
қайырымдылық қорының Президенті
. .Тасмағамбетоваға
Тараз қаласының әкімдігі «Сәби» қоры мен жеке Сізге қозғалуы қиын адамдарды тасымалдауға арнап ұсынған «Мүгедектер таксиі» үшін өз ризашылығы мен алғысын білдіреді.
Біздің егеменді мемлекетімізде мүгедектердің қоғамға кірігуі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды реабилитациялау мен жандандыру мәселелеріне селқос қарамайтын адамдардың бар екендігі қуантады.
Сізге шығармашылық табыстар, барлық батыл жобаларыңыздың іске асуын тілейміз және бұдан арғы уақытта да тығыз әріптестік жасап отыратынымызға сенімдіміз.
Тараз қаласының ?кімі Е. Астаев

Қайырымдылық қоры»
коммерциялық емес ұйымның
Президенті
сел манғалиқызы Тасмағамбетоваға
«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ Сізге арнайы автокөлікті ұсынғаныңыз үшін, «Мүгедектер таксиі» жобасына қолдау көрсеткеніңіз үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына жағдай жасағаныңыз үшін алғысын білдіреді. Ендігі уақытта Астана қаласының мүгедек тұрғындарының қаланың кез келген нүктесіне тегін мүгедектер таксиімен жетуіне мүмкіндік туындайды.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, бейбіт өмір, қажымас қайрат, бақыт және жақсылықтар тілейміз.
Сәттілік пен Табыс әрдайым Сіздің тұрақты серіктеріңізге айналсын!
«Қазақстан мүгедектер
конфедерациясы» РҚБ
Президенті Ж. Омарбекова

Балалар Қайырымдылық қорының
Президенті
Тасмағамбетова сел манғалиқызына
Сізге Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі адамдардың емін-еркін жүріп-тұру мәселесіне қосқан үлкен үлесіңіз үшін зор ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.
Сіздің қаламызға сыйлаған мүгедектер таксиі көптеген балалар мен жастардың күнделікті «АРД » мүгедек балаларды шығармашылық және дене шынықтырумен дамытудың реабилитациялау орталығына келіп тұруына мүмкіндік берді.
Сізге және Сіздің қызметкерлеріңізге сәттілік пен өсіп-өркендеуін тілейміз!
10.02.2010 ж.
Төраға Ахтанова А.Т.

«Сәби» қайырыдылық қорының
Президенті . . Тасмағамбетоваға
22.08.2007 ж. шығ.№16
Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаменті мен педиатрлар жұртшылығы Сізге неонатолог-реаниматологтарға Екатеринбург қаласындағы мамандандырылған семинарда тегін оқу мүмкіндігін ұсынғаныңыз үшін шын жүрегінен алғысын білдіреді.
лемнің жетекші ғалымдары қатысатын білім беру бағдарламасы бойынша оқу мамандарымыздың кәсіби деңгейін арттырып, Алматы қ. босану мекемелерінде жаңа технологияларды ендіріп, жаңа туылған науқас нәрестелерді күту сапасын жақсартып, яғни балаларымыздың бұдан арғы өмірінің болжамын жақсартуға мүмкіндік береді.
Семинарға қатысушылардың тізімін, төлқұжаттарының көшірмелері мен толтырылған сауалнамаларын ұсынамыз. Семинарға қатысушылардың тізіміне босану мекемелері мен жаңа туылған нәрестелерді стационарда күтудің екінші кезеңінің мамандары енгізілген.
Денсаулық сақтау департаментінің
Директоры З. Аманжолова

Президенті . . Тасмағамбетоваға
Сізге М.Төлебаев атындағы №5 БММ дамыту мен өсіп-өркендеу ісіне қосқан орасан зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз.
Мектепті жөндеу. Балалар музыка мектебінің келесі жылы атағалы отырған 50-жылдық мерейтойының қарсаңында көрсетілген Сіздің қолдауыңыз бен түсінігіңіздің белгісі.
кімшілік, педагогтар ұжымы, оқушылар мен ата-аналар Сізге алғыс білдірумен басын иеді. Сізге үлкен рақмет!
Көп жылдан бері мектебімізде күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сіз сыйлаған жайлы, жарық, жылы атмосфера мен жағдайлар шығармашылық жағдайды тудыруға, оқушылардың шығармашыл қиялының шарықтауына, оларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге ықпал етуде.
Құрметті сел манғалиқызы!
Сізге және балаларға қуаныш пен үміт сыйлайтын Сіздің Қайырымыдылық қорыңызға одан әрі өсіп-өркендеуін және барлық жақсылықтарды тілейміз. Сізді келе жатқан Жаңа 2010 жылмен құттықтаймыз. Сізге, Сіздің балаларыңызға, отбасыларыңызға, Жақындарыңызға денсаулық, ашық өмір жолын тілейміз. Жаңа жыл Сізге жақсы бастамалар, шарықтаулар мен өмірлік жеңістер әкелсін.
№5 БММ Директоры Чалдаева Ш.Х.
Recent Comments