Category

Жаңалықтар

«Әлем» бағдарламасы Қостанай қаласының жас талантына қолдау көрсетеді

By | Жаңалықтар

2010 жылдың қыркүйек айында «Сәби» қайырымдылық қорының (Welfare Fund “Saby”) дарынды балаларды, жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді іздестіруге және жас таланттардың дамуына ықпал етуге бағытталған “ лем” бағдарламасы жұмыс істей бастады.

Қордың қолдауына ие болуға алғаш үміткер – Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық нститутының он тоғыз жастағы студенті Жасұлан Сыдықов аса дарынды болып шықты: ол ән айтып, музыка жазады әрі көркемдеумен айналысады. Өзі жайлы ақпаратты www.alemsaby.kz сайтына жолдаған Жасұлан “ лем” бағдарламасының іріктеу комиссиясының – тіркелген қатысушыларға баға беретін білікті әрі беделді сарапшылардың назарына іліккен болатын.

Біз баланы Алматыға шақыртып белгілі қазақстандық сазгер Ренат Гайсинге көрсеттік, ол жас әншінің вокалдық дарынының бар екенін айтып және «ертеңгі күні біз үлкен сахналардан нағыз кәсіби шеберлердің өнеріне тәнті болу үшін бүгінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу қажет» деп атап кетті.

Жасұланның көптен бері аңсап келе жатқан арманы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқу ендігі уақытта жүзеге аспақ – оқу орнында алдын-ала іріктеуден сәтті түрде өткен жағдайда “Сәби” қайырымдылық қоры оның білім алу грантын қаржыландыруға дайын. Болашақ сахна жұлдызына қажырлық пен шыдамдылық тілей отырып бірнеше жылдан кейін біз оны Қазақстанның сахнасынан ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі беделді өнер сахналарынан көретін болармыз деген үмітімізді білдіргіміз келеді.

Ольгаға Мәскеуде көмек көрсетіледі

By | Жаңалықтар

Ольгаға Мәскеуде көмек көрсетіледі Өмірдің тауқыметін көріп отырған, сол не өзге түрдегі ауруларға шалдыққан адамдарға көмек көрсету, әдетте, өзінің әзірленіп және бекітілген жобалары бойынша жұмыс істейтін «Сәби» қорының негізгі қызмет түріне жатпайды. Дегенмен кейде біз өздерін сырт айналып кетуге, өзіне Қазақстанда ешкім көмектесе алмайтын адамға қолдау көрсетуден бас тартып қалуға болмайтын жағдайларға кез болып отырамыз.

«Миастенияның генералданған формасы» диагнозы қойылғаннан кейін 22 жастағы алматылық бойжеткеннің кезінде қуанышқа толы және алаңсыз өмірі азапқа айналды.

Бұл өте сирек кездесетін ауруларға жатады және біздің елімізде әзірше емделмейді, алайда бұл ауру түрі біздің жақын көршілерімізде – Сеченов атындағы Ресейлік нститутта емделетіндіктен, «Сәби» қорының басшылығы айрықша ретінде Л.Ольгаға Мәскеу қ. медициналық мекемесіндегі соның операциясы мен реабилитациялау шараларын қаржыландыру түрінде қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдады.

«Сәби» қоры «Әлем» – дарынды балаларды қолдау жөніндегі бұрын-соңды болмаған бағдарламаны іске қосуда!

By | Жаңалықтар

 title=
” лем” бағдарламасының мақсаты – дарынды балаларға, жасөспірімдерге, бозбалалар мен бойжеткендерге қолдау көрсету, олар біздің ойымызша Қазақстанда өте көп. Өкінішке орай, балалардың барлығының бірдей өзінің ең жақсы қасиеттері мен шеберліктерін байқатып, олардың соған нағыз баға беріп және дарынын әрі қарай қалай дамытып, қай жерде қолданып отыру керек екендігі жайлы кеңес бере алатын адамдарға көрсетуге мүмкіндігі бола бермейді. Осыны түсіне отырып біз өзімізге жауапты міндетті – осындай қолдауды қажет ететін балаларға соны көрсету міндетін қабылдадық.

нтернет және біз таңдап алған ұлтаралық қатынасу тіліміз бізге еліміздің әрбір жас азаматына мынадай үндеу тастауға мүмкіндік береді:

– Өтінеміз, өзіңіз жайлы білдіріңіз!
– Өз дарыныңыз жайлы бізге әңгімелеп беріңіз!
– Бізге өз мүмкіндіктеріңізді көрсетіңіз!

рбір сұрату қабылданып және мұқият қаралатын болады. Сіздің қабілетіңіз бен шеберлігіңізге өз саласының ең үздік мамандары баға береді. Жоғары кәсіпқой шеберлердің түйіні бізге нағыз дарынды адамдарды табуға мүмкіндік береді, солар үшін біз олардың ең жақсы қасиеттерін дамытып және келешекке дұрыс бағдар беру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Бүгінде жас ұрпақты қолдауға арнап кәсіби күш-жігерімізді жұмсау – бұл біздің ортақ болашағымызға елеулі үлес қосу мүмкіндіктерінің бірі!

Толық ақпаратты Қорымыздың « лем» бағдарламасын толық ауқымды жүзеге асыру мақсатында арнайы түрде әзірлеген жаңа, жас, жастар порталы alemsaby.kz беттерінен оқыңыз.

«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»

By | Жаңалықтар

«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»
Достар! Біз сіздерге «Сәби» қоры сайтының ендігі уақытта қазақ және орыс тілдерінде шығып отыратыны жайлы қуанышпен хабарлаймыз.

Бұл – old.saby.kz порталына енумен біздің жұмысымызға қызығушылығын білдіріп отырған адамдарға арналған аздаған болса да, маңызды қадам.

Ендігі уақытта еліміздің шалғай аудандарындағы, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердегі қонақтарымыз тілдік тоқсауылсыз Қорымызда орын алып жатқан барлық оқиғалар: жаңа жобалар, жаңа ойлар, пайдалы шаралар жайлы хабардар болып отыра алады.

Сайтымыздың қонағы болыңыз, біз Сізді көруге әрдайым қуаныштымыз!

Русский

Қазақ тілі

English