Category

Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнімен! Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Барлық мейірімді бастауларыңыз табысты болуына тілектеспіз, зор денсаулық, жақсылыққа сенім және үлкен бақыт тілейміз.

Елімізге татулық пен өркендеу, халқымызға бірлік пен амандық тілейміз!

Сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Әлем» Бағдарламасының сайты – Казнеттің ең үздігі атанды!

By | Жаңалықтар

« лем» Бағдарламасының сайты – Казнеттің ең үздігі атанды! Достар!

Қуанышты хабармен бөлісуге асығудамыз. Жыл сайын өткізіліп отыратын AWARD.kz Ұлттық нтернет – Жүлдесі бойынша біздің Дарынды жостарды қолдау « лем» Бағдарламасы» Казнеттің кең байтақ желісінде 2 номинация бойынша үздігі болып танылды: «Қоғамдық мекемелер» және «Екі тілді сайт»!

AWARD.kz – бұл ең тәжірибелі, ыңғайлы және сәнді интернет – порталдарды ұсынатын сенімді ресурс болып табылады.

26 қазанда салтанатты түрде бізге сыйланған жүлдені аса қуанышпен қабыл алып қалған жүлделер мен марапаттармыздың арасында өзінің құрметті орын табады.

Жыл сайын өткізіліп отыратын XIII Ұлттық нтернет-Жүлдесі туралы Толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Конституция күнімен!

By | Жаңалықтар

Конституция күнімен! Бейбітшіл және қонақжай елде тұрып жатқанымыз қандай керемет!

1995 жылы 30 тамыз күні Бүкілхалықтық референдумда Конституция қабылданғаннан 20 жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Конституция – бұл біздің тарихымыз, заңдылығымыздың және бостандығымыздың кепілі, қоғамдық әл- ауқатымыздың негізі.
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, табыс, тұрақтылық және үлкен ықылас пен еліміздің игілігі үшін ерінбей еңбек етуге мүмкіндік тілейміз!

рқашанда сіздің «Сәби» Қорыңыз

«Сәби» бизнесті қолдайды

By | Жаңалықтар

«Сәби» бизнесті қолдайды Кеңес Рақыш пен Вячеслав Ким сияқты Қазақстанның беделді кәсіпкерлері «Сәби» Қорымен бірлесе ұйымдастырған жыл сайын өткізіліп отыратын «Өз бизнесіңді жаса» атты байқауының басында қойған ойы өз ісіңнің дамуына тек қана қаржылай грант берумен ғана шектелген жоқ. Бұл деген басқа ұқсас байқауларға қарағандағы басты ерекшелік болып келеді.

Жас кәсіпкерлерді белсенді қолдау тұжырымдамасын қолдана, «Сәби» Қоры байқаудың жеңімпаздарымен өзара қарым қатынаста болу үшін бар мүмкіндіктерінде: оларды біздің жобаларымызға жұмылдыру немесе бірлесе ұйымдастыру; белгілі бір жұмыс көлемін бөлу, ақпаратты қолдау жасау. Осылайша біз жаңа кәсіпкерлердің қалыптасуына және дамуына көмектесеміз.

Біздің жаңа серіктес болып бас жүлдені ұтып алған жеңімпаздарының бірі – Істен шыққан автөліктердің шиналарын үгіту жобасы болды. Олар біздің Қормен Актобе қаласында «спорт жобасының» аясында салынып жатқан спорт және ойын алаңдарына арнайы қауіпсіз жұмсақ төсем салуға тапсырыс алды.

Ескірген көлік резеңкелерінің үгілген түрі қайталама қолдануы орасан зор. Осы жағдайда бұл қайталама шикізаты резеңке төсемдерін жасауға жұмсалынады.

Жеңімпаз – жобасына бастауы табысты болды. Ақ жол!

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Халықаралық балаларды қорғау күнін кішкентай балалар өз Туылған күнін немесе Жаңа жылды қарсы алғандай аса құштарлықпен күтеді. Бұл күні балаларға ата-аталар, жергілікті басқарма және жеке демеушілер таза ауаға, саябақтардағы және алаңдардағы салтанатты шараларға, әр-түрлі ойын-сауықтарға серуендеттіріп, тәтті тағамдар мен сыйлықтар береді. Осындай керемет балалық шақтың естеліктері әр бүлдіршіннің есінде қалуы керек.

Біздің атымызға затымыз сай «Сәби» Қорымыз болашақ ұрпақты барынша жақсы тәрбие беріп, денсаусылығына оң ықпал жасауға барынша ат салысуда.

Біз барлық балаларға тек қана жақсылық тілеп қана қоймай, денсаулықтары мықты болйын, сабақтарын беске оқып, сүйікті ісімен шұғылданып болашақта нағыз кәсіпқой атанып, отанының бетке ұстар азаматтарына айналуына шын жүректен үміттенеміз.

Ұлы жеңіске 70 жыл!

By | Жаңалықтар

Ұлы жеңіске 70 жыл! 1945 жылы 9 мамыр, Ұлы Отан соғысының жеңіс күні бізден бірте- бірте алыстап бара жатыр және сол алапат соғысынан өткен ардагерлеріміздің саны жыл сайын азайып барады. Бірақта батырларымыз мәңгі жүректерімізде сақталады.

Мәңгілік алауына гүл қою, аталарымыздың батырлық ерліктерін еске түсіру және де балаларымызға сол туралы айту – еліміздің және тарихымыздың алдындағы борышымыз.

Құрметті отандастар, барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, аспандарыңыз әрқашанда ашық болсын!

Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» қорының президенті

By | Жаңалықтар

 сел Тасмағамбетова, «Сәби» қорының президенті
[b]Қор жайлы, қызметім және өзім туралы[/b] [b]«Сәби» қайырымдылық қоры [/b] діттеген мақсатқа жету жолында 13 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. Бұл аз уақыт емес әрине. Аталмыш қор демеушілер мен филантроптардың арқасында уақтылы қаржыландырылып, сенімді серіктестік орнатқан. Жүйелі мәселелерді шешетін біздің жоба бағытын оң жолға қойды деуге толық негіз бар.

Сондай-ақ, Қор көмекке мұқтаж адамдарға қол созып, насихатты, атақ пен мансапты не пайда табуды көздемейді, көксегені де бұл емес. Бар болғаны, жәрдемге зәру жандардың асқақ арманының орындалуына титтей де болса септігін тигізе алса, бізге одан асқан бақыттың керегі жоқ. Өйткені, адамгершілік- ізгі қасиет. Қиналған адамға «ізгілік» нұрын шашады емес пе?…

Неліктен біз мұндай іспен айналысатынымыз жайлы айтар болсам, біреу біреуге сүйеу деген сөз бар ғой… Жақсылық жасау – сауапты іс болса, қайырымдылық та қадірлі іс. Сондықтан қай уақытта да өз жұмысыма аса жауапкершілікпен қарайтынымды жасырмаймын. Жастарды жігерлендіру, сапалы білім алуына жағдай жасау, қанатының құлаштап кеңге жаюына мол мүмкіндік беру арқылы жаныма жақын жұмысымнан ләззат аламын. Өйткені, адам тек отбасы мен жақындарына ғана емес, қоғамына, қоршаған ортасына да [b] махаббатпен, ілтипатпен қарауы керек.

Жаңа істі бастарда тамсандырмай қойматын, кез келген адамды алған ұмтылдыратын үнді философы және ойшылы [b]Свами Вивекананданың[/b] мынадай қанатты сөзі бар:

«Сіз біреудің қайғысына ортақтасасыз ба? Егер иә болса, сіз бен біздің бірлігіміз артады, ал егер олай болмаса, қанша жерден зиялы болсаңызда, түкке тұрмас бейшарасыз. Ал керісінше өзгенің мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алсаңыз сіз бірде бір кітап оқымасаңыз да, көп тіл білмесеңіз де дұрыс жолда жүргеніңізді қаперде сақтаңыз».

«Сәби» Қайырымдылық Қоры 13-ке толды

By | Жаңалықтар

«Сәби»  Қайырымдылық Қоры 13-ке толды «Сәби» Қайырымдылық Қорының өзінің 13-ке толған күнін атап өтуде!

Осы жылдар ішінде қаншама жұмыстар атқарылды! Егер өткен шаққа қарасақ, іске асырылған жобаларымыздың барлығын мақтанышпен еске аламыз, кейбіреулері еліміздегі қайырымдылық қозғалысының тарихында алғашқы рет жетілдіріп және орындалып отыр.

Мысалға сондайдың біреуі болып «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобаны айтуға болады: Қазақстанның 20 қаласын мүгедектерге арналған арбаны қолданатын қозғалысы шектеулі адамдарды тасуға арналған 62 арнайы көліктері аралап жүр. Көліктердің бәрі Қордың көмегімен сатып алынып, жергілікті мүгедектер қоғамдарына сый ретінде тапсырылды.

Қызылорда қаласында 60 орынды Сәби үйі тұрғызылып қолданысқа берілді. 2 – қабатты 3 корпусты 1717 шаршы метрлі ғимарат 4 жасқа дейінгі жетім балалардың қолайлы өмір сүру үшін салынып және толықтай жабдықталынды. Мекемеде облыстағы жалғыз ғана сертификатталған ерте даму «Монтессори» орталығы ашылды. 0,7 га жердің көгаландыру жұмыстары «Сәби» Қорымен жасалынған. Сонымен қатар сәбилерге арнайы үлкен ойын алаңы мен үсті жабылған жазғы павильон салынды.

«Спорт жобасының» аясында еліміздің 10 қаласында 30 спорттық және ойын нысандарын тұрғыздық. 20 интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері тек қана таза ойнап немесе дене-шынықтырумен айналысып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби спортпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар.

Осы жылдар бойы «Білім беру жобасы» бойынша атқарып жатқан ісіміз жалғасып келеді: балалар үйлерімен біз тығыз байланыстамыз, сол жерде тұрып жатқан балаларға өмірлік жолын табуға көмектесіп жатырмыз. Ол үшін олармен алға бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді: кәсіби бағыттау тестілеуі, ҰБТ дайындық курстары, психологиялық тренингтер, білім гранттарын бөлінді.

Ал дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының аясында Қазақстанттың дарынды жастарына жан-жақты қолдау жасалануда, соның ішінде еліміздің және әлемнің ең үздік оқу орындарына гранттар бөлінді. Жыл сайын « лем» Бағдарламаның аясында мемлекеттік тілде ақындар сайысы өткізілуде. Қордың ұйымдастыруымен алғыр математиктерге 5 жылдық курсы ашылды. Сонымен қатар «Сәбидің» қолдауымен осы жылы жас бизнесмендерге арнап грант бөлінетін «Өз ісіңді жаса» деген байқау өткізілді.

«Жасөспірімдер» жобасы алматының балалар үйінен шыққан бұрынғы түлектерге үй мәселесін шешуге көмектесуде. Қорымыздың Алматыдағы 1 бөлмелі пәтердің 50 пайыздық құнын алғашқы төлем ретінде бөлінгеннен кейін, бірнеше жастар өз үйлеріне қол жеткізді.

Енді біздің басты жаңалығымыз – біз Ақтобе қаласында жетімдерге, денсаулығының ауытқуына шалдыққан арнайы интернаттан шыққан түлектерге арналған 80 орынды леуметтік жатақхана саламыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша, салуға, жабдықтауға, көгаландыру мен абаттандыруға кететін барлық шығындарды «Сәби» Қоры өзі өтейді.

Бұндай ауқымды жұмыс көп жылдар бойы бізді қолдап әрдайым қасымызда болып жүрген, оған қоса бізге толықтай сенім артып баға жетпес көмегін көрсеткен мейірбан адамдармен демеушілердің арқасында орындалды. РАХМЕТ сөзін айтудан ешқашан шаршамаймыз!

Қордың жұмысы туралы бейнероликке сілтеме
Қордың жұмысы туралы есептемеге сілтеме

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

By | Жаңалықтар

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Қазақстандықтар!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Жамандықтарды артта қалдырып, ескі реніштерді ұмытып, үлкендердің батасын ала отыра бір-бірімізді құттықтайық. Өйткені осы қасиетті Наурыздың күндерінде айтқан тілектеріміз міндетті түрде орындалады.

Көктемнің күн мен түннің теңелу күні сіздерге жақсылық, бақыт және үйлеріңізге жайлық әкелсін!

Русский

Қазақ тілі

English