Category

Мүгедектерге–лайықты өмір

Кеше Астанада «Инватакси» астаналық қызметінің ашылу салтанатына орай баспасөз-конференциясы болып өтті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Кеше Астанада « нватакси» астаналық қызметінің ашылу салтанатына орай баспасөз-конференциясы болып өтті Бұл шараның негізгі сарыны – Астана қаласы тұрғындарының жағдайы төмен топтарына нақты көмек көрсету. Бүгінде солтүстік астанамызда өздері үшін «мүгедектер таксиі» қызметі – өзінің қозғалыс еркіндігіне қатысты конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың жалғыз ғана мүмкіндігі болып отырған төрт жүзден астам адам бар.

«Сәби» қорынан мамандандырылған автокөлікке ие болған, өздерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау бағдарламалары жүзеге асырылып отырған өзге сегіз қаладағыдай, кеше Қазақстан мүгедектер конфедерациясына сыйға берілген төрт автокөлік те өздерінің жүріп-тұруы ерекше қиындық тудыратын адамдарды, ең алдымен арбамен қозғалатындарды тегін тасымалдау қызметтерін ұсыну мақсатында пайдаланылатын болады.

Қор өзінің шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша «Мүгедектер таксиі» қызметтерін дамыту жұмысын жүргізіп отырған «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы тағы бір аса маңызды және елеулі қадам жасады.

Тақырып бойынша сілтемелер:

Қазақпарат
Диапазон.kz
“Кешкі Астана”
“Экспресс-К”

“Мүгедектер таксиі” тұсаукесерінің фотосуреттері

«Сәби» қоры Қазақстанның аймақтарына арнап «Инватакси» машиналарының кезекті партиясын сатып алып қойды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Сәби» қоры Қазақстанның аймақтарына арнап « нватакси» машиналарының кезекті партиясын сатып алып қойды Өзінің міндеттерінің бірі – Қазақстанның барлық аймақтарын кемтар адамдарды тасымалдауға арналған автокөлікпен қамтамасыз ету болып табылатын «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде ат салысып отырған демеушілердің қолдау көрсетуінің арқасында арнайы техниканың тағы 6 бірлігін сатып алумен аталмыш шараны одан әрі жалғастыруға мүмкіндік туды.

Бес айдан кейін, яғни Германиядағы автокөліктерді жасау, қайта жабдықтау және Алматыға жеткізу үшін қажет болатын уақыт өткеннен кейін, «әлеуметтік таксилер» Қазақстанның тағы үш қаласының мүгедектер қоғамдық ұйымдарына берілетін болады.

Астанада «Инватакси» қызметі жұмыс істей бастады

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Астана күніне қарсы «Сәби» қоры қозғалыс мүмкіндігі шектеулі астана тұрғындарына сыйлық әзірледі. Бұл – төрт «Мүгедектер таксиі» көлігі – екеуі Volkswagen Transporter және екеуі Volkswagen Caddy. Бесінші автокөлік – үлкен Volkswagen Сrafter автобусы қазіргі уақытта Германиядағы жасаушы-зауытта қайта жабдықтаудан өткізілуде және кешірек жеткізілетін болады.

Барлық қажетті заң және әкімшіліктік рәсімдерден өткеннен кейін арнайы автокөлік Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан аса осал болып келетін топтарына: 1 топтағы мүгедектігі бар, сонымен бірге мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдарға қызмет ететін болады.

«Мүгедектер таксиі» қызметінің Қазақстанның елеулігі бойынша бірінші қаласында дамуы «Мүгедектерге – лайықты өмір» ауқымды жобасын жүзеге асырудың кезекті кезеңіне айналды, оның мақсаты – елдің барлық аймақтарын қамту және мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік ықпалдасуын жеңілдету.

Автокөліктер АҚМҚ алматылық резервінен берілуде. Алматыда мамандандырылған қызметтің жұмысын қаржыландыру ісі бастала салысымен Қорымыз сәйкес жиынтықтағы техниканың тура сол санын сатып алып соны Реабилитациялау қызметтерінің орталығына қайтарып беруге міндеттенеді.

Русский

Қазақ тілі

English