іріктеу комиссиясының мекен-жайына келіп түскен 463 бейне-өтінімдердің ішінде 323 сұрыпталды. Жартылай финалға 20 жоба кірді.

Өтінімдерді қарастырған сәтте өз бизнесінен тек қана пайданы ғана ойламаған, сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық жағынан қолайлы ой-пікірлер туындаған авторларға аса көңіл бөлінді. Экологияны жақсартуға, білім және мәдениетті дамытуға, қазақстандық өнімді шығаруға және медицина мен технология саласында инновациялық идеялар аса қызығушылық танытты. Шорт-параққа дәл осындай өтінімдер кірді. Тағы да бір айтып кететін жағдай, стартаптан қарағанда, жұмысы алға басқан кәсіпорындарға басымдық болды және ұқсас өтініштер болған жағдайда бейнематериалдардың кезектілігіне де көңіл бөлінді.

Алайда ең соңғы шешім бизнес-жоспарларды талдау кезінде келді. Шындығына келетін болсақ, осы кезеңде қатысушылардың қаншалықты жауапты екеніне көзіміз жетті: бейнероликте өте әдемі қылып идеяны ұсынған үміткерлер, экономикалық тұрғыда өзін дәлелдей алмады, сондықтан да жүлдері орындарға мүмкіндігінен айрылды.

Қорытындылай келе, ең бастысы бизнес-идеялардың саны мен сапасына қарай көтерілгенін біздің айта кеткіміз келеді. «Өз ісіңді жаса» байқауының келешекте дамуына, келесі жылда да тағы да көптеген жаңа қызықты да тұрарлық өтінімдердің келіп түсуіне нық сеніміміз арттылуда.

Фотосуреттер мында

«Өз бизнесіңді жаса» байқауы. Алдын ала іріктелген тізім

By | Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді жаса» байқауының жүлделі орындарына үміткерлердің алдын ала іріктеп алынған тізімі белгіленді.

Тізім 20 өтінімнен тұрады:
1. Experimentarium — проект развития промдизайна http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/374
2. Производство в РК спорт оборудования CrossFit и Street WorkOut, тренажеров для дома и реабилитационных центров http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/170
3. Переработки шин в крошку http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/59
4. Экопакеты LifeBag http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/31
5. Актуальное решение утилизации медицинских отходов http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/99
6. Анимационный сериал “Балалар” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/274
7. Класс образовательной робототехники – Учебный центр Нур Академия http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/371
8. Самоучитель казахского языка “YerkemaY” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/136
9. KASSENGALY HANDMADE http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/73
10. EvitaComplex http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/64
11. Социальная гостиница («Сопровождаемое проживание») http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/192
12. Glucoways http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/196
13. DonorBlood http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/340
14. Школа футбола “АРМАН” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/364
15. DIY DRONES http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/224
16. Zero to One Labs http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/463
17. Almaty Biogas http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/428
18. «Производство утеплителя из овечьей шерсти «KIIZ» http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/279
19. CUDAbot: мобильный робот http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/367
20. Социально-Медицинский проект “Medwatch” http://entrepreneur.old.saby.kz/projects/188

Өз ісіңді асыруға әлі уақыт бар

By | Жаңалықтар

«Өз бизнесіңді жаса» байқауына өтінімдерді қабылдау жақындап келеді. Жартылай финалистердің тізімін шығаруға 2 аптадай уақыт қалды.

Байқау жайында және болашақ жоспарларымыз туралы «Сәби» Қорының Вице–президенті Ермашева Оксана ханым баяндайды.

Сұхбатты мында оқуға болады.

Жаңа 2015 жыл құтты болсын!

By | Жаңалықтар
Жаңа 2015 жыл құтты болсын! Міне енді жаңа жылды қарсы алатын уақыт та келіп қалды. Мандарин жемістерінің исі, алтындай жылтырақтардың жарқырауы, жаңа жылдың карсаңындағы асығыстар, ұнамды әлектердің белгісі. Барлығымыз өз жақындарымызға жаңа жылды қуанышты әрі есте қалатындай еткіміз келеді.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры шын жүректен барша Қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды! Барлықтарыңа зор денсаулық, табыс, қуаныш тілей отырып өркендеуіңізге, және жаңа жылда аңсаған армандарың орындалуына тілектеспіз!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Еліміздің басты мемлекеттік мейрамдарының бірі жақындап келеді. Еліміздің әр түкпірінен және шетелден жылы құттықтау сөздер құлаққа шалынып жатады. Жасына қарамастан еліміздің жеткен табыстары аз емес және де басқа әлем елдерінің құрметіне ие болды.

Барлық отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміз көркейе берсін, елімізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық болсын. Дос болайық және бірлік орнасын, өйткені «бірлік – еліміздің тамыры және арқауы» (Н. Назарбаев).

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

Өз бизнесіңді бізбен бірге жаса

By | Жаңалықтар

Өз бизнесіңді бізбен бірге жаса Өз бизнесіңізді одан ары дамытқыңыз келеме?
Кеңейткіңіз келеме?
Бірақ оған керекті қаражат жеткіліксіз болып тұр ма?

(Бұрынғы Genesis angels) Singulariteam Қорының басқарушы серіктесі Кеңес Рақышев және «Kaspi Bank» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және «Сәби» Қорымен бірлесе сіздерге «Өз бизнесіңді жаса» атты байқауын ұйымдастырды. Осы бағдарламаның аясында сіз өз ісіңізді одан ары дамыту үшін 100 000 АҚШ долларын жеңіп алуға мүмкіндік бар.

Өз бизнесіңіз жайлы қысқаша бейне (видео) түсіріп және ол қаншалықты бірегей екенін, қоғамға қандай пайда тигізетінін және инвесторларға неліктен қызықты болатыны туралы айтып беріңіз. Байкауда сіздің ісіңізге қатысты шектеулер жоқ, бірақ қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан жобалар артық көрінеді.

Былтырғы жылы Genesis angels жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрады. 50 000 долларды жеңімпаз иеленді калған 5 лауреаттар 10 000 АҚШ долларын алды.

Осы жылы байқаудың жүлде қоры екі есе ұлғайды, бас жүлде 100 000 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар аса қызығушылық танытқан 5 қатысушылар 20 000 АҚШ долларының иегері болып атанады.

Сұранымдар 2014 жылдың 03 қарашасынан бастап 2015 жылдың 01 ақпанына дейін қабылданады.

Толығырақ байқаудың шарттары жайлы мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Құрметті отандастар, Конституция күні құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Құрметті отандастар, Конституция күні құтты болсын! «Сәби» Қайырымдылық Қоры барша қазақстандықтарды – Қазақстан Республикасының Конституция Күні мемлекеттік мейрамымен құттықтайды!

Біздің еліміз демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып келеді, біз егеменді мемлекеттің азаматтары, бұндай таңдауды 19 жыл бұрын жаңа Конституцияға дауысымызды бере отыра жасадық.

Еліміздің басты байлығы мен дәулеті қоғамдық ауызбіршілігі мен халықтың бірлігінде. Соның арқасында экономикамызбен әлеуметтік аямызды дамытып, өзіміздің халықаралық беделімізді арттыра отыра елімізді тек қана алға бастырамыз.

Барлығымызға осындай маңызды күнде, шын жүректен зор денсаулық, бақыт және береке тілейміз!

Осындай мерекелі күн біздерге отанымыздың алдында қойылған мақсаттарға жету үшін күш пен батылдық берсін!

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Балаларды қорғау күні құтты болсын!1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресінде Халықаралық балаларды қорғау күні бекітілді және 1950 жылдан бастап 50 ден астам мемлекет 1 маусым мерекесін тойлауда. Біздің елімізде бұл мереке көптен күткен жазғы демалыстармен байланыстырады.



«Сәби» сөзімен байланысқан біздің Қорға бұл күн ерекше маңызды, өйткені атқарып жатқан ісіміздің бәрі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына бағытталған. Соған керекті қолайлы жағдай жасап, біз әрбір бала келешекте өз елінің беделді азаматы болатына үміттенеміз.



Балаларды қорғау күніне айтылатын тілектер әрқашанда жылы, әрі таза, өйткені сәбидің күлкісі мен жарқылдаған көзі – үлкен бақыт.  әрбір баланың балалық шағы қуанышты болу керек!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! 9 мамыр күні – аса құметпен көптеген елдерде тойланатын ең нұрлы әрі қуанышты күн.

Елімізді жаудан қорғап, аман сақтап қалған батырларымыздың алдында басымызды иеміз. Біздің бақытымыз үшін өздерінің өмірлерін құрбан еткен аталарымыз бен арғы аталарымызға шексіз құрметімізді білдіреміз. Батырлық пен ерлік көрсеткен адамдарды еске салатын мәңгілік алауымыз сөнбей, мәңгі жанып тұрсын.

Қымбатты ардагерлерімізді және де барша Қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Зор денсаулық, бақыт және ашық аспан тілейміз!

Русский

Қазақ тілі

English