Category

Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектеп құрылысы. Кезеңдер.Жылы ауа райының тұрақталуына байланысты құрылысшылар «Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің» құрылысын күшейтілген қарқынмен орындап жатыр. Қазірдің өзінде витраждық терезелерді орнату мен саңылауларды бекіту жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтармен жиһаздарды жеткізу жұмыстары аяқталуда. Ғимараттың қасбетін безендіру мен абаттандыру жұмыстары басталды. Мектепті пайдалануға беру 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер” Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы жалпы білім беретін 1200 орындық мектепте “ орталықтанған жылу жүйесі жалғанған соң, дайын блоктар бойынша әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар түгелдей ғимараттың терезелерінің ойықтары бүтінделіп, түгелдей дерліктей ішкі электр құрылғыларын алмастыру, су, канализация жүргізу, жылыту және желдету құралдарын қондыру жалғасуда.

Құрылысты аяқтау 2017 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Фотосуреттерді сілтемеден көре аласыздар.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер Алматы қаласының Наурызбай ауданы Ақжар селосындағы 1200 орынды орта мектептің жобасында құрылыс жұмыстарының 70 % дайын.

Желтоқсан айының басында әрлеу жұмыстарына кірісу үшін қаланың орталандырылған жылу жүйесін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан сыртқы және ішкі бөлмелерді тұрғызуын тездетіп жатырмыз. Оған қоса шыныпакеттер мен радиаторларды барлық 10 блоктарға орнатып жатырмыз.

Құрылыс кезінде мердігерлер тек қана сапсаы жоғары әрі экологиялы таза жергілікті материалдарды қолдануда.

Құрылыс жүрісін көру үшін сілтемені басыңыз

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. КезеңдерАлматы қаласының Наурызбай ауданының Ақжар ауылындағы 1200 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

1,
6, 7, 8, 9 блокта жабын тақтасына арматура салынып нығайтылып жатыр
және +9,8 м. +12,4 м. белгісінде қалып тұрғызылып жатыр. 2, 3 блоктағы
беларқаларға +3,2 м. белгісінде бетон құйылып жатыр. Ал 4, 5 блокта
сыртқы қабырғалары қаланып әрлеу жұмыстары басталды. 10 блокта бетон құю
жұмыстары 0 циклінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жылу
жүйесі, су құбырын жүргізу жұмыстары, ауа тазартқыш және жер астындағы
құбырлар жүйесін жүргізу жұмыстары да басталды.

Құрылыс барысын мына жерден көруге болады.

Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Қазіргі сәтте ірге тасын құру бойынша барлық жұмыстар аяқталды, астыңғы қабаттың қабырғалардың және тақта жабының бетондау және арматуралау жұмыстар 60 %-ға жасалынды.

«Сәби» Қорының Өркендеу жобасының аясында тұрғызылып жатқан Алматы қаласындағы 1200 орынды мектебінің құрылысында, бетонның сапасына ерекше көңіл бөлінді және монолит жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаудың қатаң бақылауымен атқарылып жатыр.

Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қ. мектептің құрылысы. Кезеңдер Алматы қаласының Наурызбай ауданың Ақжар ауылында 1200 орынды орта мектептің салынуының басталғанына бір ай бұрын басталды.

Жер телімінде барлық дайындық жұмыстар бітірілді. Жер ауданы өсіп жатқан шөптермен өсімдіктерден тазартылып, жалпы учаскенің шекарасы жан жағынан қоршалған, сонымен қатар техникалық шарттар бойынша керекті қуаттың уақытша коммуникациясы жүргізілген.

Казіргі сәтте бас мердігермен ғимараттың 10 бөлігінің қазба жұмыстары 100 % дайын.

Іргетас қалау жұмыстары басталып кетті.

Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы 1200 орынды мектептің құрылысы «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Өркендеу» жобасының аясында тағы бір үлкен жобаның құрылысына кірісті. Бұл Алматы қаласында Наурызбай ауданында, Ақжар ауылының батысында орналасқан, арнайы бекітілген жет телімімен 1200 орынды орта мектеп.

Бұл жоба Алматы қаласы әкімшілігімен жасалынған келісім-шарттың негізінде іске асырылып отыр. Сол келісім шарт бойынша Қор әкімшіліктің беріп отырған жобасы бойынша мектептің құрылысын қаржыландыруын өз мойнына алып отыр. Құрылыс біткеннен кейін мектеп қалаға тегін беріледі.

Қазіргі уақытта жобалық – сметалық құжаттама (ЖСҚ) мемлекеттік тапсырыс бойынша дайын, мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы бар.

Жұмыс жобасы сәйкес, мектеп ғимараты 3,0026 га шаршы жер телімінде орналасады және 10 жуық жер төлесі бар екі – үш қабатты блоктан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 11 625 шаршы метрді құрайды.

1-ші бөлікте бастауыш сыныптарға сырт киім шешетін орын, оқу ісі меңгерушісің бөлмесі, техникалық қызметкерлердің бөлмесі және бухгалтерия орналасады.
2-ші бөлікте спортзал, күзет орны, 360 орынға еспетелінген мәжіліс залы болады.
3-ші бөлікте спортзал, ашық кітапхана қоры, жабық кітапхана қоры және бұқаралық ақпарат кітапханасы қарастырылған
4-ші бөлікте, бірінші мен екінші қабатта бастауыш мектептің оқу сыныптары орналасады, ал 3-ші қабатта – негізгі мектептің оқу сыныптары болады.
5-ші бөлікте негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, сыртқы киім шешетін орын, қару жарақ орны бар А Д кабинеті, қабылдау бөлмесі, директор бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі және радиоторап қарастырылған.
6-шы және 7-ші бөлікте жалпы мектеп бойынша белгіленген бөлмелер ұйымдастырылған.
8-ші бөлікте келесі бөлмелер орналастырылады: қыздар мен ұлдардың сырт киім шешу бөлмелері, жуыну бөлмесі, мектеп алды сыныптары, мультимедиа бөлмесі, бастауыш сыныптардың лаборанттық бөлмелері, әртістердің демалу бөлмелері, негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, лабораториясы бар информатика сабағының бөлмесі, 5-9 сыныптарда оқитын қыздарға арналған матаны өңдеу бөлмесі.
9-шы бөлікте негізгі және үлкен сыныптардың бөлмелері, лаборант бөлмесімен және лабораториясымен жабдықталған химия сыныбы, металл мен ағаш өңдеу шеберханасы, музыкалық аспап бөлмесі, лаборант бөлмесімен лабораториясымен жабдықталған физика сыныбы, шет тілі сыныбы, лаборант бөлмесімен лабораториясымен жабдықталған биология сыныбы, оған қоса медициналық бөлмелер: емшара бөлмесі, дәрігер бөлмесі, психолог – логопед бөлмесі орналасқан.
10-шы бөлікте 200 орынды тамақтану залымен жабдықталған ас әзірлейтін бөлік бар. Ас әзірлейтін бөлікте келесі бөлмелер бар: азық – түлік қабылдау бөлмесі; тоңазытқыш қоймасы мен шкафтар; азық – түлік сақтау бөлмесі; жеміс – жидек сақтау бөлмесі; ұн сақтау бөлмесі; ет пен балық сақтау бөлмелері; жеміс – жидек цехы; тарату орны бар ыстық цех; асхананы жууға арналған және ыдыс жуу бөлмесі; 200 орынды тамақтану залы; арнайы жуынатын жері және санитарлық торабы бар қызметкерлердің бөлмелері; әр нәрселерге арналған сақтау бөлмесі; тамақтану залында барлық оқушылар тамақтанады.
Сабақ оқитын сыныптар 25 адамға саналған, сол жақты орналасқан жарықпен жобаланған. Физика, химия сыныптарында, еңбек сабығынын бөлмесінде мұғалімнің көрсетіп түсіндіретін орнындағы еден оқуға сейкестедіріп, 20 см көтерілген. Физика, химия сыныптары оқудың барлық түрлеріне арналған.

Терезелер, кіретін есіктер – металлопластиктен жасалған. Жарықтан қорғайтын құрылымда қуатты өнімдейтін шыны қолданылған. Ішкі есіктер ағаштан жасалынған. Ішкі өрнек санитарлық ережелерге сай жасалған. Сыртқы өрнек – сырланған сылақ ал төменгі жағы сәндік кірпіш. Төменгі бөлігі – қасбеттік керамикалық плитка. Басты кіре беріс пен қосымша кіре берістің өрнегі – террасалық плиткамен қаланған.
Міндетті түрде өрт сөндіру жүйесі және бейнебақылау қарастырылған.

Бас жоспар бойынша мектеп аймағын атқарымдық үлестірімін келесі аймақтарға бөлу қарастырылып отыр: мектеп аймағы, оқу – тәжірибелік алаңы, дене шынықтыру және спорт аймағы, шаруашылық аймақ.

Мектеп аймағын көгаландыру үшін үш түрлі қатты жол төсем қарастырылған. ҚНжЕ бойынша, көлікжүріс пен алаңға асфальтобетонды төсем қарастырылған, жалпы мектеп шараларына арналған алаңында – аяқжол плиткасы қарастырылған. Қалған аяқжол, жүретін жол және алаңдарға асфальтобетонды төсем жобаланған. Қозғалысы шектеулі топтағы адамдарға жобада арнайы сырғыма баспалдақ қарастырылған, ал көлік тұрағының орынына ені 3,50 метр болатын көлік орыны қарастырылған.

Мектептің аймағында әр түрлі шағын архитектуралық пішіндер және қозғалмалы жабдықтар. Мектептің басты кіре берісінің алаңында сәнді орындықтар, қоқыс салатын шелек, гулдер мен әртүрлі сәнді өсімдіктері бар гүлсауыты қойылады. Құрылыстан еркін аймақ, жолдармен алаңдардың құрылысынан еркін аймақ ағаштармен бұталар отырғызылады, оған қоса гүлбақшалар отырғызылады және жерде жергілікті ауа райына төзімділігін және өсімдіктің сәндік сапасын ескере отырып көгал алаң отырғызылады. Міндетті түрде ағаштар мен бұталар мектеп аймағының қоршауының бойымен қатар – қатар отырғызылады.

Белсенді демалыс аумағында әр жастағы балалардың ойын –сауығына арналған неше түрлі жабдықтар орнатылады. Дене шынықтыру – спорт алаңында білім беру бағдарламасының дене шынықтырудан берілген тапсырмасын орындалуын қамтамасыз ететін және спорт ойындары мен денсаулыққа пайдалы шараларды өткізуге арнайы жабдықтар орнатылады.Доппен ойнауға арналған белсенді демалыс алаңында арнайы резеңке төсем төселеді, қалған бөлігінде көк алаңдырылады. Оқу – тәжірибелік алаңы биология сабағын таза ауада оқу үшін арнайы шатырмен жабдықталған. Орындақтармен қоқыс тастайтын шелектер белсенді демалыс алаңында және дене шынықтыру – спорттық алаңында қолданысқа берілген.

Мектептің барлық алаңдарында автоматты түрде өшірілетін сыртқы жарықтандыру қарастырылған. Бүкіл алаң бойынша кіру – шығу жолында есікшесі бар екі жаққа ашылатын қақпа болады және биіктігі 1,80 метр болатын торлы қоршаумен қоршалады.

Жоба Қазақстан Республикасының ҚНжЕ және Санитарлық нормаларына сай жасалған.

Фасадтардың суреттері мында.

Русский

Қазақ тілі

English